жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 0°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Ақылды қалалар бойынша жобалардың әсері

Назад

Қарағанды облысында денсаулық сақтау саласы бойынша бес жүз миллион теңге үнемделді.
Облыстың медициналық ұйымдарының 100% қағазсыз құжат айналымына өтті, кешенді медициналық ақпараттық жүйемен 100% қамту қамтамасыз етілді. Облыстық ахуалдық орталық, Жедел жәрдем қызметінің бірыңғай диспетчерлік желісі құрылды. Кезек автоматтандырылған емханаларда науқастардың электрондық карталары жүргізіледі, дәрігерлердің жүктемелеріне алыстан талдау жүргізіледі, әрбір пациентке кететін шығындар айқын болды.
Бұл шаралар 300 млн. теңгеден астам нәтиже берді. Дәрі-дәрмектерді дербестендірілген есепке алу 290 млн.теңгеден астам үнемдеуге мүмкіндік берді. 24% - ға миокард инфарктінен өлім-жітім төмендеді, 30-дан 70% - ға дейін туберкулезге алдын ала тексерудің тиімділігі артты, тыныс алу жүйесінің онкопатологиясын ерте кезеңде анықтау 10% - ға өсті, 2 жыл ішінде асқынған онкологиялық аурулардың саны едәуір төмендеді.
Білім беру саласында мұғалімдердің еңбек шығындарын қысқарту есептілікті қалыптастырумен, оның сапасы мен қабылданатын басқарушылық шешімдердің сапасын қамтамасыз етумен байланысты.
Қоғамның цифрлық мәдениетке тартылуын арттыру.
Күн сайын push-хабарламалар арқылы ата-аналар баланың үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы ақпарат алады.
Барлық оқушылар мен педагогтар цифрлық білім беру ресурстарына қол жеткізе алады.
Ауыл шаруашылығы саласында нақты егіншілік элементтерін енгізу орташа есеппен гектарынан 35 центнер астық дақылдарының шығымдылығын берді, бұл орташа облыстық өнімділік көрсеткішінен 2,5 есе жоғары.
 

Дата cоздания: 19 Шілде 2019 11:14
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 19 Шілде 2019 16:28
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы