жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -5°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
13 Ақпан 2020

Жезқазғанда жыл соңына қарай облыстағы алғашқы биоэлектрстанциясын ашу жоспарланып отыр

Фото: karaganda-region.gov.kz

Жезқазғанда бірнеше инвестициялық жобаларды жүзеге асыру көзделуде. Олардың қатарында облыстағы бірінші биоэлектростанция ашу жоспары бар. Аймақты дамыту бойынша алға қойылған жоспарлар туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Бегімов айтып берді.
- 2020 жылы біз жалпы инвестиция көлемі 18,1 млрд теңгені құрайтын және 350-ден астам жаңа жұмыс орнын құрумен 4 жаңа жобаны іске қосуға дайынбыз. Бұл қара мыс концентраттарын гидрометаллургиялық өңдеудің тәжірибелік зауытын салу, өнеркәсіптік реагентті шығару бойынша химия зауытын салу, құрылыс материалдарын өндіру бойынша зауыт салу және биоэлектростанция салу сияқты жобалар. Нәтижесінде 2020 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 32 млрд теңгені құрайды, - дейді Қайрат Бегімов.
Қала басшысының айтуынша, биоэлектростанция құрылысын биылғы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Бұл кәсіпорын қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратады және өңдейді.
- Биоэлектростанция Кеңгір ауылынан екі шақырым жерде 4,5 гектар алаңда орналасқан. Ол жасыл технология Мериолизис бірегей принципін жұмыста пайдаланатын болады. Қайта өңделетін қалдықтар газға синтезделіп, одан әрі электр энергиясына айналады. Жезқазған өңірінде бұл «Kaz Green Energy» ЖШС-мен бірлесіп іске асырылатын Словакиядан келген E-Zhasyl «GrupoANKA» компаниясының алғашқы жобасы. Оған инвестиция көлемі 7-8 млрд теңгені құрайды, - деп хабарлады Жезқазған қаласының әкімі.
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы