жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 11°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
26 Наурыз 2020

Қарағандыда COVID-19 екі жаңа оқиғасы тіркелді - жұқтырғандар карантинде болған

Фото: karaganda-region.gov.kz

Бүгін Қарағандыда коронавирустық инфекция (COVID-19) тағы екі адамда расталды. Олар Франциядан Минск - Нұр-Сұлтан рейсімен 18 наурызда ұшып келген. Екі әйел қонғаннан кейін бірден карантинге жатқызылған.

Пациенттер бір-біріне жақын туыс болып келеді. Оларда вирустың болуы зертханалық талдаулар арқылы расталды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады.

Рейстің қалған жолаушыларында 26 наурызда коронавирус белгілері табылмады.
Медициналық персонал санитарлық қауіпсіздіктің барлық шараларын және қажетті хаттамаларды сақтауда.

Бүгінгі күні карантинде 314 адам тәулік бойы бақылауда. Бұл 1А санатындағы елдерден оралған немесе шартты түрде жұқтырған адамдармен байланыста болған азаматтар. Тағы 152 адам үй жағдайында карантиннен өтуде.
Бұған дейін Қарағандыда коронавирустық инфекция жұқтырған екі адам анықталған болатын. Бүгінгі күні олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады.
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы