жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 15°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

НҚА жобалары

Назад
13 Наурыз 2020

Қарағанды облысы әкімдгінің «Қарағанды облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін айқындау туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 63/02 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасы

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қарағанды облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін айқындау туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 63/02 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5059 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылдың 19 желтоқсанында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
нұсқалған қаулыға қосымша, осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қарағанды облысының әкімі
Ж. Қасымбек

 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы