жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 16°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

2016 жылы 19 ақпандағы тұрғындардың алдында берілген есеп барысында түскен халықтың ұсыныстары мен ескертулерді іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары

Назад

Бекітемін
Қарағанды облысының әкімі
Н. Әбдібеков
2016 ж. « 27» ақпан

Қарағанды облысы әкімінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы халық алдындағы есебі барысында
келіп түскен халықтың ұсыныстары мен ескертулерін жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар
жоспары

Ұсыныстардың, ескертулердің мазмұны (авторы, мекен-жайы)

Ұсыныстар мен ескертулерді жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар

Орындау мерзімі

Орындауға жауаптылар

Ескертпе

Молотов-Лучанский В.Б.,
Қарағанды қ. тұрғыны
Достық үйі ауданындағы аумақты дамытудың, қандай да бір бірегей сәулет нысандарын салудың келешегі қандай? Біз оны Келісім және алғыс алаңы деп атап, «Бірлік пен татулық аллеясын» құра аламыз ба?

1. «Жаңа орталықтың» құрылған дирекциясы шеңберінде Достық үйі ауданындағы аумақты дамыту қарастырылсын (көркейту, саябақ, жол жайластыру, шағын сәулет нысандарын орналастыру, көгалдандыру).
2. Облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсынылсын.

2016 жылдың15 наурызына дейін

Қарағанды қаласының әкімі (Н.Е. Әубәкіров)

Королева Дана Мұратқызы, Бұқар жырау ауданының Ғабиден Мұстафин кентінің тұрғыны
Алдағы су тасқыны кезеңіне байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

1. Аса қауіпті су қоймаларында алдын ала су жіберу жүргізілсін және тасқынды суды кепілді апатсыз өткізу үшін іс-шаралар жүргізілсін.

2016 жылдың15 наурызына дейін

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
(Тазабеков Ә.Н.)

2. Су өткізетін құбырларды, каналдарды тазалау, қажеттілігіне қарай, өткізу қабілетін арттыру бойынша жұмыстар орындалсын.

2016 жылдың15 наурызына дейін

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
(Санаубаров А.К.)

3. Тасқынды су басу қаупі бар елді мекендердің аумағын және инфрақұрылым нысандарын инженерлік қорғау қарастырылсын.

тұрақты

Бұқар жырау ауданының әкімі
(Қобжанов Н.С.),
қалалар мен аудандар әкімдері,
мүдделі органдар, су шаруашылығы нысандарының меншік иелері
(келісім бойынша)

4. Облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсынылсын

2016 жылдың 20 мамырына дейін

Деркач Татьяна Яковлевна, Қарағанды қ. тұрғыны
10 –коллектордың кәріз желісін жөндеу туралы

1. Қарағанды қаласының әкімі Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына Нұрлы Жол бағдарламасы бойынша «Қарағанды қ. КНС 7-ден аэрация станциясына дейін 7 қысым коллекторының №10 канализациялық қысым станциясының өздігінен ағатын канализациялық коллекторын қайта құру» жобасын қаржыландыру үшін 2017-2019 жылдарға арналған бюджеттік өтінім берсін.

2016 жылдың15 наурызына дейін

Қарағанды қаласының әкімі (Н.Е. Әубәкіров),
Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы
(Бегімов К.Б.)

2.Облыс әкімінің аппаратын хабардар етсін.

2016 жылдың15 наурызына дейін

Быков Александр Олегович, Теміртау қаласының тұрғыны
«Болат» футболь клубының даму келешегі туралы

1. Шығыстарды оңтайландыру және басқару сапасын жақсарту мақсатында «Болат» футболь клубының құрамына енгізе отырып 2016 жылдың 1 мамырына дейін кәсіби клуб құру тетігі пысықталсын (Теміртау қ.).

2016 жылдың 1 мамырына дейін

Дене шынықтыру және спорт басқармасы (Сухорукова Н.Е.)

2. 2016 жылдың 15 мамырына дейін клубты басқарудың менеджменттік саясаты әзірленсін.

2016 жылдың 15 мамырына дейін

3. Облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсынылсын.

2016 жылдың 20 мамырына дейін

Аққошқаров Дулат,
зейнеткер - регрессник
Регресшілерге арналған оңалту орталығының құрылысы туралы

1. Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы шеңберінде Қарқаралы қаласында мүгедектерге арналған оңалту орталығының күрделу жөндеу жұмысы 2016 жылдың соңына дейін аяқталсын.
2. Облыс әкімі аппаратына 2017 жылдың 10 қаңтарына дейін ақпарат ұсынылсын.

2016 жыл

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
(Акенов С.Ш.)

Әсем, Қарағанды қаласының тұрғыны
Балалар алаңын салу және Қарағанды қ. Шахтеров көш. 60-үйінің машиналары үшін толассыз шығу мәселесін шешу

1. Мәселе қолданыстағы заңнама шеңберінде қарастырылсын.
2. Облыс әкімінің аппаратын хабардар етсін.

2016 жылдың15 наурызына дейін

Қарағанды қаласының әкімі (Әубәкіров Н.Е)

Жылқыбаева Сандуғаш Сәбиғазықызы,
Жезқазған қаласының тұрғыны
Жезқазған қаласының 3-ықшам ауданында 320 орынды балабақша салу және пайдалануға беру барысы туралы.

1. 2016 жылдың қыркүйегінде Жезқазған қаласының 3-ықшам ауданында 320 орынды балабақшаның уақытында пайдалануға берілуі қамтамасыз етілсін.

2016 жылдың қыркүйегі

Құрылыс басқармасы (Исабаев Б.К.), Жезқазған қаласының әкімі (Ахметов Б.Д.)

2. Облыс әкімі аппаратына 2016 жылдың 5 қазанына дейін ақпарат берілсін.

2016 жылдың 5 қазанына дейін

8

Камалова Загира, Сәтбаев қаласының тұрғыны
Сәтбаев қаласында мектеп салу туралы

1. Сәтбаев қаласында 600 орынды мектептің 2016 жылдың тамызында уақытында пайдалануға берілуі қамтамасыз етілсін.

2016 жылдың тамызы

Құрылыс басқармасы (Исабаев Б.К.), Сәтбаев қаласының әкімі
(Ыдырысов А.А.)

2. Облыс әкімі аппаратына 2016 жылдың 5 қыркүйегіне дейін ақпарат берілсін.

2016 жылдың 5 қыркүйегі

9

Шутова Таисия Петровна
Пәтерлерді заңсыз жалға бергені үшін салық төлеу, алимент төлеу бойынша қандай жұмыс жүргізіледі?

1. 2016 жылға арналған Қарағанды облысының жергілікті бюджетіне қосымша кірістер іздестіру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде мүлікті жалға беруден табыс табатын жеке тұлғаларды анықтау және оларды салықтық міндеттемелерді орындауға тарту бойынша жұмыс жалғастырылсын.
2. Облыс әкімі аппаратына 2017 жылдың 10 қаңтарына дейін ақпарат берілсін.

2016 жыл

Қарағанды облысының жергілікті полиция қызметі (Жақаев Ж.С.), Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті
(Ахметов А.К.)

3. Алимент төлеуден қашып жүрген азаматтардың орналасқан жерін анықтау жұмысы жалғастырылсын.
4. Облыс әкімі аппаратына тоқсан сайын, есептік айдан кейінгі айдың 5-іне ақпарат берілсін.

тұрақты,
2016 жыл

Қарағанды облысының ІІД Миграциялық полиция басқармасы (келісім бойынша) (Смайлов А.К.), Қарағанды облысының әділет департаменті
(келісім бойынша) (Әбілов М.С)

10

Мұқаш Тілеухан Тұрсынұлы
Шет ауданының жер қатынастары бөлімінің жер учаскесін сату бойынша 2015 жылдың 27 қаңтарында аукцион өткізу рәсімдерін бұзуы туралы

1. Бұл мәселені қарау бойынша жұмыс тобы ұйымдастырылсын. Өңірге барып, автормен кездесу керек.
2. Бұл мәселе қолданыстағы заңнама шеңберінде қаралсын, қорытындысы бойынша өтініш иесіне жауап дайындалсын.
3. Ақпарат 2016 жылдың 23 наурызына дейін ұсынылсын.

2016 жылдың
23 наурызы

Облыс әкімінің орынбасары Мамалинов Ш.К., Қарағанды облысының жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы
(Ахметов С.Ш.), Жер қатынастары басқармасы (Шалмағамбетов А.Т.), Шет ауданының әкімі (Әбдікеров Р.К.)

11

Батракова Людмила,
Теміртау қаласының тұрғыны
Жылытудың төмен параметрлері туралы

1. Теміртау қаласы бойынша 2015-2016 жылдары жылыту маусымы өтуі кезінде тұтынушылар тиісті параметрлермен қамтамасыз етілсін.
2. Алдағы күз-қыс кезеңіне Теміртау қаласының тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын және жылу көздерін дайындау жөніндегі жоспарды жасау кезінде жылу көздеріндегі барлық кемшіліктер мен апат себептері ескерілсін.
3. Облыс әкімінің аппараты 2016 жылдың 15 мамырна дейін хабардар етілсін.

2016 жылдың 15 мамырына дейін

Теміртау қаласының әкімі
(Әшімов Г.А.), Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы
(Бегімов К.Б.)

12

Хасанов Камил Жайлауұлы
Саяқ кентін сумен жабдықтау мәселесін шешу туралы.

1. Балқаш қаласының сорғы станциясының резервтік жабдығын жөндеу және орнату бойынша жұмыс жүргізілсін.
2.Сапалы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етілсін.
3. Облыс әкімінің аппаратына 2016 жылдың 5 маусымына дейін ақпарат берілсін.

2016 жылдың 5 маусымына дейін

Балқаш қаласының әкімі
(Аглиулин А.М.)

13

Түсіпбеков Абылай Қалиұлы
Ақтоғай ауданы елді мекендерінің электр желілерінің тозғаны туралы

1. Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы бойынша бөлінген қаражат шеңберінде электр желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсін.
2. ЛТД «Элекстросеть» ЖШС, «Энергия» ЖШС электр желілерін коммуналды меншікке қабылдау мәселесі қарастырылсын.

2016 жыл

Ақтоғай ауданының әкімі
(Омарханов Н.И.),
Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы (Бегимов К.Б.)

3. Облыс әкімінің аппаратына ақпарат ұсынылсын

2017 жылдың 10 қаңтарына дейін

14

Тілеуханова Ләззат Орынбайқызы, Жаңаарқа ауданының Атасу кентінің тұрғыны
ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша Жаңаарқа ауданының Атасу кентінің Школьный кв. №3 үйіне жөндеу жүргізу туралы.

1. Атасу кентінің Школьный кв. №3 үйінің тұрғындарымен қолданыстағы бағдарлама шеңберінде тұрғын үй қорын жаңғырту құралдарын пайдалану бөлігінде түсіндіру жұмысы жүргізілсін.
2. Жаңаарқа ауданының Атасу кентінің Школьный кв. №3 тұрғын үйін жаңғыртуға Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылсын.
3. Облыс әкімінің аппаратына ақпарат ұсынылсын.

2016 жылдың 15 сәуіріне дейін

Жаңаарқа ауданының әкімі
(Омаров Г.И.),
Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы (Бегимов К.Б.)

15

Тілеміс Әлі Қанапияұлы
Қарқаралы ауданының Қайнарбұлақ селолық округіндегі сумен жабдықтау проблемасы туралы

1. Қарқаралы ауданының Қайнарбұлақ селолық округінің Аппас селосында жерасты суының қорын анықтау бойынша іздестіру-барлау жұмысы жүргізілсін.
2. Жерасты суы қоры расталған кезде сумен жабдықтаудың қажетті нысандарын салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленсін .
3. Облыс әкімінің аппаратына 2017 жылдың 10 қаңтарына дейін атқарылған жұмыс туралы ақпарат берілсін

2016 жыл

Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы (Бегимов К.Б.), Қарқаралы ауданының әкімі
(Мақсұтов К.М.)

16

Адыхаева Сағынтай Сұлтанқызы,
Абай ауданының Құрма селосының тұрғыны
Құрма селосында мектеп салу барысы туралы.

1. Абай ауданының Құрма с. 320 орынға арналған мектептің 2016 жылдың мамырында уақытында пайдалануға берілуі қамтамасыз етілсін.
2. Облыс әкімінің аппараты хабардар етілсін.

2016 жылдың мамыры

Құрылыс басқармасы (Исабаев Б.К.),
Абай ауданының әкімі
(Шайдаров С.Ж.)

17

Есмағамбетова Жанна Мұратқызы, Қарағанды қаласы
ЯМРТ-аппараттарының жеткіліксіз болуы туралы

1. Мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде ядролық-магнитті-резонанстық томографтар сатып алу және облыстың медицина ұйымдарында орнату жұмысы ұйымдастырылсын.
2. Облыс әкімінің аппартына 2017 жылдың 10 қаңтарына дейін ақпарат ұсынылсын.

2016 жыл

Денсаулық сақтау басқармасы (Нұрлыбаев Е.Ш.), «Өңірлік мемлекеттік-жеке серіктестік орталығы» АҚ (келісім бойынша) (Шигамбаев М.К.)

18

Мұсатаев Бақытжан, Шет ауданының Нұраталды селосының тұрғыны
Мемлекеттік қолдау шеңберінде мал шаруашылығын (қой шаруашылығы) дамыту мәселесі туралы

1. Мал шаруашылығын дамытуды қолдау құралдары бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілсін.
2. Облыс әкімінің аппаратына ақпарат ұсынылсын.

2016 жылдың 23 наурызына дейін

Ауыл шаруашылық басқармасы
(Асанов Б.К.),
Қалалар мен аудандар әкімдері

19

Зобов Александр Александрович, Қаражал қаласының тұрғыны
2015 жылғы көктемгі су тасқыны кезінде бұзылған су өткізетін нысандарды және Қаражал қ. кіре берістегі автомобиль жолын қалпына келтіру туралы

1. Су өткізетін нысандарды және Қаражал қ. кіре берістегі автомобиль жолдарына жөндеу жүргізілсін.
2. Облыс әкімінің аппаратына 2016 жылдың 1 қарашасына дейін ақпарат ұсынылсын.

2016 жылдың 1 қарашасына дейін

Қаражал қаласының әкімі
(Шорманбаев К.Г.)

20

Айтжанова Диана Азақызы, Қарқаралы ауданының Жарлы с. №9 мектеп оқытушысы
Туризмді дамыту мәселесі туралы

1. Жүзеге асырылуы жоспарланып отырған жаңа жобаларды, сондай-ақ туристерді тартуға бағытталған іс-шараларды, оның ішінде ЭКСПО-2017 көрмесі шеңберінде ескере отырып, туризмді дамытуға бағытталған қолда бар бағдарламалық құжаттарға (2014-2018 жылдарға арналған туризм саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары және 2015-2019 жылдарға арналған Қарағанды облысының шағын және орта кәсіпкерлігін кешенді дамыту бойынша Жол картасы) түзетулер енгізілсін.
2. Облыс әкімінің аппаратына ақпарат ұсынылсын.

2016 жылдың 1 желтоқсанына дейін

Кәсіпкерлік басқармасы
(Аблаева Т.Ю.), Қарқаралы
(Мақсұтов К.М.), Ұлытау (Омаров Х.Н.), Ақтоғай аудандарының
(Омарханов Н.И.) және Балқаш
(Аглиулин А.М.),
Қарағанды қалаларының әкімдері (Әубәкіров Н.Е.)

21

Тимофеев, Қарағанды қаласының тұрғыны, соғыс жылдарындағы тыл еңбеккері
Федоровский су қоймасы ауданында алдағы су тасқыны кезеңіне байланысты Соқыр өзенінің арнасын тазалау

1. Федоровский су қоймасының саяжай ауданындағы Соқыр өзенінің арнасын тазалау бойынша қажетті іс-шаралар жүргізілсін.

2016жылдың 15 наурызына дейін

Облыс әкімінің орынбасары Мамалинов Ш.К.,
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
(Тазабеков Ә.Н.),
Қарағанды қаласының әкімі (Әубәкіиров Н.Е.)

2. Облыс әкімінің аппартына 2016 жылдың 1 сәуіріне дейін ақпарат ұсынылсын.

2016 жылдың 1 сәуіріне дейін

22

Власюк Светлана Алексеевна, Шахтинск қаласы
Шахтинск қаласында коммуналды базар ашудың қажеттілігі туралы

1. Коммуналды базар ашу мүмкіндігі қарастырылсын.
2 Облыс әкімінің аппаратына ақпарат ұсынылсын.

2016 жылдың 1 қыркүйегіне дейін

Шахтинск қаласының әкімі
(Аймақов С.Ж.)

23

Куркин Михаил Антонович, Қарағанды қаласы, қоғамдық өкіл
Қарағанды қаласының Киров полиция бөлімі қызметінің жеткіліксіздігі туралы

1. Қолданыстағы заңнама шеңберінде жергілікті полиция қызметі мен Қарағанды облысының ІІД органдарының мемлекеттік органдармен, қоғамдық құрылымдармен және халықпен тиімді өзара іс-қимыл жасасуы қамтамасыз етілсін.
2. Облыс әкімінің аппаратына тоқсан сайын, есептік айдан кейінгі айдың 5-іне ақпарат берілсін.

тұрақты,
2016 жыл

Қарағанды облысының жергілікті полиция қызметі (келісім бойынша) (Жақаев Ж.С.), Қарағанды облысының ІІД (Жаппаров М.Б.), қалалар мен аудандар әкімдері

Дата cоздания: 29 Ақпан 2016 16:04
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 24 Наурыз 2016 18:02
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы