жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 0°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жүзеге асырылатын сандық жобалар

Назад

Өнеркәсіпте 4.0 Индустрия элементтері 10 ірі кәсіпорындарда енгізілуде (АрселорМиттал, Қазақмыс, Евразиан Фудс, ЖГОК, Алтыналмас, Мэйкер, Алайғыр, Шұбаркөл көмір, Жастар разрезі, Қоңырат мыс компаниясы).
Жаңа технологияларға сұранысты ынталандыру үшін нақты сектор тарапынан облыста ғылым, инновациялар және жаңа технологиялар жөніндегі кеңес жұмыс істейді.
Ауыл шаруашылығы саласында «Смарт ферма» және дәл егіншілік элементтерін енгізумен сандық фермалардың 2 пилоттық жобасы іске қосылды («Шахтерское» ЖШС және «Найдоровское» ЖШС). Егін жинау барысында дәнді дақылдардың өнімділігі орташа есеппен 35 центнерді құрады бұл орташа облыстық өнімділік көрсеткішінен 2,5 есе жоғары.
Ағымдағы жылы 3 шаруашылық іске қосылады (Абай ауданының «Шанс» ш/қ, «А.Ф. Христенко атындағы КарСХОС» Бұқар Жырау ауданы және Осакаров ауданының «Воля» ш/қ).
Жыл соңына дейін өсімдік шаруашылығы бойынша 28 озық ферма құру жоспарланған. Облыста егіс алқаптарын цифрлау аяқталды, электрондық карталарды енгізу бойынша жұмыстар жалғасуда.
Қоғамдық көлік саласында жеке қаражат есебінен облыс орталығында электрондық сауықтандыру жүйесін және электрондық диспетчерлендіруді енгізу жүргізілуде.
Облыста білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің 100% цифрландырумен қамтылған. Оларда қағаз құжат айналымы алынып тасталды, мемлекеттік қызметтер мен есептілік автоматтандырылды.
Барлық медициналық ұйымдар аймақтық кешенді медициналық ақпараттық жүйе базасында бірыңғай ақпараттық алаңда жұмыс істейді. 380 мыңнан астам тұрғын белсенді пайдаланатын «ДамуМед» мобильді қосымшасы әзірленді.
Бүгінгі күні 1,3 млн.астам электрондық денсаулық паспорты жасалды.
Облыстың 24 медициналық ұйымдарында медициналық бейнелерді өңдеу, сақтау және беру жүйесі енгізілді. Зертханалық зерттеулердің нәтижелерін сандық форматқа ауыстыру және амбулаториялық-дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде электрондық форматта рецептілерді қамтамасыз ету жүзеге асырылады.
Білім беруде «Білімал» бірыңғай ақпараттық жүйе кешені жұмыс істейді, облыс мектептерінің 100% қосылған.
Кең жолақты Интернетке қосылған мектептердің үлесі 98,3%-дан 100% – ға дейін, Wi-Fi қамтамасыз етілген мектептердің үлесі 49% - дан 60% - ға дейін ұлғайды.
Облыстың мектепке дейінгі ұйымдарының 53,5%-ында балабақшаларға өтініш беруді және кезектілікті автоматтандыру жүйесі енгізілді.
Облыстың барлық мектептері электрондық мектеп журналын жүргізеді. Мектепке қабылдау және қабылдау үдерісі толығымен автоматтандырылды.
Колледждерде «Электронды сессия», «Электронды қабылдау науқаны», «7-11 сынып оқушылары арасында электронды кәсіптік бағдар беру науқаны» жобалары іске асырылуда.
«Смарт сити» шеңберінде 112, 109 қызметтер, әлеуметтік желілер, iKomek тәжірибесі бойынша мессенджерлер нөмірлеріне өтініштерді өңдеу үшін бірыңғай үйлестіру орталығы іске асырылуда.
Қауіпсіз қала аясында бейнебақылау камераларының саны 6 мың бірлікке жетті.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында облыс орталығында пилоттық жоба енгізілді, онда жылу энергиясын есепке алу мен ауа-райының реттелуін қамтамасыз ететін қазіргі заманғы жылу тораптары бар «E-Shanyraq» тұрғын үй қоры мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бірыңғай ақпараттық жүйесіне үйлестіру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Экология саласында жыл соңына дейін Қарағанды, Теміртау, Балқаш және Жезқазған қалаларының атмосфералық ауасында ластаушы заттардың мониторингін жүргізу үшін 10 датчик орнатылады. Балқаш және Жезқазған «Kazakhmys Smelting» ЖШС мыс балқыту зауыттарында LED-экрандарда трансляциялау жолымен атмосфералық ауаның жай-күйі туралы халықты ақпараттандыру және мониторингтің автоматтандырылған жүйесінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілетін болады. Бизнес саласында Е-коммерц орталығы іске қосылды, Онлайн-КБО жіберу күтіліп отыр.  

Дата cоздания: 19 Шілде 2019 11:14
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 19 Шілде 2019 16:32
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы