жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 0°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

НҚА жобалары

Назад
06 Қараша 2019

««Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін, азаматтық қызметші болып табылатын денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамтамасыз ету, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының және облыс бюджетінің қаражаттары есебінен лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларына жиырма бес пайыз көбейту құқығына ие лауазымдардың тізбесін айқындау туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 шілдедегі № 49/05 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің қаулы жобасы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін, азаматтық қызметші болып табылатын денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамтамасыз ету, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының және облыс бюджетінің қаражаттары есебінен лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларына жиырма бес пайыз көбейту құқығына ие лауазымдардың тізбесін айқындау туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 шілдедегі № 49/05 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3923, 2016 жылғы 11 тамыздағы № 104 (22049) «Индустриальная Караганда» және 2016 жылғы 11 тамыздағы № 126 (22231) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
нұсқалған қаулының тақырыбы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«Бюджет қаражаты есебiнен кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленетiн, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»;
нұсқалған қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес бюджет қаражаты есебiнен кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленетiн, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.»;
нұсқалған қаулының қосымшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын, осы қаулының қосымшасына сәйкес.
2. Осы каулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. «Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін, азаматтық қызметші болып табылатын денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамтамасыз ету, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының және облыс бюджетінің қаражаттары есебінен лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларына жиырма бес пайыз көбейту құқығына ие лауазымдардың тізбесін айқындау туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 шілдедегі № 49/05 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысы оның алғаш ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң күшіне енеді.

Қарағанды облысының әкімі
Ж. Қасымбек


КЕЛІСІЛДІ:
Қарағанды облыстық
мәслихатының хатшысы
___________С. Өтешов
«____»_________2019 жыл
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы