жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 15°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

НҚА жобалары

Назад
19 Ақпан 2020

Қарағанды облысы әкімдігінің «Сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы» қаулысы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» , 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген) Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін бірлігіне арналған субсидиялар нормативі бекітілсін.
2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 23 мамырдағы № 31/01 «Сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5365 болып тіркелген, 2019 жылғы 3 маусымдағы электрондық түрде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде, 2019 жылғы 6 маусымдағы № 60 (22464) «Индустриальная Караганда», 2019 жылғы 6 маусымдағы № 60 (22656) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қарағанды облысының әкімі
Ж. Қасымбек 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы