жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -11°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Әкімінің тұрғындар алдындағы есебі

Назад

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ тұрғындар алдындағы есебі

Жаңа кезең – жаңа міндеттер

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!

Біздің аймақтың атқарушы органдарының есепті кезеңдегі барлық қызметі ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы, инфрақұрылымдық дамудың «Нұрлы Жол» – болашаққа бастар жол» мемлекеттік бағдарламасы және Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауларында алға қойған міндеттерін орнықты шешуге бағытталды.
Мемлекет басшысы бастамашы болған экономикалық саясатты жүзеге асыру, жаңа индустрияландырудың мемлекеттік бағдарламалары және дағдарысқа қарсы басқа да шаралар облыс экономикасын дамытуда жағымды жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Экономика

Өткен жылы экономикалық өсім 1,8%-ға қамтамасыз етілді. Аймақтың жалпы ішкі өнімі 3 трлн. теңгеге жуықтады, бұл – ел бойынша 4 орын.
Өндірісте, ауыл шаруашылығында, шағын және орта бизнесте, тұрғын үйлерді пайдалануға беру және басқа да бірқатар көрсеткіштер бойынша жағымды серпін қамтамасыз етілді.
Орташа айлық жалақы көлемі 4,8%-ға ұлғайып, 110 349 теңгені құрады.
Облыстың бюджеті үнемдеу режимінде қалыптасқанына қарамастан, жалақы, жәрдемақы, шәкіртақылар және басқа әлеуметтік төлемдер толық көлемде орындалды.

Өнеркәсіп, инвестициялар

2015 жылдан Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығын жүзеге асыру басталды.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 6,8%-ға артып, 1,4 трлн. теңгені құрады.
Өңдеу өнеркәсібінің өндірісі 10,4% өсіммен алғаш рет триллион теңгеге жетті. Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі әр адамға шаққанда 60 мың АҚШ долларына жуықтады. Бұл – республика аумағындағы ең жоғарғы көрсеткіш.
Нәтижесінде, индустриялық және технологиялық дамуға қатысты біздің облыс көптеген көрсеткіштер бойынша көшбасшылардың бел ортасында тұр.
Өндірістік кәсіпорындарды қолдау жоспары аясында Үкіметтің нақты жұмыстар жүргізіп отырғанын атап өту қажет. Облыста онымен алты ірі кәсіпорын қамтылған, олардың түйткілді мәселелері шешімін тапқан.
Бұл – теміржол тасымалы тарифтері және электр қуаты бойынша шегеру коэфициенттерін қолдану, ҚҚС-ты қайтару, өнімдерді өткізу нарығын кеңейту.
Аталған жұмыс биылғы 2016 жылы да жалғасатын болады.
2010 жылдан бастап, Индустрияландыру картасына енгізілген 94 жобаның ішінен, жалпы құны 141,9 млрд. теңге болатын 68 индустриялық жоба жүзеге асырылды. Кәсіпорындарда 5 мыңнан аса жаңа жұмыс орындары құрылды.
Олардың арасынан 2015 жылы сомасы 18,9 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба жүзеге асырылып, 649 жұмыс орны құрылды. Олардың ішінде «Евразия Инвест Ltd» ЖШС «Табиғи бие сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру», «Karazhal Operating» ЖШС «Барит» кенін өңдеу жөніндегі өнеркәсіптік кешен», «Қоңырат мыс компаниясы» ЖШС «Катод Мысын өндіру жөніндегі завод», «Қарағанды фармацевтика кешені» ЖШС «Фармацевтика заводы үшінші кезегінің құрылысы» және басқалары секілді барынша тартымды жобалар бар.
Индустрияландыру картасының жаңа өндірістерімен сомасы 291,1 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері шығарылды, оның ішінде, 2015 жылы – 91,2 млрд. теңге.
Жаңа индустрияландыру бағдарламасы аясында 6,5 мыңнан аса жаңа жұмыс орындарын құра отырып, 1,2 триллион теңгеге 36 жобаны іске қосу жоспарлануда. Оның ішінде, 800 жаңа жұмыс орындары құрылатын 101,1 млрд. теңгенің 10 жобасы – 2016 жылдың үлесінде.
Өткен жылы негізгі капиталға 355,1 млрд. теңге инвестиция құйылды, оның 24%-ы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі.
«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы инфрақұрылымы негізгі нысандарының құрылысы аяқталды, бұл жайт АЭА-ның қазіргі қатысушыларына тиісінше қызмет түрлерін ұсынуға (электр қуаты, теміржол қызметтері, сумен қамтамасыз ету және тағы басқалары) мүмкіндік береді.
АЭА аумағына 3 жаңа компания тартылды. Жаңа жобалар бойынша инвестициялар сомасы 21 млрд. теңге шамасында, 224 жұмыс орыны құрылады.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында инвестиция тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі Кеңес құрылды. Кеңес құрамына инвесторлар, ірі бизнес, даму институттары және мемлекеттік органдардың өкілдері енгізілді.
Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы аясында индустрияландыру және инвестиция саласындағы жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстар жалғасуда. Оған Қарағанды облысынан 2 жоба: «Қазақстан Республикасында көмір өңдеу жөніндегі кешен құрылысы» және «Сарыарқа» АЭА аумағында кешенді балқытулар заводы құрылысы» жобалары енгізілген.
Облыстағы кәсіпкерлік пен өнеркәсіптің дамуына жүйені құрушы кәсіпорындардың тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді отандық тауар өндірушілерден сатып алулары айтарлықтай әсер етіп отыр. Бұл мәселеде Қазақстан Республикасы аумағында бүгінгі күні Қарағанды облысы көшбасшылық орында тұр.
Жүйені құрушы кәсіпорындардың сатып алуларында тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулер бойынша қазақстандық мазмұн 74,4%-ды (221,4 млрд. теңге) құрады.
Облыс бойынша жер қойнауын пайдалану саласында жалпы таралымдағы пайдалы қазбаларға қатысты 64 келісім-шарт іс үстінде. Құрылыс, автокөлік және теміржолдар, гидроқондырғылар үшін жер қойнауын пайдалануға 24 жазбаша рұқсат берілген.

Агроөнеркәсіп кешені

Облыстың агроөнеркәсіп кешеніндегі жағдай өндірістің тиімділігінің өсуімен сипатталады.
2014 жылмен салыстырғанда, жалпы ішкі өнім 162,9 млрд. теңгеге шығарылып, өсім 7,3%-ды құрады.
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру мен мал және құс басының өсу үрдісі сақталуда.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 5515 бас мал сатып алынып, сыртқары елдер селекциясынан 1055 бас әкелінді, Бұқар жырау ауданында («Жәке» ШҚ) және Абай ауданында («Сарыарқа АӨШ» ЖШС) 6 мың басқа арналған бордақылау алаңдарының құрылысы жүргізілуде.
Шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту мақсатында мал суару үшін 40 ұңғыма бұрғыланды.
Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ауыл шаруашылығының алдына қойылған міндеттерді орындай отырып, өсімдік шаруашылығында тиімділігі төмен, суды қажетсінетін дақылдарды өсіру көлемі шектеліп, оларды көкөністік, майлы және жемдік өнімдерге ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Егістік алқаптарды диверсификациялау аясында 2011 жылмен салыстырғанда бидай алқаптары 69 мың гектарға азайып, ал, мал азығы, бұршақ тұқымдас және жарма дақылдары алқаптарының көлемі 79 мың гектарға арта түсті.
2015 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары егістік алқабының жалпы аумағы 995 мың гектарды құрады, оның ішінде, дәнді және дәнді бұршақ тұқымдас дақылдар алқабы – 680 мың гектар.
Ылғал ресурстарын үнемдейтін технология қолданылатын алқаптар аумағы 2015 жылы 550 мың гектардан асып түсті, бұл алдыңғы жылдан 80 мың гектарға немесе 17%-ға артық.
Тамшылатып суарылатын алқаптар 877 гектарды құрады, немесе 2014 жылдың деңгейінен 1,8 есе көп.
Азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі 7,1%-ға ұлғайып, 86,4 млрд. теңгені құрады.
Шетелдік инвестордың (чехтың «Бауэр» компаниясы) қатысуымен «Өркендеу ШҚ» ЖШС-імен бірге инвестиция көлемі 43,6 млн. еуроны құрайтын, жылына 31250 бас шошқа торайын өсіретін «Генетикалық селекциялы-гибридтік орталық» (шошқа шаруашылығы) ірі жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба индустрияландыру жөніндегі институционалдық реформаларға енгізілген.
Агроөнеркәсіп кешені саласында құны 32 млрд. теңге тұратын, 1155 жұмыс орыны бар 25 инвестициялық жоба іске асырылуда.
Өткен жылы инвестиция көлемі 2,1 млрд. теңгені құраған 3 жоба қолданысқа берілді.
Инновациялық өнеркәсіп құру мақсатындағы бәсекеге қабілетті, қауіпсіз және тұрғындар үшін қолжетімді отандық өнім шығаратын осы жобалардың барлығы тұрғындардың экономикалық әл-ауқатын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Баға ахуалы

2015 жылдың желтоқсан айында облыстағы тұтыну бағаларының индексі 2014 жылдың желтоқсан айына шаққанда 111,6% деңгейінде (оның ішінде, азық-түлік тауарларына – 112,5%, азық-түлік емес тауарларға – 118,5%, ақылы қызметтерге – 104,8%) түзілді, бұл – облыстар арасындағы ең төменгі көрсеткіш.
Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына сауда үстемесін мейлінше аз қосу, негізгі азық-түлік түрлерін үздіксіз жеткізу және жалға беру ақысының мөлшерін ұлғайтпау туралы 3 мыңнан аса меморандум қолданыс үстінде.
30 әлеуметтік павильондарда әлеу­меттік маңызды азық-түліктің барлық түрлері нарықтағы бағадан 15-20%-ға арзандатылған бағамен сатылуда. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері әр апта сайын өткізіледі, өткен жылы 500-ге жуық жәрмеңке ұйымдастырылды.
Сауда базарлары мен ірі дүкендерде саяжай өнімдерін саудалау үшін 400-ге жуық сауда орыны жеңілдетілген жағдайда ұсынылып, берілді.
Бағаның негізсіз өсімін анықтау үшін қалалар мен аудандардың супермаркеттері мен ірі сауда нүктелерінде әлеуметтік маңызды азық-түлік түрлерінің бағасына күн сайын мониторинг жүргізіледі, көтерме сауда қоймаларында азық-түліктің бар екендігі тексеріледі.
Тұрақтандыру қоры құрылған. Тауарлар көлемі бойынша жеміс-көк­өніс – 1325 тоннаны, ал, бакалея өнімдері 1070 тоннаны құрайды.

Жерді тиімді пайдалану

Шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және облыстың әлеуметтік дамуы үшін 2015 жылы келісім-шарттар негізінде барлау және пайдалы қазбаларды өндіру мақсатында 913,6 гектар жер берілді.
2012-2013 жылдары анықталған 1835,2 мың гектар пайдаланылмайтын жерден:
–1406,3 мың гектар жер мәселесі шешілді (игеру жөніндегі жұмыстар жаңғыртылды және мемлекетке қайтарылды);
– жалпы аумағы 428,9 мың гектар болатын жердің қайтарылуын қамтамасыз ету және айналымға тарту жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.

Бизнес

Кәсіпкерлікке қолдау көрсету аймақтағы басым міндеттердің бірі болып қалуда.
Облыста «Бизнестің жол картасы – 2020» – бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жалпы сомасы 101,6 млрд. теңге болатын 888 жоба қолдау тапты, бұл – республика бойынша үшінші нәтиже. 2015 жылы бағдарламаға қатысушылардың саны 268 кәсіпкерді құрады, өткен жылмен салыстырғанда өсімі – 12,6%.
Нәтижесінде бұрыннан бар 50 мыңнан аса жұмыс орындары сақталып, 17 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылды. Бюджет кірісіне 15 млрд. теңгеге жуық салық төлемдері түсті.
Өткен жылы қаржылық емес қолдау бағдарламасы аясында 1500 адам оқытылды. Кешенді қызмет көр­сетулерді ұсынудың үшдеңгейлі жұмысының арқасында 9 мыңнан аса кәсіпкерлерге 26 мың кеңес берілді.
Бұдан тысқары, облыстың 95 кәсіпкері Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындарды қолдауға бағытталған қаражатынан сомасы 10,7 млрд. теңге жеңілдетілген несие алу мүмкіндігін иеленді.
Өткен жылы жеке инвестициялар есебінен сауда және қызмет көрсетулер саласында құны 5,1 млрд. теңге тұратын 120 жаңа нысан пайдалануға берілді, бұл оның алдындағы жылдан екі есеге жуық артық. Соның нәтижесінде 1000-ға тарта тұрақты жұмыс орындары құрылып, бюджетке салық түсімін қамтамасыз ету мүмкіндігі туды.
Инвестиция сомасы 1,5 млрд. теңге болатын туристік бизнестің 17 нысаны іске қосылды, оның ішінде, 80 жұмыс орыны құрылған 6 жоба «Бизнестің жол картасы – 2020» – бірыңғай бағдарламасы аясында қолдау тапты.
Нәтижесінде аймақта іс үстіндегі бизнестің 86 мыңға жуық субъектісі бар, бұл салада 240 мың адам немесе тұрғындардың экономикалық белсенді бөлігінің 32%-ы қамтылған, өндірілген өнім сомасы 650 млрд. теңгеден асып түседі.
Жалпы алғанда, көрсетіліп отырған мемлекеттік қолдау шаралары кәсіпкерлерге жаңа технологияны енгізуге, өз бизнесін ашуға, кеңейтуге және жаңғыртуға көмектесті.

Құрылыс

Құрылыс облыс экономикасын да­мытудың басым бағыттағы әрі маңызды құрамдас бөлігіне айналды.
2015 жылы бюджет қаражаты 45 әлеуметтік маңызды нысандар құрылысына бөлінді, бұл 2014 жылмен салыстырған екі есе артық.
5 нысан пайдалануға берілді, оның ішінде, Бұқар жырау ауданының Ботақара кентіндегі 464 оқушыға арналған қазақ орта мектебі және басқа да нысандар бар.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында облыс аудандарының ауылдық елді мекендерінде 27 дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы (Абай-3, Шет-6, Ақтоғай-2, Нұра-3, Осакаров-3, Бұқар жырау-4, Жаңаарқа-1, Ұлытау-2 және Қарқаралы-3) басталды.
Тұрғын үй құрылысы жұмысы белсенді жүргізілді.
Тұрғын үй алаңы 2014 жылға қарағанда 1,6% артық, немесе 320,7 мың шаршы метр (2 583 пәтер) тапсырылды.
Көктемгі су тасқыны зардаптарын жою шаралары аясында су басудан жапа шеккен облыс тұрғындары үшін Бұқар жырау, Абай, Ақтоғай, Нұра, Қарқаралы, Шет аудандарында, Шахтинск қаласында 346 үй салынды.
Жер астынан кен алынған аймақтар – Весовая, Крестовский, Перевалка, ГРП елді мекендеріндегі тұрғындарды көшіру мақсатында Сәтбаев қаласында жалпы аумағы 30,9 мың шаршы метрді құрайтын, 460 пәтерлік 9 тұрғын үйдің құрылысы басталды.
2016 жылы жалпы аумағы 22,1 мың шаршы метрді құрайтын, 345 пәтерлік 6 тұрғын үйдің құрылысын қосымша бастау жоспарланған.
Қарағанды қаласында 200 кереуеттік көпсалалы балалар ауруханасының құрылысы жалғасуда.
«Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында Қарағанды және Сәтбаев қалаларындағы 2 мектеп пен облыс орталығындағы балабақшаның құрылысы аяқталады.
Жезқазған қаласында «Балапан» бағдарламасы бойынша салынып жатқан балабақшаның құрылыс жұмысы жалғасуда.
Абай ауданының Құрма ауылындағы және Жаңаарқа ауданының Жұмажанов ауылындағы 2 мектепті, сондай-ақ, Қарағанды қаласындағы тірек-қозғалыс аппаратында кемістігі бар балаларға арналған мектеп ғимаратының жапсырма құрылысын қолданысқа беру жоспарланып отыр.
Аумағы 201 мың шаршы метрден кем емес тұрғын үйді пайдалануға беру міндеті қойылған. Құрылысқа бөлінетін шығыстардың мөлшері азайғанына қарамастан, әлеуметтік тұрғын үйлерді салу көлемі бұрынғы жылдардың деңгейінде қалады. Осы мақсатта «Қазақстандық ипотека компаниясы» ипотекалық ұйымы» АҚ және «Қазақстанның Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ тарапынан тұрғын үйлер құрылысын салу көлемі ұлғайтылады.
Бұдан тысқары, Мемлекет басшысы белгілеген Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарындағы міндеттерді жүзеге асыру аясында 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап, сәулет, қала құрылысы және құрылысқа қатысты іс-қимылдар туралы заңға құрылыс пен жаңа нысандарды қолданысқа беру рәсімдерін ықшамдаған, сонымен қатар, құрылысты салушылар мен мердігерлерге қойылатын талапты қатаңдатқан өзгерістер енгізілді.
Жаңа нормативтердің қабылдануы инновациялық технологиялар мен материалдарды қолдануға, құрылыс нарығында қызмет көрсететін қазақстандық мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жол ашады.

Сәулет

Сәулет-қалақұрылысы саласының негізгі міндеті тұрғын үй құрылысы мен әлеуметтік мәдени нысандар құрылысы үшін жер телімдерімен қамтамасыз ету мақсатындағы аймақтарды кеңейтуге бағытталған елді мекендер аумағын дамыту болып табылады.
2015 жылы облыстық барлық маңызы бар қалалар мен облыстың аудан орталықтарының бас жоспарлары бекітілді.
Облыстың қалалары мен аудандарын дамытудың Кешенді жоспарына сәйкес 11 кенттің: Жезді, Жәйрем, Шахан, Долинка, Новодолинск, Ақтас, Қарағайлы, Ағадыр, Топар, Мұстафин және Көкпекті ауылының бас жоспары дайындалып, бекітілді.
Облыстағы қалалар мен аудандарды егжей-тегжейлі жоспарлаудың 45 жобасы бекітілді.
Қалақұрылысы кеңесі жұмысшы тобының отырыстарында 2015 жылы Қарқаралы ауданы Қарағайлы кенті, Абай ауданы Топар кенті, Саран қаласы Ақтас кентінің егжей-тегжейлі аралас жоспарланған бас жоспарларының жобасы қарастырылды.
Облыста 270 нысан құжатталды.
Биыл 12 ауылдың бас жоспарын дайындау жоспарлануда (Сарышаған, Ақжал, С. Сейфуллин, Қарсақпай, Ақтау, Мойынты, Қарабас, Южный, Молодежный, Қызылжар, Егіндібұлак, Шашубай). Әлеуметтік инфрақұрылым нысандары мекен-жайын тіркеу мен оларға құжат беру жұмыстары жалғасты болады.

Көлік инфрақұрылымы және көлік

Көліктік инфрақұрылымды дамыту және жетілдіру саласының жұмысы жол қауіпсіздігін арттыруға, аймақта жүк және жолаушытасымалын көбейтуге, тұрғындардың жұмыспен қамтылуына бағытталған.
Қарағанды облысы көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасының аясында жол жөндеудің жол картасы жасалды. 2015 жылы жалпы қолданыстағы 502 шақырым көлік жолдары жөнделді. Жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 74% жетті. Сөйтіп, мұнда 2 000 жұмыс орны пайда болды.
Жол құрылысына жергілікті өн­діріс материалдарын қолдануға баса назар аударылуда. Ол 90% құрайды. Ол – қиыршық тас, құм, цемент, темірбетон бұйымдары, жол белгілері және т.б.
2013 жылдан «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасын жүзеге асыру барысында Орталық-Оңтүстік көлік дәлізіне қайта жөндеу жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары жол­дың Анар-Теміртау бөлігінде жалпы ұзындығы 93 шақырымдық учаскеде.
Биылғы жылдың соңында аталған учаскеде жұмыс аяқталады және төртжолақты автобан Астананы Қарағанды аймағымен жалғайтын болады. Көліктік дәліз аймақ экономикасының күретамырына айналып, Астанамен қатар Қарағанды облысының, бүтіндей ел экономикасының өсімін арттыруға мүмкіндік береді.
2016 жылы Қарағанды облысында 2 мың жұмыс орнын ашатын жалпы пайдаланыстағы 510 шақырым автокөлік жолын жөндеу жоспарлануда. Сонда жолдардың жақсы және қанағаттанарлық үлесі 75% жетеді.
Көлік саласында 241 автобустық маршрут қызмет жасайды, олар арқылы автокөлік қатынасымен 235 елді мекен қамтылған.
Теміржолда 12 әлеуметтік-маңызды облысішіндегі бағыт бойынша жолаушылар тасымалданады.
Қарағанды қаласы әуежайынан әуетасымалы бойынша Мәскеу, Новосібір, Алматы, Өскемен, Қызылорда секілді қалаларға рейстер жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, әлеуметтік маңызды болып табылатын және облыстық бюджеттен субсидияланатын облысішіндегі әуетасымалы «Қарағанды-Жезқазған» бағытында жолаушы тасымалы ұйымдастырылған. Әуетасымалының шығынын жабуға бағытталған бюджеттік қаражаттың сомасы 2015 жылы 232 млн.теңгені құрады. 2016 жылы бұл мақсаттарға да сәйкес шығындар ескерілген. Ұшу аптасына 2 рет жүзеге асады.
Сонымен қатар, Жезқазған қаласының әуежайынан Жезқазған-Алматы және Жезқазған-Астана облыс­аралық әуеқатынасы аптасына 3 рет ұйымдастырылған.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Жергілікті атқарушы билік органдарының жұмысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне баса назар аударылады.
2015 жылы «Нұрлы Жол-болашаққа бастар жол» бағдарламасымен Қарағанды қаласында 2 млрд.теңге көлеміндегі Ұлттық қор қаражаты есебінен 8 шақырым жылу желісі қайта жөндеуден өтті.
Желілерді қайта жөндеу облыс орталығындағы 385 тұрғын үйді сенімді әрі сапалы жылумен жабдықтауды молайтып, жылу қуатының кемшіліктері мен ысырабын кемітуге мүмкіндік берді. Жылу беру маусымының қорытындысы бойынша жобаны жүзеге асырудың экономикалық тиімділігі 100 млн.теңге шамасында.
Биылғы жылы «Нұрлы Жол» бағдарламасымен жылумен жабдықтауда Саран қаласы Ақтас кентінің қуаттылығы 11,2 Гкал болатын қазандық құрылысы жобасын, Қарағанды қаласының жылу желісін жаңғырту және сумен жабдықтаудың екі жобасын жүзеге асыру жоспарлануда.
Бұл Ақтас кентіндегі 20 тұрғын үйге және 2 әлеуметтік мәдени нысанға үздіксіз жылу беруге мүмкіндік береді. Облыс орталығындағы 31 тұрғын үйді жылумен жабдықтау сенімділігі мен сапасы күшейіп, Қарағанды қаласының су құбырлары мен кәріз желілерінде апатты төмендетеді.
Есепті кезеңде «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасымен Осакаров ауданы Молодежный кентінің 8,2 шақырымдық жылу желісін жөндеу бойынша 2013 жылы жүзеге асырылған жоба мәреге жетті. Ол болса, өз кезегінде, жылумен жабдықтаудың сапасын арттырып қана қоймай, орталықтандырылған жылу көзіне қосылған тұтынушылар санын көбейтті.
2015-2016 жылдың жылу беру маусымына дайындық барысында облыстың жылуэлектрстансаларындағы 21 қазандық агрегатқа, 16 турбинаға жөндеу жұмыстары жасалды. Барлық 57 дербес қазандық пен 622 автоматтандырылған жылу жүйесінің құрал-жабдықтары, сонымен бірге, 116,3 шақырым жылу желісі, 159,2 шақырым су құбырлары мен кәріз желілері, 5195,2 шақырым жарық желісі, 799 шағын станса жөнделді.
Облыстың энергетикалық кеше­ніне 132 млрд. теңге инвестиция құй­ылды. Бұл қаражатқа Қарағанды ЖЭС-3, Жезқазған ЖЭС және Балқаш ЖЭС құрал-жабдықтары қайта жөндеуден өтті, суқұбырлары, жылу және электр желілері мен шағын станса құрылысы және қайта жөндеу жүргізілді.
Нәтижесінде жылу желілерінің тозығы 70%-дан 61%-ға; электр желілері 68%-дан 61,2%-ға; су құбырлары желілері 78%-дан 76,6%-ға төмендеді.
2015 жылы электр энергиясын өндіру 13,7 млрд. сағ/кВт-тан 15,0 млрд. сағ/кВт-қа өсті, немесе 2014 жылмен салыстырғанда 9,2%.
2015 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен Қарағанды, Жезқазған, Сәтбаев, Приозерск қаласының, Бұқар жырау және Ұлытау аудандарының сумен жабдықтау және су бұрудың 12 нысанында құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасты. Жыл қорытындысы бойынша 5 нысан пайдалануға берілді. Оның ішінде 2 нысан Қарағанды қаласында, Жезқазған қаласы мен Бұқар жырау, Ұлытау аудандарында бір нысаннан.
Ұзындығы 9 шақырым №2 су тартқышты қайта жөндеу аяқталды, сондай-ақ, Қарағанды қаласының солжағалаулық кәріз коллекторы қайта жөнделді. Жезқазғанда Қостангелді және Бекболат шағынаудандарындағы 42 шақырымдық суқұбырларының желісі жаңғыртылды.
Бұқар жырау ауданы Петровка ауылы және Ұлытау ауданы Алғабас ауылында жалпы ұзындығы 24 шақырым және 10 шақырым суқұбырлары желісі пайдалануа берілді. Ауылдықтар орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізді.
Облыста орталықтандырылған сумен жабдықтау 225 ауылдық елді мекенде қол жетімді немесе 53,4%, қалалар бойынша бұл көрсеткіш - 85,3%.
Биыл екі нысанда жұмыс жалғасады: Қарағанды қаласы №3 су бұру магистралін жаңғырту; Приозерск қаласы тазалағыш құрылғыларын жаңғырту.
Приозерск қаласындағы жүргізіліп отырған жұмыс сумен жабдықтау және субұру жүйесінің тозуымен байланысты мәселені шешуге мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар, өңірде экологиялық ахуалды жақсартады.
«Энегрияүнемдеу-2020» республикалық бағдарламасына сәйкес Мемлекет басшысы жалпы ішкі өнімнің қуатсыйымдылығын төмендету бойынша 2015 жылға 10%, 2020 жылы 25%-ға төмендету міндетін қойды. Бүгіннің өзінде облыстың ЖӨӨ қуат үнемдеу 2010 жылмен салыстырғанда 15%-ға төмендеді.
Бюджеттік сала нысандарында электрқуатын үнемдеу сағатына 2 млн.кВТ, жылу энергиясы – 822 мың Гкал.құрады.
Аймақтарды абаттандыруда да ауқымды жұмыстар тындырылды.
Абай қаласында 15 апатты үй бұзылды. Балқаш қаласындағы жағалау аймағы және Сәтбаев қаласындағы «Тағзым» мемориалды кешені абаттандырылды.
44 балалардың ойын алаңы, 11 спорт корты орнатылды. 55 аулалық аумақ абаттандырылды.
Бизнестің әлеуметтік жауаптылығы аясында демеушілік көмек есебінен Жеңіс саябағындағы стела жаңғыртылып, Әлиханов көшесіндегі саябақ абаттандырылды.
2016 жылы абаттандыру жұмысы жалғасын табады.

Білім беру

Ұлт жоспарында білім жүйесін дамытуға бағытталған нақты қадамдар көрсетілген. Бұл - колледж базасында білікті мамандарды дайындау, қызметтік сауаттылығын дамыту негізінде білім мазмұнын жаңарту. Былтырғы жылы бұл саланың бюджеті 69,2 млрд.теңгені құрады, ол алдыңғы жылмен салыстырғанда 700 млн.теңгеге артық.
Мектепке дейінгі тәрбиемен 1 жас­тан 6 жасқа дейін қамту – 87%, ал, 3 жастан 6 жасқа дейінгі қамту – 97,5%.
Балаларды қамту жұмысы:
– мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмі арқылы жеке меншік бақшаларды ашу есебінен жүргізілуде, Қарағанды және Саранда 800 орындық жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар ашылды;
– қолданыстағы балабақшаларда бос алаңдарды пайдалану және жаңа балабақшалар құрылысы есебінен. Бұл Сәтбаев, Балқаш, Қаражал, Приозерск, Шахтинск қалалары мен Бұқар жырау ауданында 600-ден астам баланы қосымша қамтуға мүмкіндік берді.
Өткен жылы қаржыландырудың барлық көздерінен 1 790 мектепке дейінгі орын құрылды, ол 6 балабақша құрылысына сәйкес келеді.
Биыл Балқаш, Қарағанды, Жезқазған қалаларында 960 орынды балабақшаларды пайдалануға беру жоспарлануда.
Орта білім беру саласында мектептерді заманауи компьютерлік техникамен, интерактивтік құралдармен, кең жолақты ғаламтормен, сондай-ақ, жаңа кейіптегі пәндік бөлмелермен қамтуда жұмыстар жүйелі.
Облыс мектептерінің компьютерлік паркі 2014 жылмен салыстырғанда 2 мың компьютерге көбейіп, 33 мың бірлікті құрады. Бұл бір компьютерге келетін 6 оқушыны 5,4-ке қысқартуға мүмкіндік берді, республикалық көрсеткіш – 10.
ҰБТ қорытындысы бойынша облыстың орташа балы 79,6% құрады, бұл республикалық көрсеткіштен 0,2 балға және 2014 жылғы облыстық көрсеткіштен 2,6 балға жоғары.
Аталған көрсеткішпен облыс республикада 10 орыннан 7 орынға көтерілді.
Республикалық олимпиадалар бойынша облыс командалары жалпыбілім беретін пәндер мен соңғы жеті жылдағы ғылыми жобалар конкурсының қорытындысы бойынша үздік олимпиада командасы атағын тұрақты иеленіп келеді. Өткен оқу жылы халықаралық олимпиадалар мен ғылыми байқаулардан 88 медаль иеленді. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 10 медальға артық.
Барлық білім ұйымдарында үш­тілді білім беруді дамытудың жол картасын жүзеге асыру бойынша мақсатты бағытталған жұмыстар атқарылуда. Ағылшын тілін оқытуды жүзеге асыратын балабақшалар саны 20%-дан 51%-ға өсті. 13 мектеп көптілді оқыту бойынша республикалық пилоттық бағдарламаға енді. Дарынды балаларға арналған бес мамандандырылған мектепте оқыту 3-тілде.
Қажетті мамандарды дайындау мақсатында үштілді енгізу бойынша 4 педагогикалық колледжде жұмыс басталды. 13 колледжде қызмет көрсету саласындағы студенттерге көптілділік енгізілді, бұл «ЭКСПО-2017» тұсында өзекті болып отыр.
Мемлекет басшысы өз сөзінде қазақстандық және әлемдік білім жүйесінің үздік дәстүрлерін жинақтаған Назарбаев интеллектуалды мектептердің тәжірибесін трансляциялау қажеттігіне баса назар аударып келеді. Осы тапсырманы орындауда өткен жылы бұл бағытта жұмыс жасаған мектептер саны 2-ден 27-ге дейін артты.
Облыс мектептерінде аса маңызды және өзекті мәнге - білім беретін робототехника иеленуде. Былтырғы жыл бойы облыс қалалары мен аудандарында робототехниканың 30 зертханасы құрылды. Бұл бағытта біз өзге аймақтардың алдында келеміз.
Бейіндік мектептерде балаларды біліммен қамтамасыз ету жағдайын жасау бойынша жұмыстар жалғасуда. Инклюзивтік білімде интегративтік жүйемен толықтай қамтамасыз ету үшін облыста «Инклюзивтік балабақша – инклюзивтік мектеп – инклюзивтік колледж» жобасы жүзеге асуда. Қарағанды қаласында №27 мектеп базасында «Бейінді мектеп – баршаға ортақ мектеп» экспериментальды бағдарламаны енгізу жалғасуда.
Балалардың аталған санатымен кәсібибейінділік жұмысын күшейту үшін оқу жылының басынан арнайы түзету мектеп-интернаттарының базасында еңбек оқуы күшейтілген және алған дағдысы туралы сертификат беретін кәсіби сыныптар ашылды.
Жалпы облыста кәсібибейімдеудің 172 бөлмесі ашылды, алдыңғы кәсіп негізінде үзіліссіз білім беру моделі табысты енгізілуде, ұялы құрылғыларға арналған «Кәсіп навигаторы» қосымшасы жұмыс істейді.
Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және жетім балалардың отбасына орналасуын насихаттау жұмысын күшейту мақсатында «Отбасындағы – бақытты балалық» жобасы іске асуда, жоба аясында облыстық теларналарда қамқорлыққа, асырап алуға патронаттыққа алуға ұсынылған балалар үйінің тәрбиленушілері туралы бейнебаяндар көрсетіледі.
Тәрбиеленушілерді отбасына орналастыру арқылы балалар үйінің іріленуіне баса назар аударылып отыр. Осы мақсатта 2015 жылы елімізде бірінші рет 7 балалар үйінде «Асырап алушы ата-ана мектебі» құрылды. Нәтижесінде 2015 жылы балалар үйінің 66 тәрбиленушісі отбасына орналастырылды.
Облыстың техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында дуальды білім беру жүйесін енгізу жалғасуда. Соңғы жылдары бұл бағыттағы колледждердің саны 17-ден 29-ға көбейіп, оқу орындарының жалпы санының 40% құрады.
Отандық кәсіпкерлікті дамытудың маңыздылығы мен өзектілігін ескере отырып, 2016 жылы жастар кәсіпкерлігін дамыту жобасы іске қосылды. Жоба факультатив енгізу арқылы кәсіпкерлік негіздерін бизнес-жаттықтырушылардың қатысуымен студенттердің кәсіпкерлігін қалыптастыруға кешенді қадам жасауды болжайды. Сонымен қатар, жастар кәсіпкерлігін дамыту бойынша Ұлыбритания және біздің облыс оқытушыларымен бірлескен шараларды өткізетін Британ кеңесімен меморандум жасауды жоспарлайды.
Білімді жаңарту мазмұнында басты шарт оқытудың тиімділігі мен заманауи тәрбиедегі педагогтардың жоғары құзыреттілігі болып табылады.
2012 жылы облыс педагогтары үшін үшдеңгейлі бағдарлама бойынша біліктілігін арттыру курстары өткізілуде. Өз біліктіліктерін 17,7% педагог арттырды, бұл білімге жаңаша тиімді қадамдар жасауға мүмкіндік береді. Деңгейлік курстардан өткен мұғалімдер лауазымдық жалақысына 30-дан 70%-ға дейін үстеме ақы алады. Оның жалпы сомасы 2015 жылы 915,6 млн.теңгені құрады.
2016 жылы ҚР БҒМ болжамды жоспары бойынша деңгейлік курстар бойынша біліктілігін арттырудан 434 педагог өтеді.

Денсаулық сақтау

Азаматтардың денсаулығын сақтау мемлекеттік саясаттың маңызды басымдығы болып қала бермек.
2015 жылы «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәреге жетті. Онда Қарағанды облысы негізгі индикаторы бойынша оң көрсеткіштерге қол жеткізді.
Балалар өлімі 5%-ға, туберкулезбен ауыру және өлім 10,0-ден 3,5%-ға, онкологиялық аурулардан өлім 9,9%-ға төмендеді. Бұл жай ғана сан емес, оның соңында адам өмірін құтқару тұр.
Ең негізгі мақсат орындалды – облыста адам өмірінің ұзақтығы 70,3 жас болды.
Денсаулық сақтау саласының 2015 жылға қойған міндеттерді табысты орындауы мақсатында медициналық ұйымдарды қаржыландыру 2,2%-ға артып, 55,1 млрд.теңгені құрады.
Облыстың жедел жәрдем қызметін қамтамасыз ету үшін 125 млн.теңгеге 37 көлік алынды.
Тегін дәрі-дәрмекпен қаржыландыру үшін жергілікті бюджеттен 36 ауру түрі бойынша амбулоториялық науқастарға бөлінген қаржы 2,7 млрд.теңге.
Облыс тұрғындарының дәріге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік медициналық мекемелерде төменгі бағамен дәрі-дәрмек босатылатын 25 әлеуметтік дәріхана ашылды.
Облыста диагностиканың және емдеудің қазіргі заманғы технологиясы қолданылады.
Жоғары мамандандырылған көмек 130 технология бойынша 11 медициналық ұйымда көрсетіледі.
Медициналық қызмет көрсетуді кеңейту үшін жеке меншік бизнес құралдары тартылуда. МЖӘ аясында 2015 жылы облыста мемлекеттік ұйымдарда 308 млн.теңгеге 2 офтальмологиялық кеңестік-диагностикалық орталық және томография компьютерлік кабинеті ашылды. Бұл жұмыс 2016 жылы да жалғасып, сала жобаларын іске асыру үшін 1 млрд.теңгеден артық қаржы тарту көзделуде.
2016 жылы Қарағанды облысының денсаулық сақтау саласында басты бағыт – медициналық қызмет көрсету аясын жетілдіріп, аурудың алдын алуға баса назар аудара отырып, медика-санитарлық қызметті дамыту, саламатты өмір салтын насихаттау болмақ.

Жұмыспен қамту

Әлеуметтік-экономикалық саясаттың басты басымдықтарының бірі – еңбекке қабілетті халықты өңір экономикасын дамытуға жұмылдыру.
Халықты еңбекпен қамтамасыз етудің кешенді жоспарына сәйкес, есептік мерзімде 52908 адам қамтылып, олардың арасында 37786 адам жұмысқа орналастырылды.
Отыз бес мыңдай адам «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы (2011 жылдан бері), оның арасында, 12333 адам – былтырғы жылы еңбекке орналастырылды.
Есепті мерзім ішінде 47 инфрақұрылымдық жоба арқылы 795 адам жұмысқа орналасты, 224 адам кәсіпкерлік негіздері бойынша оқытылды. Бағдарламаға қатысушы 360 адамға 867,6 млн. теңге шағын несие берілді.
Кәсіптік білім алуға 292 адам жолдама алып, кәсіптік білім беру мекемелерінің 614 түлегі жастар тәжірибесі арқылы жұмысқа орналасты. 804 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналасты.
Осы бағыттағы ауқымды жұмыстар нәтижесінде, еңбек нарығында жұмыссыздықтың едәуір төмен көрсеткіші – 4,9% көлемінде сақталуда.
Жүйеқұрушы кәсіпорын «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмысшыларының еңбекақысы көлемін сақтау мәселесі шешімін тапты.
2015 жылдың қаңтар, тамыз айларында компания әкімшілігі еңбекақының көлемін 25%-ға төмендету туралы бұйрық шығарған болатын.
Бұл бұйрықтарды жою үшін тиісті нұсқаулықтар беріп, айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тарту нәтижесінде, кәсіпорынның және еншілес компаниялардың 30 мыңнан астам жұмысшысының еңбек келісім-шарттарына сәйкес – еңбекақысы, ұжымдық келісім-шарттар негізіндегі қосымша төлемақылары сақталды.
Еңбек нарығындағы тұрақтылықты сақтауға бағытталған жұмыстар биылғы жылы да жалғасын табады.

Жастар саясаты

Жаңа Қазақстанның жастары – еліміздің ХХІ ғасырдағы әлеуетін нығайтатын жаңа толқын. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев өзінің әрбір стратегиялық құжатында жастардың елді дамытудағы рөлін ерекше атап көрсетеді.
Облыстағы 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың саны 345 мың адамды құрайды. Бұл – тұрғындардың жалпы санының 25,2%-ы. Жастардың өзін-өзі серпінді дамытуы мен әлеуетін арттыруы үшін облыстық және 18 өңірлік жастар ресурстық орталығы, жастардың мемлекеттік емес 83 ұйымы жұмыс істейді.
Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі, жастар мүддесін көздеген мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды, жобаларды түсіндіру жұмыстарының белсенді жүргізілуі, «Жасыл ел» студенттердің құрылыс және еңбек жасақтарының жұмысы, балалар үйлері түлектерін әлеуметтік бейімдеу қызметі жастар саясаты бағытының негізгі бір бағыты – жастарды еңбекке орналастыру, жұмыспен қамту ісін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Өткен жылы 17 мыңнан астам жас еңбекке орналастырылды. «Дипломмен – ауылға!» жобасы арқылы ауылды мекендерге 121 жас маман жолдама алып, қызметке кірісті.
Жетім балаларды жұмыспен қамту, оларға әлеуметтік көмек көрсету мәселесі үнемі бақылауда. Былтыр бұл санаттағыларға 114 пәтер бөлінді.
Биылғы жылы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына жастарды көптеп жұмылдыру мақсатындағы жұмыстарды күшейту жоспарланған. Оның ішінде, жастардың жұмысқа орналасуына, жұмысшы, ауылдық, шығармашыл, қызметші және өзге саладағы жастардың өзін-өзі жан-жақты дамытуына, әлеуметтік бастамаларына қолдау көрсетіледі. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, еліміздің даңқын паш ететін іс-шаралар ұйымдастырылады.

Мәдениет

Мәдениет саласында оң нәтижелерге қол жеткізілді.
Тарихи мұраның 14 нысаны қайта жөндеуден өтті, мәдени мұраға арналған 5 басылым жарық көрді, археологиялық және тарихи тақырыптардағы 12 ескерткіш зерттелді. Бұл зерттеулер барысында туған өлкеміздің тарихын танудағы маңызы зор, айтулы тарихи жаңалықтар ашылды.
Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау аясында Қазақстан және Ресейдің ірі ғалымдардың, мұражай мамандарының және тарихшыларының қатысуымен «Ұлытау – ұлт ұясы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, Ұлытау ауданында облыстық деңгейдегі іс-шаралар өткізілді. Шығармашыл ұжымдар Астана және Тараз қалаларындағы республикалық іс-шараларға қатысты.
Тарихи тұлғалар – Қазыбек би, Бұқар жыраудан бастап, кейінгі әдебиет өкілдеріне дейінгі Сарыарқа жерінен шыққан мәдениет және өнер қайраткерлерінің шығармашылық еңбектері енген «Сарыарқа кітапханасы» 100 томдық жинағы жарық көрді.
Бұл – қарағандылықтардың жас буын бойындағы патриоттық сезімді, туған жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға қосқан үлесі. Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев жария еткен «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыруға бағытталған қарқынды жұмысымыздың айғағы.
Жұлдыздар гүлзарында ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісованың ескерткіш белгісінің ашылу рәсімі де айтулы жаңалықтың бірі болды.
Жалпы, 2015 жылы театрлық-көрсетілімдік мекемелер 1292,5 мың көрерменнің басын қосып, 1663 спектакль мен 1206 концерттің шымылдығын түрді.
Театрлық және концерттік ұжымдарымыз Қазақстанның түпкір-түпкірімен қатар, алыс және жақын шетелдерге гастрольдік сапарға шықты.

Тілдерді дамыту

Облыста мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға арналған мақсатты жұмыстар жүргізілуде.
Жыл бойы мемлекеттік тілді оқытатын орталықтарда 2298 адам білім алса, ағылшын тілі бойынша 594 адам тәлім алған.
Бүгінгі күні халықтың 61%-ы мемлекеттік тілді меңгерген. Облыс тұрғындарының (үлкен жастағы) 92,3%-ы – орыс тілін, 7,6%-ы – ағылшын тілін, 4%-ы үш тілді меңгерген.

Спорт

Жоғары санатты спортшыларды дайындау, бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту мақсатындағы жұмыстар жүйелі жолға қойылған.
Есептік мерзімде облыстың 67 мыңнан спортшысы түрлі деңгейдегі 766 жарысқа қатысты. Нәтижесінде, спортшылар 8 мыңнан астам медальді жеңіп алды.
Өткен жылдың алғашқы сөресі ретінде Қазақстан Республикасының ІV Жазғы спартакиадасын атап өтуге болады. Бұл Спартакиадада облыс спортшылары 130 медальді – 33 алтын, 41 күміс және 56 қола медальді жеңіп алды. Қарағанды облысының командасы жалпы есепте 5 жалпыкомандалық орынға ие болды.
«Сарыарқа» хоккей клубы жоғары хоккей лигасының чемпионатында жеңімпаз атанды.
2015 жылдың тамыз айында құрамында 48 спортшысы бар облыстық команда Қазақстан Республикасы ІV Параолимпиадалық ойындарына қатысып, 36 алтын, 15 күміс және 4 қол медальді қанжығасына байлады.
Жалпы, облыс бойынша 6089 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіліп, оларға 348813 адам қатысты. Оның ішінде, 45 мыңнан астам адамды қамтыған 8 облыстық спартакиада өткізілді.
Спорттық нысандармен қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстар жалғасын тапты.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі негізінде кәсіпорындар қаражаты арқылы Қарқаралы ауданы, Шарықты селолық округінде жүзу бассейні (25 м.) бар спорт кешені («Алтай полиметаллы» ЖШС), Нұра ауданы, Шахтерское селосында жабық жүзу бассейні («Шахтерское» ЖШС) іске қосылды.
22 спорттық алаң мен 3 көпфункционалды хоккей корты орнатылды.
Ұлытау ауданында, Қарағанды қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің, Абай қаласында жабық жүзу бассейнінің құрылысы жалғасуда.
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмі аясында Нұра ауданының Шахтерское селосында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде.
2016 жылы дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын барлық жастағы халықтың үлесін – 29,5%-ға дейін, оның ішінде, 7-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдердің үлесін 14,8%-ға дейін арттыру міндеті тұр. Халықаралық санаттағы спорт шеберлерінің үлесін – 18,7%-ға жеткізіп, 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін ХХХІ Жазғы олимпиадалық және ХV параолимпиадалық ойындарға лицензия жеңіп алу, ҚР Параолимпиадалық ойындарға қатысуды (Атырау қ., тамыз) қамтамасыз ету жоспары бар.

Мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттің жекелеген міндеттерін жүзеге асырудың бір тетігі ретінде сапа, ашықтық және қолжетімділікке негізделген мемлекеттік қызмет көрсету ісін алып қарауға болады.
Облыста мемлекеттік қызметтің 175 түрі көрсетіледі. 2015 жылы 4,5 миллионнан астам қызмет, оның ішінде, 135 мыңнан астам қызмет – ХҚКО-лар арқылы көрсетілген.
Электрондық нұрсқаға көшірілген қызметтер саны – 69. Электронды үкімет порталы арқылы 37321 рет электрондық қызмет көрсетілді.
Бүгінгі күні облыста Халыққа қызмет көрсету орталығының 31 бөлімі жұмыс істейді. Пошта байланысының 3 селолық округінде (Дубовка, Ақтас, Жәйрем кенттерінде) ХҚКО-лардың өкілдіктері бар. Шалғай елді мекендердегі азаматтарға қолайлы болуы үшін, шалғай елді мекендерге шығып, қызмет көрсететін жеті мобильдік ХҚКО құрылды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуші мамандарға кеңес беріп, тәжірибелік көмек көрсету мақсатында 38 іс-шара өткізілді.
Мемлекеттік қызметті пайдалану реті туралы қызметті тұтынушыларды құлағдар ету деңгейін арттыру үшін 408 іс-шара өткізілді. Оның ішінде, семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер, брифингтер, конференциялар және тағы басқа.
Сондай-ақ, 2013 жылдан бері Қарағанды облысының Электронды қызметтер порталында халықты компьютерлік сауаттылық негіздеріне оқытатын қызмет түрі ұйымдастырылды. Осы уақыт аралығында бұл қызмет түрі 67 мыңнан астам, 2015 жылы – 23 мың рет пайдаланылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу деректерінің саны едәуір төмендеді. Егер, 2014 жылы қызмет көрсету мерзімін бұзу дерегі 733 рет тіркелсе, өткен жылғы бұл көрсеткіш – 65. Бұған қоса, жүргізілген жұмыстар көрсетілген қызметтерге байланысты арыз-шағымдар көрсеткішін төмендетуге де әсер етіп, былтырғы жылы бұл мазмұндағы арыз-шағымдар тіркелмеген.

Құқықтық тәртіп

Құқықтық тәртіпті нығайту мақсатында тиімді әрі жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.
Есепті мерзім ішінде ішкі істер органдарының жұмысын жақсарту, материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 10 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Құқықтық тәртіпті нығайту мақсатындағы тиімді әрі жоспарлы жұмысты жүргізу үшін қылмыстың, жемқорлықтың, есірткі бизнесінің, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, экстремизм мен терроризмнің, алдын алу және онымен күрестің, жол қозғалысы қауіпсіздігінің өңірлік бағдарламалары жүзеге асырылуда.
«Қауіпсіз аула», құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдар желісін кеңейту, өзгенің мүлкін ұрлаудың алдын алу, тәртіпсіздік пен құқықбұзушылыққа «нөлдік шыдамдылық» принципімен қарауды қамтамасыз ету сияқты бірлескен жобалар әзірленді.
Жыл сайын облыс аумағындағы қоғамдық тәртіпті 154 жаяу наряд пен 118 автопатруль қадағалап, әсіресе, қылмыс жиі болатын орындар анықталады. ҚР Ұлттық гвардиясының 520 әскери қызметшісі күнделікті қызмет атқарады.
Автожолдардың апатты-қауіпті учаскелеріндегі нарядтардың жиілігі қамтамасыз етілді. Балқаш, Қарқаралы қалалары және Топар кенті бағытында жол-патрульдік полициясының қосымша 4 экипажы жасақталды.
Қаланың көше-жол желілерінде «зияткер қиылыс» 5 жүйесін енгізу бойынша жоба іске асты.
Қолданылған іс-шаралар қарақшылық санын – 8,1%-ға, пәтер тонау көрсеткішін – 4,6%-ға, тәртіпсіздік көрсеткішін 8,2%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.
Облыстың автожолдарындағы жол-көлік оқиғаларының саны – 6%-ға, апаттан көз жұмғандар саны – 17,6%-ға, жол-көлік оқиғасында жарақаттанғандар саны 1,9%-ға төмендеді. Көлікті мас күйінде тізгіндеген жүргізушілердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының саны 22,5%-ға азайды.

Ішкі саясат

Елдің 2015 жылғы қоғамдық-саяси күнтізбесі мерейлі күндерге толы болды: Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституцясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы.
Сондай-ақ, өткен жылдың басты саяси жаңалығының бірі – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқының жаппай қолдауы арқылы айқын жеңіске жеткен күні – 26 сәуір күнгі Президенттік сайлау күні. Саяси науқанда біздің өңір халқы да белсенділік танытты. Еуропарламент, ЕҚЫҰ, ТМД, ШЫҰ, ОИС, ОДКБ сияқты халықаралық ұйымдардың бақылаушылары өткен сайлаудың ұйымдастырылуына, ашықтығына және әділдігіне оң бағасын берді.
Ішкі саясат саласындағы жұмыстар ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға, ел Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын жүзеге асыру тетіктерін түсіндіруге бағытталды.
Есептік мерзімде мерейтойлы күндерге орай, қоғамдық маңызы бар 2 мыңнан астам тақырыптық іс-шаралар өткізілді.
Бұқаралық ақпараттық құралдар арқылы пікір тудырған өзекті мәселелерді анықтап, дер кезінде түйінін шешу мақсатында да ауқымды жұмыстар атқарылды. Жыл қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен қала, аудан әкімдеріне 98 тапсырма жүктелді.
Біздің облыс – елдің көпэтносты өңірлерінің бірі. Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы 40 түрлі этнос өкілдері өзара ынтымақтастық танытқан және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың бел ортасында жүретін 75 этно-мәдени бірлестіктің жұмысын үйлестіреді.
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында, дәстүрлі түрде, тоғызыншы жыл қатарынан облыстың 27 этно-мәдени бірлесігі этно-мәдени бірлестіктерге қолдау көрсету мақсатында берілетін 700 мың теңге сыйлыққа ие болады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы жылында Достық үйінің салтанатты ашылуы қарағандылықтар үшін ерекше сый болды. Жаңа төрт қабатты ғимарат барлық этно-мәдени бірлестіктерге есігін айқара ашты.
Қоғамдық-саяси бағыттағы жұмыстар азаматтық қоғам институттарын үдемелі дамыту мен ішкі тұрақтылықты қолдау үшін өз жалғасын табады.
Биылғы жыл – өзінің 80 жылдығын атап өтетін Қарағанды облысы үшін де, ұлы мерейтой – Тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өтетін Қазақстан үшін де аса маңызды жыл. Осынау атаулы күндерге біз үлкен жетістіктермен аяқ басуға ниеттіміз.
Біздің басты міндет – Тәуелсіздік құндылықтарын дәріптеу, Қазақстан Республикасы Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүзеге асқан қайта жаңғыру жолын насихаттау.
Қазақстандық жолдың жаңа кезеңі – бұл экономиканы нығайтуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жаңа міндеттер. Сондықтан, біз, облыс тұрғындары, ортақ мүддеге жұмылып, Қазақстанның дамуына сүбелі үлес қоса береміз. «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауында айқындалған өркендеу жолын жалғастырып, өз Отанымызды гүлдендіруге бар күш-жігерімізді саламыз.

Дата cоздания: 29 Ақпан 2016 16:04
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 01 Наурыз 2016 11:20
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы