жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 4°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Облыстың тарихы

Назад

Қарағанды облысы Қазақстан Республикасының Көшбасшысы, Бірінші Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбектік және саяси Отаны болып табылады.
Қарағанды облысы Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан, минералдық-шикізат ресурстарына бай.
Шығыстағы Қарқаралы тауларының бөктерінен батыстағы Теңіз көлі мен Ұлытау тауларына дейін, солтүстіктегі Есіл өзенінен оңтүстіктегі Бетпақ Дала шөліне дейін қазақ халқы бағзы заманнан бері Сарыарқа деп атаған кең тау жазығы орналасқан.
Мұнда кішкене өзендері бар шетсіз даланы, жазда кеуіп кететін көлдердің толқындарын, Балқаш көлінің шулы кемерін, шөлдердің жарылған тақырларын және тау қатпарларын кездестіруге болады.
Бұл Шығыс пен Батыстың, Еуразияның халықтары мен тайпалары мәдениеттерінің өзара әрекеті мен өзара байытылуы көне заманнан бері жүріп жатқан жер. Ол тұрмыс, аңшылық пен жарыстар бейнеленген алғашқы суретшілердің таудағы суреттерінде ескі мәдениеттердің іздері мен естеліктерін сақтауда. Археологиялық олжалар көрсеткендей, Орталық Қазақстанның аумағында палеолит кезеңінде аң аулау мен балық аулаумен айналысқан адамдар өмір сүрген, ал қола дәуірінде жер өңдеу мен мал шарушылығы пайда болған, суару жүйесін ойлап тапқан. Биғазы-дәндібай мәдениеті кезеңінде (X–XII б.з.дейінгі ғғ.) өндіріс күштерін дамытуда мал шаруашылығымен қатар маңызды орынды кендерді өндіру мен қорыту алды.
XVI ғасырдың басында Орталық Қазақстанның аумағы үш жүздің экономикалық және этникалық ортақтастығының нәтижесінде пайда болған мемлекеттік құрылым Қазақ хандығының құрамына енді. Бұл бірігу туралы Қазақ мемлекеттігінің қалыптасуында маңызды үлкен Ұлытау киелі жеріндегі көне ескерткіштер дәлел бола алады. «Таңбалытас» мемориалындағы негізгі қазақ руларының таңбаларының суреті бар стелла қазақ халқының бірлігі мен тұтастығының символы болып табылады.
Қарағанды облысы тарихта оның аумағы бойынша көне Жібек Жолының солтүстік тармағынан өткенімен әйгілі. Бұл өңір Қазақстан мен өзге елдер арасындағы экономикалық және мәдени ауысуының арнасы, сауда желісі болып тарихи қалыптасты. Қарқаралы ауданының аумағында жыл сайын өткен Қоянды жәрмеңкесін еске түсірудің өзі жеткілікті. Мұнда әр жазда Қазақстанның түрлі аудандары жақын көршілері – Ресей мен Орта Азиямен ғана емес Таяу Шығыс елдері мен Қытаймен де сауда жасасты.
ХХ ғасырдың 30-40 жылдары облыс репрессияға ұшыраған тұлғаларды депортациялаудың орны болды. Мұнда қасіретпен әйгілі КАРЛАГ орналасқан болатын. Екінші дүние жүзі соғысынан кейін Спасскіде соғыс тұтқындары үшін концлагерь орналастырылды, қазіргі уақытта ол жерде сталин тоталитаризмінің құрбандарын Еске алу Мемориалы ашылған. Венгрия, Жапония, Италия, Ресей, Германия, Польша, Румын, Франция, Финляндия, Литва, Филиппин және Украина елдері арасында өздерінің отандастарын әрқашан еске алады. Тарихшылардың бағалауы бойынша бұл жерде түрлі ұлттың 5152 соғыс тұтқындарының денелері көмілген.
Қарағанды облысы 1932 жылдың 10 наурызында Петропавловск қаласындағы орталығымен құралған болатын. 1936 жылы әкімшілік бөлінісі бойынша Қарағанды облысы 2 облысқа бөлінді: Солтүстік-Қазақстан (орталығы Петропавловск қаласы) және Қарағанды облысы (орталығы Қарағанды қаласы). Осылай, 1936 жылдың 29 шілдесінен бастап Қарағанды Қарағанды облысының әкімшілік және мәдени орталығы болып құрылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 3 мамырдағы Жарлығымен Қарағанды облысының шекаралары өзгертіліп, оған оңтайландырылған Жезқазған облысының аумағы қосылды. 1997 жылғы 23 мамырдағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қарағанды облысының құрамына енетін ауылдық аудандардың шектері мен атаулары өзгертіледі.

Дата cоздания: 29 Маусым 2007 06:00
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 20 Қараша 2018 14:56
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы