жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 31°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

НҚА жобалары

Назад
13 Сәуір 2020

Қарағанды облысы әкімдігінің «2020 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған субсидиялар көлемдерін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.2020 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 09 сәуірдегі № 21/02 «Cубсидияланатын тұқымдардың нормалары мен шекті бағаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5287 болып тіркелген, 2019 жылғы 22 сәуірде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде, 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 43 (22639) «Орталық Қазақстан», 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 43 (22447) «Индустриальная Караганда» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қарағанды облысының әкімі
Ж. Қасымбек 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы