жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -5°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
13 Ақпан 2020

Жеңіс Қасымбек Қоғамдық кеңес алдында сөз сөйледі

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысында биыл 17 жаңа жоба іске асырылады. Бірқатар бизнес-идеялар өңдеу және тау-кен өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешен және қызметтер салаларында пайда болады. Осылайша өңірде 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Бұл туралы аймақ әкімі Жеңіс Қасымбек облыстық Қоғамдық кеңес алдында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

Сондай-ақ, қазір жергілікті билік тағы да бірнеше жоба бойынша келіссөздер жүргізуде. Олардың ішінде, мысалы, автобустар өндірісі бар. Жаңа кәсіпорын Саран қаласында бұрынғы резеңке-техникалық бұйымдар зауытының базасында пайда болуы тиіс. Осы орайда Жеңіс Қасымбек өңірдегі қоғамдық көлікті жаңарту жөніндегі жоспарларымен бөлісті.
- 2019 жылы облыс орталығында 105 жаңа автобус жолға шықты. Биылғы жылы Қарағанды үшін тағы 200 және Теміртау үшін 95 қоғамдық көлік сатып алу жоспарланып отыр. Бұл бағытта автопарктермен бірге белсенді жұмыс атқарамыз, - деді облыс әкімі.
Жеңіс Қасымбек өз баяндамасында экология тақырыбына да тоқталды. Ол облыстағы ластанудың негізгі көздері ірі кәсіпорындар болып табылатынын атап өтті. Осыған байланысты, облыс басшысы, билік бизнес тарапынан табиғатты қорғау іс-шараларына қатысты белсенді инвестициялық саясатты қатаң талап етеді.
Облыс тұрғындары үшін маңызды тақырыптардың бірі абаттандыру болып қалуда. Өткен жылы 200 аула, бес саябақ пен гүлзарлар ретке келтірілді. Биыл тағы 220 аула аумағын абаттандырып, көше шамдарын жаңарту жоспарлануда.
Облыс әкімі көпқабатты үйлердегі жұмыс істемейтін лифттерді ауыстыру, қасбеттер мен шатырларды жөндеу бойынша ауқымды бағдарлама туралы да айтып берді. Заңнамадағы өзгерістердің арқасында енді бұл жұмыстарды жергілікті бюджеттен қаржыландыруға болады. Үш жыл ішінде өңірде 361 лифт ауыстырылып, 440 қасбетті және тұрғын үйлердің шатыры ретке келтіріледі. Облыста құрылыс қарқынын екі есеге ұлғайту жоспарлануда. Негізгі назар азаматтардың барлық санаттары үшін сапалы және қолжетімді тұрғын үйге аударылатын болады.
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы