жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 16°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

2016 ж. 3 тоқсаны

Назад

Қарағанды облысы әкімінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы халық алдындағы есебі барысында келіп түскен халықтың ұсыныстары мен ескертулерін жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат

Ұсыныстардың, ескертулердің мазмұны (авторы, мекенжайы)

Ұсыныстар мен ескертулерді жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар

Орындау мерзімі

Орындауға жауаптылар

Ескертпе

Молотов-Лучанский В.Б.,

Қарағанды қ. тұрғыны

Достық үйі ауданындағы аумақты дамытудың, қандай да бір бірегей сәулет нысандарын салудың келешегі қандай? Біз оны Келісім және алғыс алаңы деп атап, «Бірлік пен татулық аллеясын» құра аламыз ба?

1. «Жаңа орталықтың» құрылған дирекциясы шеңберінде Достық үйі ауданындағы аумақты дамыту қарастырылсын (көркейту, саябақ, жол жайластыру, шағын сәулет нысандарын орналастыру, көгалдандыру).

2. Облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсынылсын.

2016 жылдың 15 наурызына дейін

Қарағанды қаласының әкімі (Н.Е. Әубәкіров)

Жұмыста.

Достық Үйдің ауданында аумақты даму шеңберінде осы алаңды әрі қарай игеруі жоспарланған.

Объектінің шығыс жақтан «Нұрлы жол» бағдарламаның шеңберінде ағымдағы жылында пайдалануға енгізуімен 1200 орынға мектеп салынып жатыр.

2015 жылы Бөкетов көш. автомобиль жолын салуға кірісті, оның құрылысы ағымдағы жылында жалғастырылып жатыр (жұмыстар а.ж. маусымнан басталды).

Көлік инфрақұрылымын даму шеңберінде Республика даңғылыдан Тәттімбет көш. дейін Приканальная көшесінің автомобиль жолын салу бойынша жобалы-сметалық құжаттамасы әзірленді. Жобамен бар жасыл желектерді барынша сақтай отырып, жаңа ағаштарды отырғызуымен аллея (саябақ) орналастыру қарастырылған, сонымен орта мерзімді келешекте флагштоктан басталатын «Бірлік және бейбітшілік аллеяны» қалау мүмкіндігі болатын жаңа рекреация аймағы пайда болады.

«Қарағанды қаласының құрылыс бөлімі» ММ-мен тоған-жинақтауыштан Университетская көшеге дейін (Федоровка су қоймасы ауданы) Жаңа орталықтың нөсерлі коллектордың құрылысына жобалы-сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) әзірленіп жатыр.

2015 жылы сәулет-қала құрылысы кеңесінде бекітілген Балалар мен жасөспірімдер Үй құрылысының эскизді жобасы қала әкімдігімен әзірленген. Объектіні Достық үймен бірге бір алаңда орналастыруға жоспарлануда, сонымен, оны іске асыру кезінде біз жоспарлау алаңды әлеуметтік мақсаттағы объектілермен тұйықтаймыз.

Тұтас алғанда, Оңтүстік-Шығыс жоспарлау ауданды игеру үшін 2015 жылы Республика даңғылыдан Шахтерлер даңғ шегінде және Көгілдір тоғандар дейінгі ұщу алабы аумағында жаңа объектілер құрылысының барлық жобаларын қарайтын «Жаңа орталық» дирекция құрылды.

Королева Дана Мұратқызы, Бұқар жырау ауданының Ғабиден Мұстафин кентінің тұрғыны

Алдағы су тасқыны кезеңіне байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

1. Аса қауіпті су қоймаларында алдын ала су жіберу жүргізілсін және тасқынды суды кепілді апатсыз өткізу үшін іс-шаралар жүргізілсін.

2016 жылдың 15 наурызына дейін

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

(Тазабеков Ә.Н.)

Орындалды.

2016 жылы Қарағанды облысындағы су тасқыны жағдайы жалпы алғанда күрделі болатыны болжанды, облыстың барлық аумағы мен өзендердің бассейндерінде қардың қоры нормадағыдан 1,5-2 есе артық болды.

Су тасқыны кезеңіне тиісті уақытында ұйымдастырылған және өткізілген жұмыс өзінің оң нәтижелерін берді.

Тұрғындар мен облыс аумағын су тасқынынан инженерлік қорғау үшін:

- 1,9 шм дамба жалы салынды және 74,917 шм. дамба жалдарына жөндеу жүргізілді;

- 6,7 шм өзен арналарында жағаларды нығайту мен арна түбін тереңдету жасалды;

- 1,2 шм су тасқыны қаупі бар өзендер түзетілді және кеңейтілді;

- 150 шм каналдар, арықтар абаттандырылды және тазартылды.

Өзендердің арналарын кеңейту мен түбін тереңдету бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде мына елді мекендерді су тасқыны басуына жол берілген жоқ:

- Осакаров ауданының Садовое, Қарғалы ауылдары;

- Бұқар жырау ауданының Сарытөбе ауылы, Ботақара, Ғ.Мұстафин кенттері.

Елді мекендердің маңынан су тасқынына қарсы қрғаныс жалдарын көтеру мен өзендер бойындағы дамба жалдарын нығайту мына елді мекенднрді су тасқын басуына жол бермеді:

- Солонка өзені бойында, Жұмысшылар кенті аумағы (Қарағанды қаласы);

- Шерубай-Нұра өзені бойында, Қайрақты ауылына таяу маңай (Шет ауданы);

- Үлкен Құндызды өзені бойында, Киевка кентіне таяу (Нұра ауданы);

- Жарлы өзені бойында, Киевка кентіне таяу (Нұра ауданы);

- Матақ ауылы айналасында су тасқынына қарсы қорғаныс жалын көтеру (Қарқаралы ауданы) елді мекенді су тасқыны басудан қорғап қалды.

Су бұру каналдарын тазарту: Федоровка су қоймасы бойы (Қарағанды қаласы) және Қостангелді микроауданы (Жезқазған қаласы) сол сияқты су тасқынын апатсыз өткізуге мүмкіндік берді.

Ұйымдастырылған және қабылданған превентивті шаралар кешенінің арқасында тұрғын үйлерді су басуына, адамдар мен мал өліміне жол берілген жоқ.

2. Су өткізетін құбырларды, каналдарды тазалау, қажеттілігіне қарай, өткізу қабілетін арттыру бойынша жұмыстар орындалсын.

2016 жылдың 15 наурызына дейін

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

(Санаубаров А.К.)

3. Тасқынды су басу қаупі бар елді мекендердің аумағын және инфрақұрылым нысандарын инженерлік қорғау қарастырылсын.

тұрақты

Бұқар жырау ауданының әкімі

(Көбжанов Н.С.),

қалалар мен аудандар әкімдері,

мүдделі органдар, су шаруашылығы нысандарының меншік иелері

(келісім бойынша)

4. Облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсынылсын

2016 жылдың 20 мамырына дейін

Деркач Татьяна Яковлевна, Қарағанды қ. тұрғыны

10 –коллектордың кәріз желісін жөндеу туралы

1. Қарағанды қаласының әкімі Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына Нұрлы Жол бағдарламасы бойынша «Қарағанды қ. КНС 7-ден аэрация станциясына дейін 7 қысым коллекторының №10 канализациялық қысым станциясының өздігінен ағатын канализациялық коллекторын қайта құру» жобасын қаржыландыру үшін 2017-2019 жылдарға арналған бюджеттік өтінім берсін.

2016 жылдың 15 наурызына дейін

Қарағанды қаласының әкімі (Н.Е. Әубәкіров),

Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы

(Бегімов Қ.Б.)

Жұмыста.

«Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша «Қарағанды қаласында №10 КНС-нан 7 аэрация станциясына дейін 7 насос станциясының өзі ағатын кәріз коллекторын жаңғырту» жобасы іске асырылуда. Осы мақсатқа Ұлттық қордан 1,3 млрд.тенге қаржы бөлінді.

Биылғы жылы 6 шм кәріз коллекторына реконструкция жүргізу жоспарлануда.

Мемлекеттік сатып алудың қорытындылары шығарылды. Келісімшарттар жасалды.

Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. 1,115 млрд.теңге игерілді немесе есепті кезеңде жоспардың 100%. 10 адам жұмысқа орналастырылды.

Жобаны 2018 жылы аяқтау жоспарлануда.

2.Облыс әкімінің аппаратын хабардар етсін.

2016 жылдың 15 наурызына дейін

Быков Александр Олегович, Теміртау қаласының тұрғыны

«Болат» футболь клубының даму келешегі туралы

1. Шығыстарды оңтайландыру және басқару сапасын жақсарту мақсатында «Болат» футболь клубының құрамына енгізе отырып 2016 жылдың 1 мамырына дейін кәсіби клуб құру тетігі пысықталсын (Теміртау қ.).

2016 жылдың 1 мамырына дейін

Дене шынықтыру және спорт басқармасы (Сухорукова Н.Е.)

Орындалды.

Бюджет қаражатын оңтайландыру және «Болат» футбол клубын сақтау мақсатында осы клубты «Шахтер» футбол клубының құрамына қосу жұмысы жүргізілді.

Бүгінгі күнде «Болат» футбол клубы «Шахтер» футбол клубының құрамына кірген және «Шахтер-Болат» атауымен Қазақстан Республикасының Бірінші Лига Біріншілігінде ойнайды, онда 13 турдан кейін 8 ұпай жинап, сегізінші орында келеді.

2. 2016 жылдың 15 мамырына дейін клубты басқарудың менеджменттік саясаты әзірленсін.

2016 жылдың 15 мамырына дейін

3. Облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсынылсын.

2016 жылдың 20 мамырына дейін

Аққошқаров Дулат,

зейнеткер - регрессник

Регресшілерге арналған оңалту орталығының құрылысы туралы

1. Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы шеңберінде Қарқаралы қаласында мүгедектерге арналған оңалту орталығының күрделу жөндеу жұмысы 2016 жылдың соңына дейін аяқталсын.

2. Облыс әкімі аппаратына 2017 жылдың 10 қаңтарына дейін ақпарат ұсынылсын.

2016 жыл

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

(Әкенов С.Ш.)

Жұмыста.

Оңалту орталығының ғимаратына күрделі жөндщеу жұмысын аяқтау үшін 2016 жылы Жұмыспен қамту жол картасы-2020 1 бағыты бойынша 203 млн. теңге бөлінді.

Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Аяқтау мерзімі – 2016 жылғы желтоқсан.

Әсем, Қарағанды қаласының тұрғыны

Балалар алаңын салу және Қарағанды қ. Шахтеров көш. 60-үйінің машиналары үшін толассыз шығу мәселесін шешу

1. Мәселе қолданыстағы заңнама шеңберінде қарастырылсын.

2. Облыс әкімінің аппаратын хабардар етсін.

2016 жылдың 15 наурызына дейін

Қарағанды қаласының әкімі (Әубәкіров Н.Е)

Жұмыста.

2016 жылғы 7 тамыздағы мемлекеттік сатып алулар конкурстың қорытындысы бойынша Шахтерлер даңғ. 36/1(60), № 1-9 блок-секциялар бойынша тұрғын үйдің кіру жолдармен көлік тұратын орындарды жайғастыру үшін жобалы-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеу үшін «Қарағанды қаласының құрылыс бөлімі» ММ мен «КОНЭС» ЖШС жобалау ұйым арасында шарт жасасылды. Сараптаманың оң қорытындысымен ЖСҚ алғаннан кейін осы жобаны әрі қарай іске асыру бойынша шаралар қабылданады.

Жылқыбаева Сандуғаш Сәбиғазықызы,

Жезқазған қаласының тұрғыны

Жезқазған қаласының 3-ықшам ауданында 320 орынды балабақша салу және пайдалануға беру барысы туралы.

1. 2016 жылдың қыркүйегінде Жезқазған қаласының 3-ықшам ауданында 320 орынды балабақшаның уақытында пайдалануға берілуі қамтамасыз етілсін.

2016 жылдың қыркүйегі

Құрылыс басқармасы (Исабаев Б.К.), Жезқазған қаласының әкімі (Ахметов Б.Д.)

Орындалды.

Жезқазған қаласында 3-ықшам ауданда 320 орындық балабақшаның құрылысы аяқталды және ағымдағы жылдың 14 шілдесінде пайдалануға берілді.

2. Облыс әкімі аппаратына 2016 жылдың 5 қазанына дейін ақпарат берілсін.

2016 жылдың 5 қазанына дейін

8

Камалова Загира, Сәтбаев қаласының тұрғыны

Сәтбаев қаласында мектеп салу туралы

1. Сәтбаев қаласында 600 орынды мектептің 2016 жылдың тамызында уақытында пайдалануға берілуі қамтамасыз етілсін.

2016 жылдың тамызы

Құрылыс басқармасы (Исабаев Б.К.), Сәтбаев қаласының әкімі

(Ыдырысов А.А.)

Орындалды.

Сәтпаев қаласында 600 орындық мектептің құрылысы аяқталды және ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде пайдалануға берілді.

2. Облыс әкімі аппаратына 2016 жылдың 5 қыркүйегіне дейін ақпарат берілсін.

2016 жылдың 5 қыркүйегі

9

Шутова Таисия Петровна

Пәтерлерді заңсыз жалға бергені үшін салық төлеу, алимент төлеу бойынша қандай жұмыс жүргізіледі?

1. 2016 жылға арналған Қарағанды облысының жергілікті бюджетіне қосымша кірістер іздестіру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде мүлікті жалға беруден табыс табатын жеке тұлғаларды анықтау және оларды салықтық міндеттемелерді орындауға тарту бойынша жұмыс жалғастырылсын.

2. Облыс әкімі аппаратына 2017 жылдың 10 қаңтарына дейін ақпарат берілсін.

2016 жыл

Қарағанды облысының жергілікті полиция қызметі (Жақаев Ж.С.), Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті

(Ахметов А.Қ.)

Жұмыста.

Ағымдағы жылдың басынан бері үй-жайларды жалға беруден 390 пәтер бойынша 4,6 млн.теңге қосымша кіріс түсті. Жұмыс жалғасуда.

2016 жылдың 1 қазанына жағдай бойынша алимент төлеуден жалтарып жүргендерді іздестіру туралы соттардың 86 ұйғарымы. Алимент төлемей жүрген 49 адамның мекенжайы анықталды.

Борышкердің тұрғылықты жері туралы ақпарат әділет департаменті мен арыз иесіне жіберілді.

3. Алимент төлеуден қашып жүрген азаматтардың орналасқан жерін анықтау жұмысы жалғастырылсын.

4. Облыс әкімі аппаратына тоқсан сайын, есептік айдан кейінгі айдың 5-іне ақпарат берілсін.

тұрақты,

2016 жыл

Қарағанды облысының ІІД Миграциялық полиция басқармасы (келісім бойынша) (Смайлов А.К.), Қарағанды облысының әділет департаменті

(келісім бойынша) (Әбілов М.С)

10

Мұқаш Тілеухан Тұрсынұлы

Шет ауданының жер қатынастары бөлімінің жер учаскесін сату бойынша 2015 жылдың 27 қаңтарында аукцион өткізу рәсімдерін бұзуы туралы

1. Бұл мәселені қарау бойынша жұмыс тобы ұйымдастырылсын. Өңірге барып, автормен кездесу керек.

2. Бұл мәселе қолданыстағы заңнама шеңберінде қаралсын, қорытындысы бойынша өтініш иесіне жауап дайындалсын.

3. Ақпарат 2016 жылдың 23 наурызына дейін ұсынылсын.

2016 жылдың

23 наурызы

Облыс әкімінің орынбасары Мамалинов Ш.К., Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы

(Ахметов С.Ш.), Жер қатынастары басқармасы (Шалмағамбетов А.Т.), Шет ауданының әкімі

Бұл мәселе 06.05.2015 жылы Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында және 2015 жылғы 15 шілдеде Қарағанды облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер бойынша Аппеляциялық сот коллегиясындща қаралды. Сот шешімімен Т.Г.Мұқашевтің арызы қанағаттанусыз қалдырылды. Арыз иесі Т.Г.Мұқашевпен кездесу өткізіліп, ҚР Жер кодексінің 167 бабына сәйкес түсініктеме берілді, жерге құқық қатынастары бойынша туындаған дау-дамайлар сот тәртібінде қаралады.

11

Батракова Людмила,

Теміртау қаласының тұрғыны

Жылытудың төмен параметрлері туралы

1. Теміртау қаласы бойынша 2015-2016 жылдары жылыту маусымы өтуі кезінде тұтынушылар тиісті параметрлермен қамтамасыз етілсін.

2. Алдағы күз-қыс кезеңіне Теміртау қаласының тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын және жылу көздерін дайындау жөніндегі жоспарды жасау кезінде жылу көздеріндегі барлық кемшіліктер мен апат себептері ескерілсін.

3. Облыс әкімінің аппараты 2016 жылдың 15 мамырна дейін хабардар етілсін.

2016 жылдың 15 мамырына дейін

Теміртау қаласының әкімі

(Әшімов Ғ.А.), Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы

(Бегімов Қ.Б.)

Жұмыста.

Теміртау қаласының жылу көздері мен тіршілікпен қамтамасыз ету нысандарын алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындау жөніндегі жоспарды әзірлеу кезінде жылу көздеріндегі барлық кемшіліктер мен апаттардың себептері ескерілді. Іс-шаралар жоспары «КЕГОК» АҚ-мен және ҚР Энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау Комитетімен келісілді.

Қаланың энергокәсіпорындары Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау Комитеті департаментінен дайындық актілерін алды.

Бүгінгі күнде алдағы жылытыу маусымына дайындық жұмыстары 100% орындалды.

Қалада жылыту маусымы ағымдағы жылдың 3 қазанына басталды.

Іс-шаралар жоспарына сәйкес ЖЭО-2 жылу-электр станциясының негізгі және қосалқы жабдықтарын жөндеу жүргізіледі.

Негізгі және қосалқы жабдықтарын жөндеуге «АрселорМиттал Теміртау» АҚ 1300 млн.теңге қаржы бөлінді.

Қазіргі уақытта №3 қазандықтың кеңейтілген ағымдағы жөндеу жұмысы аяқталды, №1 қазандықтың (орындалуы 61%), №1 турбинаның (орындалуы 63%) күрделі жөндеу жұмысы жүргізілуде.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ ЖЭО-2 №2 қазандығын күрделі жөндеу 1.11.16 ж.-31.01.17 ж. арасындағы кезеңге жоспарланған.

12

Хасанов Камил Жайлауұлы

Саяқ кентін сумен жабдықтау мәселесін шешу туралы.

1. Балқаш қаласының сорғы станциясының резервтік жабдығын жөндеу және орнату бойынша жұмыс жүргізілсін.

2.Сапалы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етілсін.

3. Облыс әкімінің аппаратына 2016 жылдың 5 маусымына дейін ақпарат берілсін.

2016 жылдың 5 маусымына дейін

Балқаш қаласының әкімі

(Аглиулин А.М.)

Тұрақты бақылауда.

Қазіргі уақытта Саяқ кентін сумен жабдықтау тұрақты. Су кестеге сәйкес беріледі.

Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде ҚР Премьер-Министрі Сағынтаев Б.Ә. Балқаш қаласы Саяқ кентінің су бұрғысы мен су тұщыту станциясының құрылысының жобасын әзірлеу мәселесін мемлекеттік-жеке әріптестік тетіктерін қолдану жолымен пысықтауды тапсырды.

Ағымдағы жылдың 11 қазанына Саяқ кентіндегі су шарбағы құрылысы жобасының тұжырымдамасының презентациясы жоспарланған.

13

Түсіпбеков Абылай Қалиұлы

Ақтоғай ауданы елді мекендерінің электр желілерінің тозғаны туралы

1. Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы бойынша бөлінген қаражат шеңберінде электр желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсін.

2. ЛТД «Элекстросеть» ЖШС, «Энергия» ЖШС электр желілерін коммуналды меншікке қабылдау мәселесі қарастырылсын.

2016 жыл

Ақтоғай ауданының әкімі

(Омарханов Н.И.),

Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы (Бегімов Қ.Б.)

Жұмыста.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы аясында ағымдағы жылы Ақтоғай селосының электр желілерін 25,9 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған. Конкурстық рәсімдеулер жұмысы жүргізілуде. Жұмысты жял аяғына дейін аяқтау жоспарланып отыр. 17 округ арасынан 6 округ бойынша электр желілерін коммуналдық меншікке беру туралы сот шешімдері заңды күшіне енді. Мемлекеттік актілер дайындау бойынша жұмыс жүргізілуде, 6 округ бойынша сот шешімі алынды, қалған 5 округ бойынша жұмыс жалғасуда.

3. Облыс әкімінің аппаратына ақпарат ұсынылсын

2017 жылдың 10 қаңтарына дейін

14

Тілеуханова Ләззат Орынбайқызы, Жаңаарқа ауданының Атасу кентінің тұрғыны

ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша Жаңаарқа ауданының Атасу кентінің Школьный кв. №3 үйіне жөндеу жүргізу туралы.

1. Атасу кентінің Школьный кв. №3 үйінің тұрғындарымен қолданыстағы бағдарлама шеңберінде тұрғын үй қорын жаңғырту құралдарын пайдалану бөлігінде түсіндіру жұмысы жүргізілсін.

2. Жаңаарқа ауданының Атасу кентінің Школьный кв. №3 тұрғын үйін жаңғыртуға Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылсын.

3. Облыс әкімінің аппаратына ақпарат ұсынылсын.

2016 жылдың 15 сәуіріне дейін

Жаңаарқа ауданының әкімі

(Омаров Ғ.И.),

Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы (Бегімов Қ.Б.)

Жұмыста.

Атасу кентінің Школьный кварталының №3 үйінің тұрғындарымен қолданыстағы заңнама аясында тұрғын үй қорын жаңғырту тетіктерін пайдалану бөлігінде түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Жаңаарқа ауданының Атасу кентінің Школьный кварталының №3 үйінің шатыры мен подьездін жөндеуге бюджеттік өтінім ұсынылды.

Тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасы бойынша тұрғындарға бұрын бөлінген қайтарымды қаражат түскен жағдайда бұл жоба жөндеу жүргізілетін нысандардың тізбесіне енгізілетін болады

Осы мәселені келесі талқылау кезінде үйдің тұрғындары бұл бағдарламаға қатысудан бас тартты.

15

Тілеміс Әлі Қанапияұлы

Қарқаралы ауданының Қайнарбұлақ селолық округіндегі сумен жабдықтау проблемасы туралы

1. Қарқаралы ауданының Қайнарбұлақ селолық округінің Аппас селосында жерасты суының қорын анықтау бойынша іздестіру-барлау жұмысы жүргізілсін.

2. Жерасты суы қоры расталған кезде сумен жабдықтаудың қажетті нысандарын салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленсін .

3. Облыс әкімінің аппаратына 2017 жылдың 10 қаңтарына дейін атқарылған жұмыс туралы ақпарат берілсін.

2016 жыл

Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы (Бегімов Қ.Б.), Қарқаралы ауданының әкімі

(Мақсұтов Қ.М.)

Жұмыста.

2015 жылы Қарқаралы ауданының Қайнарбұлақ селолық округінің Аппас селосында жерасты су қорын анықтау бойынша іздеу-барлау жұмыстары басталды. 2016 жылдың желтоқсанында бұл жұмыстарды аяқтау жоспарлануда. Жерасты су қорын бекіткен соң қажетті сумен жабдықтау нысандарының құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жұмысы жоспарланған.

16

Адыхаева Сағынтай Сұлтанқызы,

Абай ауданының Құрма селосының тұрғыны

Құрма селосында мектеп салу барысы туралы.

1. Абай ауданының Құрма с. 320 орынға арналған мектептің 2016 жылдың мамырында уақытында пайдалануға берілуі қамтамасыз етілсін.

2. Облыс әкімінің аппараты хабардар етілсін.

2016 жылдың мамыры

Құрылыс басқармасы (Исабаев Б.К.),

Абай ауданының әкімі

(Шайдаров С.Ж.)

Орындалды.

Нысан 2016 жылы 29 маусымда пайдалануға берілді.

17

Есмағамбетова Жанна Мұратқызы, Қарағанды қаласы

ЯМРТ-аппараттарының жеткіліксіз болуы туралы

1. Мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде ядролық-магнитті-резонанстық томографтар сатып алу және облыстың медицина ұйымдарында орнату жұмысы ұйымдастырылсын.

2. Облыс әкімінің аппартына 2017 жылдың 10 қаңтарына дейін ақпарат ұсынылсын.

2016 жыл

Денсаулық сақтау басқармасы (Нұрлыбаев Е.Ш.), «Өңірлік мемлекеттік-жеке серіктестік орталығы» АҚ (келісім бойынша) (Шығамбаев М.К.)

Жұмыста.

Облыстық медициналық орталық пен Жезқазған қаласының орталық ауруханасы базасында магниттік-резонанстық томография кабинеттерін ашу бойынша екі жобаны іске асыру жоспарлануда.

Инвестор анықталды (ЖШС Депо Мед Караганда).

Келісімшарттарға қол қою және жабдықтар орнату бойынша дайындық жұмысы жүруде. Жұмыс жалғасуда.

18

Мұсатаев Бақытжан, Шет ауданының Нұраталды селосының тұрғыны

Мемлекеттік қолдау шеңберінде мал шаруашылығын (қой шаруашылығы) дамыту мәселесі туралы

1. Мал шаруашылығын дамытуды қолдау құралдары бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілсін.

2. Облыс әкімінің аппаратына ақпарат ұсынылсын.

2016 жылдың 23 наурызына дейін

Ауыл шаруашылық басқармасы

(Асанов Б.К.),

Қалалар мен аудандар әкімдері

Орындалды.

Үкіметтік бағдарламалар, соның ішінде «Каз Агро» АҚ желісі бойынша мал шаруашылығын дамытуды қолдаудың қолда бар тетіктері туралы арыз иесіне 2016 жылғы 9 наурызда №3-11/856 хат жолданды. Бұған қоса, жабдықтар мен техника сатып алуға инвестициялық салымдарды 50% дейін қайтарудың тетіктері туралы түсініктеме берілді.

Тиісті ақпараттық-түсіндіру жұмысы облыстың барлық өңірлері бойынша жүргізілуде.

19

Зобов Александр Александрович, Қаражал қаласының тұрғыны

2015 жылғы көктемгі су тасқыны кезінде бұзылған су өткізетін нысандарды және Қаражал қ. кіре берістегі автомобиль жолын қалпына келтіру туралы

1. Су өткізетін нысандарды және Қаражал қ. кіре берістегі автомобиль жолдарына жөндеу жүргізілсін.

2. Облыс әкімінің аппаратына 2016 жылдың 1 қарашасына дейін ақпарат ұсынылсын.

2016 жылдың 1 қарашасына дейін

Қаражал қаласының әкімі

(Шорманбаев Қ.Ғ.)

Жұмыста.

Қаражал қаласына кіре берістегі су өткізу құрылғысы мен автомобиль жолын қалпына келтіруге ағымдағы жылы 35,8 млн.теңге бөлінді. Орташа жөндеу жүргізілуде, жоспарланған жұмыстың 30% атқарылды.

Жұмысты биылғы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

20

Айтжанова Диана Азақызы, Қарқаралы ауданының Жарлы с. №9 мектеп оқытушысы

Туризмді дамыту мәселесі туралы

  1. Жүзеге асырылуы жоспарланып отырған жаңа жобаларды, сондай-ақ туристерді тартуға бағытталған іс-шараларды, оның ішінде ЭКСПО-2017 көрмесі шеңберінде ескере отырып, туризмді дамытуға бағытталған қолда бар бағдарламалық құжаттарға (2014-2018 жылдарға арналған туризм саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары және 2015-2019 жылдарға арналған Қарағанды облысының шағын және орта кәсіпкерлігін кешенді дамыту бойынша Жол картасы) түзетулер енгізілсін.

2. Облыс әкімінің аппаратына ақпарат ұсынылсын.

2016 жылдың 1 желтоқсанына дейін

Кәсіпкерлік басқармасы

(Аблаева Т.Ю.), Қарқаралы

(Мақсұтов К.М.), Ұлытау (Омаров Х.Н.), Ақтоғай аудандарының

(Омарханов Н.И.) және Балқаш

(Аглиулин А.М.),

Қарағанды қалаларының әкімдері (Әубәкіров Н.Е.)

Жұмыста.

Бүгінгі күнде ҚР Инвестициялар және даму жөніндегі министрлігі Қазақстан Республикасындағы туристік саланы 2020 жылға дейін дамыту тұжырымдамасына өзгерістер енгізуді жоспарлауда. Енгізілетін өзгерістерді ескерумен 2014-2018 жылдарға арналған туризм саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын және Қарағанды облысында 2015-2019 жылдарға арналған шағын және орта бизнесті кешенді дамыту жөніндегі жол картасын маңыздандыру жоспарланған.

21

Тимофеев, Қарағанды қаласының тұрғыны, соғыс жылдарындағы тыл еңбеккері

Федоровский су қоймасы ауданында алдағы су тасқыны кезеңіне байланысты Соқыр өзенінің арнасын тазалау

1. Федоровский су қоймасының саяжай ауданындағы Соқыр өзенінің арнасын тазалау бойынша қажетті іс-шаралар жүргізілсін.

2016 жылдың 15 наурызына дейін

Облыс әкімінің орынбасары Мамалинов Ш.Қ.,

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

(Тазабеков Ә.Н.),

Қарағанды қаласының әкімі (Әубәкіров Н.Е.)

Орындалды.

«Орталық» өңірлік командованиесінің және азаматтық қорғаныс полкының күштерін тартумен Соқыр өзенінен Федоровка су қоймасына тартылған канал тазартылды. Бұл су тасқыны кезеңін апатсыз өткізуге мүмкіндік берді.

2. Облыс әкімінің аппартына 2016 жылдың 1 сәуіріне дейін ақпарат ұсынылсын.

2016 жылдың 1 сәуіріне дейін

22

Власюк Светлана Алексеевна, Шахтинск қаласы

Шахтинск қаласында коммуналды базар ашудың қажеттілігі туралы

1. Коммуналды базар ашу мүмкіндігі қарастырылсын.

2 Облыс әкімінің аппаратына ақпарат ұсынылсын.

2016 жылдың 1 қыркүйегіне дейін

Шахтинск қаласының әкімі

(Аймақов С.Ж.)

Жұмыста.

Қазіргі кезде коммуналдық базарды орналастыратын ғимарат пен оны сатып алуға қажетті бюджеттік қаражат көлемін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бюджетті нақтылау барысында аталмыш қаражат сомасы жергілікті бюджетте қарастырылады, одан кейін ғимаратты сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алу үдерістерін өткізу, әділет басқармасында тиісті құжаттарды тіркеу және коммуналдық базарды ашу үшін қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізу жұмыстары ұйымдастырылады.

23

Куркин Михаил Антонович, Қарағанды қаласы, қоғамдық өкіл

Қарағанды қаласының Киров полиция бөлімі қызметінің жеткіліксіздігі туралы

1. Қолданыстағы заңнама шеңберінде жергілікті полиция қызметі мен Қарағанды облысының ІІД органдарының мемлекеттік органдармен, қоғамдық құрылымдармен және халықпен тиімді өзара іс-қимыл жасасуы қамтамасыз етілсін.

2. Облыс әкімінің аппаратына тоқсан сайын, есептік айдан кейінгі айдың 5-іне ақпарат берілсін.

тұрақты,

2016 жыл

Қарағанды облысының жергілікті полиция қызметі (келісім бойынша) (Жақаев Ж.С.), Қарағанды облысының ІІД (Жаппаров М.Б.), қалалар мен аудандар әкімдері

Жұмыс тұрақты бақылауға алынған.

Ағымдағы жылдың басынан облыстық ІІБ учаскелік инсекторлары тұрғындармен 1800-ден аса кездесулер өткізді.

1121 ұсыныс айтылды, соның ішінде 52 ұсыныс бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды, 192 басқа органдарға қарастыруға берілді.

Құқық қорғау бағытында 136 қоғамдық жасақтар құрылды және жұмыс істейді, олардың құрамында 1352 адам бар. Бөгде мүлік ұрлығының профилактикасын қамтамасыз ету мақсатында құрамында 163 адам бар 31 «Сақшы» топтары жұмыс жүргізеді. Қалалардың аумақтарында полицияның учаскелік инспекторлары-мен бірлесе отырып, 318 қоғамдық көмекші (консьержи) жұмыс жүргізеді, олар әкімшілік учаскелерде, үйлердің аулаларында, стихиялы автотұрақтарда есепте тұрғын контингентпен профилактикалық жұмыс жүргізуге қатысады, жедел қызығушылық тудыратын ақпаратты дербес анықтайды және оны полицияның учаскелік инспекторларына ұсынады.

Қарағанды (ҚарМТУ, ҚарМУ, ҚММУ, ҚЭУ, «Болашақ» университеті), Теміртау (ҚарМИУ), Жезқазған (ЖезУ) құрамында 175 адам бар 7 студентік топтар құрылды, олармен оқу орындары мен жатақханалар аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша тұрақты негізде іс-шаралар өткізіледі. Аталған жоғары оқу орындарында студенттік топтар құру мен әріптестік жөніндегі меморандумдар, студенттердің тізімдері жаңартылды, кеңестер өткізу мен жұмыстың қорытындысын шығарудың, сол сияқты қоғамдық тәртіпті қорғауға шығудың кестесі жасалды. 146 қауіпсіз аула құрылды.

Әр аулаға паспорт жасалып, оған келесі ақпараттар орналастырылды: әр үйдің жан-жақты сипаттамасымен фотосы, барлық тұрғындардың, есепте тұрған адамдардың, қаруы бар адамдардың, пәтерлерін жалға беретін адамдардың тізімдері жасалды.

Аталған аулаларда әкімдіктер, ПИК өкілдерін шақырумен тұрғындырмен жиындар өткізілді, бұл жиындарда жеке күзет субьектілері пәтерлерді, подьездерді, үйлерді күзетке алу бойынша қызмет көрсету жобаларын ұсынды.

2016 жылға арналған Көрші қарауы жоспары іске асырылуда, ол үйлердің сақталуына жауапкершілікті қалыптастыруға, оларда тұрудың қауіпсіздігіне; үйлердің подъездері мен тұрғын үй кешендерінің тазалығын сақтауға бағытталған.

Дата cоздания: 10 Қазан 2016 17:54
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 10 Қазан 2016 18:03
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы