жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 11°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
26 Наурыз 2020

Қарағанды гарнизонының әскери қызметшілері дезинфекция жүргізуде

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды гарнизонының әскери қызметшілері бүгін, 26 наурызда теміржол және автовокзалдарға санитарлық өңдеу жұмыстарын жүргізді. Зарарсыздандыру іс-шарасына жүзден астам әскери қызметкер қатысты.

Жақын күндері олар мектеп, балабақша, медициналық мекемелер, сауда орталықтары, базарлар, сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолдарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, гүлзарлар, саябақтар және т.б. аумақтарына дезинфекциялау жүргізеді.

- Әскери қызметкерлер жеке қорғаныс киімдерімен жұмыс істейді. Өңдеу үшін жуу құралдарын, "Рубеж" дезинфекциялық ерітіндісі бар жеке газсыздандыру жинақтарын пайдаланады. Ерітінді адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз және 5 сағатқа дейін әрекет етеді. Дезинфекциялау үшін қажетті реагенттер қорын АРС-14KZ автомобиль құю станциялары қамтамасыз етеді, - деді "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары Қанат Дайыров.


Естеріңізге сала кетейік, коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Қорғаныс министрлігі радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшелерінің әскери қызметшілерін көшелерді, қала ғимараттарын және адамдар көп жиналатын жерлерді санитарлық өңдеу үшін жіберген болатын. 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы