жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 19°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

2018 ж. 3 тоқсаны

Назад

Қарағанды облысы әкімі Е.Ж.Қошановтың 2018 жылғы 23 ақпандағы халық алдындағы есебі барысында келіп түскен халықтың ұсыныстары мен ескертулерін жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2018 жылдың 3 тоқсан қорытындылары бойынша орындалуы туралы ақпарат

Айтылған ескертулер/ұсыныстар (автор, мекенжай)

Ескертулерді/ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Орындау мерзімдері

Жауапты

Ескерту

1

2

3

4

5

6

1

Варганова Елена Петровна, Теміртау қаласының тұрғыны, «Отражение» ҚҰ төрағасы, №15 ОМ мұғалімі
Теміртау қаласының экологиялық жағдайы туралы

1. Қалдықтарды шығаруды бақылау датчиктерінің санын көбейту, әртүрлі ауа райы жағдайын, желдің бағытын ескере отырып, қалдықтарды шығару көлемін реттеу.
Олардың экологиялық қызметтер үшін қолжетімділігі қамтамасыз етілсін.

2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары
Шайдаров С.Ж./
Теміртау қаласының әкімі (Әшімов Ғ.А.) (жинақтау), Экология жөніндегі департамент (келісім бойынша) (Мұсапарбеков К.Ж.), табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы (Төлепбаев Р.М.), АҚ АрселорМиттал Теміртау (келісім бойынша),
мүдделі органдар

Атқарылып жатқан шаралар
Теміртау қаласында 185 859 адам тұрады.
Қаланың атмосфералық ауасын бұзудің негізгі көзі АҚ АрселорМиттал Теміртау (АҚ АМТ) болып табылады.
Теміртау қаласында 4 «Казгидромет» қызмет орны бар.
АМТ АҚ технологиялық үдерісті жүргізу және эмиссияны қадағалауға жедел шағылысу үшін №3 домна пешіне, №3 ЦОИ пешіне, бірінші және екінші конвертор цехына газоанализаторлар мен шаң өлшеуіш орнатылған.
Санитарлық-қорғау аумағының шекарасында үш стационарлы экологиялық бекетте қоршаған орта сапасын автоматты түрде бақылау мақсатында («TEMIRTAU ASSOCITES AND ANICILLARIES ЖШС аумағында, «Оқжетпес» ЖШС ауданында, Автокөлік басқармасының жол-саябақ участогының алаңында) «OPSIS» фирмасының автоматты бақылау аспаптары орнатылған.
ТЭЦ, ПВС және ТЭЦ-2 қазандық цехының газ тазартуларда автоматтандырылган мониторинг жүтесін орнатуға техниқалық тапсырыстар дайындалды, техниқалық сұрақтар жұмысты әлеуетті орындаушылармен шешілді, мердігерді аңықтау бойынша тендер жармаланды.

2. Теміртау қаласын экологиялық сауықтыру бойынша кешенді жоспар әзірлеу (соның ішінде ірі кәсіпорындарды жаңғырту, қаланы көгалдандыру).
Іске асыру барысы.

Сәуір
2018 жыл

Атқарылып жатқан шаралар
Теміртау қаласы бойынша қоршаған ортаны сауықтыру Кешенді жоспар әзірленді және бекітілді.
Мынадай бөлімдер кіреді:
- Атмосфераға ластандыратын заттардың эмиссиясын қысқарту;
- Энерготиімділік;
- «Жасыл белбеу» дамыту, көгалдандыру және абаттандыру;
- Тұтыну және өндірістік қалдықтарды басқару;
- Су қорларын қорғау;
- Қоршаған ортаның жағдайы бойынша мониторинг;
- Ақпараттық жұмыс
2018 жылға кешенді жоспарларды орындау аясында 7,2 млрд. теңге игерілді, 52 шаралар орындалуда.

3. Қаладағы экологиялық проблемаларды талқылау мәселелері бойынша халықаралық сарапшыларды тартумен дөңгелек стол өткізу

наурыз 2018 жыл

Атқарылған жұмыс
2018 жылғы 27 наурызда Теміртау қаласында «Қазақстан экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ бірге Теміртау қаласындағы және Қарағанды қаласындағы өнеркәсіптік қалалардағы экологиялық ахуалды сауықтыру бойынша дөңгелек стол өткізілді.
Проблемалық мәселелер белгіленді.
Пысықтау жүргізілуде.

2

Квитовская Ольга Александровна, Қарағанды қаласының тұрғыны
Тегін дәрілік препараттармен қамтамасыз ету туралы

1. Дәрілік заттарды тиісті уақытында қажетті көлемде жеткізу қамтамасыз етілсін

тұрақты

Облыс әкімінің орынбасары
Әбішев Ж.А./
Денсаулық сақтау басқармасы
(Нұрлыбаев Е.Ш.)

Атқарылып жатқан шаралар
2018 жылдан бастап дәрілік заттарды сатып алу және өңірлерге жеткізу жұмыстарын Денсаулық сақтау министрлігінің бірыңғай дистрибьюторы – «СК-Фармация» ЖШС жүзеге асырады.
2018 жылы амбулаториялық науқастарды тегін дәрілермен қамтамасыз етуге бөлінген қаржыландырудың жалпы көлемі 13,7 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылға қарағанда 5,5 млрд. теңгеге көп.
Қазіргі уақытта дәрі-дәрмектер бекітілген кестеге сәйкес толық көлемде жеткізілуде.
«СК-Фармация» ЖШС-мен жұмыстар одан әрі жалғасатын болады.

3

Әубәкіров Жалғас Сағындықұлы, «ОК ДЮСШ» КМҚК әдістемешісі, Қарағанды қаласының тұрғыны
Ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы

1. Профилактикалық және эпизодтыққа қарсы іс-шараларды тиісті уақытында өткізу.
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылауды қамтамасыз ету.

тұрақты

Облыс әкімінің орынбасары
Шайдаров С.Ж./
Ветеринария басқармасы
ұрсынбеков К.С.),
қалалар мен аудандар әкімдері

Атқарылып жатқан шаралар
Ағымдағы жылда ішкі сауда нысандарында 95 803 кг. ет, сүт және басқа да өнім түрлері тексерілді, оның ішінде: 13 712– сиыр еті, 2 727 - жылқы еті, 8 853 – қой еті, 12 296 - шошқа еті, 3 186 - құс еті, 35 962 – сүт өімдері, 10 449 - балық өнімдері, 7 717 - жұмыртқа, 901 - бал. Нормалардан ауытқу онықталмады.

4

Муштаева Татьяна Владимировна, Теміртау қаласының тұрғыны.
Бағалардың, соның ішінде коммуналдық қызмет көрсетулер бағасының өсуі туралы

1. Инфляцияны 5-7% белгіленген межеде ұстауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау. Инфляциялық процесстерді ұстау бойынша облыстық штаб пен жұмыс топтарының жұмысы жалғастырылсын.

тұрақты

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы (Тәуірбеков О.Қ.),
Облыстық басқармалар басшылары, қалалар мен аудандар әкімдері,
табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті (Өтегенов А.Т., келісім бойынша)

Атқарылып жатқан шаралар
Қыркүйек айында тауарлар мен қызметтерді тұтыну бағаларының индексі өткен жылдың желтоқсанына салыстырғанда 102,9% құрады.
Азық-түлік тауарларының өсуі 1,9%, азық-түлік емес тауарларға - 4%, ақылы қызметтерге - 3,1% -ды құрады.
Негізгі себептері - маусымдық тауар көлемінің азаюы, басқа аймақтардан жеткізілген тауарлардың қымбат болуы және тасымалдау кезінде шығындардың көбеюі.
Ағымдағы жылдың басынан бастап (а. ж. 2 қазанына) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының өсуі 0,5% құрады (ҚР + 1,0%).
Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында :
Жыл басынан 578 жәрмеңке өткізілңп, 3497 млн. теңгенің 5797,5 мың тонна өнім сатылды.
Бүгінгі күні 604-тен астам әлеуметтік бұрыштар мен сөрелер құрылды.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін ұлғайту бойынша шаралар жүргізілуде.
Биылғы жылы облыс бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 8,8 млрд. теңге көлемінде субсидия және 4,2 млрд. теңге несие түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді.
Мал шаруашылығы өнімдері 3,4% артып, 94,6 млрд. теңгені құрады.
910 мың гектарға жоспарланған көктемгі егіс (2017 жылға қарағанда 57 мың га) 920,9 мың гектарды құрады.
Тамақ өнімдерін өңдеу көлемі 6,4% -ға артып, 45,7 млрд. теңгені құрады
Көктемгі егіс алқабы жоспарланған 910 мың гектардың орнына (2017 жылмен салыстырғанда 57 мың га артық ) 920,9 мың гектарды құрады.
Қайта өңделген тамақ өнімдерінің көлемі 5,5% артып, 73,4 млрд. теңгені құрады.
Жыл соңына дейін мал және өсімдік шаруашылықтары өнімдерін өндіруге 1,8 млрд. теңгенің 18, сонымен қоса қайта өңдеу саласында 2,4 млрд. теңгенің 4 инвестициялық жобаларын жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Азық-түлік емес тауарлар бойынша.
Жыл басынан бері бәсекелестік ортаны ұлғайту үшін 2,5 млрд. теңге сомаға 93 сауда нысаны іске қосылып, 476 жаңа жұмыс орны ашылды.
Жыл соңына дейін 13,2 млрд. теңгеге тағы 8 нысан ашу жоспарланып отыр.
Өндірістің тоқыма бұйымдарын өндіру 1,9%-ға, фармацевтикалық өнімдер 41,2%-ға, жиһаз 35,9%-ға өсуі қамтамасыз етілді.
Дәрілік заттар бойынша.
Әлеуметтік дәріханаларда дәрі-дәрмек тарататын атауларының саны аудандарда 450, қалаларда 1800-2000-ға дейін жеткізілді.
Әлеуметтік дәріханалардың саны 37.
Ақылы қызмет көрсету мәселесі үнемі тұрақты бақылауда.

2. Мәселе қарастырылсын, арыз иесіне жауап берілсін.

наурыз 2018 жыл

Теміртау қаласының әкімі (Әшімов Ғ.А.) (жинақтау), табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті (Өтегенов А.Т.)

5

Сейсенов Аспандияр, Абай ауданы, Ақбастау ауылының тұрғыны
Көзтаев Шаризат Қанатұлы, Қарағанды қаласының тұрғыны
Ұлттық спорт түрлерін дамыту туралы (соның ішінде ат спорты).
Ипподром құрылысы туралы

1. Қарағанды облысында ұлттық спорт түрлерін дамыту бойынша жұмыс жалғастырылсын

тұрақты

Облыс әкімінің орынбасары
Әбішев Ж.А./,
дене тәрбиесі және спорт басқармасы
(Сухорукова Н.Е.),
Қарағанды қаласының әкімі
(Әубәкіров Н.Е.)

Атқарылып жатқан жұмыстар
Облыста ұлттық спорт түрлері белсенді дамып келеді. Қазіргі уақытта спорттың 11 түрі дамытылып жатыр. (тоғызқұмалақ, саят, бәйге, жекпе-жек, қазақ күресі, асық ату, қыз қуу, теңге алу, аударыспақ, көкпар, жамбы ату) ұлттық спорт түрлерімен аймағымызда 42 065 адам айналысады.
Республикасының Ұлттық құрамасына 16 спортшы еніп отыр. Ұлттық спорт түрлерін одан әрі дамыту және спортшылардың шеберлігін арттыру мақсатында 2018 жылы облыстық жарыстар, «Сарыарқа» ауыл Спартакиадасы (19-21 шілде, Киевка кенті, Нұра ауданы) үш кезеңімен өтті.
Нәтижесінде 8 681 адам қатысты.
10-12,08.18 ж. облыс спортшылары «Ұлы дала рухы» атты республикалық Фестиваліне қатысты, онда теңге ілуден А.Абдрахманов 1 орынға ие, М.Серғазиев жамбы атудан 2 орынға ие болды. облыс спортшысы А.Қожанәсіп Қазақстан Республикасының Чемпиондығында және Азия чемпиондығында тоғыз құмалақтан (25-31.07.18 ж., Моңғолия) чемпион атағына ие болды. Сонымен қатар спортшылар күнтізбелік жоспарға сәйкес Чемпиондықтар мен турнирлерге қатысты.
Қарағанды қаласында асы ату мен тоғыз құмалақ бойынша Қазақстан Республикасы Чемпионаты өткізілді.

6

2. Жеке инвестициялар есебінен ипподром құрылысын салу қарастырылсын.

2018 жыл

Атқарылып жатқан жұмыстар
Осы күнгеҚарағанды қ., Қазыбек би ауданы, «МАИ» тұрағы маңында 56,0374га жер учаскесі бөлінді.
Спорттық ат шабу мектебі бар ипподром құрылысының жобасы МЖӘ аясында спорт саласы бойынша облыс жобаларының пулына енді.
Жобаның құны 1,5 млрд. теңге шамасында. Жобалық қуаты – 1000 орын. Потенциалды инвесторы «АстанаГражданСтрой» ЖШС. Жобаны жүзеге асырудың жалпы мерзімі: 6 жыл (1 жыл инвестиция, 5 жыл пайдалану). Қазіргі кезде ипподромның инвест жобасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамасына ұсынылды.

7

Тағыберденова Нағима Қиымбайқызы, Жезқазған қаласының тұрғыны.
Дарынды балаларға арналған мектеп ашу туралы

1. Жезқазған қаласында дарынды балаларға арналған мектеп құрылысын қаржыландыру және құрылысты бастау мәселесі қарастырылсын.

2018 жыл

Облыс әкімінің бірінші орынбасары
Дүйсебаев А.Ж., Облыс әкімінің орынбасары
Әбішев Ж.А./,
Жезқазған қаласының әкімі
(Ахметов Б.Д.),
құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы (Қалмаханов Т.С.),
білім басқармасы
(Иманғалиев Е.Н.)

Атқарылған шаралар
2017 жылы Жезқазған қаласында дарынды балаларға арналған «Өркен» мамандандырылған мектеп-интернаты ашылды. 2018 – 2019 оқу жылында мектепте 5 – 7 сынып аралығында барлығы – 130 оқушы оқытылуда.
Жобаны бастау үшін 2018 жылы жергілікті бюджет есебінен 100 мың теңге бөлінді. 2018 жылдың 30 шілдесінде жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамаға тапсырылды. Бас жобалаушы - «Шебер» ЖШС. 2018 жылдың 15 тамызында мемлекеттік сатып алу келісім шарты жасалды. 2018 жылдың 23 тамызында шарттың жалпы сомасының 30% мөлшерінде аванс төленді. Қазіргі таңда сараптама ескертулерін орындау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сараптаманың қорытындысын алу мерзімі ағымдағы жылдың 15 қазанында күтілуде.

8

Сәтпаев қаласының тұрғыны.
Сәтпаев қаласын дамытудың қандай перспективалары бар?
Қаланың ескі ықшам аудандары абаттандырыла ма?

1. Сәтпаев қаласының ықшам аудандарын абаттандыру бойынша шаралар қабылдансын.

тұрақты

Облыс әкімінің орынбасары Шкарупа А.В./
энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
(Бегімов Қ.Б.),
Сәтпаев қаласының әкімі
(Ыдырысов А.А.) (жинақтау)

Атқарылып жатқан жұмыстар
Қаланы абаттандыру бағдарламасына сәйкес қалада 1-ші және 2-ші ықшам аудандардың ішкі көшелерінің жолдарын жөндеу және жолдардың бойындағы тасжиектерді ауыстыру жұмыстары жүргізілуде, қазіргі таңда аталған жұмыстар 95% орындалған. Қала бойынша 400 қоқыс контейнерлері орнатылды. Сонымен қатар, жаңадан контейнерлік алаңдар мен 200 жаңа евро стандартты контейнерлерді орнатылды, 10 балаларға арналған ойын алаңдары және 5 көше тренажерлары орнатылды.

2. Жоспарланған әлеуметтік маңызды нысандардың (балабақша, Оқушылар сарайы) құрылысы, тұрғын үйлерді тиісті уақытында пайдалануға беру бойынша шаралар қабылдансын.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары
Дүйсебаев А.Ж.,
Сәтпаев қаласының әкімі
(Ыдырысов А.А.) (жинақтау),
құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы (Қалмаханов Т.С.),
білім басқармасы
(Иманғалиев Е.Н.)

Атқарылып жатқан шаралар
Әлеуметтік маңызды нысандардың құрылысы бойынша Сәтбаев қаласында 600 балаға арналған мектеп құрылысы аяқталған. Жыл соңына дейін 320 балаға арналған балабақша мен оқушылар сарайы құрылысы басталады.
40 мың ш.м. жоспарында 2018ж. 8 айының қорытындысы бойынша 23,5 мың ш.м тұрғын үй іске қосылды.

3. Қаланың өнеркәсіп әлеуетін пайдалану бойынша шаралар қабылдансын (жаңа өндірістер құру, Индустриалдық парк құрылысын қарастыру)

Облыс әкімінің орынбасары Айдаров А.А./
Сәтпаев қаласының әкімі
(Ыдырысов А.А.) (жинақтау),
өнеркәсіп және индустриалдық – инновациялық даму басқармасы (Жұмасұлтанов Ғ.А.),
кәсіпкерлік басқармасы
(Аблаева Т.Ю.)

Атқарылып жатқан жұмыстар
2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында Сәтпаев қаласының өнеркәсіптік өндірісінің көлемі 29,5 млрд. теңгені құрады, НКИ-90,2%.
Бұл көрсеткіштің облыстық өндірістегі үлесі 1,8% -ды құрайды.
Бүгінгі күні Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 371 млн. теңге сомасына 3 жоба іске қосылып, 58 жаңа жұмыс орны ашылды.
Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтпаев және Ұлытау аудандарына арналған 2012-2020 жылдарға кешенді әлеуметтік-экономикалық даму жоспары аясында:
- Сәтпаев қаласында «Сары-Арқа» ЖШС-нің «Қорғасын парағының өндірісін ұйымдастыру» жобасы жоспарланған. Жобаның құны 328 млн. теңгені құрайды, 15 жаңа жұмыс орны құрылады. Жобаның іске қосылуы 2019 жылға жоспарланған;
- жоспардың 31 тармағына сәйкес, Сәтбаев қаласында қажетті инфроқұрылыммен жабдықталған индустриалды паркты салу жоспарлануда.
Аталған жобаға қазіргі уақытта 12 гектар жер белгіленіп отыр. Жобалау–сметалық құжаттар әзірленіп мемлекеттік сараптамаға жолданды. Биылғы жылы енгізуге жоспарланып отырған 19 жоба бар, инвестиция салымы – 1,3 млрд. теңге, ашылатын жұмыс орындар саны – 102. Оның ішінде 5 жоба өңдеу өнеркәсібі және агро-өнеркәсіптік кешен саласындағы жаңа өндірістер (инвестиция көлемі 533 млн. тенге, 40 жұмыс орыны ашылады).бар.

9

Әбдіқалықов Амангелді, еңбек ардагері, Саяқ кентінің тұрғыны.
Саяқ кентіндегі ауызсу туралы

1. Іздеу-барлау жұмысын аяқтау

мамыр 2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары Шкарупа А.В./
энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
(Бегімов Қ.Б.),
Балқаш қаласының әкімі
(Аглиулин А.М.)

Атқарылып жатқан жұмыстар
Саяқ кентінде жер асты суларын барлау жұмыстары аяқталды, судың сапасы және қорлары бойынша (2018 жылғы 18 сәіурде №1718 хаттамасы) қорытынды алынды.
ЖСҚ әзірлеу жұмыстары жалғасуда. Инженерлік – геодезиялық жұмыстар, инженерлік – геологиялық жұмыстар толық көлемде аяқталды. Су тазарту қондырғылары бойынша техникалық – коммерциялық ұсыныстар талданды, су құбыры желісінің өту жолы анықталды, негізгі тарту қондырғыларын таңдау жұмыстары жүргізілді.
Негізгі барлау – пайдалану ұңғымалары нақтыланып, оларды бұрғылау жобасы, яғни Саяқ кентін сумен қамтамасыз ету мақсатында №№15, 16 және 18 (негізгі) және №20 (қосымша) барлау – пайдалану ұңғымаларын бұрғылау жобасы «Орталыққазжерқойнауы» ӨД келістіруге жіберілді.
Тапсырманы орындау тұрақты бақылауға алынған.

2. «Саяқ кентінің су шарбағы құрылысы» жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу

2018 жыл

3. Жерасты су қоры туралы хаттама мен ведомстводан тыс сараптама алған соң жобаны 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджеке жоспарлау үшін салалық министрлікке жолдау.

2018 жыл

10

Ивкин Александр Михайлович.
Мүгедектерге бейімделген үйлердің құрылысы

1. «Ақылды» үйлер құрылысы тәжірибесі, Ақтөбе қаласының тәжірибесі зерделенсін.

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімінің бірінші орынбасары
Дүйсебаев А.Ж.,
Қарағанды қаласының әкімі
(Әубәкіров Н.Е.), (жинақтау),
құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы (Қалмаханов Т.С.),
энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
(Бегімов Қ.Б.)

Атқарылған жұмыстар

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттыру жөнінде 2012-2018 жылдарға арналған ісшаралар жоспарын орындау мақсатында және мүгедектерге объектілер мен қызметтерге кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етуге,қоғамға біріктіруге Қарағанды қаласында 2012 жылдан бастап әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін паспорттау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2015 жылы мүгедектер үшін қол жетімді ортаны сақтау үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне түгендеу (паспорттау) ұйымдастыру және өткізу үшін ведомствоаралық комиссия құрылды.
Құрылысқа рұқсат беру құжаттарын келісу және беру кезінде мүгедектердің ғимаратқа өтуіне, пандустар, арнайы кірме жолдар мен мүгедектер арбасын жүргізу үшін құрылғылар қарастырылады.
Жеке меншік тұрғын үй құрылысы белсенді түрде жүргізіліп жатыр, соның шеңберінде қазіргі заманғы құрылыс материалдары мен жабдықтар қолданылуда.

2. Арыз иесімен кездесіп, Қарағанды қаласында «ақылды» үйлер құрылысын салу мәселесі қарастырылсын.
Ұсыныс берілсін.

наурыз 2018 жыл

11

Дархан Алиұлы.
Мүгедектерге арналған спортты дамыту туралы.
Мүгедектерді спорт инвентарімен қамтамасыз ету туралы

1. Мүгедектер спортын дамыту мәселесіне мүгедектерді спорт инвентарімен жарақтау және проблемаларын шешу үшін талдау жүргізілсін.

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары
Әбішев Ж.А./,
дене тәрбиесі және спорт басқармасы
(Сухорукова Н.Е.)

Атқарылған жұмыстар

2018 жылдың 12 және 19 тамызы күндері Ақтөбе қаласында есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында ҚР ІІ Спартакиадасы өткізілді.
Спартакиадаға Қазақстаннан 17 команда қатысты.
Қарағанды облысынан ұсынған 10-нан спорттың 8 түрі бойынша 40 спортшы қатысты, Спартакиада зачеты 7 түрден өткізілді. Жалпы 27 медальге ие болдық (алтын – 12, күміс – 5, қола - 10). Нәтижелі жалпыкомандалық зачетінде Қарағанды облысының командасы 11 орынға ие болды.
Қарағанды облысының командасы бірыңғай спорт формамен қамтылды. Форма электрондық сатып алу арқылы 500,0 мың теңгеге алынды.
Қосымша 5,6 млн.теңге 4 арба алуға бөлінді. Осы таңда 2 арба үстел теннис ойнауға үшін алынды. 2 арба алуға келісім шарт жасалды. Оқыту-жаттықтыру үдерсінің сапалы өткізу үшін үстел теннис ойынын жетілдіру үшін пушка-робот алынды.

2. Спорт нысандарын жарақтауды жақсарту бойынша шаралар қабылдансын.

тұрақты

Атқарылып жатқан жұмыстар
Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін спорт нысандарын жарақтандыруды жақсарту үшін:
Қарағанды қ. «Шахтер» стадионының алаңдары қайта жабдықталды, пандустар қойылып, кіру жолдары ұлғайтылды.
Ірі спорт нысандары: Бокс орталығы, Теннис орталығы және Мұз айдыны сарайы қолданыстағы СП РК 3.06-15-2005 нормаларына сәйкес салынған (пандустар, лифт және санитарлы тораптар бар).
Спорт объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында келесі әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін жөндеу жұмыстары кезінде пандустар орнатылды: Жаңарқа ауданының БЖСМ СК, Қарқаралы ауданының Қарабұлақ ауылындағы СК және Гимнастика бойынша БЖСМ СК, Қарағанды қ. мүгедектер спорты бойынша мектептің әкімшілік ғимаратының кіре берісі, Сатпаев қ. «Жастар» спорт сарайы.
Балқаш қаласындағы, Осакаровка, Ақтоғай, Ұлытау, Шахтерское ауылы (Нұра ауданы) дене шынықтыру-сауықтыру кешендері (ДШСК) мүгедек көрермендердің қызықты спорттық, мәдени және басқа да шараларды тамашалай алуы үшін отыратын орындардың құрылысы жабық спорт залдардын жобалау жөніндегі нұсқаулықты есепке ала отырып салынғандықтан нормаларға сәйкес келеді, оларда пандустар мен санитарлық тораптар ғимараттың бірінші қабатында орналасқан.
Ағымдағы жылы мүгедектер спорты бойынша ОСМ ғимаратында 4,9 млн.теңгеге жөндеу жұмыстары өткізілетін болады.

12

Қожымжаров Ержан
Қарағанды қаласының Б.Момышұлы көшесіндегі Панель - Центр №2 үйдің 5 секциясының құрылысын аяқтау туралы

1. Мәселе қарастырылып, арыз иесіне жауап берілсін.

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімінің бірінші орынбасары
Дүйсебаев А.Ж.,
Қарағанды қаласының әкімі
(Әубәкіров Н.Е.)

Атқарылған жұмыстар
2018 жылғы 21 наурызда азамат Е.Кожамжаровқа Қарағанды қ. берілді.

13

Кремер Павел Израйлович
«Айналайын» тұрғын үй кешенін ИКИ және талап етілетін жүктемемен қамтамасыз ету туралы (Қарағанды қаласы, Оазис ықшам ауданы, Кенжин көшесі, 1/1)

1. «Айналайын» тұрғын үй кешенін ИКИ және талап етілетін жүктемемен қамтамасыз ету мәселесі қарастырылсын (Қарағанды қаласы, Оазис ықшам ауданы, Кенжин көшесі, 1/1)

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімінің бірінші орынбасары
Дүйсебаев А.Ж.,
құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы (Қалмаханов Т.С.),
(жинақтау),
энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
(Бегімов Қ.Б.),
Қарағанды қаласының әкімі
(Әубәкіров Н.Е.)

Атқарылып жатқан шаралар
Ағымдағы жылдың 14 наурызында облыс орталығында тұрғын үй құрылысын жүргізу бойынша кеңес өтіп, онда «Айналайын» тұрғын үй кешені құрылысы бойынша және жалпы салынуы жоспарланып отырған Оазис ықшам ауданының құрылысы бойынша мәселелер қаралды.
Бастапқы деректерді жинау бойынша жұмыстар жүргізілді, Оазис шағын ауданы бойынша техникалық сипаттамалар алынды.
Аталған жұмысқа үш құрылыс жүргізуші тартылып отыр, тұрғын үйдің жалпы ауданы 112,5 мың шаршы метрдіғ яғни 1574 пәтерді құрайды. Желілерді салу жобасын «УКС проект-2006» ЖШС әзірлейді.
Кәзіргі кезде «ККК ЛТД» ЖШС «Айналаый» ТК инженерлік желілермен қамтамасыздану жұмыстары жүргізліп жатыр.

14

Соколова Наталья Ивановна, Соқырлар қоғамының нұсқаушысы.
Мүгедектерді техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз ету туралы

1. Мүгедектерді техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз ету жұмысы жалғастырылсын.

тұрақты

Облыс әкімінің орынбасары
Әбішев Ж.А./,
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
(Галиуллин М.Р.)

Атқарылып жатқан шаралар
2018 жылы техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, электрондық гаджеттер сатып алынды. Барлығы 1009 тифлотехникалық құрал, оның ішінде 255 дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұялы телефон және 59 сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбук сатып алынды.
Көру қабілеті нашар мүгедектер 88 оқу машинасымен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар үнемделген қаражат есебінен қосымша 103 оқу машинасы және 131 сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбук сатып алынады.

15

Төлеубаев,
АрселорМиттал Стил КД ардагерлер кеңесі
Жеке қабылдау
(шахтерлердің ардагерлер кеңесінің жұмысы, шахта құрылысы туралы)

1. Қабылдауға материалдар дайындалсын.

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары
Әбішев Ж.А./,
еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма
(Балсариев Қ.Ш.), ішкі саясат басқармасы
(Рыстин Н.Б.), өнеркәсіп және индустриалдық – инновациялық даму басқармасы (Жұмасұлтанов Ғ.А.)

Атқарылған жұмыстар

28 наурызда регресниктер тобының құрамында Е.Т.Төлеубаев Қарағанды обылысы әкімінің жеке қабылдауында болды.
Қойылған сұрақтарға жауаптар мен түсініктемелер берілді..

2. Жеке қабылдау ұйымдастырылсын.

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімі аппаратының басшысы
Ысқақов Ж.М.

Атқарылған жұмыстар

28 наурызда қабылдау ұйымдастырылды.
Түсініктемелер берілді.

16

Мубаракшина Надежда Семеновна, тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамының төрағасы.
Казэнергоцентр, Жезказган энергосбыт қызмет көрсетулері бағасының өсуі туралы.
Екі квитанция мәселесі.
Жеке қабылдау.

1. Тұрғындармен белсенді түсіндіру жұмысы жүргізілсін.

2018 жыл
1 жартыжылдық

Облыс әкімінің орынбасары
Шкарупа А.В./
Жезқазған қаласының әкімі
(Ахметов Б.Д.),
Сәтпаев қаласының әкімі
(Ыдырысов А.А.),
энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
(Бегімов Қ.Б.),
(жинақтау)

Атқарылып жатқан жұмыстар
Жезқазған қаласында қуат көзін тасымалдайтын «Жезказганэнергосбыт» ЖШС, «Казэнергоцентр» ЖШС ұйымдары жұмыс атқаруда.
Бүгінгі күнде «Жезказганэнергосбыт» ЖШС ұйымы Жезқазған қаласы тұрғын-үй тұтынушыларына электр энергиясының көлемін «Kazakhmys distribution» ЖШС электр энергиясының балансы бойынша сатып алмады.
«Жезказганэнергосбыт» ЖШС ұйымы тарапынан «Kazakhmys distribution» ЖШС ұйымынан электр энергиясының бөлінген көлемі бойынша сот істері жүргізілуде.
Заңнамаға сәйкес қала әкімшілігімен тұтынушылардың басқа қуат көзін тасымалдаушы ұйымға ауысу себебін анықтау жұмысы жалғасуда.
«Казэнергоцентр» ЖШС ұйымының ақпараты бойынша 02.10.2018 ж. заңды тұлғалармен бекітілген келісім-шарт саны-770.
Жалпы абонент саны -29 917. Жеке тұлғалармен бекітілген келісім- шарт саны- 22 689. Ашық келісім-шарт саны- 7228.
«Казэнергоцентр» ЖШС ұйымының жеке тұлғалар үшін 1 кВm/сағ қуат көзіне тариф бағасы ҚҚС (НДС) қосқанда -15,23 теңгені құраса, заңды тұлғалар үшін 18,40 теңгені құрайды.
Тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру жұмысы белсенді жүргізіледі: БАҚ арқылы электр қуатымен жабдықтау тарифтері туралы түсіндіру беріледі; қала әкімдігінің, құқық қорғау органдары мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен жиналыстар өткізіледі; тұрғындарға консультативтік көмек көрсетіледі.

3. Жеке қабылдау ұйымдастырылсын.

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімі аппаратының басшысы
Ысқақов Ж.М.

Атқарылған жұмыстар

Сәуір айында қабылдау ұйымдастырылды. Түсініктемелер берілді.

17

Қармысова Жарас, Приозерск қаласының тұрғыны
Жеңіс бульварын абаттандыру туралы

1. Көшелерді, саябақтар мен гүлзарларды абаттандыру жұмысы ұйымдастырылсын.

2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары
Шкарупа А.В./
Приозерск қаласының әкімі
(Қамзин Қ.А.) (жинақтау), энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
(Бегімов Қ.Б.)

Атқарылып жатқан жұмыстар
Жобаның құны – 272 млн. теңгені құрайды. Жұмыстарды орындау мақсатында жергілікті бюджеттен 15 млн. теңге қаражат бөлінді. Қалған сомаға салалық министрлікке бюджеттік өтінім жолданды. Бүгінгі күнге конкурстық іс-шаралар жүргізілді. Мердігер- «Ақжолэнерго» ЖШС. Іске асыру мерзімі 2018-2019 жылдар.

18

Бөкенов, Баршын ауылының тұрғыны
Құланөтпес өзені арқылы өтетін көпірді қалпына келтіру туралы

1. Құланөтпес өзені арқылы өтетін көпірді қалпына келтіру жобасын іске асыру қамтамасыз етілсін.

2018 жыл

Облыс әкімінің бірінші орынбасары
Дүйсебаев А.Ж.,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
(Халтонов А.И.) (жинақтау),
Нұра ауданының әкімі
(Омарханов Н.И.)

Атқарылып жатқан жұмыстар
«Изенді-Кенжарық-Соналы-Пикет» аудандық маңызы бар автожолы арқылы өтетін Құланөтпес өзеніндегі км 13+700 көпірді қайта жаңғырту бойынша мердігер «Сапа Жол Строй» ЖШС (келісімшарт сомасы – 476 556 мың теңге жұмыстардың аяқталу уақыты 2018 жылдың желтоқсан айы).
Қазіргі таңда көпірдің қадаларын бұрғылап қағу және аралық тіректерін салу жұмыстары орындалды. Сонымен қоса жағалау тіректері мен жетеберіс жоларының жұмыстары аяқталды. Ағымдағы жылы автокөлік құрылғыларын жүруін қамтамасыз ету жоспарлануда.

19

Наргизов Абыл
Мешіт құрылысы үшін жер бөлу туралы

1. Мәселе қарастырылсын, арыз иесіне жауап берілсін.
Қолданыстағы заңнама аясында түсіндірілсін.

наурыз 2018 жыл

Қарағанды қаласының әкімі
(Әубәкіров Н.Е.)

Атқарылған жұмыстар

Бүгінгі күнде Қазыбек би ауданы, Ержанов көшесі 34 мекенжайында орналасқан көлемі 0,9 га жер учаскесі таңдалынып алынды.

20

Акенова Әлия,
мкр. Астана, Ермеков көшесі, 106/4, Қарағанды қаласы
2007 жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үйдің жағдайы туралы (эстетикалық түрі, балансқа қойылмаған)

1. Мәселе қарастырылсын және үйдің кемшіліктерін жою бойынша шаралар қабылдансын.

24 ақпан 2018 жыл

Облыс әкімінің бірінші орынбасары
Дүйсебаев А.Ж.,
Қарағанды қаласының әкімі
(Әубәкіров Н.Е.)
энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
(Бегімов Қ.Б.)

Атқарылған жұмыстар

Қазіргі уақытта Сіз және сіздің бастамашыл топ мүшелерімен сынылған ақаулы тізімде көрсетілген жоғарыда аталған үйдің қасбеттік қабатының бір бөлігі бөлшектелген.
Үйдің қасбет бөлігін бөлшектеу және жабу жұмыстары 2018 жылдың 1 қарашасына дейін «AtlantBuildingz» ЖШС мердігерлік ұйымының өз есебінен жүзеге асырылады.
Төбені жөндеу жұмыстары «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша орындау ұсынылды.
«Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасы бойынша Оскенова А.К., Тусупова С.П., Бейсембекова Л.Т. Сіздің және үйді жөндеу бойынша бастамашыл топ мүшелерінің шешімдеріне қанағаттанды.

21

Бобровская Евгения Викторовна, Абай қаласының кәсіпкері
Абай қаласының «Ромашка» аялдамасы жанындағы кафе - шіріген канализация жүйесі (жағымсыз иіс, антисанитария)

1. Абай қаласының тазарту қондырғысы мен канализация жүйесін реконструкциялау қамтамасыз етілсін.

2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары Шкарупа А.В./
энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
(Бегімов Қ.Б.)
(жинақтау),
Абай ауданының әкімі
(Асанов Б.К.)

Атқарылып жатқан шаралар
Ағымдағы жылы «Абай қаласының Қарабас кентінде КНС-1, КНС-2, КНС-3 кәріздік тазарту желілерін, кәріздік тазарту құрылғыларын, кәріздік насос станцияларын реконструкциялау» жобасын іске асыру мақсатында республикалық бюджеттен 800 000 тг (жалпы құны – 4,1 млрд.тг, 2019-201 ж. нысан өткізіледі) қаражат бөлінді.
Конкурстық ресімдер жүргізіліп жатыр.

22

Мәдина, Майқұдық тұрғыны
Майқұдық ықшам аудандарын абаттандыру туралы

1. Октябрь ауданын абаттандыру бойынша шаралар қабылдансын.

2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары Шкарупа А.В./
энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
(Бегімов Қ.Б.)
(жинақтау),
Қарағанды қаласының әкімі
(Әубәкіров Н.Е.)

Атқарылған жұмыстар

Ағымдағы жылы абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде:
- 50 аула аумағы, соның ішінде Майқұдық өңірінен 27 аула аумағы, Пришахинск өңірі 16 аула аумағы, Сұрыптау өңірі 7 аулалар аумағын;
- 2 гүлзар – әзірленген ЖСҚ сәйкес Архитектурная көш., және Мануилский көш., бойынша;
- 8 шағын гүлзарлар:
1) Көгілдір тоғандар, №4 емхана;
2) Бабушкин көшесі, №110 а, № 74 орта мектеп;
3) Архитектурная көшесі, Майлин көшесі қиылысы, Архитектурная, 8;
4) Магниторгорская көшесі, 1;
5) 22 шағын ауд. №23 үй дейін;
6) Луначарский көшесі № 6а;
7) Кемеровская көшесі № 36/2;
8) Достық көшесі № 128.
Магнитогорская көш., - К.Маркс көш., күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірленуде. Аталған жоба шеңберінде бордюр тастарын орнату және жарықты қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар жүргізілетін болады. Жобаны жүзеге асыру кезеңі 2019-2021жж.

23

Молдахметов Талғат Толеуғалиұлы, Теміртау қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшесі.
ЖЭО-2 тұрақты жұмысы туралы

1. Теміртау қаласының жылу желілері мен станциясын 2018-2019 жж. жылыту маусымына тиісті уақытында дайындау қамтамасыз етілсін

Қазан 2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары Шкарупа А.В./
энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
(Бегімов Қ.Б.),
Теміртау қаласының әкімі
(Әшімов Ғ.А.),
АҚ АрселорМиттал Теміртау (Басин В.Б., келісім бойынша)

Атқарылған жұмыстар

2018-2019жылдарғы жылу беру маусымына дайындық жөніндегі негізгі жұмыстар аяқталды:
Жөндеу жүргізілді:
-7,17 жылу желілеріне
-33,72электр желілеріне 7 қосалқы станциясына
- 10,48 су құбыры желілеріне
Кәріздік желілерге жөндеу жүгізілуде, 3,11 км жөнделді (67%)

2. Теміртау қаласының тіршілікпен қамтамасыз ету нысандарын алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындау барысында жылу көздеріндегі барлық кемшіліктер мен апаттар себептері ескерілсін.

мамыр 2018 жыл

Атқарылған жұмыстар

2-ЖЭО-да 2017 жылы 3 қазандықта жөндеу жұмыстары жүргізілген (2016 жылмен салыстырғанда 2 есе көп). 2018 жылы жөндеу жұмыстарының көлемі 3,2 млрд. теңгеге өсті (+800 млн.теңге).
Бүгінгі күнде №4 қазандықта ағымдағы-кеңейтілген жөндеу жұмыстары,№ 3 қазандықта күрделі жөндеу аяқталды,
№2 қазандықта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізуде, (35%)

3. Жаңа қазандықты жобалау мен құрылыс-монтаж жұмысын бастау қамтамасыз етілсін

желтоқсан 2018 жыл

Атқарылып жатқан жұмыстар
«АМТ» АҚ басшылығымен №7 жаңа қазандықты салу бойынша келісім бар.
Мердігерді анықтау жұмыстар жүргізуде. Ағымдағы жылы қазандықты дайындауға шарт жасау жоспарлануда

24

Егеубаев Асхат, Қазақ соқырлар қоғамының корпоративтік қорының президенті:
- көзі бойынша мүгедектерді медициналық колледжде оқыту туралы;
- мәдениет үйі мен арнайы кітапхананы біріктіруді жою туралы;
- көзі көрмейтін мүгедектерге арналған мәдениет үйінің құрылысы туралы

1. Мәселе қарастырылсын, арыз иесіне жауап берілсін.

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары
Әбішев Ж.А./,
денсаулық сақтау басқармасы
(Нұрлыбаев Е.Ш.),
мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы (Ағымбаев Е.М.)

Атқарылып жатқан жұмыстар
2019 жылы көзі нашар көретін тұлғаларды емдік массажға оқыту бойынша медбикелік бөлімше ашу жоспарланған.
Қазіргі кезде дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Жабдықтар мен оқу құралдарын сатып алуға қаржы бөлінген.
Наурыз айында Зағип жандардың мәдениет үйінің және Қарағанды облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін жандарға арналған арнайы кітапханасын біріктіру мәселесі жан-жақты қарастырылды.
Мәдениет үйінің санитарлық-гигиеналық нормаларға және ережелерге сәйкес келмеуіне байланысты Мәдениет үйін арнайы кітапханаға қосу арқылы қайта ұйымдастыру мәселесі көтерілді.
Көруі қабылеті бойынша мүгедек азаматтармен, екі ұйымның еңбек ұжымдарының қатысуымен жиналыс өткізіліп олар (3 ақпан, 1 наурыз, 5 сәуір) қабылданып жатқан ұсынысқа оң көзқарастарын білдірді.
Бүгінгі күні Арнайы кітапханада (жаңа корпус) Мәдениет үйі уақытша орналасатын үй-жай қарастырылған. Іс-шара өткізу үшін акт залы, киім бөлмесі (костюмерная) және мамандары үшін арнайы кабинеттер қарастырылған.
Алдағы уақытта Арнайы кітапхана аумағында Мәдениет үйі үшін жеке ғимараттың құрылысын жүргізу мүмкіншілігі бар.
Қазіргі уақытта техникалық және заңдық мәселелері қарастырылуда.

25

Зейнеткер, Қарқаралыдан көшіп келген.
Үй алуға көмектесу туралы (кезегі 1208)

1. Мәселе қарастырылсын, заңнамаға сәйкес жауап берілсін.

наурыз 2018 жыл

Қарағанды қаласының әкімі
(Әубәкіров Н.Е.)

Атқарылған жұмыстар

Өтініш берушімен деректер (аты-жөні және мекен-жайы) ұсынылмаған, осыған байланысты өтінішті қарастыру мүмкін емес.
Тұрғын үй мәселесі жөнінде толық ақпаратты азаматтар қалалық әкімшілікте өтетін қабылдау күндері (бейсенбі), Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39 а, (9:00-16:00, түскі үзіліс: 13:00-14:00) мекенжайы бойынша алуға болатынын қосымша хабарлаймыз.

26

Асылбек Сүлейменов, Қарағанды қаласының тұрғыны
Қарағанды қаласының ғимараттарының сыртқы келбеті туралы

1. Қаланы абаттандыру жұмысы жандандырылсын.

2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары
Шкарупа А.В./
Қарағанды қаласының әкімі
(Әубәкіров Н.Е.) (жинақтау),
энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
(Бегімов Қ.Б.)

Атқарылған жұмыстар

Қала өңірін жаңғырту мақсатында Б.Жырау даңғылы бойынша ЖД вокзалдан Шахтер стадионына дейін қасбеттің жөндеу концепциясы жасалды.
Кәсіпкер-меценаттарды ғимараттардың қасбеттерін реконструкциялауға тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.
2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде қасбеттерді бояу бойынша вокзал алдындағы («Шығыс» ЖШС) 3 үй қасбеттерін бояу бойынша жұмыстары жүргізілді.
Аталған бағдарлама шеңберінде 2017 жылғы әмбебаптың меншік иелерімен Н.Әбдіров даңғ., мен Гоголь көшесі (Юбилейный дүкені) қиылысындағы үйдің қасбетіне қайта құру орындалды.
2018 жылы Бұқар жырау 13,15 және Ленин 1,2 көшелері (ТОО «ARCADA») бойынша қасбеттерді қайта құру бойынша жұмыстары жалғастырылатын болады.
Сонымен қатар, қала аумақтары мен гүлзарларды абаттандыру бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.
Демеушілік қаражат есебінен № 56 орта мектеп (Сұрыптау) аумағында және Октябрь ауданы Күзембаев атындағы гүлзарда балалар ойын алаңдары орнатылатын болады.
Ағымдағы жылы «Литва бұрышы» рекреациялық аймағын жетілдіру жұмыстары жоспарланған.
Құрылыстың тапсырыс берушісі - Литва азаматы Витаутас Варасимавичюс. Демалыс аймағы Қазақстан халықтарының ұлттық мерекелерін өткізуге арналған арнайы Литва этно кентінің платформа бөлігі болады.
Сондай-ақ жеке меншік құрылысшылар есебінен көшеде қоғамдық Карбышев («Eurasia building» ЖШС), Тәттімбет көшесі бойынша («СК Курылыс Қарағанды» ЖШС) гүлзарларды абаттандыру жөніндегі жұмыстар жүргізілетін болады.
15 наурызда Қарағанды қаласының әкімдігі мен «Ер Нұр және Ника» қазақ-корей достығы қоғамдық қоры арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандум шеңберінде 2017 жылы «Ер Нұр және Ника» қазақ-корей достығы қоғамдық қоры есебінен белгілі әнші, композитор және актре Виктор Цойға арналған сәулет-монументтік композициясын орната отырып, Олимпийская көш., бойынша гүлзарларды абаттандыру жобасы жүзеге асырылды.
2017 жылғы 26 тамызда салтанатты ашылуы өтті.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкер-меценаттарды тарту жөніндегі жұмыстар 2018 жылы жалғастырылатын болады.

2. «Рухани жанғыру» аясында кәсіпкер меценаттарды абаттандыру жұмысына тарту жұмысы ұйымдастырылсын.

27

Ләззат Қожахметова
Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхановтың атын беру туралы

1. Қарағанды қаласының Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхановтың атын беру мәселесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарастырылсын.

2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары
Әбішев Ж.А./,
тілдерді дамыту жөніндегі басқарма (Қаңтарбекова Г.Х.),
Қарағанды қаласының әкімі
(Әубәкіров Н.Е.)

Атқарылып жатқан жұмыстар
Қазіргі таңда Әлихан Бөкейхановтың есімі ономастикалық нысандарға беруге болатын аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғылым, мәдениет қайраткерлерінің және Қазақстан Республикасы мен әлемдік қоғамдастық алдында еңбек сіңірген тұлғалар тізіміне енгізілген.

Бүгінгі таңда Қарағанды ​​қаласының Октябрь ауданын Әлихан Бөкейханов ауданына қайта атау туралы қоғамдық тыңдауларды өткізу мақсатында Қарағанды ​​қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларына ұсыныстар енгізу үшін қажетті құжаттарды жинау және талдау материалын дайындау жұмыстары жүргізілуде.
Бұл аудан 26,660,080 га аумақты қамтиды. Оның ауданында 226 мың адам, 100 әлеуметтік мекеме, 1711 заңды тұлға (олардың 23-і ірі, 63 орта, 1382-сі шағын) бар Майқұдық (Новомайкук) тұрғын ауданы бар.

28

Залицкая Светлана Владимировна,
Қарағанды қаласының тұрғыны.
Тұрғындарды иесіз хайуандардан қорғау туралы

1. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаңғыбас иттерді аулау мен жою жұмысы жүргізілсін

тұрақты

Облыс әкімінің орынбасары
Шайдаров С.Ж./
ветеринария басқармасы
(Тұрсынбеков К.С.),
қалалар мен аудандар әкімдері,
мүдделі органдар

Атқарылып жатқан жұмыстар
Аудандар мен қалалар бойынша қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға 58.9 млн. теңге бөлінген.
Жыл басынан бері аудандар мен қалаларда 12 927 бас, оның ішінде 10 624 бас қанғыбас иттер мен 2 303 мысықтар ауланып, жойылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар үнемі, мемлекеттік кәсіпорындар тарапымен жеке және заңды тұлғалардаң түскен өтініштер негізінде атқарылады.

2. Үй жануарлары үшін жауапкершілік туралы белсенділермен және қоғамдық ұйымдармен түсіндіру жұмысы жүргізілсін.

Облыстық аймақтарда түсіндірмелік жұмыс жүргізілді.

29

Зейнеткер, 94 жаста, Қарағанды қаласының тұрғыны, Тәттімбет көшесі, 18, 141 пәтер

 

 

 

 

1.ПИК жұмысы және коммуналдық қызмет көрсетулердің сапасы туралы (төбеден су ағады, жарық жоқ, қалдықтар, жертөледен жағымсыз иіс, оқшауланбаған ток сымы).
2. Лифт жұмыс істемейді

1. Кемшіліктерді жою жұмысы ұйымдастырылсын.

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары
Шкарупа А.В./
энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
(Бегімов Қ.Б.),
Қарағанды қаласының әкімі
(Әубәкіров Н.Е.)
(жинақтау)

Атқарылып жатқан жұмыстар
Қазіргі уақытта лифт дұрыс жұмыс істейді, тұрғындар тарапынан арыздар болған жоқ.
«Жилсоцсервис» ЖШС ақпаратына сәйкес суық сумен қамтамасыз ету жүйесінде жағымсыз иіс жоқ.
Пәтер иелерінің қатарынан сайланған белсенді топ мүшелері электр қалқанын жөндеу мәселесі бойынша жазбаша сауалнама жүргізуде.

3. Шахтерский кентін орталықтандырылған сумен және жылумен жабдықтау туралы

2. «Пришахтинск М8 жылу магистралін реконстукциялау» жобасын іске асыру аяқталсын.

2018 жыл

2017 жылы М8 жылу магистралін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді, нысан қазірдің өзінде іске қосылды. Қазіргі уақытта Пришахтинск тұтынушыларына қызмет көрсетуде жылу шығындарының азаюы мен жылумен қамтамасыз ету сапасының жақсарғандығы байқалуда.
Ағымдағы жылы жылу магистралін қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау жоспарлануда, бұл мақсатқа 431,4 млн. теңге бөлінді

3. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Шахтерский кентін орталықтандырылған сумен және жылумен жабдықтау мәселесі қарастырылсын.

Атқарылып жатқан жұмыстар


М8 жылу магистралін қайта жаңғырту жұмыстары арқасында Шахтерский кентінің тұтынушыларын жылыту жүйесіне қосу мүмкіндігі пайда болды. Осы жылы М8-ден Кемеров көшесіне дейінгі жылу желісін салу және қолданыстағы жылу магистралін қалпына келтіру (ГБ есебінен 15 млн. теңге жоспарланған) үшін ЖСҚ жасалатын болады. Сонымен қатар ЖСҚ әзірлеу жұмысы басталды

4. Балалардың ойын алаңы жоқ

4. Мектепке баратын жолды абаттандыру мен балалар алаңын орнату үшін бюджеттен қаржы бөлу мәселесі қарастырылсын.

Шілде
2018 жыл

Атқарылып жатқан шаралар
Экибастузская көшесі, №133, 137, 141, 143, 145, 147 тұрғын үйлерінің аула аймақтарын кешенді абаттандыру үшін жобалық- сметалық құжат әзірленді.
Құжатта төмендегі жұмыс түрлері қарастырылды: қоршау және жасанды қаптамалармен (покрытие) әрленген балаларға арналған ойын алаңдарын орнату, жүру жолдарын кеңейте отырып асфальт төсеу, тас жиектер салу, тұрақжайларды орнату, жасанды жол бедерлерін орнату жоспарлануда.
Ағымдағы жылы аталған аула аумақтарын кешенді абаттандыруға қаражат бөлінген жоқ. Аталған мәселе 2019-2020 жылдары бюджеттік өтінімді жасау барысында ескерілетін болады.
Ағымдағы жылы «Таңшолпан» облыстық балалар үйі мен Кемеров көшесі бойындағы №33 мектеп- балалар бақшасы Кешені арасындағы орналасқан шағын- саябақты абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Шағын саябақты абаттандыру шаралары шеңберінде тас жиектерді салу, орындықтар, қоқыс жәшіктерін орнату, талдар мен гүлдерді егу, жарық орнату жұмыстарын іске асыру көзделіп отыр.

5. Мектепке баратын жол нашар (тротуар, жарық жоқ)

30

Әбілжанов Мағауия
Атасу кентіндегі мектептің пайдаланылмайтын алаңы есебінен балабақша ашу туралы

1. Мектеп базасында шағын орталық ашу мәселесі қарастырылсын.

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары
Әбішев Ж.А./,
Жаңаарқа ауданының әкімі
(Бекқожин Ю.А.),
білім басқармасы (Иманғалиев Е.Н.)

Атқарылған жұмыстар
Атасу ЖОББ мектебінің жылу жүйесін жөндеуге 10 млн теңге қаражат бөлінген, жұмыстаржүргізілуде.
Мектептің 3 қабатын жөндеу жұмыстарына 17312,96 теңге қаражат бөлінген болатын. Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айында басталып, жүргізіліп жатыр.

2. Бизнестің қатысуымен балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен қамтуды арттыру жұмысы жүргізілсін.

тұрақты

білім басқармасы (Иманғалиев Е.Н.),
қалалар мен аудандар әкімдері

Атқарылған жұмыстар
2018 жылы Түгіскен селосында 50 орындық бөбек-жай ашылды. Атасу кентіндегі 170 орындық Ақерке бөбек-жайындағы орын саны 190 балаға көбейтілді. МЖС арқылы 100 орындық бөбек-жай ашуға ЖК «Аяжан» құжаттарын жинауда. Нәтижесінде 3-6 жас аралығында балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 100  жетеді.

31

Березин Алексей Николаевич, Тасшоқы ауылының тұрғыны
Ботақара кентінің жолын жөндеу туралы

1. «Қарағанды – Тоғызқұдық – Ботақара» автомобиль жолында Нұра өзені арқылы өтетін көпірді реконструкциялау жобасы іске асырылсын.

2018 жыл

Облыс әкімінің бірінші орынбасары
Дүйсебаев А.Ж.,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
(Халтонов А.И.) (жинақтау),
Бұқар жырау ауданының әкімі
(Мамалинов Ш.Қ.)

Атқарылып жатқан жұмыстар
Биылғы жылы Нұра өзені арқылы өтетін «Қарағанды - Тоғызқұдық-Ботақара» жолындағы көпірді қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасын табуда. Бұл мақсатта 2018 жылға 331,6 млн.теңге бөлінді. Мердігер ұйым «Сервис НС» ЖШС. Жұмыстардың аяқталу мерзімі - 2018 жылдың желтоқсан айы.
Бүгінгі таңда аралық және жағалау тіректерін ригелдерімен қоса құю, монолиттік жапсырма плитасын құю, кедергілік қоршаулардың астындағы монолиттік бордюрлерді құю жұқмыстары орындалды. №4 аралықта гидроизоляциялау жұмыстары орындалды. Тағыда көпірдің темірбетонды конструкцияларын бояу, жұмсақ шығу және негізгі жетеберісін тазалау жұмыстары орындалуда.

2. Қолданыстағы заңнама аясында жақын маңдағы кәсіпорындардың үлкен жүк машиналары жүретін автомобиль жолдарын жөндеу мен ұстау мәселесі бақылауға алынсын.

тұрақты

Облыс әкімінің бірінші орынбасары
Дүйсебаев А.Ж.,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
(Халтонов А.И.) (жинақтау),
көлік бақылау инспекциясы (Қоңырқазов М.Б.),
Қарағанды облысының жергілікті полиция қызметі
(Жақаев Ж.С.)

Атқарылып жатқан жұмыстар
Басқарма жергілікті полиция қызметімен және «Қарағанды облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ-мен бірлесіп жол қаптамасына түсетін рұқсат етілген жүктемелерден асатын бұзушылықтарды анықтау бойынша рейдтік шараларды жүргізуде. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасатын табатын болады.
Ағымдағы жылдың бірінші жартысында Бұқар жырау ауданы аумағында 400-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзу жайттары анықталды, оның ішінде үлкен салмақты жүк таситын көлік құралдарының жүргізіушілері тарапынан жасалған бұзушылықтар бар.
Бүгінгі таңда Қарағанды-Тоғызқұдық-Ботақара жолының 0-6 және 48-54 шқ аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, соның ішінде 2,5 шқ ресайклер әдісімен. Сонымен қоса 2019 ж Қарағанды-Тоғызқұдық-Ботақара жолының 6-27 шқ аралығында орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған.

32

Рыбина Любовь Федоровна
Федоровка су қоймасында су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы:
өзенді тазалау, көпірді жөндеу

1. Федоровка су қоймасының аумағындағы саяжайлар жанында Соқыр өзенінің арнасын тазарту бойынша су тасқынына қарсы қажетті іс-шаралар жүргізілсін.

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары
Шкарупа А.В./
Қарағанды қаласының әкімі
(Әубәкіров Н.Е.) (жинақтау),
табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы (Төлепбаев Р.М.)

Атқарылған жұмыстар
Қаланың аумағын Соқыр өзенінің су тасқынынан су басудан қорғау мақсатында «Қарағанды қаласының Федоровка су қоймасы аумағындағы Соқыр өзенінің арнасын тазарту» («Саяжайлар алабы») жұмыс жобасы әзірленді. 2018 жылғы ақпан айында осы жобаға мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Жобаны жүзеге асыру 2018 жылға жоспарланған.
Сондай-ақ, саяжай алабтарын су басуға жол бермеу мақсатында жедел шаралар кешені қабылданды:
- Алматы-Екатеринбург автожолының аумағында Соқыр өзені бойындағы жер қабырғасы нығайтылды;
- «Наука» саяжай қоғамы бойындағы қорғаныш білігінің бекітілді;
- «Шолпан», «Мир» және басқа да саяжай қоғамдарына қосымша 11 су өткізетін құбырлар орнатылды;
- Мұздың түсуіне жол бермеу үшін, 6 және 16 наурызда Федоров су қоймасының айналмалы каналында тальник пен қамысты кесу жөніндегі жұмыстары жүргізілді.

33

«Машиностроитель» саяжай қоғамының төрағасы
Соқыр өзені мен суару каналын тазарту.
Балласт өндіру учаскесін қоршауға байланысты салынған дамба салдарынан тасқын су басу қаупі

2. Федоровка су қоймасының аумағындағы суландыру каналының арнасын ластамау туралы саяжай учаскелері иелерімен түсіндіру жұмысы жүргізілсін

тұрақты

Атқарылып жатқан жұмыстар
Саяжай алабтарын су басудың алдын алу мақсатында Федоровка су қоймасы саяжайлар аумағындағы Соқыр өзенінің арнасын тазарту бойынша саяжай қоғамдастықтардың төрағаларымен және белсенділерімен жыл сайын (Машиностроитель, Наука, Шолпан, Дорожник және т.б.) түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Қарағанды қаласының саяжай, бау-бақша және жеке қосалқы шаруашылықтарын дамыту бойынша шаралар кешені әзірленді.

Бөгеттің жағалау аймағын тиісті жағдайда ұстау, бөгеттің санитарлық аймағын және тұтыну кооперативтерінің аумағын тиісті санитарлық жағдайы бойынша қоқыс шығару туралы келісім жасасқаннан кейін сақтауға арналған шаралар анықталды.

34

Акижанов Фаин, Федоровка су қоймасының 2 отвалы сыртындағы саяжай қоғамы.
Экология мәселесіне байланысты су проблемасы.

3. Соқыр өзені мен Федоровка су қоймасының суландыру каналының инженерлік қорғаныс құрылғыларын нығайту жұмысы жүргізілсін (жағалауды нығайту, арнаны тереңдету, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары)

наурыз 2018 жыл

Атқарылып жатқан жұмыстар

Қала аумағын Соқыр өзенінің су тасқынынан, су басудан қорғау мақсатында «Қарағанды қаласының Федоровка су қоймасындағы Соқыр өзенінің арнасын тазарту («Саяжай аумағы»)» жұмыс жобасы әзірленді.
2018 жылғы ақпан айында осы жобаға мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Жобаны іске асыру 2018 жылға жоспарланған.
Сондай-ақ, саяжай массивтерінің су басуға жол бермеу мақсатында жедел шаралар кешені қабылданды:
- Алматы-Екатеринбург автожолының аумағында Соқыр өзені бойындағы жер қабырғасы бекітілді;
- «Наука» саяжай қоғамы бойындағы қорғаныш білігі бекітілді;
- «Шолпан», «Мир» және басқа да саяжай қоғамдарына қосымша 11 су өтетін құбырлар орнатылды;
- Мұздың түсуіне жол бермеу үшін, 6 және 16 наурызда Федоровка су қоймасының айналмалы каналында бұталар мен қамысты кесу жұмыстары жүргізілді.

4. Дамба жалы құрылысының заңдылығы мәселесі қарастырылсын.
Су басу қаупін жою шаралары қабылдансын.

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары
Шайдаров С.Ж./
табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы (Төлепбаев Р.М.),
Қарағанды қаласының әкімі
(Әубәкіров Н.Е.)

Атқарылған жұмыстар

Алматы-Екатеринбург жолындағы карьерден Соқыр Оңтүстік кен орнына дейін Соқыр өзенінің бойындағы топырақ жалына зерттеу жүргізілді. Зерттеу барысында бұл топырақ жалы су тасқынынын өтуіне кедергі келтірмейтіні және Федоровка су қоймасының маңындағы саяжай массивтерінің суға толуына әсер етпейтіні анықталды.

5. Федоровка су қоймасының 2 отвалы сыртындағы экологиялық қауіпсіздік мәселесі қарастырылсын.
Оны шешу бойынша шаралар қабылдансын.

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары
Шайдаров С.Ж./
экология департаменті
(келісім бойынша) (Мұсапарбеков К.Ж.),
Қарағанды қаласының әкімі
(Әубәкіров Н.Е.)

Атқарылған жұмыстар
Федоров су қоймасының жағажай аумағына барып келді. Сырттай қарау кезінде жақын арада орын алған өнеркәсіптік, не болмаса шаруашылық әрекет іздері анықталмаған.. Ауызша өтінішінде аталған орынды анықтау үшін Акижанов Фаинмен байланысқа шығу мүмкін болмады. Ақпаратта оның байланысу деректері көрсетілмеген, Акижанов Ф. Телефондар базасында тіркелмеген.

35

Айтқожа Фазыл, Қарағанды қаласының тұрғыны.
- облыстың дамуына Миттал Стил металлургия компаниясының теріс әсері туралы;
- шетелдік мамандардың санына шектеу қою туралы

1. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмысының параметрлері мен олардың Теміртау қаласы мен облыстың экономикалық дамуына мониторинг жүргізілсін

2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары
Айдаров А.А./
өнеркәсіп және индустриалды – инновациялық даму басқармасы
(Жұмасұлтанов Ғ.А.),
Теміртау қаласының әкімі
(Әшімов Ғ.А.)

Атқарылып жатқан жұмыстар
Тұрақты түрде Теміртау қаласының ірі және орта кәсіпорындардың, оның ішінде, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ өнеркәсіптік өндіріс көлемдері бойынша мониторинг жүргізеді.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ өндіріс көлемі 2018 жылдың 8 айында 468,4 млрд теңгені немесе 2017 жылы тиісті кезеңіне -121,1 % (2017жылдың 8 айы - 386,7 млрд теңге). «АрселорМиттал Теміртау» АҚ үлесі өндірістің жалпы көлемінде 79,8% құрайды.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ негізгі капиталға салған инвестициялар көлемі 2018 жылдың 8 айы 26,5 млрд теңге немесе 2017жылдың 8 айында 149,5% құрады(2017 ж 8 айы-17,7 млрд теңге). «АрселорМиттал Теміртау» АҚ үлесі инвестициялардың жалпы көлемі 83,2 % құрайды.
Болат өндірісі 2018 жылдың 8 айында 2613,9 мың тонны немесе 2017 жылы тиісті кезеңіне – 97,3 %, (2017 ж. 8 айында – 2686,5 мың тонна).
2018 жылы болат шығаруды 7,4% дейін (4 350 мың тонна) ұлғайту жоспарланып отыр.

2. АрселорМиттал Теміртау АҚ-да шетелдік мамандардың санына шектеу қоюдың мақсатқа сәйкестігіне талдау жүргізу, қажет болғанда ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсыныс енгізу

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары
Әбішев Ж.А./,
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
(Галиуллин М.Р.), облыстық ІІД көші-қон қызметі басқармасы (Мұқанов А.С., келісім бойынша)

Атқарылып жатқан жұмыстар
Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады және бекітілген стандартқа сәйкес беріледі. «АрселорМиталл Теміртау» АҚ-да берілген рұқсаттар бойынша 42 шетелдік маман жұмыс істейді, олар әлемдегі металлургия кәсіпорындарында жұмыс істеу тәжірибесі бар біліктілігі жоғары менеджерлер. Жыл сайын шетелдік мамандардың кіруі қысқартылды.
Сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті бюджетке салық алымдары төленеді. АМТ-ның ай сайынғы есебі бойынша компанияда 27077 Қазақстан азаматтары жұмыс істейді.

36

Қарағанды қаласының тұрғыны, Ленин көшесі, 63
Жаз кезеңінде ыстық су жоқ.

1. Мәселе қарастырылып, арыз иесіне жауап берілсін.

мамыр 2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары
Шкарупа А.В./
Қарағанды қаласының әкімі
(Әубәкіров Н.Е.)

Атқарылған жұмыстар
Жылу маусымына дайындық жоспарына сәйкес «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС жыл сайын қалалық жылу желілерінде қысымды арттыру арқылы гидравликалық тығыздыққа және құбырлардың механикалық беріктігіне сынақ жүргізеді, соның салдарынан ыстық сумен жабдықтаудың сапасы уақытша төмендейді немесе тоқтатылады.
Жазғы маусымда желілік су температурасының өзгеруін талдау, судың қарқынды ажырату кезінде ыстық судың температурасы қалыпқа келетіндігін көрсетеді. Тек осы жағдайда ыстық сумен қамтамасыз ету бойынша сапалы қызметтер алуға болады.
Жұмыстар аяқталғаннан кейін «Теплотранзит Караганда» ЖШС тұрғындардың өтініші бойынша жылудың айналым режимдерін реттеу бойынша жұмыстар жүргізеді.

37

Өтегенов Шалқар, Қарағанды қаласының тұрғыны, Күнгей, 63 үй
Сумен және электрмен жабдықтау желісі жоқ, 200-300 метр.

1. Сумен және электрмен жабдықтау желісіне бюджет қаражатын бөлу мәселесі қарастырылсын.

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары
Шкарупа А.В./
энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
(Бегімов Қ.Б.)
(жинақтау),
Қарағанды қаласының әкімі
(Әубәкіров Н.Е.)

Атқарылған жұмыстар

2018 жылғы 23 қаңтарда өткен
кездесу барысында ауа райы қолайлы күндер орнаған соң инженерлік коммуникацияларды жүргізуге қажетті жер участоктарын анықтау үшін комиссияның көшпелі тексеру шарасы өтетіні туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар ЖСҚ әзірлеуге инвестициялық ұсынысты жасау бойынша жұмыстар жасалатын болады. 13 маусымда желілерді өткізу және сумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша көшпелі кеңес өткізілді.

2. Арыз иесіне жауап берілсін.

наурыз 2018 жыл

Тұрғындарға аталған мәселеге қатысты түсіндірмелер берілді.

38

Айгерим Ұстанқызы
Алимент төленбеуі туралы

1. Алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматты табу бойынша жұмыс жүргізілсін

2018 жылдың 1 жартыжылдығы

Облыс әкімінің бірінші орынбасары
Дүйсебаев А.Ж./
Әділет департаменті
(Жүсіпов А.Н., келісім бойынша), облыстық ІІД көші-қон қызметі басқармасы (Мұқанов А.С., келісім бойынша)

Атқарылған жұмыстар
Өтініш беруші өз мәліметтерін қалдырмауына байланысты және АІЖ ОААЖ бағдарламасында бұл мәліметтер болмағандықтан Айгерим Ұстанқының пайдасына алимент өндіру туралы атқару өндірісі бойынша қандай да бір ақпаратты беру мүмкін емес.
Үш айдан астам уақыт бойына кәмелет жасына толмаған балаларға және еңбекке жарамсыз ата-ана алдында қаржылық қамтамасыз ету бойынша міндеттерді атқарудан бас тартушы азаматтар ҚР ҚК 139-бабы бойынша жазаға тартылады.
Осыған орай, өндіріп алушы қарызы бар азаматты екі жылға бас бостандығынан шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру санкциясы бар жеке-жариялы түрде қылмыстық жауапкершілікке тартуға құқылы.
«Мемлекеттің кепiлдендірілген құқықтық жәрдемі туралы» Заңының
8-бабы 1 тармағына сәйкес өндіріп алушылар мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар. Аталған көмекті алу үшін Қарағанды облысының адвокаттар алқасына мына мекенжай бойынша: Қарағанды қаласы, Крылов көшесі, 11 немесе мына телефон бойынша: 8(7212) 41-58-94, e-mail: Karadvocat@mail.ru хабарласуға болады.
«Адвокаттардың қызметі туралы» ҚР Заңының 6 бабы, 1 тармағы, 3 тармақшасына сәйкес заңгерлер алимент өндіру мәселесі бойынша жеке тұлғаларға құқықтық көмекті тегін көрсетеді.
Заңның 138 бабы бойынша сот актілерін орындаудың альтернативті түрі, яғни жеке сот орындаушылардың көмегіне жүгіну қарастырылған.
Осыған орай, өндіріп алушы атқару құжатын жеке сот орындаушыға беруге құқылы заңның 119 бабы 2 тармағына сәйкес атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті аванстық соманы енгізу қарастырылған. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы Қарағанды облысында орналасқан, мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 5 үй.
01.06.2018 жыл жағдайы бойынша өндірісте алимент төлемейтіндерге іздеу салу істерінің саны – 71 болған, оның ішінде 45 немесе 63,3% анықталды.

2. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес берешекті жабу бойынша шарлар қабылдансын

39

Пришахтинск тұрғыны
Мемлекеттік емханалар ашу қажеттігі және дәрілік препараттар бағасының қымбаттығы туралы

1. Ауданда денсаулық сақтау нысандары мен дәріханалармен қамтатамысз етілуге талдау жасалсын.
Ұсыныс берілсін.

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары
Әбішев Ж.А./,
денсаулық сақтау басқармасы
(Нұрлыбаев Е.Ш.)

Атқарылған жұмыстар
Қарағанды қаласының Октябрь ауданында (Пришахтинск) 3-ші Кочегарка мекенжайы бойынша орналасқан емхана бар. 2018 жылы ол «Гиппократ» МФ» ЖШС-не сенімгерлік басқаруға берілді, бұл ретте тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін көрсету міндеті толықтай сақталған.
Азаматтардың денсаулық сақтау жүйесінде жүргізіліп жатқан өзгерістер жайлы хабардар болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ емхана жұмысы туралы қоғамдық ой-пікірді анықтау мақсатында, 2018 ж. 29 наурызда Денсаулық басқармасының басшысы Е.Нұрлыбаев Пришахтинск тұрғындарымен кездесу өткізді. Сонымен қатар кездесу барысында «Гиппократ» МФ» ЖШС бас директоры емхананы дамытудың стратегиялық жоспарын ұсынды.
Дәрілік заттардың қолжетімділігін арттыру мақсатында аталған емхана жанынан әлеуметтік дәріхана ашылған, ол жерде дәрі-дәрмектер ең төмен үстеме бағамен (5%) сатылады.
Өтініш иесіне 06.03.2018ж.№8-26.1485 жауап жолданды.

2. Арыз иесіне жауап берілсін.

Өтініш берушіге жауап 2018 ж.06.03. № 8-26.1485 хатымен берілді

40

Михаил Антонович, қоғам өкілі.
Жақсы адамдар туралы пікір.
Жеке қабылдау туралы өтініш

1. Жеке қабылдау ұйымдастырылсын.

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімі аппаратының басшысы
Ысқақов Ж.М.

Атқарылған жұмыстар
Ү.ж. 23 наурызында қабылдау ұйымдастырылды.
Түсініктемелер берілді.

41

Латын алфавитіне ауысу туралы

1. Тілдерді дамыту жұмысы жалғастырылсын.

тұрақты

Облыс әкімінің орынбасары
Әбішев Ж.А./,
тілдерді дамыту басқармасы (Қаңтарбекова Г.Х.)

Атқарылып жатқан жұмыстар
- Латын әліпбиін енгізу бойынша аймақтық іс-шаралар жоспарлары бекітілді;
- латын әліпбиіне көшу мәселесін түсіндіру бойынша спикерлер тобы құрылды;
- ЖОО-да сарапшылар кеңесінің отырыстары өтті (2017 жыл-13, 2018 жыл-7);
- "Қазақ тіліндегі мәтіндерді кириллицадан латын тіліне аудару конвертері" автоматтандырылған жүйесі әзірленді;
- 14 қала, аудандарда "латын әліпбиін енгізу" бойынша жұмысқа жауапты мамандар айқындалды (бірліктер бөлінді);
- Халықты жаңа әліпби ережелеріне үйрететін тіл маамндарын, оқытушылар мен әдіскерлерді дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде (48 оқытушы, 250 мемлекеттік және азаматтық қызметшілер);
- Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы «Ресурстық тіл орталығы» КММ келесі ұйымдармен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасады: Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың Қазақ тіл білімі кафедрасымен, Қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасымен, "Болашақ" академиясының Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасымен;
- Облыс аумағында «Латынша жазып дағдыланамыз» тренингі өткізілді, мекемелерде жаңа әліпби енгізу жұмыстары жүргізілуде: тамыз айында 150 адам тренингтермен қамтылды;
- Интернет желісінде фейсбук, инстаграмм беттерінде жаңа алфавитті енгізуге байланысты акциялар, зияткерлік онлайн ойындар өткізіледі («Қазақша оқы, латынша жаз», «Мақалды жалғастыр», «9 қала, 9 аудан», «Сауалнама», «Бүгінгі ой»). Акцияларда мыңға жуық адам белсенділік танытты (917 адам);
- Латын графигінде әзірленген караоке жобасы интернет арқылы жүзеге асырылады.

42

Рахымжанова Айнаш
Жеке қабылдау туралы өтініш

1. Жеке қабылдау ұйымдастырылсын.

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімі аппаратының басшысы
Ысқақов Ж.М.

Атқарылған жұмыстар
Ү.ж. 23 наурызында қабылдау ұйымдастырылды.
Түсініктемелер берілді.

43

Майқұдық ауданының тұрғыны, Бабушкин көшесі, 12
Канализация желісі жоқ.

1. Канализация желілері үшін қаржы бөлу мәселесі қарастырылсын.

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары
Шкарупа А.В./
энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
(Бегімов Қ.Б.)
(жинақтау),
Қарағанды қаласының әкімі
(Әубәкіров Н.Е.)

Атқарылған жұмыстар
Өтініш білдірген тұрғындармен кездесу ұйымдастырылды. Түсіндірме берілді.
Қазіргі таңда жобаны әзірлеу мақсатында инвестициялық ұсыным даярлау үшін бастапқы құжаттарды жинау жұмыстары атқарылып жатыр.

2. Арыз иесіне жауап берілсін.

44

Галина, зейнеткер, Н.Әбдіров даңғылы, «Мечта» дүкені үйі
«Стимул» ПИК жұмысы туралы, лифт істемейді.

1. Мәселе қарастырылып, арыз иесімен кездесу өткізілсін

наурыз 2018 жыл

Қарағанды қаласының әкімі
(Әубәкіров Н.Е.)

Атқарылған жұмыстар
Ағымдағы жылдың жаз мезгілінде «Стимул» ПИК күшімен шағымданушы тұратын Н. Әбдіров, 26 үйдің кіреберісіне мақсатты қаражат жиналмай күрделі жөндеу жүргізілді. Шілде айында лифтті қалпына келтіру мәселесі бойынша қайтадан жалпы жиналыс өткізілді, алайда пәтер иелерінің көпшілік даусымен лифтті қалпына келтіру үшін мақсатты қаражат жинаудан, сондай-ақ «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» Бағдарламасына қатысудан бас тарту туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта аталған үй дайындық актісі бойынша 2018-2019 ж.ж. жылыту маусымына кіруге өткізілген.

2. Арыз иесіне жауап берілсін.

3. Учаскелік полиция қызметшілері қатысуымен ПИК жұмысы туралы жиналыс ұйымдастырылсын.

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары
Шкарупа А.В./
энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
(Бегімов Қ.Б.) (жинақтау),
жергілікті полиция қызметі
(Жақаев Ж.С.), Қарағанды қаласының әкімі
(Әубәкіров Н.Е.) аудандар мен қалалар әкімдері

Атқарылып жатқан жұмыстар
Материалдардың жобасы әзірленді.
Жиналысты өткізу екінші жартыжылдыққа жоспарланып отыр

45

Селиванова Татьяна Алексеевна, «Поколение» ҚҰ өкілі
Президент Жолдауы аясында ауылдарды дамыту перспективалары, азық-түлікпен қамтамасыз ету.
Коммуналдық қызметтердің, азық-түліктердің, дәрілердің бағалары қымбат (делдалдар).

1. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту, өнімді еңбекпен және жаппай кәсіпкерлікпен қамту бағдарламаларын іске асыру қамтамасыз етілсін. Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру және дамыту.
Қайта өңдеу желісін дамыту, экспортты қолдау

тұрақты

Облыс әкімінің орынбасары
Шайдаров С.Ж./,
ауыл шаруашылығы басқармасы (Апақашов С.А.),
қалалар мен аудандар әкімдері

Атқарылып жатқан жұмыстар
Қазіргі уақытта облыс бойынша 9134 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушісі жұмыс істейді, оның ішінде шаруа (фермер) шаруа қожалықтар саны 7745.
Биылғы жылы мемлекеттік қолдауға қаралған қаржы көлемі 11,0 миллиард теңгеден асады.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 271,6 млрд. теңге көлемінде алынуы жоспарланып отыр.
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 14,0 млрд. теңге құрайды. Бұл, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 22% артық. 8 айдың қорытындысымен салынған инвестициялар көлемі 6,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2017 жылғы тиісті деңгейден 2,1% артық.
Ағымдағы жылы 833,5 мың га алқапқа астық және бұршақ дақылдары егілді, оның ішінде: (бидай - 626,5 мың гектар, арпа - 176,3 мың гектар, сұлы - 17,9 мың гектар), - майлы дақылдар - 17,1 мың гектар, картоп 14,5 мың га, шаруашылықтармен - 9,2 мың гектар,
- көкөністер - 2,9 мың га, шаруашылықтармен - 1,4 мың гектар
2018 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының негізгі түрлерінің өнімі болжам бойыншаі: астық- 900,0 мың тоннаны, картоп - 332,5 мың тоннаны және көкөністер - 105,6 мың тоннаны құрайды деп күтілуде.
4 қазандағы жағдай бойынша 602,8 мың гектар, немесе алқаптың 74% -ы орылып, 728,6 мың тонна астық жиналды. Орташа өнімділігі 12,1 ц/га. Ауыл шаруашылық құрылымдарында 8,4 мың гектар, немесе 90% картопжиналып, (тұрғындарды қоса алғанда - 13,5 мың га, 93%), 201,8 мың тонна алынды (тұрғындарды қоса алғанда - 326,0 мың тонна), орташа шығымдылығы 241 ц/га, көкөністер - 1,295 гектар алқаптан жиналды (тұрғындарды қоса алғанда - 2,7 мың га, 93%), 36,8 мың тонна (тұрғындарды қоса алғанда 75,3 мың тонна) алынды.
Майлы дақылдар 7,2 мың гектар алқаптан (42%) орылды, түсімі 5,4 мың тоннаны құрайды.
Биылғы жылы ет өндіру көлемін 2,3% -ға арттырып, көлемін 138,8 мың тоннаға дейін, сүт өндіруді - 2,2% -ға (460 мың тоннаға дейін) және жұмыртқаны 3% -ға (649 млн. дана) арттыру жоспарлануда.
8 айдың қорытындысы бойыншаөндірілген ет көлемі - 73,6 мың тоннаны құрады. Бұл 2017 жылғы тиісті деңгейден 1,2% -ға көп, 326,1 мың тонна сүт (102,9%), 479,9 млн. дана. жұмыртқа (122,4%) өндірілді.
2016 жылдан бастап, 2537 жеке қосалқы шаруашылықтың бірігуімен 94 кооператив құрылды, оның ішінде, оның 46 сүтті, 48 етті бағытта. 9451 басқа арналған 903 мал бордақылау алаңы құрылды.
Ауылшаруашылық кооперациясына қамтылған адамдардың жалпы саны 5,2 мыңды немесе үй шаруашылықтарының жалпы санының 7,2% -ын (72,0 мың үй) құрайды, оның ішінде АШК мүшелері - 2,5 мың адам. 745 жаңа жұмыс орны ашылды.
2017 жылы кооперативтермен 1 266 тонна өнім шығарады, оның ішінде 210 тонна ет және 1 066 тонна сүт өнімдері.
2018 жылы 42,6 мың тонна сүт және 3,8 мың тонна сиыр етінөндіру жоспарланып отыр.
2018 жылға экспортқа құны 72,2 млн. АҚШ доллары құрайтын 245 мың тонна ауылшаруашылығы өнімдерін шығару жоспарлануда.

2. Инфляцияны 5-7% межесінде ұстауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдансын, инфляциялық процестерді ұстау бойынша облыстық штаб пен жұмыс топтарының жұмысы жалғастырылсын

тұрақты

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы (Тәуірбеков О.Қ.),
Кәсіпкерлік басқармасы (Аблаева Т.Ю.),
ауыл шаруашылығы басқармасы (Апақашов С.А.), облыстық басқармалар басшылары,
қалалар мен аудандар әкімдері,
табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті (Өтегенов А.Т., келісім бойынша)

Атқарылып жатқан жұмыстар
Қыркүйек айында тауарлар мен қызметтерді тұтыну бағаларының индексі өткен жылдың желтоқсанына салыстырғанда 102,9% құрады.
Азық-түлік тауарларының өсуі 1,9%, азық-түлік емес тауарларға - 4%, ақылы қызметтерге - 3,1% -ды құрады.
Негізгі себептері - маусымдық тауар көлемінің азаюы, басқа аймақтардан жеткізілген тауарлардың қымбат болуы және тасымалдау кезінде шығындардың көбеюі.
Ағымдағы жылдың басынан бастап (а. ж. 2 қазанына) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының өсуі 0,5% құрады (ҚР + 1,0%).
Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында :
Жыл басынан 578 жәрмеңке өткізілңп, 3497 млн. теңгенің 5797,5 мың тонна өнім сатылды.
Бүгінгі күні 604-тен астам әлеуметтік бұрыштар мен сөрелер құрылды.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін ұлғайту бойынша шаралар жүргізілуде.
Биылғы жылы облыс бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 8,8 млрд. теңге көлемінде субсидия және 4,2 млрд. теңге несие түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілді.
Мал шаруашылығы өнімдері 3,4% артып, 94,6 млрд. теңгені құрады.
910 мың гектарға жоспарланған көктемгі егіс (2017 жылға қарағанда 57 мың га) 920,9 мың гектарды құрады.
Тамақ өнімдерін өңдеу көлемі 6,4% -ға артып, 45,7 млрд. теңгені құрады
Көктемгі егіс алқабы жоспарланған 910 мың гектардың орнына (2017 жылмен салыстырғанда 57 мың га артық ) 920,9 мың гектарды құрады.
Қайта өңделген тамақ өнімдерінің көлемі 5,5% артып, 73,4 млрд. теңгені құрады.
Жыл соңына дейін мал және өсімдік шаруашылықтары өнімдерін өндіруге 1,8 млрд. теңгенің 18, сонымен қоса қайта өңдеу саласында 2,4 млрд. теңгенің 4 инвестициялық жобаларын жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Азық-түлік емес тауарлар бойынша.
Жыл басынан бері бәсекелестік ортаны ұлғайту үшін 2,5 млрд. теңге сомаға 93 сауда нысаны іске қосылып, 476 жаңа жұмыс орны ашылды.
Жыл соңына дейін 13,2 млрд. теңгеге тағы 8 нысан ашу жоспарланып отыр.
Өндірістің тоқыма бұйымдарын өндіру 1,9%-ға, фармацевтикалық өнімдер 41,2%-ға, жиһаз 35,9%-ға өсуі қамтамасыз етілді.
Дәрілік заттар бойынша.
Әлеуметтік дәріханаларда дәрі-дәрмек тарататын атауларының саны аудандарда 450, қалаларда 1800-2000-ға дейін жеткізілді.
Әлеуметтік дәріханалардың саны 37.
Ақылы қызмет көрсету мәселесі үнемі тұрақты бақылауда.

46

Қарағанды қаласының тұрғыны, Ерубаев, 50, 50а ғимараты ауласында
Экология мәселесі туралы (көрші ғимаратта құбыр орнатылған, түтіндейді)

1. Мәселе қарастырылып, шаралар қабылдансын.

наурыз 2018 жыл

Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті (Баймұхамбетов Қ.Қ., келісім бойынша), Қарағанды қаласының әкімі
(Әубәкіров Н.Е.)

Атқарылған жұмыстар
Азаматша Прохорованың өтініші негізінде «Камчатка» кафесінің иесі Кожевников О.В. ЖК-не қатысты жоспардан тыс тексеру өткізілді. Тексеру нәтижесінде Мемлекеттік экологиялық сараптама талаптарының орындалмағандығы анықталды. Мұржаның биіктігі жобада көрсетілген биіктікке сәйкес келмейді. Жоба бойынша – 17 м, іс жүзінде – 13 м. Тексерудің нәтижелері бойынша ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 332 бабы бойынша 72 150 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Бұзушылықтарды жою туралы нұсқау берілді.

2. Арыз иесіне жауап берілсін.

47

Шумкин Павел Александрович, Қарағанды қаласының тұрғыны, шахтерлер ұйымының өкілі:

1. Қажетті жөндеу жұмыстары жүргізілсін, балалардың теміржолын балалардың теміржолын тиісті уақытында іске қосу қамтамасыз етілсін, саябақ пен маңайында абаттандыру жұмысы жүргізілсін.

сәуір – мамыр 2018 жыл

Қарағанды қаласының әкімі
(Әубәкіров Н.Е.)

Атқарылған жұмыстар
2018 жылы Орталық саябақтың батыс бөлігін салу жобасын жалғастыру үшін облыстық бюджеттен 450 828 мың теңге қаражат қарастырылған.
Бөлінген қаражаттар есебінен келесі жұмыс түрлері іске асырылды:
- аумақты қоқыстардан тазарту (100%).
- аттракциондарға жоспарланған алаңдарды орнату, ұзындығы 988 м2;
- ұзындығы 368 м су құбыры және ұзындығы 59 м канализация төселді,
- саузелдің модульдік ғимараты жабдықталған (1 дана).
- Спорт алаңдарын жарықтандыру үшін 30 данада жарықтандыру шамдары орнатылды;
- 158 дана ағаштарды отырғызу жүргізілді;
Сондай-ақ,
- 7 м биіктіктегі кіреберіс аркасын қалпына келтіру;
- 18х32м, 11х24м, 15х30м көлемдегі 3 ашық спорт алаңының құрылысы.
- асфальт-бетон жамылғысының драйверлері мен платформалары астындағы жол төсемінің құрылысы;
- дренажға арналған тасты төгу құрылғысы;
- тротуар платформаларынан және платформалардан жасалған жабындылар;
платформаларға арналған резеңке жабынның құрылысы;
- арқасы бар саябақ орындықтарды орнату
- 133 дана биіктігі 5-8 метрлік шамдар лампаларын орнату.
- 3 жиынтық көлемінде қоқыс алаңдарын орнату.
- 71 дана қоқыс жәшіктерді орнату жұмыстары аяқталды.
Бұдан басқа, балалар темір жолын жаңғырту шеңберінде шірік шпалдарды ауыстыру, дизельді локомотивтерді жөндеу, теміржол фенер торын тұтқыш құралдармен жөндеу, аккумуляторлық батареяларды сатып алу, вестибюльдерді жөндеу және бояу машиналарын жасау жұмыстары жүргізілді.
1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балалардың темір жолы ашылды.

- балалардың теміржолын дамыту және саябақты абаттандыру туралы;

- МитталСтил металлургиялық компаниясының теріс әрекеттері, еңбек қауіпсіздігі мәселесі

2. АрселорМиттал Теміртау АҚ жұмысшыларының еңбек қауіпсіздігі мәселесіне талдау жүргізілсін, қажет болған жағдайда ұсыныс енгізілсін.

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары
Әбішев Ж.А./,
еңбек инспекциясы басқармасы (Балсариев Қ.Ш.)

Атқарылған жұмыстар


Қолдағы бар статистикалық мәліметтер бойынша қазіргі күнде жарақат алу жайттары, әсіресе «Арселор Миттал Теміртау»АҚ-да өсу байқалады.
«Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінде (әрі қарай мәтін бойынша-Басқарма) Басқарма басшысының төрағалығымен «Арселор Миттал Теміртау» АҚ және «Өркен» ЖШС-да жарақат алу көрсеткіштерін азайту және жұмыскерлердің еңбек ету жағдайын жақсарту жөніндегі біріккен іс-әрекеттерді әзірлеу бойынша жиналыс өткізілді.
Жиналыста жұмыскерлердің еңбек ету жағдайын жақсарту бойынша шаралар ұсынылды:
1. Жарақат алуды азайту бойынша ұсынымдар беретін мамандандырылған институттарды тарту арқылы Қарағанды облысында жарақат алудың факторлары, себептері бойынша тереңдетілген талдама өткізу.
2. Заңнамада өзгерістер бойынша облыстың жұмыс берушілерімен мерзімді семинарлар (ақпараттандыру) өткізу.
3. Облыс кәсіпорындары арасында жарақат алуға байланысты жағдайлар бойынша ақпараттық сілтемелерді ұйымдастыру.
4. Қауіпті жұмыстар үшін еңбекті қорғау бойынша бөлек ережелерді дайындауға профилді министрлікке сұрау хат жолдау:
- биіктікте жұмыс кезіндегі еңбекті қорғау ережелері (оқыту, рұқсат беру, жіберу, жабдықтауға қатысты талаптарды айқындау қажет...)
- тұйық кеңістікте жұмыс істеу кезінде еңбекті қорғау ережесі.
- газбен кесу аппаратурасымен жұмыс істеу кезіндегі еңбекті қорғау ережелері
- нарядтық-рұқсат беру жүйесі бойынша ереже.
5. Тергеп‑тексеру жөніндегі комиссия құрғанға дейін жазатайым оқиғаны алдын ала тергеп‑тексеруді заңдастыру бойынша ҚР Еңбек Кодексіне толықтырулар енгізу.
6. Жұмыс берушінің мүддесі үшін жеке бастамамен іс-әрекет жасау кезінде «Есепке алуға жатады..» деген 5) айқындама ҚР Еңбек Кодексінің 186 бабының 2 тармағы 5 тармақшасынан шығару.
-Еңбекті Қорғауды басқаруды жақсарту үдерісіне жұмыскерлерді тарту.
-Халықаралық стандарттардың талаптарын сәйкестігіне ресертификаттау аудитының нәтижелері бойынша дайындалған іс-шараларды орындау:
-Оқыту
-Кәсіпорынды цифрлау.
-жеке қорғану жабдығының сапасын, гигиенаны жақсарту.
-Шағын механизация
-Мердігер ұйымдармен жұмыстар
-Техникалық іс-шаралр
-ҚР жаңа Еңбек Кодексінің жобасын әзірлеуге қатысу.
Өткізілген жиналыс аяқталғаннан соң Қауіпті жұмыстар үшін еңбекті қорғау бойынша бөлек ережелерді дайындауға профилді министрлікке сұрау хат жолдау қажет деп шешілді:
- биіктікте жұмыс кезіндегі еңбекті қорғау ережелері (оқыту, рұқсат беру, жіберу, жабдықтауға қатысты талаптарды айқындау қажет...)
- тұйық кеңістікте жұмыс істеу кезінде еңбекті қорғау ережесі.
- газбен кесу аппаратурасымен жұмыс істеу кезіндегі еңбекті қорғау ережелері
- нарядтық-рұқсат беру жүйесі бойынша ереже.
Сондай-ақ, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша жауапты тұлғалар тарапынан оларды ҚР жаңа Еңбек Кодексінің жобасын әзірлеу бойынша жұмыс тобының құрамына кіргізу жөнінде ұсыныс айтылды.

Қауіпсіз еңбек жағдайын жасау бойынша (жарақат алу, кәсіби сырқаттану) жүйелік проблемалар орын алған кәсіпорындар бойынша талдамалардың нәтижелері Басқарма тарапынан ағымдағы жылдың қазан айының соңында өткізілетін Облыстық үшжақты комиссиясы отырысының «Облыс Прокуратурасы органдарының тексеруі барысында анықталған «Арселор Миттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС және «Өркен» ЖШС кәсіпорындарында қауіпсіздік және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бөлімі бойынша заңдылықтарды жою жөніндегі шаралар туралы» мәселесінде қарау жоспарланып отыр.

48

Қарағанды қаласының тұрғыны, Бұқар жырау даңғылы, 54 үй.
- ұсыныс – жолдарда көліктердің көбеюіне байланысты экологиялық көлікте жүру күнін қолға алу;
- бәліштер сатуға тыйым салу

1. Қаланы экологиялық сауықтыру, қоғамдық көлікті отынның экологиялық түріне ауыстыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізілсін.

тұрақты

Облыс әкімінің бірінші орынбасары
Дүйсебаев А.Ж.,
облыс әкімінің орынбасары
Шайдаров С.Ж./
экология департаменті
(келісім бойынша) (Мұсапарбеков К.Ж.), жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
(Халтонов А.И.),
Қарағанды қаласының әкімі
(Әубәкіров Н.Е.)
қалалар мен аудандар әкімдері

Атқарылып жатқан жұмыстар
Қоршаған ортаны экологиялық жақсарту мақсатында қазіргі уақытта Қарағанды қаласында электрлік автобустарды енгізу бойынша келіссөздер жүргізілуде. Бұдан басқа, қоғамдық көлік бөлігі газ отынына ауыстырылады.
Бұдан басқа, жыл ішінде ЖПҚ-мен бірлесе отырып, «Таза ауа» операциясы өткізілетін жоспарлануда.
Экология департаментімен тексерулер кезінде жылжымалы көздерден улы заттарға және түтіндеугк өлшеулер жүргізіледі.
Қарағанды облысы бойынша ішкі істер департаментінің мамандарымен Грузовик шарасы өтті. 36 актокөлік тексерілді. Оның 16 мөлшерден жоғары.
Сонымен қатар қалалық маслихаттың тапсырысымен 20 автокөлік тексерілді. Оның 9 автокөлігі мөлшерден жоғары. Әкімшілік шаралар ішкі істер департаментінің мамандарымен салынды.

2. Көшедегі сатуды қолданыстағы заңнама нормативтеріне сәйкес реттеу мәселесі қарастырылсын,

наурызсәуір
2018 жыл

Қарағанды қаласының әкімі
(Әубәкіров Н.Е.),
қалалар мен аудандар әкімдері

Атқарылған жұмыстар
ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы 264 бұйрығының 101 және 102 тармақтарына сәйкес, сауда қызметінің субъектілері көшпелі сауданы жергілікті атқарушы органдар белгілеген арнайы бөлінген орындарда жүзеге асырады.
Қарағанды қаласы аумағында сауда қызметін реттеу мақсатында, «Қарағанды қаласында көшпелі сауданы іске асыруға арналған орындарды анықтау туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 37/01 қаулысы қабылданды.
Көшпелі сауда тұтынушылық мұқтаждылықты қанағаттандыру, не сауда нысандары болмаған жағдайда, аумақта сауда жүргізу үшін жүзеге асырылады.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204 бабына сәйкес, белгiленбеген орындарда сауда жасау бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және хаттамалар жасау, айыппұл салуды жүзеге асыратын тұлғаларға - Қарағанды қаласының ІІБ жергілікті полиция қызметі жатады.

49

Зейнеткер.
«Бесоба» ықшам ауданының құлаған үйінің орнына салынатын үй құрылысын аяқтау.

1. «Бесоба» ықшам ауданының құлаған үйінің орнына тұрғын үй беру үшін Шапағат ТК құрылысын тиісті уақытында аяқтау қамтамасыз етілсін.

2018 жыл

Облыс әкімінің бірінші орынбасары
Дүйсебаев А.Ж.,
Қарағанды қаласының әкімі
(Әубәкіров Н.Е.),
құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы (Калмаханов Т.С.)

Атқарылып жатқан жұмыстар 2016 жылы объектінің құрылысын аяқтау үшін инвестор тартылды, ол «ERG» (Eurasian Resources Group) магистральдық кәсіпорны.
2016 жылы компанияның инвестициясы есебінен құрылыс қайта жандандырылды, биылғы жылы жұмыстар жалғасуда.
Қазіргі таңда темірбетон және корпус құрылыстары бойынша жұмыстар аяқталды. Қасбеттің монтаждау жұмыстары жүргізілуде, сонымен қатар ішкі жұмыстар жүргізілуде.
10-11 блок-секцияларда ішкі жұмыстары аяқталды, 8-9 блок-секцияларының пайдалануы ағымдағы жылы іске асырылады.

50

Смирнова Юлия Дмитриевна, Қарағанды қаласының тұрғыны, Кривогуз көшесі, 43
«Рассвет» ПИК тіркелуінің проблемалық мәселесі

1. Мәселе қарастырылсын және өтініш иесіне жауап берілсін.

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімінің бірінші орынбасары
Дүйсебаев А.Ж.,
Әділет департаменті
(Жүсіпов А.Н., келісім бойынша),
Қарағанды қаласының әкімі
(Әубәкіров Н.Е.)

Атқарылған жұмыстар
2018 жыл 13 мамырдағы жалпы жиналыстың хаттамасы және әділет органдарында тіркеуден өту құжаттары негізінде «Рассвет» ПИК төрағасының м.а. Маришкин Александр Яковлевич болып табылады.

51

Юлана Чаус
Қарағанды қаласының саябақтары мен гүлзарларын дамыту мәселесін жария түрде талқылау, әлеуметтік маңызды нысандар құрылысы

1. Қарағанды қаласының саябақтары мен гүлзарларын дамыту мәселесін түскен ұсыныстарды қарастырумен ақпарат құралдарында және рсми интернет-ресурстарда жария түрде талқылау қамтамасыз етілсін.

2018 жыл

Облыс әкімінің бірінші орынбасары
Дүйсебаев А.Ж.,
энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
(Бегімов Қ.Б.), құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы (Қалмаханов Т.С.), Қарағанды қаласының әкімі
(Әубәкіров Н.Е.),
аудандар мен қалалар әкімдері

Атқарылған жұмыстар
2017 жылдан бастап Қарағандыда «БЛКЖО құрылысының 30-жылдығы атындағы орталық саябақты көркейту» бойынша құрылыстың 1-кезеңі» жобасын жүзеге асыру басталды. Бұл жоба қалалық және облыстық бюджеттерден қаржыландырылады.
Жобаның жүзеге асырылу мерзімі - 2017-2019 жж.
ЖСҚ жобалау мен әзірлеу кезінде жобаны барлық мүдделі жақтар қарастырып, ол мемлекеттік сараптамадан өтті. («Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес, жобалар қаланың қауымдастығымен талқыланып, Қарағанды қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылып, аккредиттелген ұйымдардың қарауына жіберіледі).
Әлеуметтік маңызы бар жобаларды талқылауды айтсақ, Қарағанды ​​қаласы әкімдігінің ғимаратында 2017 жылғы 29 мамырда қоғамдық кеңестің отырысы болып өтті. Қарағанды ​​қаласында концерт залын салу жобасы қаралымға енгізілді. Талқылауды ескере отырып, Қоғамдық кеңес Қарағанды ​​қаласындағы концерт залының құрылысын мақұлдап, Панель-орталық ауданында концерт залын салу бойынша 29.05.2017 ж. №17 шешім қабылдады.
Болашақта бұл жұмыс жалғасатын болады.

52

Еңбек ардагері.
2005 жылдан арендалық үй кезегінде тұр (кезегі 317)

Мәселе қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарастырылсын.
Өтініш иесіне жауап берілсін.

наурыз 2018 жыл

Қарағанды қаласының әкімі
(Әубәкіров Н.Е.)

Атқарылған жұмыстар
Аталмыш өтініште өтініш беруші жөніндегі қажетті ақпарат ұсынылмаған (аты-жөні және мекенжайы), осыған орай өтінішті нақты қарастыру мүмкін болмай отыр.
Тұрғын үй мәселесі жөнінде қажетті ақпаратты азаматтар қалалық әкімшілікте өтетін қабылдау күндері (бейсенбі), Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39 а, мекенжайы бойынша әр бейсенбіде алады. (9:00-16:00, түскі үзіліс: 13:00-14:00)

53

Қошанов, Жезқазған қаласы:
«Аманат» кәсіподағына көмек көрсету туралы.

Мәселе қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарастырылсын.
Өтініш иесіне жауап берілсін.

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары
Әбішев Ж.А./,
Ішкі саясат басқармасы (Рыстин Н.Б.)

Атқарылған жұмыстар
«Кәсiптiк одақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 211-V Заңына сәйкес:
4-бап. Кәсiподақтар құру бостандығы:
2 т. Барлық кәсiподақтарға тең құқықтық мүмкiндiктер берiледi.
3 т. Кәсiподақ құруға кедергi келтiруге, оның қызметiне қарсы іс-қимыл жасауға, сол сияқты оның істеріне заңсыз араласуға жол берілмейді.
5-бап. Кәсiподақтарды құру мен оның қызметі қағидаттары:
3 т. Кәсіподақтар өз қызметінде барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардан, саяси партиялардан, жұмыс берушілер мен олардың бірлестіктерінен тәуелсіз болады, олардың бақылауында болмайды және оларға есеп бермейді.
25-бап. Кәсiподақтар қызметiнiң кепiлдiктерi:
1т. кәсiподақтарды қандай да бiр органдарға және ұйымдарға тiкелей немесе жанама бағындыру немесе олардың құқықтарын шектеу болып табылатын, сондай-ақ кәсiподақтардың осы Заңда және жарғыда көзделген қызметіне кедергi келтіретін кез келген әрекеттерге тыйым салынады.
2т. Мемлекеттiк органдар, жұмыс берушілер (бірлестіктер, қауымдастықтар, одақтар) кәсiподақ органына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғалатын ақпаратты қоспағанда, кәсіподақ мүшелерiнiң құқықтарын қорғауға байланысты мәселелер бойынша ақпарат ұсынуға міндетті.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, кәсіподаққа көмек көрсету "Аманат" жергілікті атқарушы органдары тарапынан мүмкін емес.

54

Қарқаралыда туған Майқұдық тұрғыны
Қарқаралы ауданының Абыз елді мекенінің проблемалық мәселелері туралы:

1. Кентті сумен жабдықтау мәселесі қарастырылсын.
Ұсыныс берілсін.

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары Шкарупа А.В./
энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
(Бегімов Қ.Б.),
Қарқаралы ауданының әкімі (Мақсұтов Қ.М.)

Атқарылып жатқан жұмыстар
Қазіргі уақытта «Қарқаралы ауданы Аппаз к. су құбыр желілерін реконструкциялау» жобасы бойынша 6 630 мың.теңге сомасына ЖСҚ әзірленуде. Мердігерлік мекеме - «Строй Бизнес Консалтинг» ЖШС

- елді мекенді сумен жабдықтау;

- қоғамдық көлік жоқ

2. Елді мекенді қоғамдық көлікпен қамту бойынша жұмыс жүргізу

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімінің бірінші орынбасары
Дүйсебаев А.Ж.,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
(Халтонов А.И.),
Қарқаралы ауданының әкімі (Мақсұтов Қ.М.)

Атқарылып жатқан жұмыстар
Қазіргі уақытта Қарқаралы ауданының облыс орталығымен көліктік байланыс №102 «Қарағанды-Егіндібұлак», №103 «Қарағанды -Қарағайлы», №149 «Қарағанды-Шахтер д/ү» ауданаралық (облысішілік қалааралық) маршруттар арқылы жүзеге асырылады. Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларына сәйкес жолаушылар мен багажды автомобиль көлiгiмен тұрақты тасымалдаудың маршруттық желiсiн қалыптастырған кезде, жергiлiктi атқарушы органдар кенттермен, селолармен аудан орталықтары арасындағы және аудан орталықтары мен облыс орталықтары арасындағы байланыс басымдылығын басшылыққа алады.
Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі IV сессиясының №84 шешімімен бекітілген Қарағанды облысының әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар тізбесіне №279 «Қарқаралы-Аппаз» (Нүркен арқылы) ауданішілік қатынасының енгізілгенін атап өту қажет.
Қазіргі уақытта аудан орталығынан облыс орталығына дейін ауданаралық (облысішілік қалааралық) маршруттармен жеткізу мақсатында әлеуметтік маңызы бар №279 «Қарқаралы-Аппаз» (Нүркен арқылы) қатынасы бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылуда.

Дата cоздания: 10 Қазан 2018 12:12
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 10 Қазан 2018 13:31
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы