жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 30°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

НҚА жобалары

Назад
11 Наурыз 2019

«Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі №56/01 «Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің қаулы жобасы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі №56/01 «Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3473 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 12 қарашасында, 2015 жылдың 14 қарашасында № 165-166 (21916-21917) «Индустриальная Караганда», 2015 жылдың 14 қарашасында № 189-190 (22 074) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) «Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнің, өздiгiнен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;»;
6) тармақша алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тiркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті»;
1-тармақтың бірінші азатжолы келесі редакцияда жазылсын:
«1. «Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.»;
көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшада:
оң жақ жоғары бұрыштағы мәтін келесі редакцияда жазылсын:
«Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша»;
көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада:
оң жақ жоғары бұрыштағы мәтін келесі редакцияда жазылсын:
«Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнің, өздiгiнен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті»;
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнің, өздiгiнен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;
3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқасын беру немесе машина кепілінің тіркелгені туралы хабарлама беру не Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/421 «Техникалық инспекция саласында мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11766 болып тіркелген) бекітілген «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнің, өздiгiнен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартта (бұдан әрі – стандарт) көрсетілген негіздер бойынша уәжді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде және/немесе электрондық.
4-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«4. Стандартта көрсетілген құжаттарды көрсетілетін қызметті алушымен ұсыну мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме болып табылады.
6 тармақ келесі мәтіндегі 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері.»;
4 бөлім келесі мәтіндегі 8-1 тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу ұзақтығы:
1-процесс – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ұсынылған құжаттарды тексереді, көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін қабылдайды және тіркейді, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді;
1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
2-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің осы Регламенттің 5-тармағында қарастырылған рәсімдері (әрекеттері);
3-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхаттың негізінде көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды береді.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда, құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Құжаттар топтамасын беру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
Қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
Көрсетілетін қызметті алушы (не болмаса нотариалды сенімхат бойынша оның өкілі) Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасымен бірге өтінімді бір данада Мемлекеттік корпорацияға ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, осының негізінде көрсетілетін қызметті алушы (не болмаса нотариалды сенімхат бойынша оның өкілі) жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған жағдайда дайын құжаттарды беру жүзеге асырылады.»;
көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшада:
оң жақ жоғары бұрыштағы мәтін келесі редакцияда жазылсын:
«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнің, өздiгiнен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша»;
көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада:
оң жақ жоғары бұрыштағы мәтін келесі редакцияда жазылсын:
«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнің, өздiгiнен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
5 тармақтың 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жауапты орындаушымен қызметті алушының құжаттар пакетін, машинаның техникалық жағдайын тексеру – 10 (он) жұмыс күн ішінде. Нәтижесі – тіркеу құжатында (техникалық паспортта) «Ақаусыз» не «Ақаулы» деген жазбаны енгізу.»;
7 тармақтың 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жауапты орындаушымен қызметті алушының құжаттар пакетін, машинаның техникалық жағдайын тексеру – 10 (он) жұмыс күн ішінде.».
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.


Қарағанды облысының әкімі
Е. Қошанов 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы