жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 12°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
25 Наурыз 2020

Варшава - Қарағанды рейсінің жолаушылары арасында коронавирус жұқтырғандар болған жоқ

Фото: karaganda-region.gov.kz

23 наурызда Қарағанды әуежайына Варшава – Қарағанды рейсінің ұшағы келіп қонды. Арнайы рейстің бортында 207 адам болған. Олардың барлығы COVID-19 вирусына тест тапсырды. Жолаушылардың ешқайсысында ауру анықталған жоқ.

Бортта шетелде оқып жатқан қазақстандық студенттер және өзге де отандастарымыз болды.
Еліміздің Үкіметі тұрақты әуе қатынасының тоқтауына қарамастан, қазақстандықтарға отанына оралуға көмектесу үшін арнайы рейстер жіберген болатын.
Ұшақ Қарағанды әуежайының аумағына қонғаннан кейін бортқа дәрігерлер бригадасы көтерілді. Әрбір жолаушы қатаң эпидемиологиялық регламент бойынша мұқият медициналық бақылау рәсімінен өтті. Барлық шаралар орындалған соң келушілер қаладан тыс арнайы госпитальға жеткізілді.


- Барлық дәрігерлер Польшадан келген адамдарды бақылау үшін госпитальге өз еркімен келді. Бұл біздің дәрігерлік парызымыз. Біз барлығының сау екенін білгенде, керемет эмоцияларды бастан кештік, - дейді жалпы тәжірибе дәрігері Хайролла Ерғашев.


Варшава-Қарағанды рейсінің жолаушылары карантинде екі күн болды. Осы уақыт аралығында ағзада коронавирус бар болуына талдау жасалды. Ексеру кезінде келушілердің бір де біреуінде КВИ анықталған жоқ. Сондықтан варшавалық рейстің барлық жолаушыларына алдағы уақытта карантинді үй жағдайында ұстану туралы шешім шығарылды.
Қазір олардың барлығы туған қалаларына жолға шыға бастады. Рейстің жолаушылары қарағандылық дәрігерлер мен полицейлерге қиын уақытта қолдау көрсеткендері үшін үлкен алғыс білдіреді. Келгендердің бірі атап өткендей, «Бұл қадам Отанымыз бізді әрқашан қиын уақытта да күтіп, қорғайтынын тағы да түсінуге мүмкіндік берді». 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы