жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 30°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығы

Назад
02 Желтоқсан 2016

Қарағандыда 400 орындық балабақша ашылды

Фото: karaganda-region.gov.kz

«Кең дала» жаңа ықшам ауданында «Шыңырақ» балабақшасы ашылды. Балабақша отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналған жалпыұлттық «25 жұлдызды» күн акциясы аясында салтанатты түрде ашылды.

Балабақшаның ашылу салтанатына облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков қатысты. Аймақ басшысы мектепке дейінгі мекемеге өзінің сыйлықтарымен келді – теледидар және электронды пианино.

Жас отбасылар көп шоғарыланған жаңа ықшамаудандағы балабақшаның құрылысы көптен бері жоспарланған болатын. Балабақша, теңдессіз жобаның негізінде салынған ғимаратта орналасқан. Мұнда тағам тасымалдауға арналған лифт бар және жатын бөлмелер оқшауланған. Барлық санитарлық талаптар сақталған. Заманауи музыка және спорт залдары бар. Балаларға білім беруге және тәрбиелеуге қажетті барлық жағдайлар жасалған.

Балабақшаның ашылуы қосымша жаңа жұмыс орындарының пайда болуына да ықпал етті. Бақшада 80-ге жуық қарағандылық азамат еңбек етуде. Бүгінде мектепке дейінгі мекеме өз шәкірттерін қабылдауда.

- Балабақшалар тек бюджет қаражатына ғана салынбайтындығын айтып өткіп келеді. Біздің кәсіпкерлеріміз, жаңа балабақшалар ашып, мұны бизнес көзіне айналдыру туралы ұсынысымызды қабыл алды. Осы аралықта облысымызда 27 жекеменшік балабақша ашылды. Біз осы бағыт бойынша жұмыстарымызды жалғастыра береміз, мектепке дейінгі мекемелер құрылысына қатысты алдағы таңда да өз жоспарларымыз бар. Елбасымыздың 2020 жылға дейін барлық бүлдіршінді балабақшамен қамтамасыз ету туралы қаулысын орындай аламыз деп сенемін, - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, «Шаңырақ» балабақшасында «Аналар мектебі» орталығы ашылды. Мұнда мектепке дейінгі мекеме педагогтарына, психологтарға, мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына тренингтер өткізіледі.



Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2017 жылғы
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы