жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 4°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

НҚА жобалары

Назад
14 Тамыз 2019

«Сәулет қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 тамыздағы № 45/07 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің қаулы жобасы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңдарына, «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру», «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» және «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығы мен мен «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 137 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 28 маусымдағы №453 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18951 болып тіркелген) сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.    «Сәулет қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы
12 тамыздағы № 45/07 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3406 болып тіркелген, 2015 жылғы
24 қыркүйектегі № 150-151 (22 035) «Орталық Қазақстан» және 2015 жылғы
24 қыркүйектегі № 132 (21883) «Индустриальная Караганда» газеттерінде, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 25 қыркүйегінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
 нұсқалған қаулымен бекітілген «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулыға 1- қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
нұсқалған қаулымен бекітілген «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті алып тасталсын.
2.    «Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3.    Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.
4.    «Сәулет қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы
12 тамыздағы № 45/07 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қарағанды облысының әкімі    Е. Қошанов

 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы