жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 25°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

НҚА жобалары

Назад
11 Наурыз 2019

«Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің қаулы жобасы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», 2013 жылы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 68/03 «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентiн бекiту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3576 нөмерімен тіркелген, Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 31 желтоқсанында, 2016 жылдың 6 қаңтарында № 1 (21946) «Индустриальная Караганда», 2016 жылдың 6 қаңтарында №107-108 (21993) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентi осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі №56/04 «Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3459 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 2 қарашасында, 2015 жылдың 7 қарашадағы № 159-160 (21910-21911) «Индустриальная Караганда», 2015 жылдың 7 қарашадағы № 183-184 (22068) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентi осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 тамыздағы №48/02 «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3413 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 7 қазанында, 2015 жылғы 6 қазанында № 137-138 (21888-21889) «Индустриальная Караганда», 2015 жылдың 6 қазанында № 158-159 (22 042) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентi осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қарағанды облысының әкімі
Е. Қошанов

 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы