жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 30°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Су ресурстары

Назад

Қарағанды облысы өзіне Нұра-Сарысу, Балқаш-Алакөл, Есіл, Ертіс және Тобол-Торғай өзен бассейіндерін қосады.
Облыста 599 су объектілері, оның ішінде 107 өзен, 83 көл, 409 жасанды су қоймалары, гидротехникалық құрылғымен жабдықталған плотиналар бар.Өзендер Теңіз, Қарасор, Балқаш ағынсыз көлдерінің және Ертіс өзенінің бассейндеріне жатады. Өзен желісінің қоюлығы жер қыртысына байланысты солтүстіктен оңтүстікке қарай азайып отырады. 11 өзен 100 км артық ұзындыққа ие: Нұра – 978, Торғай – 827, Сарысу – 800, Шідерті – 502, Ұлы – Жылаңшық – 422, Құланөтпес – 364, Қалмаққырған – 325, Туындық – 303, Тоқыраун – 298, Жарлы – 193, Талды – 129.
Оңтүстік-шығыста облыстың шекарасына Қазақстанның көлемі бойынша үшінші орында тұрған Балқаш көлі кіреді.
Қарқаралы қаласының солтүстігінде таулы қоршалған жазық Қарасор орналасқан. Оның шектерінде 50-ге жуық көл бар (Қарасор, Саумалкөл, Балықтыкөл және т.б.). Су қоймалардың тереңдігі орташа 1 м, кей жерлерде 4-5 м дейін. Олардың түбінде қара күкіртсутекті саздар жатыр, олар емдік қасиетке ие және медицинада қолданылады.
Облыстың ең ірі өзендері: Балқаш – 18,2 мың ш.км, Қарасор – 154 ш. км, Қыпшақ – 64,7 ш. км, Керей - 62,8 ш. км, Қарақойын – 72,5 ш.км, Қияқты – 51,6 ш. км, Шошқакөл – 32,0 ш.км, Балықтыкөл – 25,8 ш. км.
Облыстың сумен қамтамасыз етілуінің балансында маңызды орынға су қоймалары мен арналарға ие, олар: Самарқанд (Нұра өзенінде), Шерубайнұра (Шерубайнұра өзенінде), Кеңгір (Кеңгір өзенінде), Жезді (Жезді өзенінде), сонымен қатар, шағын су ағындарындағы ондаған кішкене бұлақтар.
1973 жылдан бастап облыс аумағында Қарағанды және Теміртау қалаларында ауыз сумен қамтамасыз ететін, ұзақтығы 458 км ірі гидротехникалық құрылым – Ертіс–Қарағанды арнасы істеп тұр. Арнадан су беру орташа секундына 75 куб. метрді құрайды. Арнаның ерекшелігі су төмен биіктіктен (теңіз деңгейіне қатысты) жоғарғы биіктікке берілетіндігінде, ол үшін 20 сору станциясы қызмет етеді.

Дата cоздания: 29 Маусым 2007 06:00
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 20 Қараша 2018 14:59
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы