жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 24°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Соңғы 10 жылдағы өңір дамуының қорытындылары

Назад

Елбасының бастамасымен саяси экономиканың, жаңадан индустриаландырудың мемлекеттік бағдарламалардың және басқа да шаралардың жүзеге асырылуы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң нәтижелерін нығайтуға мүмкіндік берді.
2017 жылдың Қарағанды облысының жалпы өңірлік өнімі 4214,4 млрд.теңгені немесе республиканың жалпы ішкі өнімінен 7,9%-ды құрады. Республика бойынша, Қарағанды облысы Алматы (21,8%), Астана (10,6%) және Атырау (10,9%) облыстарынан кейінгі 4-орында тұр. Облыс бойынша жалпы өңірлік өнім халықтың жан басына шаққанда 3050,3 мың теңгені (республика бойынша – 2943,9 мың теңге) құрап отыр. Бұл республика бойынша 7 орында тұрғандығын көрсетеді.
Өнеркәсіптің үлесіне жалпы өңірлік өнімнің құрылымында – 45,4%, құрылыс – 3,3%, ауыл шаруашылығы – 3,4% келеді. Қызмет көрсету өндірісінің құрылымындағы көтерме және бөлшек сауда; автокөліктер мен мотоциклдерді жөндеудің үлестері 13,5%-ды, қызмет көрсету саласының үлесі – 10,8%, көлік және қоймалау 8,1%-ды құрайды.
Облыстың ЖӨӨ-нің жалпы көлеміндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі –31,1%, тау-кен қазу өнеркәсібі – 10,2%, электрмен жабдықтау, газ, бу жіберу және ауаны жақсарту – 3,3%, сумен қамтамасыз ету; кәріз жүйелері, қалдықтарды жинақтау және оларды үлестіруді бақылау үлесі 0,8%-ды құрайды.
Облыс экономикасының негізін өнеркәсіптік өндіріс құрап отыр. Қарағанды облысының кәсіпорындары тас көмірдің 31,2%-ын, темір кенінің 36,3%-ын, мыс кенін өндірудің 28,8%-ын, жалпақ илектің - 100%-ын, тазартылмаған болаттың 87%-ын, тазартылған мыстың 78,7%-ын, тазартылған күмістің 34,5%-ын, тазартылған алтынның 17,9%-ын құрайды.
Соңғы он жыл ішінде (2008-2017гг.) өнеркәсіптік өндірісінің өсімі 2,4 есеге артқаны байқалды. Республикада облыстың 2017 жылғы үлес салмағы 10,2% құрады, бұл республика бойынша 6 орында екенін көрсетеді.
Республикадағы тау-кен қазу өндірісінің үлесі 2,5% құрап отыр. 2008 жылдан бері тау-кенді игеру өндірісі 2,9 есеге артты. Мыс концентратында 2008 жылы 1004,4 мың тоннаға және 2017 жылы 9 354,4 мың тоннаға маңызды өсім байқалған, көмір өңдіруінде 2008 жылы 32,5 млн. тоннаға , 2017 жылы – 36,7 млн. тоннаға немесе 9,5 есеге өсім байқалған.
Өндірістік өнеркәсіпте өңдеу өндірісі қомақты үлес қосып отыр, оның республикалық көлемдегі үлес салмағы –19,2%. 2008-2017 жылдар аралығында өңдеу саласындағы өндіріс көлемі 2,3 есеге артты. Оның ішінде өңдеу саласының маңызды үлесін металлургия алып отыр, 2017 жылы оның үлес салмағы 73,8%-ға жетті.
Инвестицияларды тартуға экономикалық өсімнің тұрақтылығы маңызды факторлардың бірі болып отыр. Атап айтқанда, 2008 жылдан бері негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 1,7 есеге өсіп, 2017 жылы 363,3 млрд. теңгені құрады. Осы 10 жыл ішінде негізгі капиталға 3,1 трлн.теңге тартылды.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірілуі 3 есеге өсіп, 2017 жылдың қорытындысы бойынша 251,6 млрд. теңгені құрады.
2014 жылы шағын бизнестің белсенді субъектілерінің саны 2008 жылғы 40 983 бірлікке қарағанда 1,6 есеге – 67 557 бірлікке дейін өсті. 2015 жылдан бастап бұл көрсеткіш «жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны» көрсеткішіне ауыстырылып, 2017 жыл қорытындысы бойынша 79 276 бірлікке жетті. Шағын және орта бизнес субъектілері заңды тұлғалардан – 20,5%, шаруа қожалықтарынан - 9,7% және жеке кәсіпорындардан – 69,7% тұрады.
Шағын бизнеспен айналысатындардың саны 1,6 есеге өсіп, 2017 жылы 232,2 мың адамды құрады ( 2008 жылы – 149,5 мың адам).
Шағын және орта бизнес өнімінің 4,6 есе өсуі қамтамасыз етіліп, 2017 жылы 1031,6 млрд.теңгеге жетті. 2008 жылы шығарылған өнім көлемі 222,3 млрд. теңгені құрады. 2017 жылдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысының республикадағы үлес салмағы 6,9% құрады.
Облыстың ЖІӨ-де шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі 5 пайыздық тармаққа артып, 2017 жылы 12,7% көрсетті ( 2008 жылы -7,7%).
10 жыл ішінде бөлшектеп сатылатын тауар айналымының көлемі 3,3 есеге өсіп, 781,1 млрд теңгені құрады.
Әлемдік экономиканың макроэкономикалық ықпалын ескере отырып, 2017 жылғы ішкі тауар айналымы 6274,5 млн.АҚШ долларын құрады. Тауарлардың экспортталуы 2 есеге өсіп, 4796,7 млн.АҚШ долларын, импорт 1,4% өсіп, 1447,8 млн. АҚШ долларын құрады.
Республикада білім беру әдеттегідей басым сала болып табылады. 10 жыл ішінде білім беру саласындағы шығын көлемі 5 еседей өсті.
2008 жылдан 2017 жылға дейінгі кезеңде 21082,7 млн.теңгеге 13737 орынға 43 білім беру нысаны пайдалануға берілді (оның ішінде республикалық бюджеттен трансферттер бойынша - 15 750,8 млн.тенге жергілікті бюджет қаражаты - 5 331,9 млн. теңге), оның ішінде:
- 6 870 орынға 14 жалпы білім беретін мектеп;
- 4 237 орынға 16 балабақша;
- 560 орынға 2 техникалық кәсіби білім колледжі (Қарқаралы ауданындағы Қарқаралы қ., Нұра ауданындағы Киевка к.);
- 2 типтік спорт залдары (Нұра ауданында Қарой а., Қарағанды қ.);
- Приозер қ. 400 орынға арналған 1 өнер мектебі;
- балабақшаға 1 жапсаржай (техникалық жұмыс дағдыларын дамытуға 25 орынды шеберхана);
- Қарқаралы ауданындағы Егіндібұлақ а. 200 орынға 1 мектеп жанындағы интернат.
Қазіргі жағдайда әрбір адамның денсаулығы оның толыққанды өмір сүруін анықтап қана қоймай, оның әлеуетті мүмкіндіктерінің де факторына айналып отыр. 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасының ең маңызды басымдылығы - азаматтардың өмір сүру ұзақтығын ұлғайту және сапасын жақсарту болып табылады.
Денсаулық сақтау саласындағы басты міндеттерді шешу үшін жыл сайын қаржыландырудың көлемі ұлғаюда. 10 жыл ішінде денсаулық сақтаудың бюджеті 4,2 есе өсті (18,320 млрд.теңгеден 76,4 млрд.теңгеге дейін).
2008 жылдан бері халықтың денсаулық көрсеткіштері жақсарды: бала туу орташа есеппен 2,3%-ға өсіп, жалпы қайтыс болғандар саны 27,6%-ға азайды, нәрестелердің өлімі 33,2%-ға азайды, туберкулез ауруына шалдыққандар саны 2,6 есеге, осы аурудан қайтыс болғандар саны 5,2 есеге азайды.
Дұрыс бәсекелестік ортаны құру үшін 56 жеке кәсіпкерлік (45,2%) тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік серіктестік шеңберінде де, қамтамасыз етуге тартылды. 2017 жылы жалпы сомасы 2,5 млрд. теңге болатын 17 жобаны жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды. Осылайша, 4 офтальмологиялық орталықтар (Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балқаш), Шахтинск қаласындағы гемодиализ орталығы, Жезқазғандағы ЭМР кабинеттері және Қарағанды қаласындағы 5 емхана, Балқаш қаласындағы КТ бөлімшесі ашылды.

Дата cоздания: 29 Маусым 2007 06:00
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 20 Қараша 2018 15:04
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы