жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 22°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

НҚА жобалары

Назад
12 Сәуір 2019

Жоба: «Қарағанды облысындағы жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы» бірлескен Қарағанды облысы әкімдігінің 2013 жылғы 12 наурыздағы № 14/05 қаулысының және Қарағанды облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы XIII сессиясының № 141 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 «Қарағанды облысындағы жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы» бірлескен Қарағанды облысы әкімдігінің 2013 жылғы 12 наурыздағы № 14/05 қаулысына және Қарағанды облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы XIII сессиясының № 141 (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2317 болып тіркелген, 2013 жылғы 4 мамырдағы № 71-72 (21 498) «Орталық Қазақстан», 2013 жылғы 4 мамырдағы № 59-60 (21392-21393) «Индустриальная Караганда» газеттерінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
Осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес, көрсетілген бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.
2. Бірлескен қаулының және шешімнің орындалуын бақылау ауыл шаруашылығын дамыту, жер қатынастары, табиғатты пайдалану және кәсіпкерлік мәселелерін үйлестіретін облыс әкімінің орынбасарына және облыстық мәслихаттың өнеркәсәп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы Қарағанды облысы әкімдігі және Қарағанды облыстық мәслихатының ««Қарағанды облысындағы жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы» бірлескен Қарағанды облысы әкімдігінің 2013 жылғы12 наурыздағы № 14/05 қаулысының және Қарағанды облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы XIII сессиясының № 141 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» бірлескен қаулысы мен шешімі ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.


Қарағанды облысының әкімі
Е. Қошанов

Қарағанды облыстық мәслихаты
сессиясының төрағасы
И. Георгиади

Қарағанды облыстық
мәслихатының хатшысы
С.Өтешов  



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы