жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды 12°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
24 Наурыз 2020

Қарағанды облысында жалған ақпарат таратқандар үшін қылмыстық іс қозғалды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Құқық қорғау органдары әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді бақылайды. Қарағанды облысында коронавирустық инфекцияға қатысты жалған ақпарат таратудың төрт фактісі анықталды. Олардың әрқайсысы бойынша сотқа дейінгі тергеулер басталды. Бұл туралы облыстық прокуратурадан хабарлады.

Прокурорлар жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша ірі мөлшердегі айыппұл (5000 АЕК-ке дейін) немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

«Мұндай фактілерді анықтау үшін күнделікті БАҚ пен әлеуметтік желілер бақыланады. Құқық қорғау органдары барлық қажетті техникалық мүмкіндіктерге ие және құқық бұзушыларға қатысты заңның талаптарына сәйкес қатаң шаралар қолданады », - деп атап өтілген хабарламада.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігін мәлімдеді.
- Халық арасында дүрбелең мен қоғамдық тәртіпті тұрақсыздандыруға жол бермеу керек. Төтенше жағдайлар кезінде қауесет пен арандатушылық ақпараттардың алдын-алу үшін арнайы бақылау қажет. Мұндай ақпаратты таратудың кез-келген әрекетін алдын алу керек, авторларды анықтап, жазалау керек. Халыққа кез-келген ақпаратқа сенуге болмайтынын ескерту қажет, арандатушылар мен басқаларға біздің азаматтарымыздың сенімдерін бұрмалауға жол бермеу керек, - деді Президент 23-ші наурызда өткен Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев күн сайын эпидемиологиялық жағдай мен қабылданған шаралар туралы хабарлап отырады. Арнайы - coronavirus2020.kz сайты құрылды. Денсаулық сақтау министрлігі жанында COVID-19 бақылау және есепке алу операциялық орталығы жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда Қарағанды облысындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Коронавирустық инфекцияның жаңа жағдайлары тіркелген жоқ. Емдеу курсын инфекциялық бөлімнің жабық боксында оқшауланған екі науқас қабылдап жатыр.
366 адам тәулік бойы бақылаудағы карантинде. Бұлар 1А санатындағы елдерден оралған немесе шартты жұқтырған адамдармен байланыста болған азаматтар. 68 адам үй карантинінде, 357 адам оқшауланусыз медициналық бақылауда.
8000-нан астам нысанда санитарлық-дезинфекция режимі қадағалануда. 15 учаскеде бұзушылықтар анықталды. Соттар алты істі қарады. Кінәлілерге айыппұл салу және қамауға алу туралы әкімшілік жаза қолданылды. Тоғыз нысан облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің бұйрығымен жабылды.
Теміртауда әкімшілік сот супермаркет әкімшісін 10 тәулікке қамады. Сауда орнында кассир келушілерге қолғапсыз қызмет көрсетті. Сонымен қатар, сатып алушылар арасындағы арақашықтық сақталмады. Қарқаралы ауданының тұрғыны 58 адамның қатысуымен өткізген мерекелік шара үшін 5 тәулікке қамауға алынды. Сот оны Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша кінәлі деп тапты.
Қарағанды облысының жолдарында санитарлық посттар қызмет етеді. Ол жерде полиция мен санитарлар бірлесіп жұмыс істейді. Көліктердің қозғалысына ешқандай шектеулер жоқ. Барлық кіреберістер мен қаладан шығатын жерлерде жүргізушілер мен жолаушылардың денсаулығы тексеріледі.

 

 


 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы