жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 11°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
26 Наурыз 2020

Қарағандыда әскери қызметшілер аумақтар мен ғимараттарды дезинфекциялауға көмектеседі

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағандыда әскери қызметшілер аумақты, ғимараттар мен нысандарды дезинфекциялайды. ҚР Қорғаныс Министрлігі қалалық биліктерге көмек ретінде радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс бөлімшелерінің сарбаздарын жіберді. Жұмыстар 26 наурызда басталады. Бүгін теміржол және автовокзалдарды арнайы өңдеу жоспарланған.

Облыстағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Коронавирустық инфекцияның жаңа жағдайлары тіркелген жоқ. Екі пациент емдеу курсын алуды жалғастыруда.
Тәулік бойы бақылау жасайтын карантинде 314 адам бар. Бұл 1А санатындағы елдерден оралған немесе шартты түрде жұқтырған адамдармен байланыста болған азаматтар. Тағы 152 адам үй жағдайында карантиннен өтуде.


Облыста 9000 астам нысанда санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтілді. Міндетті қауіпсіздік шараларының орындалуы қадағаланады. Тәртіп бұзушылықтар нысандардың қызметін тоқтатуға дейін қатаң жаза қолдану арқылы жойылуда.
Тәртіп бұзушыларға қатысты полицейлер сотқа 45 әкімшілік іс тапсырды. 12 дерек бойынша кінәлілер айыппұл төлейді. 5-і әкімшілік қамауға алынды. Қалған 28 іс алдағы күндері қаралатын болады.

 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы