жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 22°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығы

Назад
01 Желтоқсан 2016

Қарағанды облысының Абай ауданында балабақша ашылды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтің Абай ауданына барған жұмыс жұмыс сапары барысында балабақша ашылды, және тұрғындарға үй салуға арналған жер телімдерінің сертификаттары табысталды.

Мектеп жасына дейінгі балаларды толық қамту мақсатында бұрынғы «Гүлдер» санаториясының 2 қабатты ғимараты жөндеуден өткізіліп, балабақша ретінде қайта ашылған. 2016 жылы жергілікті бюджеттен 45,5 млн теңге бөлініп, ғимараттың жөндеу жұмыстары мен жаңа жиһаздар сатып алуға жұмсалды. «Болашақ әлемі» деп аталатын жаңа балабақша 75 балаға шақталып жасалған. Мұнда бүлдіршіндер білім беру саласындағы тың өзгерістер бойынша үш тілде білім алады. Облыс әкімі бұл мекемеге теледидар сыйлады.

- Бүгін «Болашақ әлемі» бақшасы 75 бүлдіршінге есігін айқара ашып отыр. Бұл ғимаратта балаларды тәрбиелеуге қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Біз сәбилерге арналған топтарды ашу мүмкіндігін де қарастырудамыз. Балабақша ашу тек балаларды толық қамту ғана емес, жаңа жұмыс орны екендігін де атап өткім келеді, «Болашақ әлемі» бақшасында 28 адам жұмыс істейтін болады, - деп атап өтті облыс әкімі.

Жұмыс сапары Школьная көшесінде жалғасын тапты. Мұнда жеке тұрғын үй салу мақсатында жер телімдері халыққа табысталды. 32 жер телімін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен жабдықтау үшін Ұлттық қордан 79 млн теңге және облыстық бюджеттен 8,8 млн теңге бөлінген. Облыс әкімі жұмыс барысымен танысып қайтты.

Жартас ауылында әкім жаңадан ашылған дәрігерлік амбулаториямен танысты. Бұл мекеме «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының аясында тұрғызылған. Амбулаторияда бір ауысымда 20 адам жатады деп көзделген. Жобаның құны 117 млн.теңгені құрады. Ауруханада балалар бөлмесі, акушерлік-гинекологиялық, емдеу-сауықтыру бөлімдері қарастырылған.



Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2017 жылғы
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы