жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -4°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Географиялық орналасуы

Назад

Қарағанды облысы аумағы бойынша ең ірі болып табылады (Қазақстан аумағының жалпы көлемінен 15,7%) және Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан, Солтүстік Мұзды және Үнді, Атлантикалық және Тұнық мұхиттарынан бірдей қашықтықта жатыр. Облыс Қазақ кіші шыңдарының ең жоғарғы бөлігі – Сарыарқаны алып жатыр, яғни өзімен өзгешелікті, геоморфологиялық қатынаста біртекті еместілікті, үлкен көтеріңкі аумақты бейнелейді (абсолюттік биіктігі 400-1000 метр).
Батысында оған Торғай жыра-сайы және солтүстік-шығысында Тұран ойпатымен, оңтүстігінде батпақты Бетпақдала шөлейтімен және Балқаш көлімен түйіседі.
Облыстың батысында Ұлытау (1133 м), шығыс бөлігінде Қарқаралы тауы (Жиренсақал тауы, 1403 м), Кент (1469 м), Қу (1356 м), Қызылтас (1283 м), Қызыларай (Ақсоран тауы, 1565 м, Сарыарқаның ең жоғарғы нүктесі), Кешубай (1559 м) және басқалары; облыстың оңтүстік-батысы және оңтүстік бөліктерінде құмды Арал өңіріндегі Қарақұм, екі Мойынқұм, Жетіқоңыр және басқалары.
Облыс оңтүстігінде Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарымен, солтүстігінде Ақмола, солтүстік-шығысында Павлодар, солтүстік-батысында Қостанай, шығысында Шығыс-Қазақстан, батысында Ақтөбе, оңтүстік-батысында Қызылорда, оңтүстік-шығысында Алматы облыстарымен шектеседі.
Облыс аумағы 428 мың шаршы км, бұл Беларусь, Литва, Эстония және Латвия мемлекеттерін қоса алғандағы аумаққа тең.Облыста 9 ауылдық аудан, 11 қала, 9 кенттік әкімшілік, 187 ауылдық әкімшілік, оларда 421 ауылдық елді мекен бар. Облыс халқы 2018 жылдың 1 қаңтарына 1 млн. 380,3 мың адамды құраған немесе Қазақстан Республикасының барлық халқының 7,6%.Облыс бойынша халықтың орташа тығыздығы 3,2 адамды құрайды.
Облыста жүзден артық ұлт өкілі тұрады. Халықтың жалпы санында қазақтардың үлесі 51,3%, орыстар – 35,8%, украиндар – 3%, немістер – 2,3%, татарлар – 2,2%, кәрістер – 1%, белорустар – 0,8%. Өзге ұлт өкілдерінің үлесі 3,6% құрайды.
Облыс орталығы Қарағанды қаласында орналасқан, ол 1934 жылы құрылған болатын. 2018 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста 501,3 мың адам немесе халықтың барлық санынан 36,3% өмір сүреді. Облыстық орталық Қарағанды қаласы Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласынан 222 км қашықтықта орналасқан. Облыстың аумағы жағынан ең ірі өңірі – Ұлытау ауданы – 122,9 мың ш.м.

Дата cоздания: 29 Шілде 2007 06:00
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 25 Қараша 2019 09:17
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы