жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -19°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

2016 ж. 1 тоқсаны

Назад

Қарағанды облысы әкімінің
2016 жылғы 19 қаңтардағы халық алдындағы есебі барысында
келіп түскен халықтың ұсыныстары мен ескертулерін жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар
жоспарының орындалуы туралы ақпарат

Ұсыныстардың, ескертулердің мазмұны (авторы, мекенжайы)

Ұсыныстар мен ескертулерді жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар

Орындау мерзімі

Орындауға жауаптылар

Ескертпе

Молотов-Лучанский В.Б.,
Қарағанды қ. тұрғыны
Достық үйі ауданындағы аумақты дамытудың, қандай да бір бірегей сәулет нысандарын салудың келешегі қандай? Біз оны Келісім және алғыс алаңы деп атап, «Бірлік пен татулық аллеясын» құра аламыз ба?

1. «Жаңа орталықтың» құрылған дирекциясы шеңберінде Достық үйі ауданындағы аумақты дамыту қарастырылсын (көркейту, саябақ, жол жайластыру, шағын сәулет нысандарын орналастыру, көгалдандыру).
2. Облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсынылсын.

2016 жылдың 15 наурызына дейін

Қарағанды қаласының әкімі (Н.Е. Әубәкіров)

Жұмыста.
Аумақты дамыту аясында Достық үйі аумағында осы алаңды одан әрі игеру жоспарланған: 1200 орындық мектеп құрылысы, Бөкетов көшесінде автомобиль жолының құрылысы басталды, Приканальная көшесінде автомобиль жолының құрылысына ЖСҚ әзірленді, аллея салу жоспарлануда. Балалар мен жасөспірімдер үйінің эскиздік жобасы әзірленді.

Королева Дана Мұратқызы, Бұқар жырау ауданының Ғабиден Мұстафин кентінің тұрғыны
Алдағы су тасқыны кезеңіне байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

1. Аса қауіпті су қоймаларында алдын ала су жіберу жүргізілсін және тасқынды суды кепілді апатсыз өткізу үшін іс-шаралар жүргізілсін.

2016 жылдың 15 наурызына дейін

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
(Тазабеков Ә.Н.)

Жұмыста.
Қазіргі уақытта облыста су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде: су тасқыны басу қатері бар елді мекендер нақтыланды; тұрғындардың паспорттары нақтыланды; 2 шм қорғаныс дамбасы салынды және 75 шм қорғаныс дамбасы жөнделді; 6,7 шм өзен жағалауын бекіту мен арнасын тереңдету орындалды; су тасқыны қаупі бар 0,5 шм өзен арнасына тазарту жүргізілді; 70 шм арықтарға, 84 шм каналдар мен 1150 бірліктен аса су өткізу құбырларына тазарту жүргізілді. Есептеу жүргізілді және дайындалды: 8 мың тонна жанар-жағар май; азық-түлік – 227 тонна; 142 мың тонна инерттік материал; 70 мың дана қапшықтар; 58 тонна жарғыш материалдар. Көшірілетін тұрғындарға 209 қабылдау пункттері дайындалды.
Су тасқыны кезеңіне 1 млрд. 563,6 млн.тенге сомаға резерв құрылды.
Су қоймаларынан төмендегі 49 елді мекендердегі хабарландыру жүйелері тексерілді .
Су тасқыны кезеңінде ТЖ алдын алу мәселесі бойынша эфирден 27 хабар, радиодан 29 сөз сөлеу берілді.
Қалалар мен аудандардың 362 азаматтық қорғаныс жасақтары даярлыққа келтірілді, олардың адам құрамы саны 6 мың 480 адамды, техникалары 1 мың 396 бірлікті құрайды. Су соратын 260 бірлік техника мен жабдықтар бар.

2. Су өткізетін құбырларды, каналдарды тазалау, қажеттілігіне қарай, өткізу қабілетін арттыру бойынша жұмыстар орындалсын.

2016 жылдың 15 наурызына дейін

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
(Санаубаров А.К.)

3. Тасқынды су басу қаупі бар елді мекендердің аумағын және инфрақұрылым нысандарын инженерлік қорғау қарастырылсын.

тұрақты

Бұқар жырау ауданының әкімі
(Көбжанов Н.С.),
қалалар мен аудандар әкімдері,
мүдделі органдар, су шаруашылығы нысандарының меншік иелері
(келісім бойынша)

4. Облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсынылсын

2016 жылдың 20 мамырына дейін

Деркач Татьяна Яковлевна, Қарағанды қ. тұрғыны
10 –коллектордың кәріз желісін жөндеу туралы

1. Қарағанды қаласының әкімі Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына Нұрлы Жол бағдарламасы бойынша «Қарағанды қ. КНС 7-ден аэрация станциясына дейін 7 қысым коллекторының №10 канализациялық қысым станциясының өздігінен ағатын канализациялық коллекторын қайта құру» жобасын қаржыландыру үшін 2017-2019 жылдарға арналған бюджеттік өтінім берсін.

2016 жылдың 15 наурызына дейін

Қарағанды қаласының әкімі (Н.Е. Әубәкіров),
Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы
(Бегімов Қ.Б.)

Жұмыста.
«Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша «Қарағанды қаласында КНС-тен 7 аэрация станциясына дейін 7 насос станциясының өзі ағатын кәріз коллекторын жаңғырту» жобасын қаржыландыру үшін ағымдағы жылы 1,3 млрд.тенге қаржы бөлінді.
Жобаны 2018 жылы аяқтау жоспарлануда.

2.Облыс әкімінің аппаратын хабардар етсін.

2016 жылдың 15 наурызына дейін

Быков Александр Олегович, Теміртау қаласының тұрғыны
«Болат» футболь клубының даму келешегі туралы

1. Шығыстарды оңтайландыру және басқару сапасын жақсарту мақсатында «Болат» футболь клубының құрамына енгізе отырып 2016 жылдың 1 мамырына дейін кәсіби клуб құру тетігі пысықталсын (Теміртау қ.).

2016 жылдың 1 мамырына дейін

Дене шынықтыру және спорт басқармасы (Сухорукова Н.Е.)

Жұмыста.
Бүгінгі күнде клубты «Шахтер» клубының құрылымына «Болат» футбол клубын сақтаумен оңтайландыру ресімдеуі жүргізілуде.
Клубты басқарудың менеджменттік саясатын әзірлеу жүргізілуде.

2. 2016 жылдың 15 мамырына дейін клубты басқарудың менеджменттік саясаты әзірленсін.

2016 жылдың 15 мамырына дейін

3. Облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсынылсын.

2016 жылдың 20 мамырына дейін

Аққошқаров Дулат,
зейнеткер - регрессник
Регресшілерге арналған оңалту орталығының құрылысы туралы

1. Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы шеңберінде Қарқаралы қаласында мүгедектерге арналған оңалту орталығының күрделу жөндеу жұмысы 2016 жылдың соңына дейін аяқталсын.
2. Облыс әкімі аппаратына 2017 жылдың 10 қаңтарына дейін ақпарат ұсынылсын.

2016 жыл

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
(Әкенов С.Ш.)

Жұмыста.
Ағымдағы жылы Қарқаралы қаласындағы мүгедектерді бейімдеу орталығына күрделі жөндеуді аяқтауға 203 млн. теңге бөлінді. Қазіргі уақытта конкурстық ресімдеулер өткізілуде.

Әсем, Қарағанды қаласының тұрғыны
Балалар алаңын салу және Қарағанды қ. Шахтеров көш. 60-үйінің машиналары үшін толассыз шығу мәселесін шешу

1. Мәселе қолданыстағы заңнама шеңберінде қарастырылсын.
2. Облыс әкімінің аппаратын хабардар етсін.

2016 жылдың 15 наурызына дейін

Қарағанды қаласының әкімі (Әубәкіров Н.Е)

Жұмыста.
Қазіргі уақытта Шахтерлер көшесі, 60 тұрғын үйінің аумағын абаттандыру бойынша ЖСҚ-на түзету енгізілуде.

Жылқыбаева Сандуғаш Сәбиғазықызы,
Жезқазған қаласының тұрғыны
Жезқазған қаласының 3-ықшам ауданында 320 орынды балабақша салу және пайдалануға беру барысы туралы.

1. 2016 жылдың қыркүйегінде Жезқазған қаласының 3-ықшам ауданында 320 орынды балабақшаның уақытында пайдалануға берілуі қамтамасыз етілсін.

2016 жылдың қыркүйегі

Құрылыс басқармасы (Исабаев Б.К.), Жезқазған қаласының әкімі (Ахметов Б.Д.)

Жұмыста.
Жезқазған қаласының 3-ықшам ауданындағы 320 орындық балабақшаның құрылысын аяқтау 2016 жылға жоспарланған, 426,4 млн. теңге бөлінді, 100 млн.теңге игерілді немесе жоспардың 100%.

2. Облыс әкімі аппаратына 2016 жылдың 5 қазанына дейін ақпарат берілсін.

2016 жылдың 5 қазанына дейін

8

Камалова Загира, Сәтбаев қаласының тұрғыны
Сәтбаев қаласында мектеп салу туралы

1. Сәтбаев қаласында 600 орынды мектептің 2016 жылдың тамызында уақытында пайдалануға берілуі қамтамасыз етілсін.

2016 жылдың тамызы

Құрылыс басқармасы (Исабаев Б.К.), Сәтбаев қаласының әкімі
(Ыдырысов А.А.)

Жұмыста.
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Сәтпаев қаласындағы мектептің құрылысын аяқтау 2016 жылға жоспарланған, 951,1 млн. теңге бөлінді, 150 млн.теңге игерілді немесе жоспардың 100%.

2. Облыс әкімі аппаратына 2016 жылдың 5 қыркүйегіне дейін ақпарат берілсін.

2016 жылдың 5 қыркүйегі

9

Шутова Таисия Петровна
Пәтерлерді заңсыз жалға бергені үшін салық төлеу, алимент төлеу бойынша қандай жұмыс жүргізіледі?

1. 2016 жылға арналған Қарағанды облысының жергілікті бюджетіне қосымша кірістер іздестіру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде мүлікті жалға беруден табыс табатын жеке тұлғаларды анықтау және оларды салықтық міндеттемелерді орындауға тарту бойынша жұмыс жалғастырылсын.
2. Облыс әкімі аппаратына 2017 жылдың 10 қаңтарына дейін ақпарат берілсін.

2016 жыл

Қарағанды облысының жергілікті полиция қызметі (Жақаев Ж.С.), Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті
(Ахметов А.Қ.)

Жұмыс тұрақты бақылауға алынған.
Ағымдағы жылдың 1 наурызына жағдай бойынша үй-жайларды жалға беруден анықталған 144 пәтер бойынша қосымша 1,9 млн,теңге түсті. Жұмыс жалғасуда.
2016 жылдың басынан бері алимент төлеуден жалтарып жүргендерді іздестіру туралы облыс бойынша соттардың 26 ұйғарымы түсті, соның ішінде алимент төлемей жүрген 11 адамның мекенжайы анықталды.
Борышкерлердің тұрғылықты жерлері туралы ақпарат әділет департаменті мен арыз иелеріне жіберілді.

3. Алимент төлеуден қашып жүрген азаматтардың орналасқан жерін анықтау жұмысы жалғастырылсын.

4. Облыс әкімі аппаратына тоқсан сайын, есептік айдан кейінгі айдың 5-іне ақпарат берілсін.

тұрақты,
2016 жыл

Қарағанды облысының ІІД Миграциялық полиция басқармасы (келісім бойынша) (Смайлов А.К.), Қарағанды облысының әділет департаменті
(келісім бойынша) (Әбілов М.С)

10

Мұқаш Тілеухан Тұрсынұлы
Шет ауданының жер қатынастары бөлімінің жер учаскесін сату бойынша 2015 жылдың 27 қаңтарында аукцион өткізу рәсімдерін бұзуы туралы

1. Бұл мәселені қарау бойынша жұмыс тобы ұйымдастырылсын. Өңірге барып, автормен кездесу керек.
2. Бұл мәселе қолданыстағы заңнама шеңберінде қаралсын, қорытындысы бойынша өтініш иесіне жауап дайындалсын.
3. Ақпарат 2016 жылдың 23 наурызына дейін ұсынылсын.

2016 жылдың
23 наурызы

Облыс әкімінің орынбасары Мамалинов Ш.К., Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы
(Ахметов С.Ш.), Жер қатынастары басқармасы (Шалмағамбетов А.Т.), Шет ауданының әкімі

Бұл мәселе 06.05.2015 жылы Қарағанды облысының мамандандырыл-ған ауданаралық экономикалық сотында және 2015 жылғы 15 шілдеде Қарағанды облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер бойынша Аппеляциялық сот коллегиясындща қаралып, сот шешімімен Т.Т.Мұқашевтің арызы қанағаттанусыз қалдырылды. Арыз иесімен кездесу өткізіліп, ҚР Жер кодексіне сәйкес түсініктеме берілді және жерге құқық қатынастары бойынша туындаған дау-дамайлар сот тәртібімен қаралатыны түсіндірілді.

11

Батракова Людмила,
Теміртау қаласының тұрғыны
Жылытудың төмен параметрлері туралы

1. Теміртау қаласы бойынша 2015-2016 жылдары жылыту маусымы өтуі кезінде тұтынушылар тиісті параметрлермен қамтамасыз етілсін.
2. Алдағы күз-қыс кезеңіне Теміртау қаласының тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын және жылу көздерін дайындау жөніндегі жоспарды жасау кезінде жылу көздеріндегі барлық кемшіліктер мен апат себептері ескерілсін.
3. Облыс әкімінің аппараты 2016 жылдың 15 мамырна дейін хабардар етілсін.

2016 жылдың 15 мамырына дейін

Теміртау қаласының әкімі
(Әшімов Ғ.А.), Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы
(Бегімов Қ.Б.)

Жұмыста.
Қазіргі уақытта Теміртау қаласы бойынша 2015-2016 жж. жылу беру маусымының өту барысында жылу параметрлері сақталып отыр.
Теміртау қаласының жылу көздері мен тіршілікпен қамтамасыз ету нысандарын алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындау жөніндегі жоспарды әзірлеу кезінде жылу көздеріндегі барлық кемшіліктер мен апаттардың себептері ескерілді. Іс-шаралар жоспары «КЕГОК» АҚ-мен және ҚР Энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау Комитетімен келісілді.

12

Хасанов Камил Жайлауұлы
Саяқ кентін сумен жабдықтау мәселесін шешу туралы.

1. Балқаш қаласының сорғы станциясының резервтік жабдығын жөндеу және орнату бойынша жұмыс жүргізілсін.
2.Сапалы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етілсін.
3. Облыс әкімінің аппаратына 2016 жылдың 5 маусымына дейін ақпарат берілсін.

2016 жылдың 5 маусымына дейін

Балқаш қаласының әкімі
(Аглиулин А.М.)

Тұрақты бақылауда.
Қазіргі уақытта Балқаш қаласы мен Қоңырат және Саяқ кенттерін сумен жабдықтау тұрақталған. Балқаш қаласының басты насос станциясының резервтік жабдықтарын жөндеу мен орнату қамтамасыз етілген.

13

Түсіпбеков Абылай Қалиұлы
Ақтоғай ауданы елді мекендерінің электр желілерінің тозғаны туралы

1. Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы бойынша бөлінген қаражат шеңберінде электр желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсін.
2. ЛТД «Элекстросеть» ЖШС, «Энергия» ЖШС электр желілерін коммуналды меншікке қабылдау мәселесі қарастырылсын.

2016 жыл

Ақтоғай ауданының әкімі
(Омарханов Н.И.),
Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы (Бегімов Қ.Б.)

Жұмыста.
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы аясында ағымдағы жылы Ақтоғай селосының электр желілерін 25,9 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған.
17 округ арасынан 6 округ бойынша ЛТД «Электросеть» ЖШС электр желілерін коммуналдық меншікке беру туралы сот шешімі алынды. Жұмыс жалғасуда.

3. Облыс әкімінің аппаратына ақпарат ұсынылсын

2017 жылдың 10 қаңтарына дейін

14

Тілеуханова Ләззат Орынбайқызы, Жаңаарқа ауданының Атасу кентінің тұрғыны
ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша Жаңаарқа ауданының Атасу кентінің Школьный кв. №3 үйіне жөндеу жүргізу туралы.

1. Атасу кентінің Школьный кв. №3 үйінің тұрғындарымен қолданыстағы бағдарлама шеңберінде тұрғын үй қорын жаңғырту құралдарын пайдалану бөлігінде түсіндіру жұмысы жүргізілсін.
2. Жаңаарқа ауданының Атасу кентінің Школьный кв. №3 тұрғын үйін жаңғыртуға Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылсын.
3. Облыс әкімінің аппаратына ақпарат ұсынылсын.

2016 жылдың 15 сәуіріне дейін

Жаңаарқа ауданының әкімі
(Омаров Ғ.И.),
Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы (Бегімов Қ.Б.)

Жұмыста.
Атасу кентінің Школьный кварталының №3 үйінің тұрғындарымен қолданыстағы заңнама аясында тұрғын үй қорын жаңғырту тетіктерін пайдалану бөлігінде түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Жаңаарқа ауданының Атасу кентінің Школьный кварталының №3 үйінің шатыры мен подьездін жөндеуге бюджеттік өтінім ұсынылды.
Тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасы бойынша тұрғындарға бұрын бөлінген қайтарымды қаражат түскен жағдайда бұл жоба жөндеу жүргізілетін нысандардың тізбесіне енгізілетін болады.

15

Тілеміс Әлі Қанапияұлы
Қарқаралы ауданының Қайнарбұлақ селолық округіндегі сумен жабдықтау проблемасы туралы

1. Қарқаралы ауданының Қайнарбұлақ селолық округінің Аппас селосында жерасты суының қорын анықтау бойынша іздестіру-барлау жұмысы жүргізілсін.
2. Жерасты суы қоры расталған кезде сумен жабдықтаудың қажетті нысандарын салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленсін .
3. Облыс әкімінің аппаратына 2017 жылдың 10 қаңтарына дейін атқарылған жұмыс туралы ақпарат берілсін

2016 жыл

Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы (Бегімов Қ.Б.), Қарқаралы ауданының әкімі
(Мақсұтов Қ.М.)

Жұмыста.
2016 жылдың желтоқсанында Қарқаралы ауданының Қайнарбұлақ селолық округінің Аппас селосында жерасты су қорын анықтау бойынша іздеу-барлау жұмыстары аяқталатын болады. Жерасты су қорын бекіткен соң қажетті сумен жабдықтау нысандарының құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу шаралары қабылданатын болады.

16

Адыхаева Сағынтай Сұлтанқызы,
Абай ауданының Құрма селосының тұрғыны
Құрма селосында мектеп салу барысы туралы.

1. Абай ауданының Құрма с. 320 орынға арналған мектептің 2016 жылдың мамырында уақытында пайдалануға берілуі қамтамасыз етілсін.
2. Облыс әкімінің аппараты хабардар етілсін.

2016 жылдың мамыры

Құрылыс басқармасы (Исабаев Б.К.),

Абай ауданының әкімі
(Шайдаров С.Ж.)

Жұмыста.
Құрма селосының мектеп құрылысын аяқтау 2016 жылға жоспарланған, 75,9 млн. теңге бөлінді, 19 млн.теңге игерілді немесе 100%.

17

Есмағамбетова Жанна Мұратқызы, Қарағанды қаласы
ЯМРТ-аппараттарының жеткіліксіз болуы туралы

1. Мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде ядролық-магнитті-резонанстық томографтар сатып алу және облыстың медицина ұйымдарында орнату жұмысы ұйымдастырылсын.
2. Облыс әкімінің аппартына 2017 жылдың 10 қаңтарына дейін ақпарат ұсынылсын.

2016 жыл

Денсаулық сақтау басқармасы (Нұрлыбаев Е.Ш.), «Өңірлік мемлекеттік-жеке серіктестік орталығы» АҚ (келісім бойынша) (Шығамбаев М.К.)

Жұмыста.
Облыстық медициналық орталық пен Жезқазған қаласының орталық ауруханасы базасында магниттік-резонанстық томография кабинеттерін ашу бойынша екі жобаны іске асыру жоспарлануда.
Инвестор анықталды (ЖШС Депо Мед Караганда).
Келісімшарттарға қол қою және жабдықтар орнату бойынша дайындық жұмысы жүруде. Жұмыс жалғасуда.

18

Мұсатаев Бақытжан, Шет ауданының Нұраталды селосының тұрғыны
Мемлекеттік қолдау шеңберінде мал шаруашылығын (қой шаруашылығы) дамыту мәселесі туралы

1. Мал шаруашылығын дамытуды қолдау құралдары бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілсін.
2. Облыс әкімінің аппаратына ақпарат ұсынылсын.

2016 жылдың 23 наурызына дейін

Ауыл шаруашылық басқармасы
(Асанов Б.К.),
Қалалар мен аудандар әкімдері

Жұмыста.
Үкіметтік бағдарламалар, соның ішінде «Каз Агро» АҚ желісі бойынша мал шаруашылығын дамытуды қолдаудың қолда бар тетіктері туралы арыз иесіне 2016 жылғы 9 наурызда №3-11/856 хат жолданды. Бұған қоса, жабдықтар мен техника сатып алуға инвестициялық салымдарды 50% дейін қайтарудың тетіктері туралы түсініктеме берілді.
Сәйкес жұмыс облыстың барлық өңірлері бойынша жүргізілді.

19

Зобов Александр Александрович, Қаражал қаласының тұрғыны
2015 жылғы көктемгі су тасқыны кезінде бұзылған су өткізетін нысандарды және Қаражал қ. кіре берістегі автомобиль жолын қалпына келтіру туралы

1. Су өткізетін нысандарды және Қаражал қ. кіре берістегі автомобиль жолдарына жөндеу жүргізілсін.
2. Облыс әкімінің аппаратына 2016 жылдың 1 қарашасына дейін ақпарат ұсынылсын.

2016 жылдың 1 қарашасына дейін

Қаражал қаласының әкімі
(Шорманбаев Қ.Ғ.)

Жұмыста.
Қаражал қаласына кіре берістегі су өткізу құрылғысы мен автомобиль жолын қалпына келтіруге ағымдағы жылы 35,8 млн.теңге бөлінді. Жұмысты биылғы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

20

Айтжанова Диана Азақызы, Қарқаралы ауданының Жарлы с. №9 мектеп оқытушысы
Туризмді дамыту мәселесі туралы

  1. Жүзеге асырылуы жоспарланып отырған жаңа жобаларды, сондай-ақ туристерді тартуға бағытталған іс-шараларды, оның ішінде ЭКСПО-2017 көрмесі шеңберінде ескере отырып, туризмді дамытуға бағытталған қолда бар бағдарламалық құжаттарға (2014-2018 жылдарға арналған туризм саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары және 2015-2019 жылдарға арналған Қарағанды облысының шағын және орта кәсіпкерлігін кешенді дамыту бойынша Жол картасы) түзетулер енгізілсін.

2. Облыс әкімінің аппаратына ақпарат ұсынылсын.

2016 жылдың 1 желтоқсанына дейін

Кәсіпкерлік басқармасы
(Аблаева Т.Ю.), Қарқаралы
(Мақсұтов К.М.), Ұлытау (Омаров Х.Н.), Ақтоғай аудандарының
(Омарханов Н.И.) және Балқаш
(Аглиулин А.М.),
Қарағанды қалаларының әкімдері (Әубәкіров Н.Е.)

Жұмыста.
Бүгінгі күнде туризм инфрақұрылымын одан әрі дамыту мақсатында облыста туристерді орналастыру нысандарының құрылысын салу және жаңғырту бойынша жобаларды іске асыру мен жаңа жобаларды іздестіру жұмысы жүргізілуде. Сол сияқты туристер тартуға, соның ішінде ЭКСПО-2017 аясында имидждік іс-шаралар: көрмелер, форумдар, ақпараттық турлар өткізіледі және осындай шараларға қатысу жоспарланған. Бұл жобалар мен іс-шаралар 2014-2018 жылдарға арналған туризм саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарына және Қарағанды облысында 2015-2019 жылдарға арналған шағын және орта бизнесті кешенді дамыту жөніндегі жол картасына енгізілетін болады.

21

Тимофеев, Қарағанды қаласының тұрғыны, соғыс жылдарындағы тыл еңбеккері
Федоровский су қоймасы ауданында алдағы су тасқыны кезеңіне байланысты Соқыр өзенінің арнасын тазалау

1. Федоровский су қоймасының саяжай ауданындағы Соқыр өзенінің арнасын тазалау бойынша қажетті іс-шаралар жүргізілсін.

2016 жылдың 15 наурызына дейін

Облыс әкімінің орынбасары Мамалинов Ш.Қ.,
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
(Тазабеков Ә.Н.),
Қарағанды қаласының әкімі (Әубәкіров Н.Е.)

Жұмыста.
«Орталық» өңірлік командованиесінің және азаматтық қорғаныс полкының күштері тартумен был Соқыр өзенінен Федоровка су қоймасына тартылған канал тазартылды. Аталған канал бойынан мұз бен ағынды судың еркін өтуіне кедергі келтіретін тал-бұталардың 1800 метрі кесілді. Соқыр өзенінің арнасын тазарту бойынша іс-шараларды өткізуге бюджеттік өтінім жасалды және ағымдағы жылдың бюджетін нақтылау кезінде қарастырылатын болады.

2. Облыс әкімінің аппартына 2016 жылдың 1 сәуіріне дейін ақпарат ұсынылсын.

2016 жылдың 1 сәуіріне дейін

22

Власюк Светлана Алексеевна, Шахтинск қаласы
Шахтинск қаласында коммуналды базар ашудың қажеттілігі туралы

1. Коммуналды базар ашу мүмкіндігі қарастырылсын.
2 Облыс әкімінің аппаратына ақпарат ұсынылсын.

2016 жылдың 1 қыркүйегіне дейін

Шахтинск қаласының әкімі
(Аймақов С.Ж.)

Жұмыста.
Коммуналдық базар ғимаратына сатып алынатын нысан анықталды.
Келіссөздер жүргізілуде.

23

Куркин Михаил Антонович, Қарағанды қаласы, қоғамдық өкіл
Қарағанды қаласының Киров полиция бөлімі қызметінің жеткіліксіздігі туралы

1. Қолданыстағы заңнама шеңберінде жергілікті полиция қызметі мен Қарағанды облысының ІІД органдарының мемлекеттік органдармен, қоғамдық құрылымдармен және халықпен тиімді өзара іс-қимыл жасасуы қамтамасыз етілсін.
2. Облыс әкімінің аппаратына тоқсан сайын, есептік айдан кейінгі айдың 5-іне ақпарат берілсін.

тұрақты,
2016 жыл

Қарағанды облысының жергілікті полиция қызметі (келісім бойынша) (Жақаев Ж.С.), Қарағанды облысының ІІД (Жаппаров М.Б.), қалалар мен аудандар әкімдері

Жұмыс тұрақты бақылауға алынған.
Ағымдағы жылдың екі айында облыстық ІІБ учаскелік инсекторлары тұрғындармен 400-ден аса кездесулер өткізді.
Құқық қорғау бағытында 134 қоғамдық жасақтар құрылды және жұмыс істейді, олардың құрамында 1330 адам бар. Бөгде мүлік ұрлығының профилактикасын қамтамасыз ету мақсатында құрамында 155 адам бар 32 «Сақшы» топтары жұмыс жүргізеді. Қалалардың аумақтарында полицияның учаскелік инспекторлары-мен бірлесе отырып, 321 қоғамдық көмекші (консьержи) жұмыс жүргізеді, олар әкімшілік учаскелерде, үйлердің аулаларында, стихиялы автотұрақтарда есепте тұрғын контингентпен профилактикалық жұмыс жүргізуге қатысады, жедел қызығушылық тудыратын ақпаратты дербес анықтайды және оны полицияның учаскелік инспекторларына ұсынады.
Қарағанды (ҚарМТУ, ҚарМУ, ҚММУ, ҚЭУ, «Болашақ» университеті), Теміртау (ҚарМИУ), Жезқазған (ЖезУ) құрамында 151 адам бар 7 студентік топтар құрылды, олармен оқу орындары мен жатақханалар аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша тұрақты негізде іс-шаралар өткізіледі. Аталған жоғары оқу орындарында студенттік топтар құру мен әріптестік жөніндегі меморандумдар, студенттердің тізімдері жаңартылды, кеңестер өткізу мен жұмыстың қорытындысын шығарудың, сол сияқты қоғамдық тәртіпті қорғауға шығудың кестесі жасалды. 167 қауіпсіз аула құрылды.
Әр аулаға паспорт жасалып, оған келесі ақпараттар орналастырылды: әр үйдің жан-жақты сипаттамасымен фотосы, барлық тұрғындардың, есепте тұрған адамдардың, қаруы бар адамдардың, пәтерлерін жалға беретін адамдардың тізімдері жасалды.
Аталған аулаларда әкімдіктер, ПИК өкілдерін шақырумен тұрғындырмен жиындар өткізілді, бұл жиындарда жеке күзет субьектілері (ЖШС Паутина-9, ЖШС Минотавр) пәтерлерді, подьездерді, үйлерді күзетке алу бойынша қызмет көрсету жобаларын ұсынды.
ІІБ жергілікті полиция қызметі 2016 жылға арналған көрші қадағалауын іске асыру жоспарын әзірледі және оны облыс әкімі бекітті, онда белгіленген бағыттар бойынша жұмысты жетілдіру мен тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар іс-шараларды іске асыру ұсынылады.
Негізгі мақсаттар мыналар болып табылады:
азаматтардың құқықтық санасы мен мәдениетін арттыру; тұрғын үй қорын сақтау мен онда өмір сүру қауіпсіздігіне жауапкершілікті арттыру; қоршаған ортаның сапасы, үйлердің подъездерінде, аулулар мен тұрғын үй кешендерінде тазалық сақтау.
Полицияның құқық бұзушылыққа қарсы профилактика-сына белсене қатысатын азаматтар бағалы сыйлықтармен және ақшалай сыйақылармен марапатталатын болады.
Бұл бағыттағы жұмыс бақылауға алынған және жалғасатын болады.

Дата cоздания: 07 Қазан 2016 14:45
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 07 Қазан 2016 14:47
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы