жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 28°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

НҚА жобалары

Назад
13 Маусым 2019

«Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің қаулы жобасы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», 2013 жылы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 маусымдағы №42/01 «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3890 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 22 шілдесінде, 2016 жылдың 23 шілдесінде № 95 (22040) «Индустриальная Караганда», 2016 жылдың 23 шілдесінде № 115 (22220) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентi осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі №24/04 «Агроөнеркәсіптік кешен субьектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3785 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 23 мамырында, 2016 жылдың 24 мамырында № 64 (22009) «Индустриальная Караганда», 2016 жылдың 24 мамырында № 82 (22187) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Агроөнеркәсіптік кешен субьектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентi осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 75/03 «Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентiн бекiту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3591 нөмерімен тіркелген, Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 13 қаңтарында, 2016 жылдың 12 қаңтарында № 3 (21948) «Индустриальная Караганда», 2016 жылдың 12 қаңтарында № 5-6 (22111) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. «Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы жүзеге асырылады.»;
2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған).
Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы лицензиялық алым төлейді, ол:
1) лицензия бергені үшін – 10 айлық есептік көрсеткіш;
2) лицензияларды қайта ресімдегені үшін – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызы;
3) лицензияның телнұсқасын бергені үшін – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызын құрайды.»;
5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының (не оның өкілінің) порталға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынуы болып табылады.»;
6-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы ЭҮП арқылы көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен құжаттарды 15 (он бес) минуттың ішінде тіркеуді жүзеге асырады.
Нәтижесі – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жолдау;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 30 (отыз) минуттың ішінде құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды.
Нәтижесі – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына мемлекеттік қызметті көрсету үшін жолдау;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттардың толықтығын тексереді. Құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды. Келіп түскен құжаттар толық болған жағдайда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы аумақтық бөлiмшесіне (бұдан әрі – мүдделі орган) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкестігі немесе сәйкессіздігі жөнінде сұраныс жібереді.
Нәтижесі - өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап немесе келісуші органға көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкестігі немесе сәйкессіздігі жөнінде сұраныс жіберу;
4) мүдделі орган 6 (алты) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды, көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушының қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы жауапты (бұдан әрі – қорытынды) жолдайды.
Нәтижесі – мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына қорытындыны ұсыну;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны ресімдейді немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды.
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің басшысына лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты қол қою үшін жолдау;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде лицензияға және (немесе) лицензияға қосымшаға немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды.
Нәтижесі - лицензияға және (немесе) лицензияға қосымшаға немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу кезінде:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы ЭҮП арқылы көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен құжаттарды 15 (он бес) минуттың ішінде тіркеуді жүзеге асырады.
Нәтижесі – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жолдау;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 30 (отыз) минуттың ішінде құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды.
Нәтижесі – мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдейді немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды.
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қайта ресімделген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты қол қою үшін жолдау;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде қайта ресімделген лицензияға және (немесе) лицензияға қосымшаға немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды.
Нәтижесі - қайта ресімделген лицензияға және (немесе) лицензияға қосымшаға немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою.
Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру кезінде:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы ЭҮП арқылы көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен құжаттарды 15 (он бес) минуттың ішінде тіркеуді жүзеге асырады.
Нәтижесі – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жолдау;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 30 (отыз) минуттың ішінде құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды.
Нәтижесі – мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды.
Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің басшысына лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты қол қою үшін жолдау;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасына немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды.
Нәтижесі - лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасына немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою.
8-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігінің сипаттамасы:
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы ЭҮП арқылы көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен құжаттарды 15 (он бес) минуттың ішінде тіркеуді жүзеге асырады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 30 (отыз) минуттың ішінде құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттардың толықтығын тексереді. Құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды. Келіп түскен құжаттар толық болған жағдайда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы аумақтық бөлiмшесіне (бұдан әрі – мүдделі орган) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкестігі немесе сәйкессіздігі жөнінде сұраныс жібереді;
4) мүдделі орган 6 (алты) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды, көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушының қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы жауапты (бұдан әрі – қорытынды) жолдайды;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны ресімдейді немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс ішінде лицензияға және (немесе) лицензияға қосымшаға немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу кезінде:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы ЭҮП арқылы көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен құжаттарды 15 (он бес) минуттың ішінде тіркеуді жүзеге асырады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 30 (отыз) минуттың ішінде құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдейді немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде қайта ресімделген лицензияға және (немесе) лицензияға қосымшаға немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды.
Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру кезінде:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы ЭҮП арқылы көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен құжаттарды 15 (он бес) минуттың ішінде тіркеуді жүзеге асырады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 30 (отыз) минуттың ішінде құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күн ішінде лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасына немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды.»;
«Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 2-қосымшасы осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қарағанды облысының әкімі
Е. Қошанов

 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы