жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 20°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Партисипаторлық жер пайдалану

Назад

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін беру конкурс негізінде жүзеге асырылады.
Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесін ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы қалыптастырады және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қоғамдық кеңестермен, мемлекеттік емес ұйымдармен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен келісіледі.
Конкурсты ұйымдастыру мен өткізуді аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
Конкурс өткізу туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы хабарламаны өзінің интернет-ресурсында, сондай-ақ мемлекеттік органдардың арнайы ақпараттық стенділерінде орналастырады және оны аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне интернет-ресурстарында және арнайы ақпараттық стендтерде орналастыру үшін дереу жібереді.
Жер комиссиясы конкурстық ұсыныстарды бағалайды, салыстырады және жеңіп шыққан конкурстық өтінімді анықтайды.
Жер комиссиясының мүшелері қол қойған хаттамалық шешім конкурстың қорытындылары туралы бір жұмыс күні ішінде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органының интернет-ресурсында орналастырылады және үш жұмыс күнінен кешіктірмей барлық өтініш берушілерге уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберіледі.  

Дата cоздания: 19 Шілде 2019 11:17
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 19 Шілде 2019 17:09
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы