жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -8°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
13 Қаңтар 2020

Қарағанды облысында жол жөндеуге 17 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді

Фото: karaganda-region.gov.kz

Биыл Қарағанды облысында жолдарды жөндеуге 17 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл туралы аппарат кеңесінде Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Есентаев мәлім етті.
Осы жылдың соңына қарай облыста жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың саны жалпы санның 84% құрауы тиіс. Жоспар бойынша қалааралық трассалар және қалалардағы көлік жүретін жол бөліктері ретке келтіріледі. Сондай-ақ, "Ауыл-Ел бесігі" бағдарламасы бойынша бес аудандағы жолдарды жөндеу де осы сомаға кіреді.
Ақтоғай ауылында 10,67 шақырым жол жөнделеді. Қарқаралы ауданында - Қарағайлы, Көктас және Бүркітті кенттерінде 17,7 шақырым асфальт жабыны қалпына келтіріледі. Осакаровкада - 3,22 шақырым, сонымен қатар Ақсу-Аюлы кентінде тағы 5,3 шақырым жол жөнделеді. Жезді ауылында 8,1 шақырым жол жабыны ретке келтіріледі.
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек басқарма басшыларына барлық конкурстық процедураларды мерзімінде өткізіп, мердігерлерді анықтауды тапсырды. 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы