жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 0°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Дамудың даңғыл жолымен Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ тұрғындар алдындағы есебі

Назад

Дамудың даңғыл жолымен Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ тұрғындар алдындағы есебі

Өткен жыл аса маңызды оқиғаларымен ерекшеленді. Соның ішіндегі ең айрықшасы ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның барлық аймақтарының әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі іс-қимылдарының басты бағыттарын белгілеп берген «Нұрлы Жол» – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы болып табылады.
Аймақтың одан әрі дамуының тағы бір басты серпіні Мемлекет басшысының облысқа жасаған жұмыс сапарлары болды. Солардың аясында Нұрсұлтан
Назарбаев «Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» теміржол желілерінің ашылуына қатысты, сондай-ақ, облыс өнеркәсібінің қуатын нығайту мен тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру жөніндегі біршама маңызды міндеттерді жүктеді.
2014 жылдың қорытындылары біздің экономикада сыртқы әсерлердің ықпалына қарамастан тұрақты өсу ырғағының сақталғанын көрсетіп отыр.

Экономика
Аймақтың ішкі өнімінің көлемі 9 айдың қорытындысы бойынша 2013 жылға шаққанда 2,3 пайыздық өсіммен 2,1 трлн. теңгені құрады. Республиканың жалпы ішкі өніміндегі облыстың үлес салмағы – 8 пайыздық деңгейде. Бұл – ел бойынша 4 орын.
Өнеркәсіп өндірісінің өсімі 2013 жылдың деңгейіне шаққанда 3,7 пайызды, құрылыс жұмыстары 0,3 пайызды құрады. Қолданысқа берілген тұрғын үйдің көлемі 5,5 пайызға, бизнестің белсенді субъектілерінің саны 2 пайызға, экономиканың осы саласында жұмыспен қамтылғандар саны 1,3 пайызға артты.
Экономиканың өсімінің маңызды бағыттарының бірі сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту болып табылады. Есепті кезеңде сыртқы сауда айналымының көлемі 7 млрд. АҚШ долларына жетіп, сыртқы сауданың жағымды сальдосы 5 млрд. долларды құрады.
Жұмыс істейтін әр адамның орташа айлық еңбекақысы жыл ішінде 10 пайызға жуық өсті. Жалпы алғанда, облыстың бір тұрғынының орташа айлық табысы 5,4 пайызға өсіп, 67 744 теңгеге жетті.
Тұрғындардың табысының өсуі облыстың тұтыну нарығындағы сатылым көлемінің артуына әсерін тигізді. Бөлшек сауда айналымы 6,7 пайызға артып, 582,6 млрд. теңгені құрады. Бұл жергілікті бюджеттің кіріс бөлігінің түсімі 10,8 пайызға өсуіне ықпал етті. Өткен жылы мемлекеттік бюджетке 264 млрд. 299 млн. теңге көлемінде салықтар мен төлемақылар түсті.
Күрделі экономикалық жағдайға және бюджет шығыстарының қысқартылғанына қарамастан еңбекақы, жәрдемақылар, стипендиялар төлеу жөніндегі әлеуметтік міндеттемелер толық көлемде орындалды.

Өнеркәсіп.
Инвестициялар
Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру және мемлекеттік қолдау көрсету шараларын қолдану нәтижесінде өңдеуші өнеркәсіптің негізгі салаларында жағымды даму көрсеткіші байқалады. Онда 938,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.
2014 жылдың қыркүйегінде Жезқазған мыс заводы өз жұмысын қайыра бастады.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургия комбинатында №2 конвертерінде газды алғашқы тазалау жөніндегі ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылды. №3 домна пешін іске қосу алдындағы жұмыстар тиянақталуда.
Өткен жылы Индустрияландыру картасының жалпы сомасы 44,3 млрд. теңге болатын 10 жобасы жүзеге асырылып, 1200-ден аса жұмыс орындары құрылды. Олардың ішінде, «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы аумағындағы бірлескен қазақстандық-германиялық жобалар – жылумен қамтамасыз ету және мұнай құбырлары жүйесі үшін алдын ала қорғалған жоғары сапалы тұрбалар шығаратын завод, сондай-ақ, айналмалы крандар мен тығынды арматуралар өндіретін завод бар.
25 желтоқсанда жалпыұлттық телекөпір кезінде Ақтоғай ауданында «АК Алтыналмас» АҚ алтын өндіретін фабрикасының «Пустынное» тау-кен металлургиялық кәсіпорнын қайыра салу мен кеңейту» жобасы іске қосылды.
Қазіргі таңда Индустрияландыру картасына енгізілген 83 жобаның 59-ы жүзеге асырылып, олар 200 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірді.
Индустрияландыру картасынан тысқары, 12 жаңа өнеркәсіп нысаны іске қосылды. Оларда 212 жұмыс орны ашылып, өндірген жалпы өнім көлемі 1,7 млрд. теңгені құрады.
Сонымен, бір мезетте тоқтап тұрған кәсіпорындарға «жан кіргізу» жұмыстары жүргізілді. Нақтылай айтқанда, Сарандағы барит концентратын өндіретін «Complete LTD» ЖШС филиалының қызметі мен «Тау-Кен Темір» ЖШС заводының (бұрынғы «Силициум Қазақстан») жұмысы жаңғыртылды.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2014 жылдың қорытындысымен 412 млрд. теңгені құрады. Өңдеуші өнеркәсіпке салынған инвестицияның республикалық деңгейдегі көлемінде Қарағанды облысының үлесі 15,8 пайызды құрайды. Бұл – ел бойынша үшінші орындағы көрсеткіш.
Есепті кезеңде жергілікті билік органдары тарапынан аймақтың жүйе құрушы кәсіпорындарының сатып алуларында қазақстандық мазмұнның арта түсуіне қатысты шаралар қабылданды.
Жыл қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 62 пайызға жетіп, 326 млрд. теңгеден асып жығылды.
Аймақтың қалған ірі кәсіпорындарындағы сатып алуларда жергілікті мазмұнның үлесі 84,5 пайыз деңгейінде болып, 4,9 пайыздық өсімді көрсетті.
Мемлекет басшысының «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылымын дамыту және оның аумағында орналастыру үшін жобалар іздестіруге қатысты тапсырмаларын орындау жөніндегі мақсатты жұмыстар жүргізілуде.

Бизнес
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру қолға алынған кезден бастап, облыста жалпы сомасы 78,2 млрд. теңгені құрайтын 442 жоба қолдау тапты. Оның ішінде, 2014 жылы сомасы 12,5 млрд. теңге болатын 120 жобаға қолдау білдірілді. Нәтижесінде, қолданыстағы 39,5 жұмыс орны сақталып, 10 мыңға таяу жаңа жұмыс орындары (оның ішінде, 2014 жылы 2,9 мың жұмыс орны сақталып, 1417 жаңа жұмыс орындары құрылды) ашылды.
2015-2019 жылдарға арналған инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі – индустриялық және туристік инфрақұрылымдарды дамыту, сондай-ақ, кәсіпкерлік субъектілерінің іскерлік белсенділігін қолдау болып табылады. Біздің облыста индустриялдық аймақтардың 8 тұжырымдамасы әзірленген. Олар 4 мың жаңа жұмыс орны құрылатын 54 кәсіпорынды ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, облыс аумағынан өтетін жол қапталдарындағы бизнесті, автокөлік пен теміржол магистралдары төңірегіндегі қосалқы және сервистік нысандарды, соның ішінде, жаңа нысандарды дамыту жоспары әзірленген.
Мемлекет басшысының Жолдауындағы осы бағытты жүзеге асыру, түптеп келгенде, аймақтың ішкі өнімінде шағын және орта бизнестің үлесін арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күннің өзінде аймақта шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді нысандарының саны 65 мыңнан асады. Оларда 229 мың адам жұмыспен қамтылған, яғни, 2013 жылға шаққанда – 101,2 пайыз. Өндірген өнімінің көлемі – 461 млрд. теңге.

Агроөнеркәсіптік кешен
Ауыл шаруашылығы туралы айтар болсақ, 2014 жылы бұл саланың жалпы ішкі өнім көлемі 142,8 млрд. теңгені құрады. Ет өндіру көлемі 4,5 пайызға артып, 122 мың тоннаны құраса, сүт – 3,7 пайызға (383,5 мың тонна), жұмыртқа өндіру 10,9 пайызға (614,9 млн. дана) артқан. Малдың саны да артқан.
«Сыбаға» бағдарламасы арқылы 6115 сиыр және 287 асыл тұқымды бұқа сатылып алынды, 532 шетелдік селекция малы әкелінді. 2500 орындық жемдеу алаңдары құрылды.
Астық өндірісі 650,8 мың тоннаны құрады. Табиғаттың қолайсыздығына орай, бұл 2013 жылмен салыстырғанда төмен көрсеткіш.
Жиналған картоп көлемі – 289,6 мың тонна, көкөніс – 90,7 мың тонна.
Дәнді-дақылдар егу, ылғалды ресурстарды үнемдеу технологиясы бойынша картоп және көкөніс егу алаңдарының көлемін арттыру, ауыл шаруашылық техникаларын жаңарту, егістік жерлерін тыңайту мақсатында жұмыстар жүргізілді.
Осылайша, ылғалды үнемдеу технологиясын пайдалану алаңы 2013 жылмен салыстырғанда, 7 пайызға артып, 471 мың гектарды құрады.
2014 жылдың қорытындысы бойынша, тамақ өнімінің (сусындарды қоса есептегенде) жан басына шаққандағы көлемі 102,1 пайызды құрады. Өнімнің өндіріс көлемі – 84,1 млрд. теңгеге тең, 2013 жылмен салыстырғанда 4,9 млрд. теңгеге артық.
Қалалар мен аудандардағы халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында 355 ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізілді.
АӨК саласында 36,9 млрд. теңгеге 50 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде, 22-сі Идустрияландыру картасына енген.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыста жерді тіркеу бойынша жұмыстар жүргізілді.
2011-2013 жылдары анықталған 1464,5 мың гектар пайдаланусыз жатқан жердің:
1 млн. 310,4 мың гектары бойынша мәселелер толықтай шешілді (898,3 мың гектар жерді игеру жұмыстары басталса, 412,1 мың гектар жер мемлекетке қайтарылып берілді).
61 мың гектар пайдаланусыз жер бойынша құжаттар Аймақтық жер инспекциясы мен сот органдарына жіберілді.
Мемлекетке қайтарылған 412,1 мың гектар жерден 268,5 мың гектар жер жер пайдаланушыларға қайта бөлініп берілді, оның ішінде егістік жер көлемі – 36,8 мың гектар.
Ауыл шаруашылығы айналымына жоспарланған 622,1 мың гектар жердің орнына, 964,1 мың гектар жер қолданылды.
Тұрғындар алдындағы негізгі міндеттеріміздің бірі – инфляцияны тұрақтандыру.
Ауыл шаруашылығының негізгі өнімдеріне бағаның мерзімдік ауытқуын төмендету үшін 355 ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізіліп, нарық бағасынан төмен бағамен 1,8 млрд. теңгенің өнімі сатылды.
Облыстың сауда-саттық кәсіпорындарымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын көтермеу туралы меморандумдарға қол қойылды. 43 әлеуметтік павильон жұмыс істейді.
Азық-түлік қорын тұрақтандырудың 2014-2015 жылдарға арналған аймақтық қоры құрылды. 1330 тонна көкөніс өнімі сатып алынды.
Ірі тасымалдаушылармен 1193 тонна тағам өнімдерін тасымалдау бойынша келісім-шарт жасалды.
Аудан, қала әкімдіктерінің өтініштеріне орай және Қарағанды қаласының әлеуметтік павильондары мен супермаркеттерінің сауда желілері арқылы бүгінгі күні 300 тоннадан астам өнім саудаға шығарылды.
Атқарылған істердің нәтижесінде, тұтыну бағасының индексі өткен жылдың желтоқсан айында, Үкіметтің бағамдауына сәйкес 108 пайызды құрады.

Құрылыс
2014 жылы әлеуметтік маңызы бар нысандар мен тұрғын үй құрылысына бюджеттен 23 млрд. 964 млн. теңге қарастырылған болатын. Жыл қорытындысы бойынша, әлеуметтік маңызы бар 13 нысан іске қосылды. Оның ішінде, білім беру саласының 8 нысаны – 4 балабақша, 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені және 2 денсаулық сақтау мекемесі.
Облыстық кардиохирургиялық орталықтың хирургиялық блогы іске қосылды. Бұл облыс орталығында жүрекке жасалатын оталардың санын арттыруға мүмкіндік береді.
Ағымдағы жылы Қарағанды қаласындағы 200 орындық облыстық көпсалалы балалар ауруханасының құрылыс жұмыстары жалғасын табады.
Белгілі болғандай, Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айқындалған Қазақстанның инфрақұрылымдық дамуының басым бағытының бірі – тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту.
«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын жүзеге асырудың 2014 жылғы қорытындысы бойынша, өңірде 315,5 мың шаршы метр (2 432 пәтер) тұрғын үй қолданысқа берілген. 2013 жылмен салыстырғанда, 105,5 пайыз.
Су тасқынынан зардап шеккен Көкпекті кентінің тұрғындары үшін жалпы көлемі 4128 шаршы метр 49 тұрғын үй (56 пәтер) салынғанын атап өткен дұрыс.
«Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы бойынша бюджет трансферттерінің есебінен Абай, Қаражал, Жезқазған, Саран, Шахтинск қалаларының инженерлік инфрақұрылымын дамытудың әлеуметтік жобалары іске асырылды.
Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында Қарағанды қаласының Пришахтинск бөлігіндегі М8 жылу магистралі учаскелерін қайта жөндеу және Саран қаласы жылу жүйесінің құрылысы бойынша жұмыстары жалғасады. Топар кентінде ҚарГРЭС-2 магистральді жылу жүйесін қайта жөндеуге жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.
Биылғы жылы Қарағанды, Балқаш, Жезқазған қалалары мен Абай, Бұқар жырау және Жаңаарқа аудандарындағы 2014 жылдан ауысқан әлеуметтік маңызы бар нысандар құрылысы жалғасады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
Мемлекеттік бағдарламалар аясында 2014 жылы Қаражал қаласындағы 7 әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық нысанның жылумен қамту жүйесіне қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Приозерск, Абай қалалары мен Молодежный кентінде жылу жүйелері жөнделіп, Абай ауданы, Вольный кентінде көшені жарықтандыру жұмыстары атқарылды.
Биылғы жылы Қарағанды, Жезқазған, Балқаш қалаларының жылу-электростанцияларындағы жабдықтарды жаңарту жұмыстары аяқталады. Ол жыл соңында электр энергиясын өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
2014 жылы Энергоүнемдеудің кешенді жоспарын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жалғасын тапты. Нәтижесінде, үнемдеу көлемі:
– 228 млн. теңгеге – 16,3 млн.кВт/сағ электр энергиясы;
– 119 млн. теңгеге – 70 мың Гкал. Жылу энергиясы;
– 64 млн. теңгеге – 750 мың текше м. суды құрады.
«Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы аясында Абай қаласында 3 саябақ абаттандырылып, 19 апаттық тұрғын үйге жөндеу жүргізілді. Балқаш қаласында 14 аула абаттандырылып, Жезқазған қаласында 10 балалар алаңы орнатылды. Теміртау қаласында далалық жарықтандыру қалпына келтіріліп, Шахтинск қаласындағы Тәуелсіздік саябағы абаттандырылды.
Биылғы жылы да саябақтарды, аулаларды абаттандыру жұмыстары мен моноқалалардағы апатты үйлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Жергілікті билік өкілдері тұрғын үй қорын сақтау бойынша іс-шаралар жүргізді. 2014 жылы 844,5 млн. теңгеге 50 көппәтерлі тұрғын үйге жөндеу жүргізілді. Тұрғындардың қайтарымды қаражаты есебінен тағы да 9 үйге жөндеу жұмыстары аяқталды. Күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум нысандары бойынша 2011 жылмен салыстырғанда, 2014 жылғы үстемақы 45 пайыздан 34 пайызға дейін төмендетілді.
Облыс тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – біздің жіті назарымызда.
Есепті жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында Қарағанды, Жезқазған, Сәтбаев, Приозерск қалалары мен Ақтоғай, Бұқар жырау, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарының селоларында 21 жобаны жүзеге асыру жұмыстары жүргізілді.
Жыл қорытындысы бойынша, қалаларда 67 шақырым су желісі қайта жөнделді және салынды, ал, селолық жерлерде – 135 шақырым.
Нәтижесінде, бүгінгі күні орталықтандырылған су желісіне 223 селолық елді мекен немесе 53 пайыз, яғни, жартысынан астамы қол жеткізді. Орталықтандырылған су жүйесіне қолжетімділік қалаларда 85 пайызды құрайды.
Өткен жылдың 30 тамызындағы Қарағанды облысына сапарында Мемлекет басшысы 2014-2015 жылдардағы жылу маусымын сапалы және үздіксіз өткізуді тапсырды.
Осыған орай, күзгі-қысқы мерзімге өмір сүру нысандарын әзірлеу үшін 2014 жылы 49 млрд. теңгеден астам қаражат жұмсалды. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда, 17 млрд. теңгеге артық.
Қала, аудандардағы жылу беру маусымы өз уақытында басталып, тұрақты өтуде. Барлық жылу көздері жылу берушінің нормативтік параметрлерін сақтай отырып, қалыпты режимде жұмыс істеуде және жанармайдың нормативті қоры бар.

Көлік және байланыс
Белгілі болғандай, экономиканы дамытудың маңызды аспектілерінің бірі – көліктік инфрақұрылымды дамыту мен жетілдіру.
2014 жыл осы мақсатқа 31 млрд. 371,3 млн. теңге бөлініп, соның есебінен 770 шақырым автомобиль жолдары жөнделді.
Жақын уақытта облыс орталығын Ақтоғай ауданы арқылы Балқаш қаласымен, Шахтинск қаласы арқылы Киевка кентімен байланыстыратын жолдарға толықтай асфальт-бетонды жамылғы төселетін болады. Осылайша, облыстың «жол шеңбері» тұйықталып, аймақтың экономикалық байланысын дамытуға оңтайлы жағдай тудырады.
2013 жылдан бастап, облыстағы Анар-Осакаров, Осакаров кенті арқылы жүретін Осакаров-Батпақ, Батпақ-Теміртау учаскелерінде Орталық-Оңтүстік көлік дәлізін қайта жөндеу бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылуда.
Қарағанды – Астана автожолын қайта жөндеу үшін 2014 жылы 15 млрд. 718 млн. теңге жұмсалды.
2014 жылғы жүк айналымы көрсеткіші 2013 жылмен салыстырғанда – 4 пайызға, жолаушы тасымалы 9,5 пайызға артты.
Жолаушы тасымалдауды көліктің барлық түрімен жүзеге асыруды дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Қарағанды-Жезқазған» бағыты бойынша қосымша екі пойыздың қозғалысы ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, әлеуметтік маңызы бар, субсидияланатын әуе рейстері «Қарағанды – Жезқазған», «Қарағанды – Балқаш» бағытын қамтуда.
«Қарағанды – Астана» бағыты бойынша жылдам, қолайлы электропойызы жаңадан жүргізіле бастады.
Телекоммуникация саласына тоқталсақ, 2014 жылы тіркелген телефон желілерінің саны – 427 мың бірлікті, ғаламтор абоненттерінің саны 146,7 мың бірлікті құрады. Барлық 420 селолық елді мекен телефон желісіне қосылған.
Сондай-ақ, облыс аумағында «Отау ТВ» ұлттық спутниктік тележобасын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні 45 мың үй қосылған.

Жұмыспен қамту
Біздің іс-әрекетіміздің басым бағыттарының бірі – халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, әлеуметтік міндеттемелерді орындау.
Есепті мерзімде 41 мың жұмыссыз адам жұмыспен қамтылды.
Облыстың 12 мың тұрғыны «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты.
Өткен жылы 776 мүмкіндігі шектеулі жан жұмысқа орналастырылып, 300-ден астамы қоғамдық жұмыстарға қатысты, 400 адам Жұмыспен қамтудың жол картасына қатысты.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындай отырып, Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Қарағанды облыстық филиалы арқылы 12,6 млрд. теңгеден астам сомадағы 617 мың әлеуметтік төлем 288 мың зейнетақы және жәрдемақы алушыға төленеді.
Зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу ағымдағы ай үшін уақытылы жүргізіледі. Төлем бойынша қарыздар жоқ.

Білім беру
Біздің басты міндеттеріміздің бірі – сапалы білім беру. 2014 жылы облыстағы білім саласының бюджеті 68,6 млрд.теңгені құрады. Бұл болса, 2013 жылмен салыстырғанда 9,4 пайызға артық.
Апатты жағдайдағы мектептерді азайтуға қатысты шаралар жүргізілді. 2014 жылдың басында облыста мұндай 3 апатты мектеп болды, атап айтқанда, Осакаров ауданының Осакаровка кентінде, Ұлытау ауданының Бетбұлақ ауылы мен Абай ауданының Құрма ауылында. Былтырғы жылдың желтоқсанында Осакаровка кентінде 600 орындық мектептің құрылысы аяқталды. Ал, Ұлытау және Абай аудандарындағы апатты мектептердің орнына салынып жатқан мектептерді биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.
Сондай-ақ, 6 балабақшаға, 5 жалпы білім беретін мектепке, өнер мектебіне, жатақханасымен колледжге және 2 жапсарлас құрылыс жүргізіліп, қайта жөндеуден өтті. 22 мектепте күрделі жөндеу жасалды.
Ал, мектепке дейінгі білім беруге келетін болсақ, 2014 жылы облыста бір жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 87 пайызды құрады, ал, 3 жастан 6 жасқа дейін – 98 пайыз.
«Балапан» бағдарламасы аясында негізінен шағын орталықтарды дамыту есебінен 11 мыңнан астам орын құрылды (шағын орталықтар - 82 пайыз, балабақша – 18 пайыз).
Облыста 539 жалпы білім беретін мектеп бар. Даму болашағы жоқ елді мекендердегі шағын жинақы бастауыш мектептерді таратуға байланысты оның саны 2013 жылмен салыстырғанда 8-і кеміді.
Білім ұйымдарын ақпараттандыру бойынша жұмыс оқушылар санын бір компьютерге 6,3-тен 5 адамға дейін азайтуға мүмкіндік берді (республикалық көрсеткіште – 13), алмастыруды қажет ететін компьютерлік техника – 11,5 пайыздан 7,9 пайызға дейін кеміді (республикалық көрсеткіште – 25 пайыз). Кең жолақты ғаламторға қосылу 81 пайыздан 82 пайызға өсті (республикалық көрсеткіште – 77,8 пайыз). Жаңа модификациямен кабинеттердің жабдықталуы 52,5 пайыздан 57,7 пайызға дейін артты.
Оқушыларды заманауи жобалау мен бағдарламалауға тарту үшін, сондай-ақ, инженерлік және ғылыми-техникалық біліммен қамтамасыз ету үшін облыс мектептерінде роботтехника курсын енгізу бойынша жұмыстар бастау алды.
Аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларды қолдау үшін 2014 жылы жалпы білім беру қорына бюджеттен 726,8 миллион теңге салынған болатын. Аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балалар 100 пайыз ыстық тамақпен қамтылған.
Білім беру жүйесінің аса өзекті мәселесінің бірі мектептердің 46,5 пайызы шағын жинақы болып табылатын ауылдық өңірлерде білім сапасын арттыру болып табылады. Бұл мектептердің мәселесін шешу үшін облыста 12 ресурстық орталық қызмет етеді, олар түрлі деңгейдегі 51 шағын жинақы мектептерді біріктіреді. Сонымен қатар, 12 шағын жинақы мектептерді қамтыған 4 ресурстық орталық ағымдағы оқу жылы ашылды. 2015 жылы тағы 9 ресурстық орталық ашу көзделуде.
Сабақ беру деңгейін арттыру және мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар атқарылды. Өткен жылы 2560 педагог біліктіліктерін көтерді.
Инклюзтивті білімді енгізуге баса назар аударылды. Мысалы, Қарағанды қаласындағы №27 орта мектеп базасында «Бейімді мектеп – баршаға ортақ мектеп» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жобаның міндеті – мүмкіндігі шектеулі оқушылар арасында олардың дамуына кедергі келтірмейтін орта қалыптастыру, қосымша білім беруді және түзету-дамыту үрдістерін ұйымдастыру.
Техникалық және кәсіби білім беруде мамандарды дайындау 16 сала, 105 мамандық, 191 біліктілік бойынша 74 коллежде жүргізілуде. Білім беру гранты бойынша оқитындардың саны 23 240-тан 23 616 адамға өсті. Колледж түлектерінің мамандық бойынша жұмысқа орналасу көрсеткіші 52 пайыздан 53,7 пайызға көбейді. Дуальдік білімді енгізіп отырған колледждердің үлесі 23 пайыздан 36 пайызға дейін артты. 2015 жылдың соңына қарай бұл көрсеткішті 40 пайызға дейін жеткізу жоспарлануда.
Нұра, Осакаров және өзге де аудандарға мамандар дайындауды қамтамасыз ету үшін өткен жылы Нұра ауданының Киевка кентінде 200 оқушыға арналған колледжбен бірге 100 орындық жатақхана пайдалануға берілді.

Денсаулық сақтау
2014 жылы бұл саланың бюджеті 53,9 млрд. теңгені құрайды, ол 2013 жылмен салыстырғанда 5 пайызға артық.
Облыстың мемлекеттік медициналық ұйымдарын медициналық жабдықтармен және медициналық құралдармен жабдықтау 63 пайызды құрады. Ағымдағы жылы денсаулық сақтау ұйымдарының материалды-техникалық базасын жақсарту үшін 2 млрд. 716 млн. теңге бөлінді.
«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020», «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы аясында және облыстық бюджет есебінен 9 денсаулық сақтау нысаны 459,8 млн.теңгеге жөндеу көрді.
2014 жылы тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 2,2 млрд. теңге бөлінді, бұл арқылы 36 дерт түрімен диспансерлік тізімде тұрған 330 мың науқас тегін медициналық дәрі-дәрмекпен қамтылды.
Мамандарды тарту және оларды орнықтыру бойынша шаралар қолға алынды. Былтырғы жылы 143 жас маман жұмысқа кірісті (оның 23-і ауылда). Дәрігер маманға сұраныс 297-ден 146 адамға азайды.
Жүргізіліп отырған жұмыстардың нәтижесінде «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының индикаторы болып табылатын тұрғындардың негізгі денсаулық көрсеткіштері жақсарды.
Жалпы өлім-жітім 7,5 пайызға төмендеді, сәбилер өлімі 4,3 пайызға азайды. Туберкулезбен, қатерлі ісіктің пайда болуынан, қан айналымдарымен ауыру және қайтыс болу кеміді.
Облыстық денсаулық сақтауды дамытудағы басты бағыттарының бірі биылғы жылы да медициналық қызметтердің сапасын арттыру, диагностика және емдеуде жаңа технологияларды енгізу және дамыту, бюджеттік қаражатты мейлінше тиімді пайдалану, медициналық ұйымдардың ресурс сақтауда жаңа технологияларды пайдалана отырып, тұрақты қызмет етуі болмақ.

Дене шынықтыру және спорт
Қарағандылықтардың спорттық биік жетістіктерінің деңгейін әлемдік спортта қолдай отырып, облыста жоғары сыныпты спортшыларды дайындауға және бұқаралық спортты, балалар мен жасөспірімдер спортын қолдауға ілкімді жұмыстар жүргізілуде.
2014 жылы облыстың 50 мыңнан астам спортшысы түрлі деңгейдегі 632 жарысқа қатысып, 7 227 медальді иеленді.
Өткен жылдың спорттағы маңызды оқиға Қытайда өткен ІІ Жасөспірімдер Олимпиада ойындары болды. Онда біздің спортшылар Абылайхан Жүсіпов (бокс) және Қуатбек Мұхамбет (еркін күрес) алтын медаль алды.
2013-2014 жылдардың маусымында «Сарыарқа» хоккей клубы ЖХЛ - «Братина» кубогының, ал, 2014-2015 жылдардағы жаңа маусымда – маусым ашу Кубогының иегері атанды. Қазіргі таңда «Сарыарқа» ХК турнирлік кестенің бірінші орнында тұр және бұл маусымның плей-офф ойындарынан өзіне орынды ойып алды.
Қарағандыдағы даңқты спорттық оқиға - велоспорт бойынша Азия Чемпионатының өтуі. Онда Азия континентіндегі 29 елдің 240 спортшысы қатысты.
Спорттың дамуындағы негізгі көрсеткіш болып, дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын тұрғындарды қамту табылады. Қарағанды облысында бұл көрсеткіш есепті кезеңде 28,2 пайызды құрады. Бұл – облысымыздың 400 мыңға жуық тұрғыны.
Өткен жылы облыста 2985 спорттық-бұқаралық шаралар өткізілді. Оған 316 782 адам қатысты, оның арасында 34 613 адамды қамтыған 9 облыстық спартакиада бар. Облыста 2766 спорттық нысан жұмыс істейді. Оның 1053-і – ауылдық жерлерде. 2014 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы барып көрген «WorldClass» фитнес клубы, «Баскет-Холл» спорттық-сауықтыру кешені және «AerofitClub» спорттық-сауықтырудың 2 кешені, сондай-ақ, 39 көпсалалы корт және 19 спорт алаңы пайдалануға берілді.
2 дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы аяқталды (Ақтоғай ауылы мен Балқаш қаласында). 2015 жылы Қарағанды қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешені (жүзу бассейні бар) пайдалануға беріледі.
2014 жылдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысы республика бойынша «Үздік спортты аймақ» деп танылды.
«Шахтер» футбол клубын қаржыландыруда орын алған проблемаларға қарамастан 2014 жылы клуб Еуропа Лигасы УЕФА-ға қатысты. Қазақстан Республикасының Премьер-Лигасында команда алтыншы орынды иеленді.
Қазіргі таңда команданың құрамы жартылай жаңарды. Команданың бас жаттықтырушысы ретінде біздің жерлесіміз, қарағандылық болғаны қуантады.
«Арыстан» хоккей клубына, «Тұлпар» шағын футбол клубына, «Қарағанды» воллейбол спорттық клубына қолдау көрсетілуде.
Жаңа маусым табысты болады деген үміттеміз.

Жастар саясаты
Мемлекет басшысы өзінің кезекті Жолдауында «...жастар болашағымыздың тірегі! Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! «Нұрлы Жол», міне, біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы» деп баса айтты.
Облыстағы 14 пен 29 жас аралығындағы жастар 360 мың адамды құрайды, бұл тұрғындардың 25,9 пайызы. Жастардың өзін-өзі көрсетіп, ой-өрісінінің деңгейін көтеру үшін Облыстық жастар орталығы әрекет етеді. Облыстың барлық өңірлерінде – жастардың ресурстық орталықтары және 80-ге жуық жастардың үкіметтік емес ұйымдары бар.
Жұмыспен қамтуды шешу үшін тұрақты түрде вакансиялар жәрмеңкелері ұйымдастырылады, студенттердің құрылыс және «Жасыл ел» еңбек жасақтары құрылды. Бұдан бөлек, zhasmaman.kz электронды еңбек биржасы іске қосылды, балалар үйінің түлектерін әлеуметтік бейімдеу қызметі ұйымдастырылған. Барлығы 19 мың жас жұмысқа орналастырылды, ол жұмысқа орналастырылғандарың 45 пайызы.
Жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, оларға әлеуметтік көмек көрсету ұдайы бақылауда. Есепті мерзімде жас отбасыларына 197 пәтер берілді, оның 99-ы жалға берілетін үй. 144 пәтер жетім балалар мен ата-ана қамқорынсыз қалғандарға табысталды.
2015 жылы жастар өміріндегі маңызды жайт – Жастарға қызмет көрсету орталығының ашылуы болады. Онда барлық қызмет түрі көрсетілмекші: тұрғындарға қызмет көрсету орталығы, жұмыспен қамту орталығы, мемлекеттік тілді үйрету кабинеттері, психологиялық көмек кабинеті, заң көмегін көрсету қызметі және т.б.

Тілдерді дамыту
Аймақта мемлекеттік тіл саясаты мен «Үш тұрғырлы тіл» мәдени жобасын жүзеге асыру бойынша мақсатты жұмыстар жүзеге асуда. Жыл бойына оқыту орталықтары мен облыс курстарында мемлекеттік тілге 2000 адам, ағылшын тіліне 1038 адам оқытылды. Биылғы жылы мемлекеттік тілге 2600-ге жуық, ағылшын тіліне – 1600 адамды оқыту жоспарлануда.
2013 жылмен салыстырғанда мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 4 пунктке өсіп, 62 пайызды құрады. 2015 жылы 72 пайызға жету жоспарлануда.

Мәдениет
Өңірдің мәдениет саласында да өркенді өзгеріс нышаны байқалады.
Есепті кезеңде 30-дан астам фестивальдар мен байқаулар ұйымдастырылды. Оның ішінде, «Әуенді Сарыарқа» халықаралық фестивалін, Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық байқауын және «ДосStar» IV фестивалін ерекше атауға болады.
Ел өміріндегі елеулі мәдени шара ретінде ҚР Халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің Қарағандыда өткен шығармашылық кеші және «Жұлдыздар аллеясында» оның жұлдызды тақтасының ашылуы облыс тұрғындары үшін ұмытылмас сәт болды. Басқа да ауқымды шаралар тізбегін тың және тыңайған жерлердің игерілуіне арналған «Туған өлке – тың дала» атты республикалық ғылыми-теориялық конференциясы, «Сандық дәуірдегі кітапхана. Электронды қызмет көрсету және сервис» атты VI Жазғы Интернет-университет, «Astanaballet» опера театры хореографиялық ұжымының гастрольдік сапары және «Көшбасшы жолы» киноэпопеясының «Тығырықтан жол тапқан» сериясының көрсетілімі толықтырды.
2014 жылы мәдениет ошақтары 1 миллион 294 мың адамға 2638 қойылымдар мен концерттер ұсынған. Сондай-ақ, қарағандылық театрлар мен өнер ұжымдарының Қазақстан аймақтарына, алыс-жақын шетелдерге гастрольдік сапарлары ұйымдастырылды. Ал, клубтар мен мәдениет үйлері 32 мыңнан астам мәдени шаралар ұйымдастырып, бұқаралық шараға 7 миллионнан астам көрермен қатысты.
«2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында» Жезқазған қаласындағы С.Сейфуллин атындағы әмбебап кітапхана және Халықтар достығы мен мәдениеті үйінің ғимараты жөнделді. Сонымен қатар, тағы 6 мәдениет нысанының жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінді.

Қоғамдық тәртіп
Облыс аумақтарында қоғамдық тәртіпті нығайту мақсатында тиімді әрі жоспарлы шаралар жүргізіліп келеді.
Есепті кезеңде ішкі істер органдарының жұмысын жандандыру, материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету және нығайту үшін 11 миллиард теңгеден астам қаржы бағытталды.
Тиімді және жоспарлы жұмыс жүргізуде қоғамдық тәртіпті нығайту бойынша қылмыстың алдын алу және қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен, есірткі бизнесімен, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықпен күрес, экстремизм және терроризмді анықтау аймақтық бағдарламалары, жол-көлік қозғалысының қауіпсіздігі бағдарламасы жасалып, жүзеге асырылуда.
Облыс әкімдігі ішкі істер департаментімен бірлесе отырып, құқық қорғау бағытындағы қоғамдық желі ауқымын кеңейту мақсатында «Қауіпсіз аула» жобасын жүзеге асыруды қолға алды. Аталмыш жоба бөгденің мүлкіне қол сұғу фактілеріне тосқауыл қоюда және құқықбұзушылыққа «нөлдік төзімділікті» қалыптастыруда өзінің тиімділігін көрсетіп отыр.
Күн сайын облыс аумағында 156 жаяу наряд топтары, 118 автопатруль қоғамдық қауіпсіздік күзетіне шығып, криминогендік аймақтардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп келеді. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық гвардиясы 520 әскери қызметкерінің қоғамдық қауіпсіздік күзетіне шығуы қамтамасыз етілген. Ал, Қарағанды, Шахтинск қалалары аумағындағы қауіпсіздікті нығайтуға 3 күзет қызметі субъектісінің («ЖеделКүзет» ЖШС, «ЖеделСақшы» ЖШС, «Центурион» ЖШС») патрульдік топтары тартылды.
Облыстық бюджет қаржысына учаскелік инспекторлар үшін 12 «Нива» автокөлігі және 2 «Ураган» арнаулы автокөлігі сатылып алынды.
Сонымен бірге, бейнебақылау камераларын сатып алуға қомақты қаржы бағытталды.
Құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы кешенді шаралар жалпы қылмыстың тіркелуін 18,9 пайызға (28 385-тен – 23 014-ке дейін) төмендетуге ықпал етті. Мәселен, қарулы шабуыл – 16,6 пайызға, тонау – 22,7 пайызға, бөтеннің мүлкін ұрлау – 6,9 пайызға, бұзақылық – 9,1 пайызға, автокөлік құралдарын ұрлау – 22,2 пайызға кеміген.
Облыс аумағындағы автожолдардағы жол-көлік оқиғаларының тіркелуі де 10,3 пайызға (1034-тен – 927-ге дейін) кеміп отыр.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесіне баса назар аударылды. 2014 жылы тәртіптік кеңестің ұсынысы бойынша 53 мемлекеттік қызметші жауапкершілікке тартылып, оның 15-інің әрекетінде сыбайлас жемқорлық фактісі нақтыланды.
Қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мақсатындағы іс-шаралар нәтижесі бойынша мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен аудан, қала әкімдерінің есебі тұрақты тыңдалып отырады. Осы бағыттағы комиссиялардың отырыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің және қарапайым тұрғындардың қатысуымен комиссия отырыстарын аудан, қалаларда көшпелі формада өткізуді қолға алдық.
Қала, аудан әкімдеріне сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстардың алдын алу мақсатындағы жұмыстарға тікелей өздері басшылық жасау тапсырылды.

Бұқарамен байланыс
2014 жылы облыс әкімінің аппаратына жергілікті тұрғындардан 2450 (2013 жылы – 2325) талап-тілек келіп түскен және 126 тұрғын облыс әкімінің қабылдауында болды. Барлық сұрақтар бойынша нақты шешімдер қабылданып немесе тиісті түсінік берілді. Келіп түскен сұрақтардың басым көпшілігі баспана алу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметін жақсарту мәселелерін қамтыған.
ҚР Президентінің тапсырмасына орай, облыс әкімдігі ғимаратына азаматтардың талап-тілектері мен өтініштерін қабылдауға арналған жәшік қойылды.
Есепті кезеңде облыстың барлық қалалары мен аудандарына 80-нен астам жұмыс сапарларын жасадым. Оның ішінде кейбір аймақтарға сапарым бірнеше рет қайталанды. Бұл сапарларым мақсатты мазмұнға ие болып, екі бағыттағы міндеттерді айқындауға септігін тигізді: біріншіден, жергілікті деңгейдегі ахуалмен танысу, екіншіден, тұрғындарды алаңдатып жүрген өзекті мәселені мүмкіндігінше орнында шешу.
Сапар кезінде мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру барысы талқыланып, тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылды. Аталған кездесулерде азаматтарды баспанамен, бүлдіршіндерді балабақшамен қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын ашу, қалалар мен кенттерді көркейту секілді мәселелер талқыға түсті.
Сондай-ақ, 70-тен астам өндірістік, әлеуметтік нысандарда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтарында болып, олардың жұмысымен, болашақтағы жоспарларымен таныстым.
Сонымен қатар, әртүрлі мәселелерді салмақтаған 148 мәжіліс өткізіліп, орталық атқарушы орган басшыларымен, Парламент депутаттарымен, шетелдік делегация және жұртшылық өкілдерімен 37 кездесу ұйымдастырылды.

Мемлекеттік қызмет көрсету
Ашық әрі баршаға тең дәрежеде мемлекеттік қызмет көрсету және мемлекеттік қызметті тұтынуға қолжетімділікті қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру – мемлекет алдындағы негізгі міндеттеріміздің бірі.
Облыс аумағында мемлекеттік қызметтің 130 түрі көрсетіледі. 2014 жылы жергілікті атқарушы билік органдары халыққа 4 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті. Бұл көрсеткіш – өткен жылмен салыстырғанда, 5,3 пайызға артық.
«Электрондық үкімет» нұсқасындағы мемлекеттік қызмет ауқымын кеңейтуге және жаппай электрондық сандық қол нұсқасын енгізуді үйлестіруге көп көңіл бөлінуде. Нәтижесінде, электрондық үкімет қызметін тұтынушылар саны күрт өсті. Мәселен, 2013 жылы электрондық үкімет порталы қызметіне 11 мың адам жүгінсе, 2014 жылы бұл көрсеткіш 143 мың адамға жетті.
Бірыңғай электрондық нұсқаға көшкен мемлекеттік қызмет түрінің саны да артып отыр. Бүгінгі таңда олардың саны 43-ке (2013 жылы – 35) жетті.

Кадр саясаты
Есепті кезеңде облыс әкімдігі жас мамандарды мемлекеттік қызметке тарту арқылы жаңа қоғамның көшбасшыларын қалыптастыру мақсатында жаңа үлгідегі кадр саясатын жүргізуге жете көңіл бөлді. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, облысымызда кадрларды алмастыру үрдісі жалғасын табуда. Орталық басқару аппаратынан білікті мамандар жауапты лауазымдарға шақырылды. Мысалы, бұған дейін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған А.Дүйсебаев облыс әкімінің бірінші орынбасары лауазымына келді.
Жергілікті мамандардың әлеуетін арттыру мақсатындағы жұмыстар да мазмұнды жүргізілуде. Облыс, қала, аудан әкімдіктерінің әлеуетін арттыру мақсатында ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен облыс әкімінің екі орынбасары, «А» корпусы кадрлық резерві арқылы Балқаш, Жезқазған, Саран қалаларының және Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданының әкімдері тағайындалды.
2014 жылы ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясында 51 мемлекеттік қызметші қайта даярлау курстарынан өтіп, оның ішінде 11-і «А» корпусының кадрлық резервіне қабылданды. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі Аймақтық Орталық арқылы облыс бойынша 1436 мемлекеттік қызметші қайта даярлау курстарынан өтті.

Ішкі саясат
Ішкі саясат саласында қоғамдық тұрақтылықты сақтау және қамтамасыз ету мәселесіне баса көңіл бөлініп отыр.
2014 жылы облыс аумағында 2 мыңнан астам қоғамдық маңызы бар іс-шара ұйымдастырылып, олардың барлығы бейбітшілік пен жаңару, ұлтаралық және конфессияаралық келісім идеяларын қуаттауға бағытталды.
Естеріңізде болар, есепті жыл Қарағанды қаласының 80 жылдығымен, Қарқаралының 190 жылдығымен, Ұлытау ауданының 75 жылдығымен және Саран, Жезқазған қалаларының 60 жылдық мерейтойларымен дараланды.
Ішкі саясат мәселесін сөз еткенде, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы ынтымақтастыққа тоқталмай өту мүмкін емес. Есепті кезең ішінде үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жалпы құны 350 миллион теңге болатын 168 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Бұл жобалардың барлығы қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған.
Қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, конфессияаралық келісімді қолдау мақсатында діни экстремизм мен терроризмге қарсы бағытталған жұмыс жандана түсті.
Біздің облыс – республика бойынша ең ауқымды медиаорталықтың бірі. Облыс аумағында қызмет ететін 186 БАҚ-тың 78 пайызы – жекеменшік. БАҚ – қашанда атқарушы билік жұмысының айнасы, ал, сындарлы сын – мемлекеттік органдар жұмысының бағдары. Біз БАҚ беттерінде жарық көрген сыни материалдарға баса назар аударып, әрбір сынға қатысты тиісті тапсырмалар береміз. Олардың орындалу барысы мен сыннан қорытынды шығару мәселесіне тұрақты мониторинг жасалады.
Биылғы 2015 жыл ҚР Президенті Жарлығымен «Ассамблея жылы» болып жарияланды. Мерейтойлы жылдың маңызды оқиғалары қатарында ҚР Конституциясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы және Қазақ хандығының 550 жылдығы бар.
Біздің алдымызда осы аталған мерейтойларды жоғары деңгейде және идеологиялық мазмұнда ұйымдастыру міндеті тұр.

Қадірлі жерлестер!
Біздің аймақтың жетістігі – халық еңбегінің нәтижесі. Біз көп жетістіктерге қол жеткіздік. Алдымызда одан да зор, одан да маңызды, барынша ауқымды міндеттер тұр.
Мемлекет басшысы өзінің «Нұрлы Жол» – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында: «Бүгінгі таңда жемісті еңбек ету үшін барлық жағдай жасалған», – деген болатын.
Олай болса, біздің алдымызда облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы негізгі көрсеткіштердің өсімін қамтамасыз ету міндеті тұр.
ҚР Үкіметі нақты шаралар кешенін әзірледі. Оның ішінде өндірістік кәсіпорындарға қолдау көрсету, мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту, инфрақұрылымдық жобалар құрылысын жетілдіру, тұрақты және уақытша жұмыс орындарын ашу жоспарлары бар.
Биылғы жылы жаңа бағдарламаларды жүзеге асыру кезеңі басталады. Бұл – 2020 жылға арналған Өңірлерді дамыту бағдарламасы, қызмет көрсету саласын дамыту бағдарламасы.
«Нұрлы Жол» бағдарламасы биылғы жылға жоспарланған жаңа экономикалық саясаттың негізгі тетігі болып қала бермек және ол инфрақұрылымдарды дамытуды қамтамасыз етуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталмақ. Бір сөзбен айтқанда, Елабсы Жолдауы – өңір экономикасының мультипликативтік нәтижесі.

Қарағанды облысының аса ауқымды экономикалық, ғылыми-техникалық және рухани әлеуеті аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша өңір алдында тұрған барлық міндеттердің сөзсіз жүзеге асатындығына негіз болады.

Дата cоздания: 29 Ақпан 2016 16:07
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 29 Ақпан 2016 16:11
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы