жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 30°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

НҚА жобалары

Назад
18 Наурыз 2019

««Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 наурыздағы № 13/01 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің қаулы жобасы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттiк қызметтер туралы», Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңдарына және «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі №285 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 544 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18101 болып тіркелген) сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 наурыздағы № 13/01 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4700 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 19 сәуір жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда мазмұндалсын;
2) осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес, нұсқалған қаулымен бектілген, «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда мазмұндалсын;
2. «Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қолдансын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 наурыздағы №13/01 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы алғашқы ресми жарияланған алғашқы күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қарағанды облысының әкімі
Е. Қошанов 


Файлы

Файл
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы