жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 0°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

НҚА жобалары

Назад
08 Қараша 2019

«Қарағанды облысы әкімдігінің 2007 жылғы 30 мамырдағы №12/03 «Облыс аумағында карантиндік аймақты белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасы

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы «Өсімдіктер карантині туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2007 жылғы 30 мамырдағы №12/03 «Облыс аумағында карантиндік аймақты белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №1830 болып тіркелген, 2007 жылдың 28 маусымдағы № 98-100(20274) «Орталық Қазақстан», 2007 жылдың 30 маусымдағы № 75(20471) «Индустриальная Караганда» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
нұсқалған қаулымен бекітілген қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қарағанды облысының әкімі
Ж. Қасымбек 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы