жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -2°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығы

Назад
28 Қараша 2016

Қарағанды облысының аграршылары шетелге бидай, ұн, зығыр экспорттайды

Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттайды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. «Қазақстан жетекші әлемдік ұн мен бидай экспортшыларының ондығына кіреді. Бұл көрсеткішке біздің облыс та лайықты үлесін қосты. Өткен жылы басқа облыстардың алды болып 50 пайыздан астам өнімді экспортқа жөнелтті. Бұл 500 мың тоннаға жуық өнімді құрады», - деді ауыл шаруашылығы жұмыскерлері күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйлеген облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков. АШБ мәліметінше, астық пен ұн негізінен Орта Азия елдеріне жеткізіледі. Бұдан басқа, облыс зығыр экспорттайды. Биылғы жылдан бастап БАӘ-ге қой экспорттау жолға қойылды. Алдағы уақытта бұршақ тұқымды дақылды шетелге жеткізетін болады. «Биыл диқаншылар рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. 1 млн тоннадан астам астық бастырылды. Орташа өнімділік гектарына 14 центнерді құрады. Бұл облыс тарихында рекордтық көрсеткіш, - деді өңір басшысы. - Абай ауданы шаруашылығын гектарына 20 центнер өнімімен, Осакаров, Нұра аудандарының шаруашылығын гектарына 14 центнерден астам өнімімен құттықтаймыз». Картоп өнімділігі де жоғары болды. «Саланың дамуына мемлекет қолдау көрсетті. Биыл облыс аграршылары субсидия түрінде 9,5 млрд теңге алды, оның ішінде 1,5 млрд теңге салынған инвестиция шығынын жабу түрінде шаруашылыққа төленді», - деп атап өтті Әблібеков. «ҚазАгро» холдингін дамыту институттары ауыл шаруашылығы мамандарына сомасы 6,1 млрд теңге жеңілдікпен кредит берді. Ауылда жұмыспен қамту және бизнесті дамыту үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы мемлекеттік бағдарламалар аясында 1 млрд 850 млн теңге жіберілді». Салтанатты жиында облыс әкімінің грамоталары, ведомстволық наградалар - «Еңбек ардагері» медалі, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі», «Еңбек даңқы» төс белгісі, ҚР АШМ министрінің грамоталары табыс етілді.



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы