жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 12°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

2018 ж. 1 жарты жылдығы

Назад

Қарағанды облысы әкімі Е.Ж.Қошановтың 2018 жылғы 23 ақпандағы халық алдындағы есебі барысында келіп түскен халықтың ұсыныстары мен ескертулерін жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2018 жылдың 1 жарты жылдығы қорытындылары бойынша орындалуы туралы ақпарат

 

Айтылған ескертулер/ұсыныстар (автор, мекенжай)

Ескертулерді/ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Орындау мерзімдері

Жауапты

Ескерту

1

2

3

4

5

6

1

Варганова Елена Петровна, Теміртау қаласының тұрғыны, «Отражение» ҚҰ төрағасы, №15 ОМ мұғалімі

Теміртау қаласының экологиялық жағдайы туралы

1. Қалдықтарды шығаруды бақылау датчиктерінің санын көбейту, әртүрлі ауа райы жағдайын, желдің бағытын ескере отырып, қалдықтарды шығару көлемін реттеу.

Олардың экологиялық қызметтер үшін қолжетімділігі қамтамасыз етілсін.

2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары

Шайдаров С.Ж./

Теміртау қаласының әкімі (Әшімов Ғ.А.) (жинақтау), Экология жөніндегі департамент (келісім бойынша) (Мұсапарбеков К.Ж.), табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы (Төлепбаев Р.М.), АҚ АрселорМиттал Теміртау (келісім бойынша),

мүдделі органдар

Атқарылып жатқан шаралар

Теміртау қаласында 185 859 адам тұрады.

Қаланың атмосфералық ауасын бұзудың негізгі көзі «АрселорМиттал Теміртау» (АҚ АМТ) АҚ болып табылады.

Теміртау қаласында «Казгидрометтің 4 бекеті жұмыс жасайды.

АМТ АҚ технологиялық үдерісті жүргізу және эмиссияны қадағалауға арналған газоанализаторлар мен шаң өлшеуіш жабдықтар №3 домна пешіне, №3 ЦОИ пешіне, бірінші және екінші конвертор цехтарына орнатылған.

Санитарлық-қорғау аумағының шекарасында үш стационарлық орнатылған. Экологиялық бекетте қоршаған ортаның жағдайын автоматты түрде бақылау мақсатында («TEMIRTAU ASSOCITES AND ANICILLARIES ЖШС аумағында, «Оқжетпес» ЖШС ауданында, Автокөлік басқармасының жол-саябақ участогының алаңында) «OPSIS» фирмасының автоматты бақылау аспаптары орнатылған.

 ЖЭС (ТЭЦ), ПВС және ЖЭС-2 қазандық цехында қадағалау құралдарын орнату жоспарланып отыр, оларды орнату үшін техникалық тапсырыстар әзірленді.

2. Теміртау қаласын экологиялық сауықтыру бойынша кешенді жоспар әзірлеу (соның ішінде ірі кәсіпорындарды жаңғырту, қаланы көгалдандыру).

Іске асыру барысы.

Сәуір

 2018 жыл

Орындалған жұмыстар

Қоршаған ортаны сауықтыру бойынша кешенді жоспар әзірленіп, бекітілді.

Оған мынандай бөлімдер енгізілді:

- Атмосфераны ластандыратын заттардың эмиссиясын қысқарту;

- Энерготиімділік;

- «Жасыл белбеуді» дамыту, көгалдандыру және абаттандыру;

- Тұтыну және өндірістік қалдықтарды басқару;

- Су қорларын қорғау;

- Қоршаған ортаның жағдайы бойынша мониторинг жасау;

- Ақпараттық жұмыс жүргізу

Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен дендрологиялық жоспарды әзірлеуге қаражат бөлініп отыр. Қазіргі уақытта конкурс жарияланды.

3. Қаладағы экологиялық проблемаларды талқылау мәселелері бойынша халықаралық сарапшыларды тартумен дөңгелек стол өткізу

наурыз 2018 жыл

Орындалды

2018 жылғы 27 наурызда Теміртау қаласында «Қазақстан экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ бірге Теміртау қаласындағы және Қарағанды қаласындағы экологиялық ахуалды сауықтыру бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Проблемалық мәселелер белгіленді.

Жұмыстар атқарылуда.

4. Апта сайын, есепті кезеңнен кейінгі 7 жұлдызға дейін облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

 

2

Квитовская Ольга Александровна, Қарағанды қаласының тұрғыны

Тегін дәрілік препараттармен қамтамасыз ету туралы

1. Дәрілік заттарды тиісті уақытында қажетті көлемде жеткізу қамтамасыз етілсін

тұрақты

Облыс әкімінің орынбасары

Әбішев Ж.А./

Денсаулық сақтау басқармасы

(Нұрлыбаев Е.Ш.)

Атқарылып жатқан шаралар

2018 жылдан бастап дәрілік заттарды сатып алу және өңірлерге жеткізу жұмыстарын Денсаулық сақтау министрлігінің бірыңғай дистрибьюторы – «СК-Фармация» ЖШС жүзеге асырады.

2018 жылы амбулаториялық науқастарды тегін дәрілермен қамтамасыз етуге бөлінген қаржыландырудың жалпы көлемі 13,7 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылға қарағанда 5,5 млрд. теңгеге көп.

Қазіргі уақытта дәрі-дәрмектер бекітілген кестеге сәйкес толық көлемде жеткізілуде.

«СК-Фармация» ЖШС-мен жұмыстар одан әрі жалғасатын болады.

2. Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі 7 жұлдызға дейін облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

 

3

Әубәкіров Жалғас Сағындықұлы, «ОК ДЮСШ» КМҚК әдістемешісі, Қарағанды қаласының тұрғыны

Ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы

1. Профилактикалық және эпизодтыққа қарсы іс-шараларды тиісті уақытында өткізу.

Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылауды қамтамасыз ету.

тұрақты

Облыс әкімінің орынбасары

Шайдаров С.Ж./

Ветеринария басқармасы

ұрсынбеков К.С.),

қалалар мен аудандар әкімдері

Атқарылып жатқан жұмыстар

Ағымдағы жылы ішкі сауда нысандарында 51 272 кг. ет, сүт және басқа да өнім түрлері тексерілді, оның ішінде: 7 293кг. – сиыр еті, 1 472кг. - жылқы еті, 2 846 – қой еті, 6 793 - шошқа еті, 2 084 - құс еті, 19 619 – сүт өімдері, 6 215 - балық өнімдері, 4 408 дана - жұмыртқа, 542 кг. - бал. Өнімдер сапасы бекітілген нормаларға сай

2. Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі 7 жұлдызға дейін облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

 

4

Муштаева Татьяна Владимировна, Теміртау қаласының тұрғыны.

Бағалардың, соның ішінде коммуналдық қызмет көрсетулер бағасының өсуі туралы

1. Инфляцияны 5-7% белгіленген межеде ұстауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау. Инфляциялық процесстерді ұстау бойынша облыстық штаб пен жұмыс топтарының жұмысы жалғастырылсын.

тұрақты

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы (Тәуірбеков О.Қ.),

Облыстық басқармалар басшылары, қалалар мен аудандар әкімдері,

табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті (Өтегенов А.Т., келісім бойынша)

Атқарылып жатқан жұмыстар

Өтініш берушіге жазбаша жауап берілді.

Теміртау қаласында тұрақты түрде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларның бағасына мониторинг жүргізіледі.

Осы жылдың мамыр айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 1 атауы бойынша бағаның өсуі тіркелді.; сәбіз (+3,5%).

Оған қоса,бүгінгі күні күнделікті бағалар мониторингіне сәйкес құмшекер (+21%) және қырыққабат (+100%) бағасының өсуі байқалады.

Жеміс,көкөніс өнімдері бағасының

өсуі өзіндік құнының артуы мен маусымдық кезеңге байланысты туындап отыр. Қант бағасының өсуі Ресейден әкелінетін бұл өнім түрін сатып алу бағасының көтерілуіне байланысты орын алып отыр.

1 санатты жұмыртқа (-16%) бағасының төмендеуі тіркелді.

Жыл басынан бері 22 әлеуметтік жәрменкелер өтті. Ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілер жалпы құны 96.3 млн теңге болатын өнімдерді саудаға шығарды. Оның ішінде: ет өнімі 102,4 тонна, сүт өнімі 5.92 тонна, картоп және жеміс,көкөніс өнімі 120,7 тонна, бакалея өнімі 18,7 тонна, жұмыртқа 910 мың дана.

Бағалардың себепсіз өсу мәселелері бойынша тұрғындардың шағымдары қабылданатын 44-44-50, 92-20-39 байланыс телефондары жұмыс істейді.

2. Мәселе қарастырылсын, арыз иесіне жауап берілсін.

наурыз 2018 жыл

Теміртау қаласының әкімі (Әшімов Ғ.А.) (жинақтау), табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті (Өтегенов А.Т.)

3. Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі 7 жұлдызға дейін облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы (Тәуірбеков О.Қ.),

Теміртау қаласының әкімі (Әшімов Ғ.А.)

5

Сейсенов Аспандияр, Абай ауданы, Ақбастау ауылының тұрғыны

 

Көзтаев Шаризат Қанатұлы, Қарағанды қаласының тұрғыны

 

Ұлттық спорт түрлерін дамыту туралы (соның ішінде ат спорты).

Ипподром құрылысы туралы

1. Қарағанды облысында ұлттық спорт түрлерін дамыту бойынша жұмыс жалғастырылсын

тұрақты

Облыс әкімінің орынбасары

Әбішев Ж.А./,

дене тәрбиесі және спорт басқармасы

(Сухорукова Н.Е.),

Қарағанды қаласының әкімі

(Әубәкіров Н.Е.)

Атқарылып жатқан жұмыстар

Облыста ұлттық спорт түрлері белсенді дамып келеді. Қазіргі уақытта спорттың 11 түрі дамытылып жатыр. (тоғызқұмалақ, саят, бәйге, жекпе-жек, қазақ күресі, асық ату, қыз қуу, теңге алу, аударыспақ, көкпар, жамбы ату) ұлттық спорт түрлерімен аймағымызда 42 065 адам айналысады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасына 16 спортшы еніп отыр. Ұлттық спорт түрлерін одан әрі дамыту және спортшылардың шеберлігін арттыру мақсатында 2018 жылы облыстық жарыстар, «Сарыарқа» ауыл Спартакиадасы (19-21 шілде, Киевка кенті, Нұра ауданы), сондай-ақ күнтізбелік жоспарға сәйкес республикалық Чемпионттар мен турнирлерге қатысу жоспарлануда.

6

2. Жеке инвестициялар есебінен ипподром құрылысын салу қарастырылсын.

2018 жыл

Атқарылып жатқан жұмыстар

Бүгінгі таңда ат спорты мектебі бар ипподром құрылысы жобасын жүзеге асыру жобасы МЖӘ аясында қарастырылып жатыр.

Жобаның құны 1,5 млрд. теңге шамасында. Жобалық қуаты – 1000 орын.

Жобаны жүзеге асырудың жалпы мерзімі: 6 жыл (1 жыл инвестиция, 5 жыл пайдалану). Бүгінгі таңда алдын-ала есептеу жұмыстары жүргізілуде.

3. Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі 7 жұлдызға дейін облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

 

7

Тағыберденова

Нағима Қиымбайқызы, Жезқазған қаласының тұрғыны.

Дарынды балаларға арналған мектеп ашу туралы

1. Жезқазған қаласында дарынды балаларға арналған мектеп құрылысын қаржыландыру және құрылысты бастау мәселесі қарастырылсын.

2018 жыл

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

Дүйсебаев А.Ж., Облыс әкімінің орынбасары

Әбішев Ж.А./,

Жезқазған қаласының әкімі

(Ахметов Б.Д.),

құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы (Қалмаханов Т.С.),

білім басқармасы

(Иманғалиев Е.Н.)

Атқарылған шаралар

2017 жылы Жезқазған қаласында дарынды балаларға арналған «Өркен» мамандандырылған мектеп-интернаты ашылды.

Қазіргі уақытта Жезқазған қаласындағы 900 оқушыға арналған мектептің құрылысы жүргізу бойынша конкурстық шаралар жүргізіліп жатыр.

2. Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі 7 жұлдызға дейін облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

 

8

Сәтпаев қаласының тұрғыны.

Сәтпаев қаласын дамытудың қандай перспективалары бар?

Қаланың ескі ықшам аудандары абаттандырыла ма?

1. Сәтпаев қаласының ықшам аудандарын абаттандыру бойынша шаралар қабылдансын.

тұрақты

Облыс әкімінің орынбасары Шкарупа А.В./

энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

(Бегімов Қ.Б.),

Сәтпаев қаласының әкімі

(Ыдырысов А.А.) (жинақтау)

Атқарылып жатқан жұмыстар

Қаланы абаттандыру бағдарлама-сына сәйкес қалада 1-ші және 2-ші ықшам аудандардың ішкі көшелерінің жолдарын жөндеу және жолдардың бойындағы тасжиектерді ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Қала бойынша 200 қосымша қоқыс контейнерлері орнатылды. Сонымен қатар, жаңадан контейнерлік алаңдар мен 200 жаңа евро стандартты контейнерлерді орнату, 10 балаларға арналған ойын алаңдарын және 5 көше тренажерларын орнату жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер өтуде.

2. Жоспарланған әлеуметтік маңызды нысандардың (балабақша, Оқушылар сарайы) құрылысы, тұрғын үйлерді тиісті уақытында пайдалануға беру бойынша шаралар қабылдансын.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

Дүйсебаев А.Ж.,

Сәтпаев қаласының әкімі

(Ыдырысов А.А.) (жинақтау),

құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы (Қалмаханов Т.С.),

білім басқармасы

(Иманғалиев Е.Н.)

Атқарылып жатқан шаралар

2018ж. 5 айдың қорытындысы бойынша 5,6 мың ш.м тұрғын үй іске қосылды, бұл 2017ж. осы кезеңімен салыстырғанда 38,3 % құрайды.

Оқушылар сарайының құрылысы бойынша конкурстық шаралар жүргізілуде.

Балабақша құрылысы бойынша жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде.

3. Қаланың өнеркәсіп әлеуетін пайдалану бойынша шаралар қабылдансын (жаңа өндірістер құру, Индустриалдық парк құрылысын қарастыру)

Облыс әкімінің орынбасары Айдаров А.А./

Сәтпаев қаласының әкімі

(Ыдырысов А.А.) (жинақтау),

өнеркәсіп және индустриалдық – инновациялық даму басқармасы (Жұмасұлтанов Ғ.А.),

кәсіпкерлік басқармасы

(Аблаева Т.Ю.)

Атқарылып жатқан жұмыстар

2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында Сәтпаев қаласының өнеркәсіптік өндірісінің көлемі 19,8 млрд. теңгені құрады, НКИ-115,7%.

Бұл көрсеткіштің облыстық өндірістегі үлесі 1,8% -ды құрайды.

Бүгінгі күні Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 371 млн. теңге сомасына 3 жоба іске қосылып, 58 жаңа жұмыс орны ашылды.

Қарағанды ​​облысының Жезқазған, Сәтпаев және Ұлытау аудандарына арналған 2012-2020 жылдарға кешенді әлеуметтік-экономикалық даму жоспары аясында:

- Сәтпаев қаласында «Сары-Арқа» ЖШС-нің «Қорғасын парағының өндірісін ұйымдастыру» жобасы жоспарланған. Жобаның құны 328 млн. теңгені құрайды, 15 жаңа жұмыс орны құрылады. Жобаның іске қосылуы 2019 жылға жоспарланған;

- жоспардың 31 тармағына сәйкес, Сәтбаев қаласында қажетті инфроқұрылыммен жабдықталған индустриалды паркты салу жоспарлануда.

Аталған жобаға қазіргі уақытта 12 гектар жер белгіленіп отыр. Жобалау–сметалық құжаттар әзірленіп мемлекеттік сараптамаға жолданды. Биылғы жылы енгізуге жоспарланып отырған 19 жоба бар, инвестиция салымы – 1,3 млрд. теңге, ашылатын жұмыс орындар саны – 102. Оның ішінде 5 жоба өңдеу өнеркәсібі және агро-өнеркәсіптік кешен саласындағы жаңа өндірістер (инвестиция көлемі 533 млн. тенге, 40 жұмыс орыны ашылады).бар.

4. Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі 7 жұлдызға дейін облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

Сәтпаев қаласының әкімі

(Ыдырысов А.А.)

9

Әбдіқалықов Амангелді, еңбек ардагері, Саяқ кентінің тұрғыны.

Саяқ кентіндегі ауызсу туралы

1. Іздеу-барлау жұмысын аяқтау

мамыр 2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары Шкарупа А.В./

энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

(Бегімов Қ.Б.),

Балқаш қаласының әкімі

(Аглиулин А.М.)

Атқарылып жатқан жұмыстар

Саяқ кентінде жер асты суларын барлау жұмыстары аяқталды, судың сапасы және қорлары бойынша (2018 жылғы 18 сәіурде №1718 хаттамасы) қорытынды алынды.

ЖСҚ әзірлеу жұмыстары жалғасуда. Инженерлік – геодезиялық жұмыстар, инженерлік – геологиялық жұмыстар толық көлемде аяқталды. Су тазарту қондырғылары бойынша техникалық – коммерциялық ұсыныстар талданды, су құбыры желісінің өту жолы анықталды, негізгі тарту қондырғыларын таңдау жұмыстары жүргізілді.

Негізгі барлау – пайдалану ұңғымалары нақтыланып, оларды бұрғылау жобасы, яғни Саяқ кентін сумен қамтамасыз ету мақсатында №№15, 16 және 18 (негізгі) және №20 (қосымша) барлау – пайдалану ұңғымаларын бұрғылау жобасы «Орталыққазжерқойнауы» ӨД келістіруге жіберілді.

Тапсырманы орындау тұрақты бақылауға алынған.

2. «Саяқ кентінің су шарбағы құрылысы» жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу

2018 жыл

3. Жерасты су қоры туралы хаттама мен ведомстводан тыс сараптама алған соң жобаны 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджеке жоспарлау үшін салалық министрлікке жолдау.

2018 жыл

4. Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі 7 жұлдызға дейін облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

 

10

Ивкин Александр Михайлович.

Мүгедектерге бейімделген үйлердің құрылысы

1. «Ақылды» үйлер құрылысы тәжірибесі, Ақтөбе қаласының тәжірибесі зерделенсін.

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

Дүйсебаев А.Ж.,

Қарағанды қаласының әкімі

(Әубәкіров Н.Е.), (жинақтау),

құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы (Қалмаханов Т.С.),

энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

(Бегімов Қ.Б.)

Атқарылып жатқан жұмыстар

Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру және мүгедектерге нысандар мен қызметтерге кедергісіз қол жеткізуді Қарағанды ​​қаласында іске асыру мақсатында 2012 жылдан бастап әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін сертификаттау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2015 жылы мүгедектер үшін қол жетімді ортаны сақтау үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеуді (сертификаттау) ұйымдастыру және өткізу үшін ведомствоаралық комиссия құрылды.

Құрылысқа рұқсат беру және бекіту кезеңінде мүгедектердің ғимаратқа кіруге арналған пандустар, арнайы кірме жолдар мен мүгедектер арбасын жүргізу үшін арналған құрылғыларды орнату шаралары қарастырылатын болады.

Жеке тұрғын үй құрылысы белсенді түрде жүргізілуде. Жеке құрылыс салушылар есебінен іске асырылып жатқан жобалар шеңберінде қазіргі заманғы құрылыс материалдары мен жабдықтар қолданылуда.

2. Арыз иесімен кездесіп, Қарағанды қаласында «ақылды» үйлер құрылысын салу мәселесі қарастырылсын.

Ұсыныс берілсін.

наурыз 2018 жыл

 

3. Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі 7 жұлдызға дейін облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

11

Дархан Алиұлы.

Мүгедектерге арналған спортты дамыту туралы.

Мүгедектерді спорт инвентарімен қамтамасыз ету туралы

1. Мүгедектер спортын дамыту мәселесіне мүгедектерді спорт инвентарімен жарақтау және проблемаларын шешу үшін талдау жүргізілсін.

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары

Әбішев Ж.А./,

дене тәрбиесі және спорт басқармасы

(Сухорукова Н.Е.)

Атқарылып жатқан жұмыстар

2018 жылдың 12 және 19 тамызы күндері Ақтөбе қаласында есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында ҚР ІІ Спартакиадасы өткізіледі. Қарағанды облысынан спорттың 8 түрі бойынша 45 спортшы қатысатын болады. Мамыр айында Спартакиадаға қатысушы спортшыларға 500 000 теңге мөлшеріндегі қаражатқа бірыңғай спорттық форма сатып алынды. Спартакиадаға қатысушы спортшылардың іссапар шығындарына қосымша 4 млн.теңге бөлінді.

2019 жылғы бюджеттік өтінімде спорттық жабдықтарды сатып алу үшін 5,8 млн.теңге көлімінде қосымша қажеттілік өтінімі жасалды.

2. Спорт нысандарын жарақтауды жақсарту бойынша шаралар қабылдансын.

тұрақты

Атқарылып жатқан жұмыстар

Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін спорт нысандарын жарақтандыруды жақсарту үшін:

Қарағанды қ. «Шахтер» стадионының алаңдары қайта жабдықталды, пандустар қойылып, кіру жолдары ұлғайтылды.

Ірі спорт нысандары: Бокс орталығы, Теннис орталығы және Мұз айдыны сарайы қолданыстағы СП РК 3.06-15-2005 нормаларына сәйкес салынған (пандустар, лифт және санитарлы тораптар бар).

Спорт объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында келесі әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін жөндеу жұмыстары кезінде пандустар орнатылды: Жаңарқа ауданының БЖСМ СК, Қарқаралы ауданының Қарабұлақ ауылындағы СК және Гимнастика бойынша БЖСМ СК, Қарағанды қ. мүгедектер спорты бойынша мектептің әкімшілік ғимаратының кіре берісі, Сатпаев қ. «Жастар» спорт сарайы.

Балқаш қаласындағы, Осакаровка, Ақтоғай, Ұлытау, Шахтерское ауылы (Нұра ауданы) дене шынықтыру-сауықтыру кешендері (ДШСК) мүгедек көрермендердің қызықты спорттық, мәдени және басқа да шараларды тамашалай алуы үшін отыратын орындардың құрылысы жабық спорт залдардын жобалау жөніндегі нұсқаулықты есепке ала отырып салынғандықтан нормаларға сәйкес келеді, оларда пандустар мен санитарлық тораптар ғимараттың бірінші қабатында орналасқан.

Ағымдағы жылы мүгедектер спорты бойынша ОСМ ғимаратында 4,9 млн.теңгеге жөндеу жұмыстары өткізілетін болады.

3. Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі 7 жұлдызға дейін облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

12

Қожымжаров Ержан

Қарағанды қаласының Б.Момышұлы көшесіндегі Панель - Центр №2 үйдің 5 секциясының құрылысын аяқтау туралы

1. Мәселе қарастырылып, арыз иесіне жауап берілсін.

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

Дүйсебаев А.Ж.,

Қарағанды қаласының әкімі

(Әубәкіров Н.Е.)

Орындалған жұмыстар 2018 жылғы 21 наурызда азамат Е.Кожамжаровқа Қарағанды қ. Б.Момышұлы көшесі 24 үй, 410 пәтер берілді.

13

Кремер Павел Израйлович

«Айналайын» тұрғын үй кешенін ИКИ және талап етілетін жүктемемен қамтамасыз ету туралы (Қарағанды қаласы, Оазис ықшам ауданы, Кенжин көшесі, 1/1)

1. «Айналайын» тұрғын үй кешенін ИКИ және талап етілетін жүктемемен қамтамасыз ету мәселесі қарастырылсын (Қарағанды қаласы, Оазис ықшам ауданы, Кенжин көшесі, 1/1)

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

Дүйсебаев А.Ж.,

құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы (Қалмаханов Т.С.),

 (жинақтау),

энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

(Бегімов Қ.Б.),

Қарағанды қаласының әкімі

(Әубәкіров Н.Е.)

Атқарылып жатқан шаралар Ағымдағы жылдың 14 наурызында облыс орталығында тұрғын үй құрылысын жүргізу бойынша кеңес өтіп, онда «Айналайын» тұрғын үй кешені құрылысы бойынша және жалпы салынуы жоспарланып отырған Оазис ықшам ауданының құрылысы бойынша мәселелер қаралды.

Бүгінгі таңда бастапқы деректерді жинау бойынша жұмыстар жүргізілді, Оазис шағын ауданы бойынша техникалық сипаттамалар алынды.

Аталған жұмысқа үш құрылыс жүргізуші тартылып отыр, тұрғын үйдің жалпы ауданы 112,5 мың шаршы метрдіғ яғни 1574 пәтерді құрайды. Желілерді салу жобасын «Uksproekt-2006» ЖШС әзірлейді..

2. Осы жобаны іске асыру бойынша шаралар қабылдансын

2018 жыл

3. Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі 7 жұлдызға дейін облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

14

Соколова Наталья Ивановна, Соқырлар қоғамының нұсқаушысы.

Мүгедектерді техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз ету туралы

1. Мүгедектерді техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз ету жұмысы жалғастырылсын.

тұрақты

Облыс әкімінің орынбасары

Әбішев Ж.А./,

жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

(Галиуллин М.Р.)

Атқарылып жатқан шаралар

2018 жылы техникалық көмекші құралдар мен электрондық гаджеттер сатып алынды.

Барлығы 1009 тифлотехникалық құрал, оның ішінде 255 дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұялы телефон және 59 сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбук сатып алынды.

88 көру қабілеті нашар мүгедекке оқу машиналары сатып алынды.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу бойынша үнемделген қаржы тифлотехникалық құралдарды сатып алуға жұмсалатын болады.

2. Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі 7 жұлдызға дейін облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

15

Төлеубаев,

АрселорМиттал Стил КД ардагерлер кеңесі

Жеке қабылдау

(шахтерлердің ардагерлер кеңесінің жұмысы, шахта құрылысы туралы)

1. Қабылдауға материалдар дайындалсын.

 

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары

Әбішев Ж.А./,

еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма

(Балсариев Қ.Ш.), ішкі саясат басқармасы

 (Рыстин Н.Б.), өнеркәсіп және индустриалдық – инновациялық даму басқармасы (Жұмасұлтанов Ғ.А.)

Орындалған жұмыстар

28 наурызда регресниктер тобының құрамында Е.Т.Төлеубаев Қарағанды обылысы әкімінің жеке қабылдауында болды.

Қойылған сұрақтарға жауаптар мен түсініктемелер берілді..

2. Жеке қабылдау ұйымдастырылсын.

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімі аппаратының басшысы

Ысқақов Ж.М.

16

Мубаракшина Надежда Семеновна, тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамының төрағасы.

Казэнергоцентр, Жезказган энергосбыт қызмет көрсетулері бағасының өсуі туралы.

Екі квитанция мәселесі.

Жеке қабылдау.

1. Тұрғындармен белсенді түсіндіру жұмысы жүргізілсін.

2018 жыл

1 жартыжылдық

Облыс әкімінің орынбасары

Шкарупа А.В./

Жезқазған қаласының әкімі

(Ахметов Б.Д.),

Сәтпаев қаласының әкімі

(Ыдырысов А.А.),

энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

(Бегімов Қ.Б.),

 (жинақтау)

Атқарылып жатқан жұмыстар

Өңірде энергиямен жабдықтайтын 2 ұйым жұмыс істейді: ЖШС «Жезказганэнергосбыт» және ЖШС «Казэнергоцентр».

Тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру жұмысы белсенді жүргізіледі: БАҚ арқылы электр қуатымен жабдықтау тарифтері туралы түсіндіру беріледі; қала әкімдігінің, құқық қорғау органдары мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен жиналыстар өткізіледі; тұрғындарға консультативтік көмек көрсетіледі.

2. Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі 7 жұлдызға дейін облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

3. Жеке қабылдау ұйымдастырылсын.

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімі аппаратының басшысы

Ысқақов Ж.М.

 

17

Қармысова Жарас, Приозерск қаласының тұрғыны

 

Жеңіс бульварын абаттандыру туралы

1. Көшелерді, саябақтар мен гүлзарларды абаттандыру жұмысы ұйымдастырылсын.

2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары

Шкарупа А.В./

Приозерск қаласының әкімі

(Қамзин Қ.А.) (жинақтау), энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

(Бегімов Қ.Б.)

Атқарылып жатқан жұмыстар

Жобаның құны – 272 млн. теңгені құрайды. Жұмыстарды орындау мақсатында жергілікті бюджеттен 15 млн. теңге қаражат бөлінді. Қалған сомаға салалық министрлікке бюджеттік өтінім жолданды. Бүгінгі күнге конкурстық іс-шаралар жүргізілді. Мердігер- «Ақжолэнерго» ЖШС. Іске асыру мерзімі 2018-2019 жылдар.

2. Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі 7 жұлдызға дейін облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

18

Бөкенов, Баршын ауылының тұрғыны

Құланөтпес өзені арқылы өтетін көпірді қалпына келтіру туралы

1. Құланөтпес өзені арқылы өтетін көпірді қалпына келтіру жобасын іске асыру қамтамасыз етілсін.

2018 жыл

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

Дүйсебаев А.Ж.,

жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

(Халтонов А.И.) (жинақтау),

Нұра ауданының әкімі

(Омарханов Н.И.)

Атқарылып жатқан жұмыстар

«Изенді-Кенжарық-Соналы-Пикет» аудандық маңызы бар автожолы арқылы өтетін Құланөтпес өзеніндегі км 13+700 көпірді қайта жаңғырту бойынша мердігер «Сапа Жол Строй» ЖШС (келісімшарт сомасы – 476 556 мың теңге жұмыстардың аяқталу уақыты 2018 жылдың желтоқсан айы). Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жолдың бағытын ауыстыру жұмыстары басталды. Бур-қағу тіремелерін (сваи) әзірлеу бойынша жұмыстарды орындау үшін алаң дайындалды.

 

 

 

2. Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі 7 жұлдызға дейін облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

19

Наргизов Абыл

Мешіт құрылысы үшін жер бөлу туралы

1. Мәселе қарастырылсын, арыз иесіне жауап берілсін.

Қолданыстағы заңнама аясында түсіндірілсін.

наурыз 2018 жыл

Қарағанды қаласының әкімі

(Әубәкіров Н.Е.)

Орындалған жұмыстар

Бүгінгі күнде Қазыбек би ауданы, Ержанов көшесі 34 мекенжайында орналасқан көлемі 0,9 га жер учаскесі таңдалынып алынды.

20

Акенова Әлия,

мкр. Астана, Ермеков көшесі, 106/4, Қарағанды қаласы

2007 жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үйдің жағдайы туралы (эстетикалық түрі, балансқа қойылмаған)

1. Мәселе қарастырылсын және үйдің кемшіліктерін жою бойынша шаралар қабылдансын.

24 ақпан 2018 жыл

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

Дүйсебаев А.Ж.,

Қарағанды қаласының әкімі

(Әубәкіров Н.Е.)

энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

(Бегімов Қ.Б.)

Атқарылып жатқан шаралар

 «Атлант құрылыс» ЖШС мердігерімен орындалатын сметалық құжаттамаға сәйкес жөндеу жұмыстары бастады.

 Қазіргі уақытта іс-шаралар жоспары бойынша ауланы жарықтардыру жұмыстары, абаттандыру, контейнер орнату жұмыстары жүргізілді, қоршаулар орнатылды. Қарағанды қаласы: 9 шағын ауданы, блок-секция - 9 мекенжайында орналасқан үйге 106А реттік номері берілді.

2. Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі 7 жұлдызға дейін облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

21

Бобровская Евгения Викторовна, Абай қаласының кәсіпкері

Абай қаласының «Ромашка» аялдамасы жанындағы кафе - шіріген канализация жүйесі (жағымсыз иіс, антисанитария)

1. Абай қаласының тазарту қондырғысы мен канализация жүйесін реконструкциялау қамтамасыз етілсін.

2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары Шкарупа А.В./

энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

(Бегімов Қ.Б.)

(жинақтау),

Абай ауданының әкімі

(Асанов Б.К.)

Атқарылып жатқан шаралар

 Ағымдағы жылы «Абай қаласының Қарабас кентінде КНС-1, КНС-2, КНС-3 кәріздік тазарту желілерін, кәріздік тазарту құрылғыларын, кәріздік насос станцияларын реконструкциялау» жобасын іске асыру мақсатында республикалық бюджеттен 800 000 тг (жалпы құны – 4,1 млрд.тг, 2019-201 ж. нысан өткізіледі) қаражат бөлінді.

Конкурстық ресімдер жүргізіліп жатыр.

2. Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі 7 жұлдызға дейін облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

22

Мәдина, Майқұдық тұрғыны

Майқұдық ықшам аудандарын абаттандыру туралы

1. Октябрь ауданын абаттандыру бойынша шаралар қабылдансын.

2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары Шкарупа А.В./

энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

(Бегімов Қ.Б.)

(жинақтау),

Қарағанды қаласының әкімі

(Әубәкіров Н.Е.)

Атқарылып жатқан шаралар

 

Абаттандыру жұмыстары жүргізілуде:

- 50 аула, соның ішінде Майқұдық ауданында 27 аула, Пришахинск ауданы бойынша 16 аулалық аумақ, Сұрыптау елді мекені бойынша 7 аула аббаттандырылып жатыр;

- 2 саябақ – ЖСҚ сәйкес Архитектурная көшесінде және Мануильский көшесіндегі сәулет және қоғамдық бақ, әзірленген жобалық сметаларға сәйкес;
Мынадай мекен-жайларда - 8 саябақтар абаттандырылуда:
1) Көгілдір тоғандар, №4 емхана;
2) Бабушкина көшесі, №110 а, орта мектеп № 74;
3) қ. Архитектурная п/п, қ.Майлин, ул.Архитектурная, 8;
4) Магниторгорская көшесі, 1;
5) 22 шағын ауд. №23 үй дейін;
6) Луначарский көшесі № 6а;
7) Кемеровская көшесі № 36/2;
8) Достық көшесі № 128.

Жұмысты орындау мерзімі: 2018 жылдың мамыр-қараша айларында.

Магнитогорская - К.Маркс көшелері бойынша жобалы-сметалық құжаттамалар әзірленіп жатыр. Бұл жоба аясында бордюр тастары мен жарықтандыру, абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілетын болады.

2. Мәселе қарастырылсын, арыз иесіне жауап берілсін.

наурыз 2018 жыл

Қарағанды қаласының әкімі

(Әубәкіров Н.Е.)

23

Молдахметов Талғат Толеуғалиұлы, Теміртау қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшесі.

ЖЭО-2 тұрақты жұмысы туралы

1. Теміртау қаласының жылу желілері мен станциясын 2018-2019 жж. жылыту маусымына тиісті уақытында дайындау қамтамасыз етілсін

Қазан

 2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары Шкарупа А.В./

энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

(Бегімов Қ.Б.),

Теміртау қаласының әкімі

(Әшімов Ғ.А.),

АҚ АрселорМиттал Теміртау (Басин В.Б., келісім бойынша)

Атқарылып жатқан жұмыстар

Жылу маусымы аяқталғаннан кейін

2018-2019 жылдарға жылу беру маусымына дайындық басталды,

12.06.2018ж. келесі жөндеулер жүргізілді:

- 2,406 км жылу желілеріне, (34%);

- 10,075 км электр желілеріне, (30%) және 1 қосалқы станциясына, (14%);

- 1,995 км су құбырына,(20%) және 0,1 км. кәріз желілеріне, (2%).

 

2. Теміртау қаласының тіршілікпен қамтамасыз ету нысандарын алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындау барысында жылу көздеріндегі барлық кемшіліктер мен апаттар себептері ескерілсін.

мамыр 2018 жыл

Атқарылып жатқан жұмыстар

2-ЖЭО-да 2017 жылы 3 қазандықта жөндеу жұмыстары жүргізілді (2016 жылмен салыстырғанда 2 есе көп). 2018 жылы жөндеу жұмыстарының көлемі 3,2 млрд. теңгеге өсті (+800 млн.теңге).

Бүгінгі күнде кестеге сәйкес №4 қазандықта ағымдағы-кеңейтілген жөндеу жұмыстары аяқталды,

№3 қазандықта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, (21%)

Атқарылып жатқан жұмыстар

«АМТ» АҚ басшылығымен №7 жаңа қазандықты салу бойынша келісім бар. Құрылыс жұмыстары 2018 жылдың жазында басталады.

3. Жаңа қазандықты жобалау мен құрылыс-монтаж жұмысын бастау қамтамасыз етілсін

желтоқсан 2018 жыл

4. Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі 7 жұлдызға дейін облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

24

Егеубаев Асхат, Қазақ соқырлар қоғамының корпоративтік қорының президенті:

- көзі бойынша мүгедектерді медициналық колледжде оқыту туралы;

- мәдениет үйі мен арнайы кітапхананы біріктіруді жою туралы;

- көзі көрмейтін мүгедектерге арналған мәдениет үйінің құрылысы туралы

1. Мәселе қарастырылсын, арыз иесіне жауап берілсін.

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары

Әбішев Ж.А./,

денсаулық сақтау басқармасы

(Нұрлыбаев Е.Ш.),

мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы (Ағымбаев Е.М.)

 

Атқарылып жатқан жұмыстар

2019 жылы көзі нашар көретін тұлғаларды емдік массажға оқыту бойынша медбикелік бөлімше ашу жоспарланған.

Қазіргі кезде дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Жабдықтар мен оқу құралдарын сатып алуға қаржы бөлінген.

Наурыз айында Зағип жандардың мәдениет үйінің және Қарағанды облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін жандарға арналған арнайы кітапханасын біріктіру мәселесі жан-жақты қарастырылды.

Мәдениет үйінің санитарлық-гигиеналық нормаларға және ережелерге сәйкес келмеуіне байланысты Мәдениет үйін арнайы кітапханаға қосу арқылы қайта ұйымдастыру мәселесі көтерілді.

Көруі қабылеті бойынша мүгедек азаматтармен, екі ұйымның еңбек ұжымдарының қатысуымен жиналыс өткізіліп олар (3 ақпан, 1 наурыз, 5 сәуір) қабылданып жатқан ұсынысқа оң көзқарастарын білдірді.

Бүгінгі күні Арнайы кітапханада (жаңа корпус) Мәдениет үйі уақытша орналасатын үй-жай қарастырылған. Іс-шара өткізу үшін акт залы, киім бөлмесі (костюмерная) және мамандары үшін арнайы кабинеттер қарастырылған.

Алдағы уақытта Арнайы кітапхана аумағында Мәдениет үйі үшін жеке ғимараттың құрылысын жүргізу мүмкіншілігі бар.

Қазіргі уақытта техникалық және заңдық мәселелері қарастырылуда.

25

Зейнеткер, Қарқаралыдан көшіп келген.

Үй алуға көмектесу туралы (кезегі 1208)

1. Мәселе қарастырылсын, заңнамаға сәйкес жауап берілсін.

наурыз 2018 жыл

Қарағанды қаласының әкімі

(Әубәкіров Н.Е.)

 Аталмыш өтініште өтініш беруші жөніндегі қажетті ақпарат ұсынылмаған (аты-жөні және мекен-жайы), осыған орай өтінішті қарастыру мүмкін болмай отыр.

Тұрғын үй мәселесі жөніндегі толық ақпаратты азаматтар қалалық әкімшілікте өтетін қабылдау күндерінде (бейсенбі) біле алатын болады. Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39 а, мекенжайы. (9:00-16:00, түскі үзіліс: 13:00-14:00)

26

Асылбек Сүлейменов, Қарағанды қаласының тұрғыны

 

Қарағанды қаласының ғимараттарының сыртқы келбеті туралы

1. Қаланы абаттандыру жұмысы жандандырылсын.

2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары

Шкарупа А.В./

Қарағанды қаласының әкімі

(Әубәкіров Н.Е.) (жинақтау),

энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

(Бегімов Қ.Б.)

Атқарылып жатқан жұмыстар

Қала көркін жаңғырту мақсатында Б.Жырау даңғылы бойынша ТЖ вокзалынан бастап Шахтер стадионына дейін қасбеттерді жөндеу концепциясы жасалды.

Кәсіпкер-меценаттарды ғимараттардың қасбеттерін реконструкциялауға тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қасбеттерді бояу бойынша вокзал алдындағы («Шығыс» ЖШС) 3 үйдің қасбеттерін бояу бойынша жұмыстар жүргізілді.

2017 жылы әмбебап дүкен иелері Н.Әбдіров мен Гоголь көшесі қиылысындағы үйді бояу мен қайта құрылыс жұмыстарын жүргізді.

2018 жылы Бұқар жырау 13,15 және Ленин 1,2 көшелері бойынша қасбеттерді қайта әрлеу бойынша жұмыстар жүргізіледі (ТОО «ARCADA»).

Сонымен қатар, қала аумақтары мен саябақтарын абаттандыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Демеушілік қаражат есебінен балалар ойын алаңдары № 56 орта мектептің (Сұрыптау елді мекені) аумағында және Октябрь ауданының Күзембаев атындағы саябағында орнатылатын болады. Ағымдағы жылы «Литва бұрышы» аймағын абаттандыру жұмыстары жоспарланған.
Құрылысқа тапсырыс беруші - Литва азаматы Витаутас Варасимавичюс. Демалыс аймағы Литва этно кентінің бөлігі ретінде Қазақстан халықтарының ұлттық мерекелерін өткізуге арналған арнайы алаңға айналатын болады.

Сондай-ақ жеке құрылысшылар есебінен көшеде қоғамдық бақтарды көріктендіру бойынша Карбышев («Eurasia building» ЖШС), Тәттімбет көшесі бойынша («СК Курылыс Қарағанды» ЖШС) жұмыстар жүргізілетін болады. Меморандум аясында 2017 жылы «Ер Нұр және Ника» қазақ-корей достығы» қоғамдық қоры есебінен «Олимпиада көшесінде жұмыстар жүргізіледі. көгалдандыру жобасы іске асырылды, аңызға айналған әнші, композитор және актер Виктор Цойдың тұлғасына арналған архитектуралық монументалды композиция орнатылып,
2017 жылғы 26 тамызда салтанатты ашылу өтті.

«Рухани жаңғырту» бағдарламасы аясында 2018 жылы кәсіпкерлер-демеушілерд осы сынды жұмыстарға тарту бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.

2. «Рухани жанғыру» аясында кәсіпкер меценаттарды абаттандыру жұмысына тарту жұмысы ұйымдастырылсын.

3. Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі 7 жұлдызға дейін облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

27

Ләззат Қожахметова

Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхановтың атын беру туралы

1. Қарағанды қаласының Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхановтың атын беру мәселесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарастырылсын.

2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары

Әбішев Ж.А./,

тілдерді дамыту жөніндегі басқарма (Қаңтарбекова Г.Х.),

Қарағанды қаласының әкімі

(Әубәкіров Н.Е.)

Атқарылып жатқан жұмыстар

Қазіргі таңда Әлихан Бөкейхановтың есімі ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан әзірленген ономастикалық нысандарға беруге болатын аса көрнекті мемлекет және қоғам, ғылым, мәдениет қайраткерлерінің және Қазақстан Республикасы мен әлемдік қоғамдастықтың алдында еңбек сіңірген тұлғалар тізіміне енгізілген.

Қарағанды ​​қаласының Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхановтың есімін беру мақсатында тұрғындар арасында келіспеушіліктер мен әлеуметтік шиеленісті болдырмас үшін алдын-ала ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағытта облыстық және жергілікті баспасөзде 10-ға тарта мақала жарық көрді, сондай-ақ әлеуметтік желілерде посттар тұрақты түрде жарияланып келеді. Түсіндіру шаралары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

2. Ақпарат облыс әкімі аппаратына ағымдағы жылдың 7 мамыры қарсаңына ұсынылсын

 

28

Залицкая Светлана Владимировна,

Қарағанды қаласының тұрғыны.

Тұрғындарды иесіз хайуандардан қорғау туралы

1. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаңғыбас иттерді аулау мен жою жұмысы жүргізілсін

тұрақты

Облыс әкімінің орынбасары

Шайдаров С.Ж./

ветеринария басқармасы

(Тұрсынбеков К.С.),

қалалар мен аудандар әкімдері,

мүдделі органдар

Атқарылып жатқан шаралар

Аудандар мен қалалар бойынша қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға 55.4 млн. теңге бөлінген.

Жыл басынан бері аудандар мен қалаларда 9 521 бас қанғыбас иттер мен мысықтар ауланып, жойылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар үнемі жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер негізінде атқарылады.

2. Үй жануарлары үшін жауапкершілік туралы белсенділермен және қоғамдық ұйымдармен түсіндіру жұмысы жүргізілсін.

Облыс аймақтарында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

3. Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі 7 жұлдызға дейін облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

 

29

Зейнеткер, 94 жаста, Қарағанды қаласының тұрғыны, Тәттімбет көшесі, 18, 141 пәтер

 

 

 

Атқарылып жатқан шаралар

Қазіргі уақытта лифт дұрыс жұмыс істейді, тұрғындар тарапынан арыздар болған жоқ.

«Жилсоцсервис» ЖШС ақпаратына сәйкес суық сумен қамтамасыз ету жүйесінде жағымсыз иіс жоқ.

Пәтер иелерінің қатарынан сайланған белсенді топ мүшелері электр қалқанын жөндеу мәселесі бойынша жазбаша сауалнама жүргізуде.

1.ПИК жұмысы және коммуналдық қызмет көрсетулердің сапасы туралы (төбеден су ағады, жарық жоқ, қалдықтар, жертөледен жағымсыз иіс, оқшауланбаған ток сымы).

2. Лифт жұмыс істемейді

1. Кемшіліктерді жою жұмысы ұйымдастырылсын.

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары

Шкарупа А.В./

энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

(Бегімов Қ.Б.),

Қарағанды қаласының әкімі

(Әубәкіров Н.Е.)

(жинақтау)

3. Шахтерский кентін орталықтандырылған сумен және жылумен жабдықтау туралы

2. «Пришахтинск М8 жылу магистралін реконстукциялау» жобасын іске асыру аяқталсын.

2018 жыл

Атқарылып жатқан шаралар

2017 жылы М8 жылу магистралін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді, нысан қазірдің өзінде іске қосылды. Қазіргі уақытта Пришахтинск тұтынушыларына қызмет көрсетуде жылу шығындарының азаюы мен жылумен қамтамасыз ету сапасының жақсарғандығы байқалуда.

Ағымдағы жылы жылу магистралін қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау жоспарлануда, бұл мақсатқа 431,4 млн. теңге бөлінді

3. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Шахтерский кентін орталықтандырылған сумен және жылумен жабдықтау мәселесі қарастырылсын.

 М8 жылу магистралін қайта жаңғырту жұмыстары арқасында Шахтерский кентінің тұтынушыларын жылыту жүйесіне қосу мүмкіндігі пайда болды. Осы жылы М8-ден Кемеров көшесіне дейінгі жылу желісін салу және қолданыстағы жылу магистралін қалпына келтіру (ГБ есебінен 15 млн. теңге жоспарланған) үшін ЖСҚ жасалатын болады. Сонымен қатар ЖСҚ әзірлеу жұмысы басталды

4. Балалардың ойын алаңы жоқ

4. Мектепке баратын жолды абаттандыру мен балалар алаңын орнату үшін бюджеттен қаржы бөлу мәселесі қарастырылсын.

Шілде

2018 жыл

Атқарылып жатқан шаралар

Экибастузская көшесі, №133, 137, 141, 143, 145, 147 тұрғын үйлерінің аула аймақтарын кешенді абаттандыру үшін жобалық- сметалық құжат әзірленді.

Құжатта төмендегі жұмыс түрлері қарастырылды: қоршау және жасанды қаптамалармен (покрытие) әрленген балаларға арналған ойын алаңдарын орнату, жүру жолдарын кеңейте отырып асфальт төсеу, тас жиектер салу, тұрақжайларды орнату, жасанды жол бедерлерін орнату жоспарлануда.

 Ағымдағы жылы аталған аула аумақтарын кешенді абаттандыруға қаражат бөлінген жоқ. Аталған мәселе 2019-2020 жылдары бюджеттік өтінімді жасау барысында ескерілетін болады.

Ағымдағы жылы «Таңшолпан» облыстық балалар үйі мен Кемеров көшесі бойындағы №33 мектеп- балалар бақшасы Кешені арасындағы орналасқан шағын- саябақты абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Шағын саябақты абаттандыру шаралары шеңберінде тас жиектерді салу, орындықтар, қоқыс жәшіктерін орнату, талдар мен гүлдерді егу, жарық орнату жұмыстарын іске асыру көзделіп отыр.

5. Мектепке баратын жол нашар (тротуар, жарық жоқ)

 

5. Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі 7 жұлдызға дейін облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

30

Әбілжанов Мағауия

Атасу кентіндегі мектептің пайдаланылмайтын алаңы есебінен балабақша ашу туралы

1. Мектеп базасында шағын орталық ашу мәселесі қарастырылсын.

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары

Әбішев Ж.А./,

Жаңаарқа ауданының әкімі

(Бекқожин Ю.А.),

білім басқармасы (Иманғалиев Е.Н.)

Атқарылып жатқан шаралар

Балабақшаның жобалау сметалық құжаттары жасалды. Бүгінгі күнге демеушілік есебінен жылу жүйесін жөндеуге 10 млн. тенге қаражат бөлінді.

Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айында басталады. Қалған қаражатты бөлу мәселесі алдағы уақытта қарастырылатын болады.

2. Бизнестің қатысуымен балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен қамтуды арттыру жұмысы жүргізілсін.

тұрақты

білім басқармасы (Иманғалиев Е.Н.),

қалалар мен аудандар әкімдері

Атқарылып жатқан шаралар

2017 жылы негізінен жеке инвестициялар есебінен мектепке дейінгі білім беруде 3 025 жаңа орындар құрылды. Биылғы жылдың соңына дейін
тағы 2,5 мың жаңа орындарды құру жоспарлануда (14 мектепке дейінгі ұйым - 2 480 орынға, соның ішінде 12 жеке меншік мекемеде 1 880 орынға).

Нәтижесінде 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 98,5%-дан 99,6%-ға артады деп күтілуде.

3. Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі 7 жұлдызға дейін облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

Жаңаарқа ауданының әкімі

(Бекқожин Ю.А.),

білім басқармасы (Иманғалиев Е.Н.)

31

Березин Алексей Николаевич, Тасшоқы ауылының тұрғыны

Ботақара кентінің жолын жөндеу туралы

1. «Қарағанды – Тоғызқұдық – Ботақара» автомобиль жолында Нұра өзені арқылы өтетін көпірді реконструкциялау жобасы іске асырылсын.

2018 жыл

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

Дүйсебаев А.Ж.,

жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

(Халтонов А.И.) (жинақтау),

Бұқар жырау ауданының әкімі

(Мамалинов Ш.Қ.)

Атқарылып жатқан шаралар

Биылғы жылы Нұра өзені арқылы өтетін «Қарағанды - Тоғызқұдық-Ботақара» жолындағы көпірді қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасын табуда. Бұл мақсатта 2018 жылға 331,6 млн.теңге бөлінді. Мердігер ұйым «Сервис НС» ЖШС. Жұмыстардың аяқталу мерзімі - 2018 жылдың желтоқсан айы.

Бүгінгі таңда аралық құрылыс бөлшектерін, көпір тіректерін бөлшектеу демонтаждау және бұрғыланған қадаларды орнату, аралық көпір тіректерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар, ригельдерді құю мен аралық және жағалау тіректерін салу жұмыстары жүргізілді.

2. Қолданыстағы заңнама аясында жақын маңдағы кәсіпорындардың үлкен жүк машиналары жүретін автомобиль жолдарын жөндеу мен ұстау мәселесі бақылауға алынсын.

тұрақты

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

Дүйсебаев А.Ж.,

жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

 (Халтонов А.И.) (жинақтау),

көлік бақылау инспекциясы (Қоңырқазов М.Б.),

Қарағанды облысының жергілікті полиция қызметі

 (Жақаев Ж.С.)

Атқарылып жатқан жұмыстар

Басқарма жергілікті полиция қызметімен және «Қарағанды ​​облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ-мен бірлесіп жол қаптамасына түсетін рұқсат етілген жүктемелерден асатын бұзушылықтарды анықтау бойынша рейдтік шараларды жүргізуде. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасатын табатын болады.

Ағымдағы жылдың бірінші жартысында Бұқар жырау ауданы аумағында 400-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзу жайттары анықталды, оның ішінде үлкен салмақты жүк таситын көлік құралдарының жүргізіушілері тарапынан жасалған бұзушылықтар бар.

Сондай-ақ, жол құрылысы маусымының басталуымен осы учаскелерде шұңқырларды жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда:

 «Қарағанды - Тогызқұдық - Ботақара» 0-54 км облыстық маңызы бар автомобиль жолын ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасуда. Мердігерлік ұйымдар «Қарағанды жолдар» ЖШС және «ЭлитТехГрупп» ЖШС, сондай-ақ ұзақтығы 12 км-ді құрайтын орташа деңгейдегі жөндеу жұмыстары жоспарланған.

«Ритм» ЖШС мердігерлік ұйымымен жолды орташа жөндеу жұмысын жүргізу бойынша келісім шарт жасалды. Жұмыстың басталуы - биылғы жылдың маусым айы..

3. Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі 7 жұлдызға дейін облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

мүдделі органдар

32

Рыбина Любовь Федоровна

Федоровка су қоймасында су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы:

өзенді тазалау, көпірді жөндеу

1. Федоровка су қоймасының аумағындағы саяжайлар жанында Соқыр өзенінің арнасын тазарту бойынша су тасқынына қарсы қажетті іс-шаралар жүргізілсін.

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары

Шкарупа А.В./

Қарағанды қаласының әкімі

(Әубәкіров Н.Е.) (жинақтау),

 табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы (Төлепбаев Р.М.)

Атқарылып жатқан жұмыстар Қаланың аумағын Соқыр өзенінің еріген суларынан қорғау үшін «Қарағанды ​​қаласында Федоровка су қоймасының жанындағы Соқыр өзенінің арнасын тазарту (саяжайлар ауданы)» бойынша жұмыс жобасы әзірленді. 2018 жылдың ақпан айында осы жобаға мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынды. Жоба 2018 жылға жоспарланған.Сондай-ақ, саяжай массивтерінің су басуын болдырмау үшін қала әкімдігі жедел шаралар кешенін қабылдады:-Алматы-Екатеринбург автожолының аумағында Соқыр өзені бойындағы жер білігі нығайтылды;- «Наука» саяжай қоғамы бойындағы қорғаныш білігі нығайтылды;- «Шолпан», «Мир» және басқа да саяжай қоғамдарына қосымша 11 су құбыры орнатылды;- Мұздың түсуіне жол бермеу үшін, 6 және 16 наурызда Федоровка су қоймасының айналмалы каналында тальник пен қамысты кесу жұмыстары жүргізілді.

33

«Машиностроитель» саяжай қоғамының төрағасы

Соқыр өзені мен суару каналын тазарту.

Балласт өндіру учаскесін қоршауға байланысты салынған дамба салдарынан тасқын су басу қаупі

2. Федоровка су қоймасының аумағындағы суландыру каналының арнасын ластамау туралы саяжай учаскелері иелерімен түсіндіру жұмысы жүргізілсін

тұрақты

Атқарылып жатқан шаралар

Саяжай массивтерін су басу жайттарын болдырмау үшін жыл сайын Соқыр өзенінің алабын тазарту үшін саяжай қоғамдары (Машиностроитель, Наука, Шолпан, Дорожник және т.б.) Федоровка су қоймасы бойынша төрағалары мен белсенділерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Қарағанды ​​қаласының саяжай, жеміс және жеке қосалқы шаруашылықтарын дамыту бойынша шаралар кешені әзірленді.

Бөгеттің жағалау аймағын тиісті санитарлық талапқа сай ұстау, бөгеттің санитарлық аймағын және тұтыну кооперативтерінің тиісті санитарлық жағдайын жақсарту үшін қоқыс шығару туралы келісімдер жасалды.

34

Акижанов Фаин, Федоровка су қоймасының 2 отвалы сыртындағы саяжай қоғамы.

Экология мәселесіне байланысты су проблемасы.

3. Соқыр өзені мен Федоровка су қоймасының суландыру каналының инженерлік қорғаныс құрылғыларын нығайту жұмысы жүргізілсін (жағалауды нығайту, арнаны тереңдету, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары)

наурыз 2018 жыл

Атқарылып жатқан шаралар Қаланың аумағын Соқыр өзені арнасынан келетін еріген су тасқынынан қорғау үшін «Қарағанды ​​қаласында Федоровка су қоймасындағы Соқыр өзенінің арнасын тазарту» бойынша («Саяжай аумағы») жұмыс жобасы әзірленді. 2018 жылдың ақпан айында осы жобаға мемлекеттік сараптама алынды. Жобаны іске асыру 2018 жылға жоспарланған.Сондай-ақ, саяжай массивтерінің су басуын болдырмау үшін қала әкімдігі жедел шаралар кешенін қабылдады:-Алматы-Екатеринбург автожолының аумағында Соқыр өзені бойындағы жер білігі нығайтылды;- «Наука» саяжай қоғамы бойындағы қорғаныш білігі нығайтылды;- «Шолпан», «Мир» және басқа да саяжай қоғамдарына қосымша 11 су құбыры орнатылды;- Мұздың түсуіне жол бермеу үшін, 6 және 16 наурызда Федоровка су қоймасының айналмалы каналында тальник пен қамысты кесу жұмыстары жүргізілді

4. Дамба жалы құрылысының заңдылығы мәселесі қарастырылсын.

Су басу қаупін жою шаралары қабылдансын.

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары

Шайдаров С.Ж./

табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы (Төлепбаев Р.М.),

Қарағанды қаласының әкімі

(Әубәкіров Н.Е.)

Атқарылған шаралар

Алматы-Екатеринбург жолындағы карьерден Соқыр Оңтүстік кен орнына дейін Соқыр өзенінің бойындағы топырақ жалына зерттеу жүргізілді. Зерттеу барысында бұл топырақ жалы су тасқынынын өтуіне кедергі келтірмейтіні және Федоровка су қоймасының маңындағы саяжай массивтерінің суға толуына әсер етпейтіні анықталды.

5. Федоровка су қоймасының 2 отвалы сыртындағы экологиялық қауіпсіздік мәселесі қарастырылсын.

Оны шешу бойынша шаралар қабылдансын.

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары

Шайдаров С.Ж./

экология департаменті

 (келісім бойынша) (Мұсапарбеков К.Ж.),

Қарағанды қаласының әкімі

(Әубәкіров Н.Е.)

Атқарылып жатқан шаралар

Федоровка су қоймасының жағажайын тексеру шаралары іске асырылды Сырттай қарау кезінде жақында орын алған өнеркәсіптік, не болмаса шаруашылық әрекет іздері байқалған жоқ.

6. Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі 7 жұлдызға дейін облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

мүдделі органдар

 

35

Айтқожа Фазыл, Қарағанды қаласының тұрғыны.

- облыстың дамуына Миттал Стил металлургия компаниясының теріс әсері туралы;

- шетелдік мамандардың санына шектеу қою туралы

 

1. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмысының параметрлері мен олардың Теміртау қаласы мен облыстың экономикалық дамуына мониторинг жүргізілсін

2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары

Айдаров А.А./

өнеркәсіп және индустриалды – инновациялық даму басқармасы

(Жұмасұлтанов Ғ.А.),

Теміртау қаласының әкімі

(Әшімов Ғ.А.)

Атқарылып жатқан жұмыстар

Тұрақты түрде Теміртау қаласының ірі және орта кәсіпорындардың, оның ішінде, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ өнеркәсіптік өндіріс көлемдері бойынша мониторинг жүргізеді.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ өндіріс көлемі 2018 жылдың қантар-мамыр айларында 332,4 млрд теңгені құрады. «Арселор Миттал Теміртау» АҚ қала өндірісінің жалпы көлеміндегі үлесі 84,6% құрайды.

 «АрселорМиттал Теміртау» АҚ негізгі капиталға салған инвестициялардың көлемі 2018 жылдың қантар-мамыр айларында 15,7 млрд теңге немесе 2017 жылы 158,6% құрады (2017 жылдың қантар-мамыр айларында – 9,9 млрд теңге). «АрселорМиттал Теміртау» АҚ инвестицияларының жалпы көлемі 85,5% құрайды.

2018 жылдын 5 айында болат өндірісі 1 645,8 мың тоннаны құрады, өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 1 629,3 мың тоннаны құрады, өсім - 1,0 %.

2018 жылдын бірінші жартыжылдығында болат шығару 1 983,1 мың тонна немесе 0,9% өсімді құрайды деп күтілуде.

2018 жылы болат шығаруды 7,4% дейін (4 350 мың тонна) ұлғайту жоспарланып отыр.

2. АрселорМиттал Теміртау АҚ-да шетелдік мамандардың санына шектеу қоюдың мақсатқа сәйкестігіне талдау жүргізу, қажет болғанда ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсыныс енгізу

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары

Әбішев Ж.А./,

жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы

(Галиуллин М.Р.), облыстық ІІД көші-қон қызметі басқармасы (Мұқанов А.С., келісім бойынша)

Атқарылып жатқан шаралар

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады және бекітілген стандартқа сәйкес беріледі.

«АрселорМиталл Теміртау» АҚ-да берілген рұқсаттар бойынша 44 шетелдік мамандар жұмыс істейді, олар әлемдегі металлургия кәсіпорындарында жұмыс істеу тәжірибесі бар біліктілігі жоғары менеджерлер. Жыл сайын шетелдік мамандардың жұмысқа тартылу көрсеткіші қысқартылуда.

Сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті бюджетке салық төленеді.

Ай сайынғы есеп бойынша компанияда 27075 Қазақстан азаматы жұмыс істейді.

3. Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі 7 жұлдызға дейін облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

мүдделі органдар

 

36

Қарағанды қаласының тұрғыны, Ленин көшесі, 63

Жаз кезеңінде ыстық су жоқ.

1. Мәселе қарастырылып, арыз иесіне жауап берілсін.

мамыр 2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары

 Шкарупа А.В./

Қарағанды қаласының әкімі

(Әубәкіров Н.Е.)

Атқарылып жатқан шаралар

Жылыту маусымына әзірлік шараларын жүргізу жұмыстары «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС жыл сайын құбырлардың гидравликалық тығыздығын және механикалық төзімділігін тексеру арқылы іске асырылады. Сәйкесінше бұл кезеңде ыстық сумен қамтамасыз ету қиындайды немесе мүлдем тоқтатылады.

Жазда желідегі су температурасының өзгеруін талдау суды қарқынды пайдалану оның температурасының артуына алып келетінін көрсетті. Тек осы жағдайда ғана ыстық сумен қамтамасыз ету бойынша қызметтерді сапалы тұтынуға мүмкіндік бар.

Жұмыстар аяқталғаннан кейін «Теплотранзит Караганда» ЖШС тұрғындардың өтініші бойынша жылу мен су айналым режимдерін реттеу бойынша жұмыстарды жүргізетін болады.

37

Өтегенов Шалқар, Қарағанды қаласының тұрғыны, Күнгей, 63 үй

Сумен және электрмен жабдықтау желісі жоқ, 200-300 метр.

1. Сумен және электрмен жабдықтау желісіне бюджет қаражатын бөлу мәселесі қарастырылсын.

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары

Шкарупа А.В./

энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

(Бегімов Қ.Б.)

(жинақтау),

Қарағанды қаласының әкімі

(Әубәкіров Н.Е.)

Атқарылып жатқан шаралар

 2018 жылғы 23 қаңтарда өткен кездесу барысында ауа райы қолайлы күндер орнаған соң инженерлік коммуникацияларды жүргізуге қажетті жер участоктарын анықтау үшін комиссияның көшпелі тексеру шарасы өтетіні туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар ЖСҚ әзірлеуге инвестициялық ұсынысты жасау бойынша жұмыстар жасалатын болады. 13 маусымда желілерді өткізу және сумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша көшпелі кеңес өткізіліп, тұрғындарға аталған мәселеге қатысты түсіндірмелер берілді.

2. Арыз иесіне жауап берілсін.

наурыз 2018 жыл

3. Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі 7 жұлдызға дейін облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

38

Айгерим Ұстанқызы

Алимент төленбеуі туралы

1. Алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматты табу бойынша жұмыс жүргізілсін

2018 жылдың 1 жартыжылдығы

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

Дүйсебаев А.Ж./

Әділет департаменті

(Жүсіпов А.Н., келісім бойынша), облыстық ІІД көші-қон қызметі басқармасы (Мұқанов А.С., келісім бойынша)

Атқарылып жатқан шаралар

Өтініш беруші өз мәліметтерін қалдырмауына байланысты және АІЖ ОААЖ бағдарламасында бұл мәліметтер болмағандықтан Айгерим Ұстанқының пайдасына алимент өндіру туралы атқару өндірісі бойынша қандай да бір ақпаратты беру мүмкін емес.

Үш айдан астам уақыт бойына кәмелет жасына толмаған балаларға және еңбекке жарамсыз ата-ана алдында қаржылық қамтамасыз ету бойынша міндеттерді атқарудан бас тартушы азаматтар ҚР ҚК 139-бабы бойынша жазаға тартылады.

Осыған орай, өндіріп алушы қарызы бар азаматты екі жылға бас бостандығынан шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру санкциясы бар жеке-жариялы түрде қылмыстық жауапкершілікке тартуға құқылы.

«Мемлекеттің кепiлдендірілген құқықтық жәрдемі туралы» Заңының
8-бабы 1 тармағына сәйкес өндіріп алушылар мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар. Аталған көмекті алу үшін Қарағанды облысының адвокаттар алқасына мына мекенжай бойынша: Қарағанды қаласы, Крылов көшесі, 11 немесе мына телефон бойынша: 8(7212) 41-58-94, e-mail:
Karadvocat@mail.ru хабарласуға болады.

«Адвокаттардың қызметі туралы» ҚР Заңының 6 бабы, 1 тармағы, 3 тармақшасына сәйкес заңгерлер алимент өндіру мәселесі бойынша жеке тұлғаларға құқықтық көмекті тегін көрсетеді.

Заңның 138 бабы бойынша сот актілерін орындаудың альтернативті түрі, яғни жеке сот орындаушылардың көмегіне жүгіну қарастырылған.

Осыған орай, өндіріп алушы атқару құжатын жеке сот орындаушыға беруге құқылы заңның 119 бабы 2 тармағына сәйкес атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті аванстық соманы енгізу қарастырылған. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы Қарағанды облысында орналасқан, мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 5 үй.

01.06.2018 жыл жағдайы бойынша өндірісте алимент төлемейтіндерге іздеу салу істерінің саны – 71 болған, оның ішінде 45 немесе 63,3% анықталды.

2. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес берешекті жабу бойынша шарлар қабылдансын

3. Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі 7 жұлдызға дейін облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

39

Пришахтинск тұрғыны

Мемлекеттік емханалар ашу қажеттігі және дәрілік препараттар бағасының қымбаттығы туралы

1. Ауданда денсаулық сақтау нысандары мен дәріханалармен қамтатамысз етілуге талдау жасалсын.

Ұсыныс берілсін.

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары

Әбішев Ж.А./,

денсаулық сақтау басқармасы

(Нұрлыбаев Е.Ш.)

Атқарылып жатқан шаралар

Қарағанды қаласының Октябрь ауданында (Пришахтинск) 3-ші Кочегарка мекенжайы бойынша орналасқан емхана бар. 2018 жылы ол «Гиппократ» МФ» ЖШС-не сенімгерлік басқаруға берілді, бұл ретте тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін көрсету міндеті толықтай сақталған.

Азаматтардың денсаулық сақтау жүйесінде жүргізіліп жатқан өзгерістер жайлы хабардар болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ емхана жұмысы туралы қоғамдық ой-пікірді анықтау мақсатында, 2018 ж. 29 наурызда Денсаулық басқармасының басшысы Е.Нұрлыбаев Пришахтинск тұрғындарымен кездесу өткізді. Сонымен қатар кездесу барысында «Гиппократ» МФ» ЖШС бас директоры емхананы дамытудың стратегиялық жоспарын ұсынды.

Дәрілік заттардың қолжетімділігін арттыру мақсатында аталған емхана жанынан әлеуметтік дәріхана ашылған, ол жерде дәрі-дәрмектер ең төмен үстеме бағамен (5%) сатылады.

Өтініш иесіне 06.03.2018ж.№8-26.1485 жауап жолданды.

2. Арыз иесіне жауап берілсін.

3. Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі 7 жұлдызға дейін облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну.

 

40

Михаил Антонович, қоғам өкілі.

Жақсы адамдар туралы пікір.

Жеке қабылдау туралы өтініш

1. Жеке қабылдау ұйымдастырылсын.

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімі аппаратының басшысы

Ысқақов Ж.М.

Шілде айында қабылдау жоспарланған.

41

Латын алфавитіне ауысу туралы

1. Тілдерді дамыту жұмысы жалғастырылсын.

тұрақты

Облыс әкімінің орынбасары

Әбішев Ж.А./,

тілдерді дамыту басқармасы (Қаңтарбекова Г.Х.)

Атқарылып жатқан шаралар

1) мемлекеттік тілді латын графикасына көшіру бойынша әзірленген облыстық және өңірлік іс-шаралар жоспарлары және медиа-жоспарға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында 130-дан астам іс-шаралар өткізіліп, 550-ге жуық мақала жарияланды.

2) латын графикасына көшу жұмысын ұйымдастыратын Ресурстық тіл орталығы 2018 жылғы 21 мамырда құрылып, жұмыс жасауда;

3) 10 өңірде латын әліпбиіне көшу жұмыстарын ұйымдастыратын әдіскер, мамандардың бірліктері құрылды;

4) қазақ тіліндегі мәтіндерді кириллицадан латын әліпбиіне аударатын конвертер автоматтандырылған жүйесі әзірленіп, krgtil.kz мекенжайына орналастырылып, жұмыс жасауда.

5) өңірлердің латын графикасына көшу аясында өткізілетін шаралары орналастырылатын tilderdidamytu инстаграмм аккаунтының жұмысы жалғасуда;

6) ағымдағы жылғы 19 маусымда (Е.Қажыбек, Ө.Айтбаев), ЖОО ғалымдары, лингвистер, тілге жауапты мамандардың қатысуымен «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру негізі» атты семинар өткізілді.

2. Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі 7 жұлдызға дейін облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

42

Рахымжанова Айнаш

Жеке қабылдау туралы өтініш

1. Жеке қабылдау ұйымдастырылсын.

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімі аппаратының басшысы

Ысқақов Ж.М.

Биылғы жылдың 28 наурызында қабылдау ұйымдастырылды. Түсіндірме берілді.

43

Майқұдық ауданының тұрғыны, Бабушкин көшесі, 12

Канализация желісі жоқ.

1. Канализация желілері үшін қаржы бөлу мәселесі қарастырылсын.

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары

Шкарупа А.В./

энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

(Бегімов Қ.Б.)

(жинақтау),

Қарағанды қаласының әкімі

(Әубәкіров Н.Е.)

Атқарылып жатқан шаралар

Өтініш білдірген тұрғындармен кездесу ұйымдастырылды. Түсіндірме берілді.

Қазіргі таңда жобаны әзірлеу мақсатында инвестициялық ұсыным даярлау үшін бастапқы құжаттарды жинау жұмыстары атқарылып жатыр.

2. Арыз иесіне жауап берілсін.

3. Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі 7 жұлдызға дейін облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

44

Галина, зейнеткер, Н.Әбдіров даңғылы, «Мечта» дүкені үйі

«Стимул» ПИК жұмысы туралы, лифт істемейді.

1. Мәселе қарастырылып, арыз иесімен кездесу өткізілсін

наурыз 2018 жыл

Қарағанды қаласының әкімі

(Әубәкіров Н.Е.)

Атқарылып жатқан жұмыстар

Қазіргі таңда белсенді топпен пәтер иелерімен «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы арқылы лифттерді жөндету бойынша аталған бағдарламаға өтінім беру бойынша жазбаша сауалнама жұмыстары жүргізілді.Сауалнаманың қорытындылары бойынша пәтер иелері бағдарламаға қатысудан бас тартқан.

2. Арыз иесіне жауап берілсін.

3. Учаскелік полиция қызметшілері қатысуымен ПИК жұмысы туралы жиналыс ұйымдастырылсын.

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары

Шкарупа А.В./

энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

(Бегімов Қ.Б.) (жинақтау),

жергілікті полиция қызметі

(Жақаев Ж.С.), Қарағанды қаласының әкімі

(Әубәкіров Н.Е.) аудандар мен қалалар әкімдері

Атқарылып жатқан жұмыстар

Материалдардың жобасы әзірленді.

Жиналысты өткізу екінші жартыжылдыққа жоспарланып отыр

4. Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі 7 жұлдызға дейін облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

мүдделі органдар

45

Селиванова Татьяна Алексеевна, «Поколение» ҚҰ өкілі

Президент Жолдауы аясында ауылдарды дамыту перспективалары, азық-түлікпен қамтамасыз ету.

Коммуналдық қызметтердің, азық-түліктердің, дәрілердің бағалары қымбат (делдалдар).

1. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту, өнімді еңбекпен және жаппай кәсіпкерлікпен қамту бағдарламаларын іске асыру қамтамасыз етілсін. Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру және дамыту.

Қайта өңдеу желісін дамыту, экспортты қолдау

тұрақты

Облыс әкімінің орынбасары

Шайдаров С.Ж./,

ауыл шаруашылығы басқармасы (Апақашов С.А.),

қалалар мен аудандар әкімдері

Атқарылып жатқан шаралар

Қазіргі уақытта облыста 9593 ауыл шаруашылығы тауарларының өндірушілері жұмыс істейді, оның ішінде 7968 шаруа (фермерлік) қожалықтары.

Биылғы жылы мемлекеттік қолдау көлемі 11 млрд.теңгені құрайды.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 266,0 млрд.теңге болады деп жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылатын инвестиция көлемі 14,0 млрд.теңгені құрайды, немесе өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 22 % артады.

Жаздық егіс 913,1 мың гектар алқапқа себілді, оның ішінде:

- дәнді дақылдар – 836,1 мың. га, (бидай-627,1 мың.га, арпа-181,0 мың.га, сұлы-18,8 мың.га),

 - дәнді-бұршақ дақылдары - 9,2 мың.га,

 - майлы дақылдар– 15,3 мың га.,

 - картоп – 14,0 мың га, ауыл шаруашылығы құрылымдарында 8,8 мың га,

 - көкөністер – 3,0 мың га, ауыл шаруашылығы құрылымдарында 1,4 мың га

 2018 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының негізгі түрлерінің өндірісі: бидай бойынша – 834,1 мың тонна, картоп – 332,5 мың тонна және көкөністер бойынша – 105,6 мың тонна көлемде болады деп күтілуде.

Ағымдағы жылы ет өндірісін 2,3% арттырып, көлемін 138,8 мың тоннаға, сүт өндірісін – 2,2% арттыру (460 мың тонна) және жұмыртқа 3% арттыру (649 млн.дана) жоспарланып отыр.

2016 жылдан 2537 ЖҚШ-ды (жеке қосалқы шаруашылық) тарта отырып 94 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды, нақтылап айтқанда 46 сүтті бағытта және 48 кооператви етті бағытта құрылды. 9451 мал басына 903 мал бордақылау алаңы ашылды.

Ауыл шаруашылығы кооперативіне тартылған жалпы адамдар саны 5,2 мың адамды құрайды, немесе жалпы үй шаруашылығының 7,2% құрайды (72,0мың үй шаруашылығы), сонымен қатар АШК мүшелері – 2,5 мың адам. 745 жаңа жұмыс орны ашылды.

2017 жылы кооперативтермен барлығы 1266 тонна өнім өндірілді, оның ішінде 210 тонна ет өнімдері және 1056 тонна сүт өнімдері бар. 2018 жылы ауыл шаруашылығы кооперативтерінің алдында өндірілетін өнімдер көлемін сүт өнімдері бойынша 42,6 мың тоннаға және сиыр еті бойынша 3,8 мың тоннаға жеткізу міндеті тұр.

2018 жылы жоспарланып отырған экспорт көлемі 45 млн.АҚШ долларына 211 мың тонна.

2. Инфляцияны 5-7% межесінде ұстауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдансын, инфляциялық процестерді ұстау бойынша облыстық штаб пен жұмыс топтарының жұмысы жалғастырылсын

тұрақты

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы (Тәуірбеков О.Қ.),

Кәсіпкерлік басқармасы (Аблаева Т.Ю.),

ауыл шаруашылығы басқармасы (Апақашов С.А.), облыстық басқармалар басшылары,

 қалалар мен аудандар әкімдері,

табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті (Өтегенов А.Т., келісім бойынша)

Атқарылып жатқан жұмыстар

Өткен жылдың мамыр айынан бастап желтоқсан айына дейін тауарлар мен қызметтерге тұтынушылық бағалар индексі 102,5% құрады.

Азық-түлік тауарларының өсуі 3,2%, азық-түліктік емес тауарлар - 2,1%, ақылы қызметтер - 2,0% құрады.

Негізгі себеп – маусымдық кезеңнің басталуы, атап айтқанда басқа аймақтардан қымбат тауарларды жеткізу және тасымалдау кезіндегі шығындардың өсуі.

Ағымдағы жылдың басынан (ағымдағы жылдың 5 маусымына) бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының өсуі 1,6% -ды (РК +1,9%) құрады.

Азық-түлік тағамдарына бағаны тұрақтандыру үшін:
 

Тұрақтандыру қорынан сауда орындарына товар интервенциясы ұйымдастырылды:

433 тонна картоп, 58 теңге / кг.

Жыл басынан бері 328 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді, онда 1851,21 млн. теңгеге 2317,9 тонна өнім сатылды.

Бүгінгі күні 604-тен астам әлеуметтік бұрыштар мен сөрелер құрылып, жұмыс жасауда.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін арттыру бойынша келесі шаралар қабылдануда:

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығының тауар өндірушілері 2,8 млрд.теңгені құрайтын субсидия мен 3,7 млрд.теңгені құрайтын несиелерді алды.


 

Мал шаруашылығы бойынша көрсеткіштер 4% -ға ұлғайып, 48,1 млрд.теңгені құрады.

Өсімдік шаруашылығында жазғы егіс көлемі 920,9 мың га. құрады, жоспар бойынша бұл көрсеткіш 910 мың гектарды құраған болатын. (2017 жыл деңгейінен 57 мың гектар артық).

Азық-түлік өнімдерін қайта өңдеу көлемі 6,4% -ға артып, 45,7 млрд.теңгені құрады.

Жыл соңына дейін мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруге 1,8 млрд.теңгеге 18 инвестициялық жоба, сондай-ақ 2,4 млрд.теңгеге 4 қайта өңдеу жобасын іске қосу жоспарланып отыр.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша.

Жыл басынан бері бәсекелестік ортаны арттыру мақсатында 377 жаңа жұмыс орны құрылып, 2 млрд. теңге сомасына 58 сауда нысаны іске қосылды.

Жылдың соңына дейін 13,8 млрд. теңгені құрайтын инвестициялық қаражатқа 9 нысан ашу жоспарланып отыр.

Мемлекеттік қолдау шараларымен сауданы дамыту мақсатында «БЖК 2020» шеңберінде 270 млн. теңгеге «Керамара Мараци» сауда үйінің құрылыс жобасы мақұлданып отыр.

Жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін танымал ету мақсатында көрмелерге, апталық ауыл шаруашылық жәрмеңкелеріне жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары, «Руми-Эн» ЖШС, «Тегам» ЖШС сияқты кәсіпорындар қатысады.

Өнімдерді сату нарығын ұлғайту жөніндегі шаралар қабылдануда.

Жеңіл өнеркәсіпте - 3,3%-ға өсім қамтамасыз етіліп отыр, қағаз өнімдерін өндіруде - 20%-ға, фармацевтикада - 35,6%-ға, жиһаз өндіруде «+ 118%» құрайтын ілгерілеу байқалады.


 

Дәрілік заттар бойынша.

Әлеуметтік дәріханаларда, дәрі-дәрмек тарататын орындарда дәрілер түрлерінің саны аудандарда 900, қалаларда 1700-ге дейін жеткізу көзделіп отыр.

Әлеуметтік дәріханалардың саны 37.

Ақылы қызметтерді көрсету мәселесі тұрақты бақылауға алынған.

3. Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі 7 жұлдызға дейін облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

мүдделі органдар

46

Қарағанды қаласының тұрғыны, Ерубаев, 50, 50а ғимараты ауласында

Экология мәселесі туралы (көрші ғимаратта құбыр орнатылған, түтіндейді)

1. Мәселе қарастырылып, шаралар қабылдансын.

наурыз 2018 жыл

Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті (Баймұхамбетов Қ.Қ., келісім бойынша), Қарағанды қаласының әкімі

(Әубәкіров Н.Е.)

Орындалған жұмыстар

Азаматша Прохорованың өтініші негізінде «Камчатка» кафесінің иесі Кожевников О.В. ЖК-не қатысты жоспардан тыс тексеру өткізілді. Тексеру нәтижесінде Мемлекеттік экологиялық сараптама талаптарының орындалмағандығы анықталды. Мұржаның биіктігі жобада көрсетілген биіктікке сәйкес келмейді. Жоба бойынша – 17 м, іс жүзінде – 13 м. Тексерудің нәтижелері бойынша ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 332 бабы бойынша 72 150 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Бұзушылықтарды жою туралы нұсқау берілді.

2. Арыз иесіне жауап берілсін.

47

Шумкин Павел Александрович, Қарағанды қаласының тұрғыны, шахтерлер ұйымының өкілі:

1. Қажетті жөндеу жұмыстары жүргізілсін, балалардың теміржолын балалардың теміржолын тиісті уақытында іске қосу қамтамасыз етілсін, саябақ пен маңайында абаттандыру жұмысы жүргізілсін.

сәуір – мамыр 2018 жыл

Қарағанды қаласының әкімі

(Әубәкіров Н.Е.)

Атқарылып жатқан шаралар

2018 жылы Орталық саябақтың батыс бөлігін салу жобасын жалғастыру үшін облыстық бюджеттен 450 828 мың теңге қаражат бөлінді.

Бүгінгі таңда келесі жұмыс түрлері жүргізілуде:

- аллеяларды, тротуарларды, платформаларды орнату;

- инженерлік желілерді жөндеу;

- көше шамдарын орнату мен жарықтандыру жұмыстарын жүргізу;

- шаңғы және велосипед жолдарының құрылысы жүргізу;

- спорттық нысандар мен аттракциондарды салуға арналған алаңдарды абаттандыру;

- санитарлық модульдік ғимараттардың құрылысын жүргізу;

- гүлзарларды салу, көгалдандыру (гүлдер, көгалдандыру);

- велосипед, көліктерге арналған орындарды, демалушыларға арналған орындықтарды орнату.

Қарағанды қаласының дамуы аясында биылғы жылы Орталық саябақта 1000 ағаш және бұта отырғызылды. Қала көшелерінде гүлдерді отырғызу және әртүрлі гүл шоқтарын орнату үшін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған саябақта 600 жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар отырғызылды.

Сонымен қатар, орталық саябақта 24 топиарлық фигуралар орнатылады, ағаштарды сәндік безендіру бойынша жұмыстар, көгалдандыру, гүлзарлар және тағы басқа жұмыстар жүзеге асырылды.

 Жоспарланған отырғызылатын гүлдердің жалпы саны 460 000 дананы құрайды.

2018 жылы балалар темір жолын жаңғырту шеңберінде темір жолдың шірік шпалдарын ауыстыру, дизельді локомотивтерді электр қозғалтқыштармен жабдықтау, теміржол торабын тұтқыш құрылғылармен қамтамасыз ету, аккумуляторлық батареяларды сатып алу, вагондарды жөндеу және бояу жұмыстары іске асырылды. 2018 жылдың 1 маусымында Балалар күніне мерекесіне орай Балалар темір жолы іске қосылды.

- балалардың теміржолын дамыту және саябақты абаттандыру туралы;

- МитталСтил металлургиялық компаниясының теріс әрекеттері, еңбек қауіпсіздігі мәселесі

2. АрселорМиттал Теміртау АҚ жұмысшыларының еңбек қауіпсіздігі мәселесіне талдау жүргізілсін, қажет болған жағдайда ұсыныс енгізілсін.

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары

Әбішев Ж.А./,

еңбек инспекциясы басқармасы (Балсариев Қ.Ш.)

Атқарылып жатқан шаралар

Өткізілген сараптама нәтижелері бойынша жазатайым оқиғалардың негізгі себептері келесідей:

- зардап шегушілердің жұмыс орындарында қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын сақтамаулары, өрескел абайсыздықтар, еңбек және өндірістік тәртіпті бұзуы;

- жұмыс берушілер тарапынан жұмыс өндірісін қанағаттанарлықсыз деңгейде ұйымдастыру, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етпеу, сондай ақ, кәсіпорынның инженерлік-техникалық жұмыскерлерінің жұмыс өндірісінің үдерісіне жете көңіл бөліп қадағаламау.

Арнайы тексеру жұмыстары аяқталған соң жазатайым оқиғалардың себептерін жою бойынша шаралар қабылданады. Комиссиялық актілер жасалады.

Осы шаралардың орындалуы жөніндегі ақпарат еңбек инспекциясы жөніндегі өкілетті органға жолданады. Арнайы тергеп-тексеру жұмыстарының материалдары процессуалдық шешімдерді қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданады.

Ұсыныс: Кәсіпорын әкімшілігінің ішінде қауіпсіздік және еңбекті қорғауды сақтау бойынша қадағалауды күшейту. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізу қажет.

 

3. Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі 7 жұлдызға дейін облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

мүдделі органдар

48

Қарағанды қаласының тұрғыны, Бұқар жырау даңғылы, 54 үй.

- ұсыныс – жолдарда көліктердің көбеюіне байланысты экологиялық көлікте жүру күнін қолға алу;

- бәліштер сатуға тыйым салу

1. Қаланы экологиялық сауықтыру, қоғамдық көлікті отынның экологиялық түріне ауыстыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізілсін.

тұрақты

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

Дүйсебаев А.Ж.,

облыс әкімінің орынбасары

Шайдаров С.Ж./

экология департаменті

 (келісім бойынша) (Мұсапарбеков К.Ж.), жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

(Халтонов А.И.),

Қарағанды қаласының әкімі

(Әубәкіров Н.Е.)

қалалар мен аудандар әкімдері

Атқарылып жатқан шаралар

Қоршаған ортаның экологиясын жақсарту мақсатында қазіргі уақытта Қарағанды қаласында электрлік автобустарды енгізу бойынша келіссөздер жүргізілуде. Бұдан басқа, қоғамдық көліктерді бір бөлігі газ отынына ауыстырылатын болады.

2017 жылдың қазан-қараша айларында қазақстан-қытай «HigerQuazar» ЖШС сынамалы тәртіпте электробусты іске қосты. Электробусқа қуат беретін құрылғылар маршруттар қозғалысын тоқтататын соңғы нүктелерде орнатылады. Тестілеу соңына қарай, алынған нәтижелер «Quazar» маркасы электробустарының техникалық сипаттамалары көрсетілген талаптарға және экологиялық EURO 5 стандарттарына сай келетіні анықталды.

Электробусқа «№2 Қарағанды ​​автобус паркі» ЖШС қызмет көрсетіп, ол №66 автобустың бағыты бойынша «14 шағын аудан» және «Оңтүстік-шығыс автостанция бекеті» бағытында жұмыс атқарды.

Автобустың қызметі барысында автопарктің басшылығы мен тұрғындардан түскен шағымдар болған жоқ.

Бұдан басқа, жыл ішінде ЖПҚ-мен бірлесе отырып, «Таза ауа» операциясын өткізу жоспарланып отыр.

2. Көшедегі сатуды қолданыстағы заңнама нормативтеріне сәйкес реттеу мәселесі қарастырылсын,

наурыз сәуір

 2018 жыл

Қарағанды қаласының әкімі

(Әубәкіров Н.Е.),

қалалар мен аудандар әкімдері

Атқарылып жатқан шаралар

Заннамаға сәйкес сауда қызметінің субъектілері жергілікті атқарушы орган айқындайтын арнайы мақсаттағы орындарда көшпелі сауданы жүзеге асырады.

Өңірлер аумағында сауда қызметін оңтайландыру мақсатында тұрақты негізде сауда-саттық өткізу орындары белгіленді.

Жыл басынан бері белгіленбеген орындарда сауда жасаудың 981 деректері анықталып, ескертулер жасалды.

3. Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі 7 жұлдызға дейін облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

мүдделі органдар

49

Зейнеткер.

«Бесоба» ықшам ауданының құлаған үйінің орнына салынатын үй құрылысын аяқтау.

 

1. «Бесоба» ықшам ауданының құлаған үйінің орнына тұрғын үй беру үшін Шапағат ТК құрылысын тиісті уақытында аяқтау қамтамасыз етілсін.

2018 жыл

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

Дүйсебаев А.Ж.,

Қарағанды қаласының әкімі

(Әубәкіров Н.Е.),

құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы (Калмаханов Т.С.)

Атқарылып жатқан шаралар

2016 жылы объектінің құрылысын аяқтау үшін инвестор тартылды, ол «ERG» (Eurasian Resources Group) магистральдық кәсіпорны.

2016 жылы компанияның инвестициясы есебінен құрылыс қайта жанданды, биылғы жылы жұмыстар жалғасуда.

Қазіргі таңда темірбетон және қоршау конструкцияларын салу бойынша жұмыстар аяқталды. Қасбеттерді монтаждау жұмыстары жүргізілуде, сонымен қатар ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

10-11 блок-секцияларда ішкі әрлеу жұмыстары аяқталды, 8-9 блок-секцияларын пайдалануға беру шаралары ағымдағы жылы іске асырылатын болады.

2. Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі 7 жұлдызға дейін облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

50

Смирнова Юлия Дмитриевна, Қарағанды қаласының тұрғыны, Кривогуз көшесі, 43

«Рассвет» ПИК тіркелуінің проблемалық мәселесі

1. Мәселе қарастырылсын және өтініш иесіне жауап берілсін.

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

Дүйсебаев А.Ж.,

Әділет департаменті

(Жүсіпов А.Н., келісім бойынша),

Қарағанды қаласының әкімі

(Әубәкіров Н.Е.)

Шешімін тапқан мәселелер

 2018 жыл 13 мамырдағы жалпы жиналыстың хаттамасы және әділет органдарында тіркеуден өту құжаттары негізінде «Рассвет» ПИК төрағасының м.а. Маришкин Александр Яковлевич болып табылады.

51

Юлана Чаус

Қарағанды қаласының саябақтары мен гүлзарларын дамыту мәселесін жария түрде талқылау, әлеуметтік маңызды нысандар құрылысы

1. Қарағанды қаласының саябақтары мен гүлзарларын дамыту мәселесін түскен ұсыныстарды қарастырумен ақпарат құралдарында және рсми интернет-ресурстарда жария түрде талқылау қамтамасыз етілсін.

2018 жыл

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

Дүйсебаев А.Ж.,

энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

(Бегімов Қ.Б.), құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы (Қалмаханов Т.С.), Қарағанды қаласының әкімі

(Әубәкіров Н.Е.),

аудандар мен қалалар әкімдері

2017 жылдан бастап Қарағандыда «БЛКЖО құрылысының 30-жылдығы атындағы орталық саябақты көркейту» бойынша құрылыстың 1-кезеңі» жобасын жүзеге асыру басталды. Бұл жоба қалалық және облыстық бюджеттерден қаржыландырылады.

Жобаның жүзеге асырылу мерзімі - 2017-2019 жж.

 ЖСҚ жобалау мен әзірлеу кезінде жобаны барлық мүдделі жақтар қарастырып, ол мемлекеттік сараптамадан өтті. («Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес, жобалар қаланың қауымдастығымен талқыланып, Қарағанды қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылып, аккредиттелген ұйымдардың қарауына жіберіледі).

Әлеуметтік маңызы бар жобаларды талқылауды айтсақ, Қарағанды ​​қаласы әкімдігінің ғимаратында 2017 жылғы 29 мамырда қоғамдық кеңестің отырысы болып өтті. Қарағанды ​​қаласында концерт залын салу жобасы қаралымға енгізілді. Талқылауды ескере отырып, Қоғамдық кеңес Қарағанды ​​қаласындағы концерт залының құрылысын мақұлдап, Панель-орталық ауданында концерт залын салу бойынша 29.05.2017 ж. №17 шешім қабылдады.

Болашақта бұл жұмыс жалғасатын болады.

2. Тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі 7 жұлдызға дейін облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

52

Еңбек ардагері.

2005 жылдан арендалық үй кезегінде тұр (кезегі 317)

Мәселе қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарастырылсын.

Өтініш иесіне жауап берілсін.

наурыз 2018 жыл

Қарағанды қаласының әкімі

(Әубәкіров Н.Е.)

 

Аталмыш өтініште өтініш беруші жөніндегі қажетті ақпарат ұсынылмаған (аты-жөні және мекенжайы), осыған орай өтінішті нақты қарастыру мүмкін болмай отыр.

 Тұрғын үй мәселесі жөнінде қажетті ақпаратты азаматтар қалалық әкімшілікте өтетін қабылдау күндері (бейсенбі), Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39 а, мекенжайы бойынша әр бейсенбіде біле алады. (9:00-16:00, түскі үзіліс: 13:00-14:00)

53

Қошанов, Жезқазған қаласы:

«Аманат» кәсіподағына көмек көрсету туралы.

Мәселе қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарастырылсын.

Өтініш иесіне жауап берілсін.

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары

Әбішев Ж.А./,

Ішкі саясат басқармасы (Рыстин Н.Б.)

 «Кәсiптiк одақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 211-V Заңына сәйкес:

4-бап. Кәсiподақтар құру бостандығы:

2 т. Барлық кәсiподақтарға тең құқықтық мүмкiндiктер берiледi.

3 т. Кәсiподақ құруға кедергi келтiруге, оның қызметiне қарсы іс-қимыл жасауға, сол сияқты оның істеріне заңсыз араласуға жол берілмейді.

5-бап. Кәсiподақтарды құру мен оның қызметі қағидаттары:

3 т. Кәсіподақтар өз қызметінде барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардан, саяси партиялардан, жұмыс берушілер мен олардың бірлестіктерінен тәуелсіз болады, олардың бақылауында болмайды және оларға есеп бермейді.

25-бап. Кәсiподақтар қызметiнiң кепiлдiктерi:

1т. кәсiподақтарды қандай да бiр органдарға және ұйымдарға тiкелей немесе жанама бағындыру немесе олардың құқықтарын шектеу болып табылатын, сондай-ақ кәсiподақтардың осы Заңда және жарғыда көзделген қызметіне кедергi келтіретін кез келген әрекеттерге тыйым салынады.

 2т. Мемлекеттiк органдар, жұмыс берушілер (бірлестіктер, қауымдастықтар, одақтар) кәсiподақ органына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғалатын ақпаратты қоспағанда, кәсіподақ мүшелерiнiң құқықтарын қорғауға байланысты мәселелер бойынша ақпарат ұсынуға міндетті.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, кәсіподаққа көмек көрсету "Аманат" жергілікті атқарушы органдары тарапынан мүмкін емес.

54

Қарқаралыда туған Майқұдық тұрғыны

Қарқаралы ауданының Абыз елді мекенінің проблемалық мәселелері туралы:

1. Кентті сумен жабдықтау мәселесі қарастырылсын.

Ұсыныс берілсін.

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімінің орынбасары Шкарупа А.В./

энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

(Бегімов Қ.Б.),

Қарқаралы ауданының әкімі (Мақсұтов Қ.М.)

Атқарылып жатқан шаралар

Қазіргі уақытта «Қарқаралы ауданы Аппаз к. су құбыр желілерін реконструкциялау» жобасы бойынша 6 630 мың.теңге сомасына ЖСҚ әзірленуде. Мердігерлік мекеме - «Строй Бизнес Консалтинг» ЖШС

- елді мекенді сумен жабдықтау;

- қоғамдық көлік жоқ

2. Елді мекенді қоғамдық көлікпен қамту бойынша жұмыс жүргізу

наурыз 2018 жыл

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

Дүйсебаев А.Ж.,

жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

(Халтонов А.И.),

Қарқаралы ауданының әкімі (Мақсұтов Қ.М.)

Атқарылып жатқан шаралар

Қазіргі уақытта Қарқаралы ауданының облыс орталығымен көліктік байланыс №102 «Қарағанды-Егіндібұлак», №103 «Қарағанды -Қарағайлы», №149 «Қарағанды-Шахтер д/ү» ауданаралық (облысішілік қалааралық) маршруттар арқылы жүзеге асырылады. Жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларына сәйкес жолаушылар мен багажды автомобиль көлiгiмен тұрақты тасымалдаудың маршруттық желiсiн қалыптастырған кезде, жергiлiктi атқарушы органдар кенттермен, селолармен аудан орталықтары арасындағы және аудан орталықтары мен облыс орталықтары арасындағы байланыс басымдылығын басшылыққа алады.

Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі IV сессиясының №84 шешімімен бекітілген Қарағанды облысының әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар тізбесіне №279 «Қарқаралы-Аппаз» (Нүркен арқылы) ауданішілік қатынасының енгізілгенін атап өту қажет.

Қазіргі уақытта аудан орталығынан облыс орталығына дейін ауданаралық (облысішілік қалааралық) маршруттармен жеткізу мақсатында әлеуметтік маңызы бар №279 «Қарқаралы-Аппаз» (Нүркен арқылы) қатынасы бойынша жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылуда.

3. Тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 7 жұлдызына дейін облыс әкімі аппаратына ақпарат ұсыну

 

мүдделі органдар

Дата cоздания: 05 Шілде 2018 09:38
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 05 Шілде 2018 11:29
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы