жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 30°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

НҚА жобалары

Назад
11 Наурыз 2019

«Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 42/02 «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің қаулы жобасы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 42/02 «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3379 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 07 қыркүйегінде, 2015 жылдың 22 тамыздағы № 119 (21870) «Индустриальная Караганда», 2015 жылдың 22 тамыздағы № 132-133 (22018) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.


Қарағанды облысының әкімі
Е. Қошанов

 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы