жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -2°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығы

Назад
17 Қараша 2016

Қарағандыда су жаңа емхананың құрылысы басталды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Бүгін Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков, жұмыс сапары барысында, мемлекеттік-жеке әріптестік бағдарламасы аясында салынып жатқан № 7 емханаға барып, құрылыс жұмыстарымен танысты. Су жаңа денсаулық сақтау мекемесі Қарағанды қаласындағы Ержанов к. 28/2-де орналаспақ.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев және жоба жетекшісі Дәулет Мырзағалиев аймақ басшысына жасалып жатқан жұмыстар жайлы баяндап берді.

- Ең бастысы, ем алушылар үшін барлық жағдай жасалады: электронды кезек енгізілді, күту залы салынды және білікті медициналық құрам жасақталады. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де ерекше жағдай қарастырылған. Кіреберісте сырғыма баспалдақ (пандус) салынды, арнайы жеделсаты және санитарлық торап тартылды,-деді Д.Мырзағалиев.

Ғимарат 3 қабаттан және жертөле бөлімінен тұратын болады. Жалпы аумағы 1215 ш.м. Бұнда бекітілген үлгі бойынша барлық қажетті кабинеттер мен құрылымдар болады, атап айтқанда, тіркеу бөлімі, дәрігерге дейінгі қаралу кабинеті, дәрігерлер, емшара және екпе кабинеттері, диагностикалық құрылымдар: УДЗ, рентген кабинеттері және басқа.

10 қарашадағы мәлімет бойынша, құрылыс жұмыстарына 270 млн теңге жұмсалды, соның ішінде, 270 млн. теңге жер учаскесін сатып алуға, 100 млн теңге медициналық жабдық алуға.

Келесі жылдың көктемінде емхана пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Атап айтсақ, құрылысы басталған бұл емхана Қарағандыдағы халық тығыз қоныстанған, яғни, 15 мың адам тұратын елдімекен маңайында бой көтермек. Қазіргі уақытта жергілікті жұртшылыққа № 1 емхана қызмет көрсетуде, алайда онда жер ауқымы және ОДО жетіспеушілігі байқалады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі



Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Сайт картасы