жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -17°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

НҚА жобалары

Назад
16 Шілде 2018

«Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 02/01 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қарағанды облысы әкімдігі қаулысының жобасы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына, Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» №147 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» №41 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16871нөмірімен тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 02/01 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4599 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 9 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды нұсқада жарияланған, 2018 жылғы 15 ақпанда№ 19 (22471) нөмірімен «Орталық Қазақстан», 2018 жылғы 15 ақпанда № 19 (22278)) нөмірімен «Индустриальная Караганда» газеттерінде жарияланған)келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:

аталған қаулымен бекітілген «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне:

жоғарыда аталған регламенттің 1 қосымшасы осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2. Қарағанды облысының дін істері басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келесіні қамтамасыз етсін:

1) Қарағанды облысының әділет департаментінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;

2) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізужәне ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына оның қағаз және электронды нұсқадағы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін жолдауды;

3) оның көшірмелерін мерзімді басылымдарда ресми жариялауға жолдауды;

4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қарағанды облысының әкімі аппаратының интернет-ресурсына орналастыруды;

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

4. Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 02/01 қаулысы алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

Қарағанды облысының әкімі

Е.Қошанов



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы