жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 3°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

НҚА жобалары

Назад
04 Сәуір 2019

««САРЫ-АРҚА» магистральдық газ құбырының орналастыру үшін Қарағанды облысының аумағындағы жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 23/02 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің қаулы жобасы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», 2012 жылғы 22 маусымдағы «Магистральдық құбыр туралы» заңдарына, «ҚазТрансГаз» 2018 жылғы 4 желтоқсандағы № 1-40-3478 және «АстанаГаз ҚМК» акционерлік қоғамдарының 2019 жылғы 9 қаңтардағы №01-08/15 өтініштеріне, «Сарыарқа» МГ салу» (1-ші кезең. «Қызылорда-Астана» МГ учаскесі) жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы сатып алу-сату 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 09/38-АГ/04 шартына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «САРЫ-АРҚА» магистральдық газ құбырының орналастыру үшін Қарағанды облысының аумағындағы жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 22 мамырдағы қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4800 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 8 маусымда жарияланған,
«Индустриальная Караганда» 2018 жылғы 9 маусымдағы № 62 (22321) және «Орталық Қазақстан» 2018 жылғы 9 маусымдағы № 61 (22513) газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «АстанаГаз ҚМК» акционерлік қоғамы (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеу, шығындардың мөлшері және оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен анықталсын.»

Қарағанды облысының әкімі
Е. Қошанов 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы