жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -17°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

НҚА жобалары

Назад
29 Наурыз 2019

2019 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша бюджеттік субсидиялар көлемдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18404 болып тіркелген) Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2019 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша бюджеттік субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 14 ақпандағы №09/01 «Мал шаруашылығы саласындағы бюджеттік субсидиялардың нормативтерін және көлемдерін бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5189 болып тіркелген, 2019 жылғы 28 ақпандағы № 23 (22619) «Орталық Қазақстан» және 2019 жылғы 28 ақпандағы № 23 (22427) «Индустриальная Караганда» газеттерінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылы 21 ақпанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. «2019 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша бюджеттік субсидиялардың көлемдерін бекіту туралы» қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.


Қарағанды облысының әкімі
Е. Қошанов 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы