жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 12°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Өңір экономикасының мамандануы

Назад

Қарағанды облысы — бұл ең ірі өнеркәсіптік өңір, Қазақстанда жетекші орын алатын қуатты индустриалдық орталық.
Өнеркәсіп өндірісі өңір экономикасының негізін құрайды, жалпы өңірлік өнім құрылымындағы үлесі 2017 жылы 45,4% құрады. Облыстың негізгі салалары өнеркәсіптік өндірістің 90,8% құрайды. Өнеркәсіптік өндіріс тау-металлургиялық кешенімен ұсынылды, дамуды азық-түлік, фармацевтикалық және химиялық өнеркәсіп алды, жеңіл өнеркәсіп және құрылыс материалдарының индустриясы қалыптасты.
Облыстың жалпы өңірлік өніміндегі тау-кен өндіру және карьерлерді қазу өнеркәсібінің үлесі 2017 жылы 10,2% құрады.
Минералды-шикізаттық база мыс пен вольфрамның қорына, сонымен қатар, көмірдің, қорғасынның, цинктің, темірдің, марганецтің, сирек металлдардың ірі кен орындарына бай.
Қарағанды көмір бассейні республиканың металлургиялық өнеркәсібінің кәсіпорындары үшін кокстелетін көмірдің негізгі жеткізушісі болып табылады. Көмір өндіруші кәсіпорындарына «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Корпорация «Казахмыс» ЖШС, «Шұбаркөл көмір» АҚ, «Сарыарка Energу» ЖШС, «Satkomir» ГРК ЖШС жатады.
Облыстың жалпы өңірлік өнімінің көлемінде 2017 жылы өңдеуші өнеркәсіптің үлесі 31,1%-ды құрайды.
Облыста Қазақстан металлургиялық өнеркәсібінің ірі кәсіпорны - «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмыс істейді, ол республика бойынша қара металлдан 100% шойын мен дайын илекті және шамамен 90% болат өндіреді. «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС Жезқазған және Балқаш мыс қорыту зауыттарында 99,99% тазартылған жоғарғы пробалы МООК өндіріледі. Металлургиялық өнеркәсіп базасында облыста химиялық өнеркәсіп дамыған. Күкірт қышқылы, азоттық тыңайтқыштар, жарылғыш заттар және өнімнің басқа түрлері шығарылады.
Химия өнеркәсібі – «Теміртау электрометаллургиялық комбинат» АҚ, "Эгофом" ЖШС, «Трек» ЖШС, «Максам Казахстан» ЖШС компанияларымен ұсынылған.
Фармацевтикалық өнеркәсіпте «Фитохимия» МНПХ» АҚ, «Фармация 2010» ЖШС, «Қарағанды фармацевтикалық кешен» ЖШС жұмыс істейді.
Машина құрылысында тау-кен жабдығын шығаруға «Қарағанды құю-машина жасау зауыты», «Кұрылысмет» ЖШС, «Казцентрэлектропровод» ЖШС, «КарГорМаш – М» ЖШС – «Маker» (Мэйкер) ЖШС филиалының кәсіпорындары мамандандырылуда.
Құрылыс материалдарының өнеркәсіп кәсіпорындарында цемент, болаттан және пластмассадан жасалған құбырлар, санитарлық-техникалық өнім, болат жытыту радиаторлары, панельдер және ТБҚ өзге құрылымдары, лак бояу өнімі, сонымен қатар, жаңа энергоүнемдеуші материалдар өндіріледі, құм, қиыршық тас және гравий шығарылады.
Өндіріс «Карцемент» АҚ, «ККК Бетон» ЖШС, «PowerBeton» ЖШС, «Сантехпром» ЖШС, «Караганданеруд» ЖШС, «Казтрансметалл» ЖШС, «NORD Пром НС» ЖШС, «Карал PLAST» ЖШС, «Завод Металл Профиль» ЖШС
және тағы басқа кәсіпорындармен ұсынылған.
Өңір құрылыс материалдарын шығару үшін түрлі шикізаттың жеткілікті қорларына ие. Оның өндірісінде өнеркәсіп қалдықтары кең қолданысқа ие, олар: металлургиялық және көмір өндіруші өндірістерінің шлактары, өзге екіншілікті ресурстар.

Дата cоздания: 29 Маусым 2007 06:00
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 20 Қараша 2018 15:02
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы