жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 24°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

НҚА жобалары

Назад
11 Маусым 2019

«Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің қаулы жобасы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 274 «Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18656 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Болашақ құрылыс учаскеcі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) «Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) «Кен іздеушілікке арналған лицензияны беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. «Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық – инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қолдансын.
3. «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 55/01 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3454 нөмірмен тіркелген, 2015 жылғы 5 қарашадағы № 157-158 «Индустриальная Караганда» және 2015 жылғы 5 қарашадағы № 181-182 «Орталық Қазақстан» газеттерінде, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 30 қазанында жарияланған).
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
5. «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қарағанды облысының әкімі
Е. Қошанов

 



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы