жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 25°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығы

Назад
28 Қараша 2016

Қарағандылық полицейлер қан тапсырып, үлгі көрсетуде

Қарағандыда полицейлер кезекті рет донор болуда, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстың ІІД-ге сілтеме жасап. «Республикалық жол қозғалысы қауіпсіздігі аптасы және Жол-көлік оқиғасы құрбандарын еске алу күні аясында жергілікті полиция қызметкерлері облыстық қан орталғында акция өткізді. Оның мақсаты - қан донорының және оның компоненттерінің жетіспеушілігі проблемасына жұртшылықтың назарын аудару, - делінген хабарламада. «Мұндай акциялар 2005 жылдан бастап жылда өткізіліп келеді және игі дәстүрге айналуда. Барлық жолда жүретіндерді қан тапсыруға шақырамыз. Жол-көлік оқиғасы орнына бірінші болып біздің қызметкерлер барады да, зардап шеккендерге алғашқы көмекті өздері көрсетеді», - деді Қарағанды ІІД ЖПӨ ЖПП полкі командирінің орынбасары Рысқали Жазықпаев. Бір күнде полицейлер жолда зардап шеккендер үшін 8 литрден астам қан тапсырды. Ведомствоның ақпаратына сәйкес, Қарағанды облысында 10 айда 632 ЖКО орын алған. Онда 113 адам қаза болса, 775 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған.



Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2017 жылғы
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы