жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -15°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Пайдалы қазбалар (оның ішінде игеру үшін тиімділер)

Назад

Облыс минералдық-шикізат ресурстарымен бай. Көмір, мыс, қорғасын, цинк, марганец, темір, молибден, вольфрам, сирек кездесетін металлдардың ірі кен орындары бар; күшән, кобальт, никел және басқа кен орындары әйгілі. Үлкен кенсіз шикізаттар бар: құрылыс тастары, цемент шикізаты, балшық, топырақ және басқалары.
Барлық геологиялық құрылымдардан жақсы зерттелгені Қарағанды көмір бассейні.Қарағанды көмір бассейнінің оңтүстігінде қорғасын-мырыштық кендер мен бариттің Жалайр кен орны белгілі. Бассейіннің түрлі бөліктерінде әктің 20 кен орны анықталған, ол металлургиялық, химиялық, цемент өнеркәсібінде қолдануға жарамды. Оларға Астахов, Сарыапан, Волын, Оңтүстік-Топар кен орындары жатады.Спасск аумағында вулканогенді-қалдықты генезистің 20 шағын мыс кен орны (Жалғызтөбе, Жетімшоқы, Қызылшоқы, Қожақонған, Қызылөгіз, Көктал, Сарыадыр, Алтынтөбе және Спасск және т.б.), 250-ден астам мыс көрінісі мен бірнеше геохимиялық аномалиялар табылған. Пирофиллит, мәрмәрдің кен орындары табылып, ашылған.
Ұлытау-Жезқазған ауданының геологиялық құрылымында мыстың, мырыштың, қорғасын және цинктің ірі кен орындары табылған; темірдің, никелдің, кобальттың, көмірдің орташа және шағын кен орындары; алтынның, хромның, платинаның кендері; магнезит, тальк, барит, кварц, флюорит, асбест кенді емес кен орындары табылған. Қара және түсті металлдардың кендерінде күміс, рений, кадмий, таллий, германий және өзге шашыранды элементтердің қоспалары кездеседі.
Қарсақбай зауытының ауданында темір кен орнының ашылуы 40 км созылған. Мұнда Керегетас, Балбырауын, Қаратас, Қарашоқы және Сазтөбе кен орындары орналасқан. Керегетас және Балбырауын кен орындарында қуаттылығы 10 м - 220 м темір кварциттерінің 5-7 көкжиегі бар.
Ұлытау-Жезқазған ауданы мырыш қорлары қатысында негізгілерге жатқызылады. Жезді кен орны Балажал, Емельянов, Батыс Керегетас және Жаман Керегетас сияқты темір-мырыш кендерімен атақты.
Қазіргі уақытта кендік формациялар арасында Жезқазған кенді формациясы, Жыланды тобы (Итауыз, Сарыоба, Қарашошақ, Қыпшақбай, Аралбай), Жаманайбат және өзгелері өнеркәсіптік мәнге ие.

Дата cоздания: 29 Маусым 2007 06:00
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 25 Қараша 2019 08:35
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы