жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 0°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Өңір экономикасының мамандануы

Назад

Қарағанды облысы — бұл ең ірі өнеркәсіптік өңір, Қазақстанда жетекші орын алатын қуатты индустриалдық орталық.

Өнеркәсіп өндірісі облыс экономикасының негізін құрайды, 2018 жылғы жалпы өңірлік өнім құрылымындағы үлесі – 47,9%. Өнеркәсіптік өндіріс тау-металлургиялық кешенімен ұсынылды. Дамуды азық-түлік, фармацевтикалық және химиялық өнеркәсіп алды, жеңіл өнеркәсіп және құрылыс материалдарының индустриясы қалыптасты.

2018 жылы облыстың жалпы өңірлік өнімінде кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді қазудың үлесі 11,5% құрайды.

Минералды-шикізаттық база мыс пен вольфрамның қорына, сонымен қатар, көмірдің, қорғасынның, цинктің, темірдің, марганецтің, сирек металлдардың ірі кен орындарына бай.

Қарағанды көмір бассейні республиканың металлургиялық өнеркәсібінің кәсіпорындары үшін кокстелетін көмірдің негізгі жеткізушісі болып табылады. Көмір өндіруші кәсіпорындарына «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Корпорация «Казахмыс» ЖШС, «Шұбаркөл көмір» АҚ, «Сарыарка Energу» ЖШС,  «Satkomir» ГРК ЖШС жатады.

2018 жылғы облыстың жалпы өңірлік өнімінің жалпы көлеміндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 32,1% құрайды.

Облыста Қазақстан металлургиялық өнеркәсібінің ірі кәсіпорны - «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмыс істейді, ол республика бойынша қара металлдан 100% шойын мен дайын илекті және шамамен 90% болат өндіреді. «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС Жезқазған және Балқаш мыс қорыту зауыттарында  99,99% тазартылған жоғарғы пробалы МООК өндіріледі. Металлургиялық өнеркәсіп базасында облыста химиялық өнеркәсіп дамыған. Күкірт қышқылы, азоттық тыңайтқыштар, жарылғыш заттар және өнімнің басқа түрлері шығарылады.

Химия өнеркәсібі – «Теміртау электрометаллургиялық комбинат» АҚ, «Тау-Кен Темир» ЖШС, "Эгофом" ЖШС, «Трек» ЖШС және «Максам Казахстан» ЖШС компанияларымен ұсынылған.

Фармацевтикалық өнеркәсіпте «Фитохимия» МНПХ» АҚ,  «Фармация 2010» ЖШС, «Қарағанды  фармацевтикалық кешен» ЖШС,  «Қарағанды  фармацевтикалық зауыт» ЖШС  жұмыс істейді.

        Машина құрылысында тау-кен жабдығын шығаруға «Маker» (Мэйкер) ЖШС филиалы, «Кұрылысмет» ЖШС, «Казцентрэлектропровод» ЖШС, «КарГорМаш – М» ЖШС кәсіпорындары мамандандырылуда.

Құрылыс материалдарының өнеркәсіп кәсіпорындарында цемент, болаттан және пластмассадан жасалған құбырлар, санитарлық-техникалық өнім, болат жылыту радиаторлары, панельдер және ТБҚ өзге құрылымдары, лак бояу өнімі, сонымен қатар, жаңа энергоүнемдеуші материалдар өндіріледі, құм, қиыршық тас және гравий шығарылады.

Өндіріс «Карцемент» АҚ,  «ККК Бетон» ЖШС, «Сантехпром» ЖШС,   «Караганданеруд» ЖШС, «Казтрансметалл» ЖШС, «NORD Пром НС» ЖШС, «Карал PLAST» ЖШС, «Завод Металл Профиль» ЖШС және тағы басқа кәсіпорындармен ұсынылған.

Өңірде құрылыс материалдарын шығару үшін әртүрлі шикізаттың жеткілікті қоры бар. Олардың өндірісінде өнеркәсіптің қалдықтары кеңінен қолданылады: металлургиялық және көмір өндіретін өндірістердің шлактары, басқа да қайталама ресурстар.

Дата cоздания: 29 Маусым 2007 06:00
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 29 Тамыз 2019 11:09
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы