жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -8°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
13 Қаңтар 2020

Сарапшылар Қарағанды облысында медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі пилоттық жобаның қорытындысын бағалады

Фото: karaganda-region.gov.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің мониторинг тобы Қарағанды облысында болып қайтты. Мамандар міндетті медициналық сақтандыруды енгізу бойынша пилоттық жобаның қорытындысын бағалады.
Топ құрамына денсаулық сақтау министрлігінің, Міндетті медициналық сақтандыру қорының және басқа да ведомстволардың өкілдері кірді. Олар Қарағанды, Бұқар жырау, Абай, Шахтинск және Саран медициналық мекемелеріне барды.
Мамандар ауруханалар мен емханалардың техникалық жабдықталуына, қызметкерлердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жұмысы туралы хабардар болуына және цифрландыру деңгейіне назар аударды.
- Қарағанды облысында медициналық сақтандыруды енгізуге дайындық өте жоғары. Медициналық мекемелер жақсы жағдайда және оларды жабдықтау деңгейі де жоғары. Жаңартылған корпусқа кіру, қазіргі заманғы навигация жүйесі жұмыс істеп тұрғаны көңілге қуаныш ұялатады. Жалпы алғанда, Қарағанды облысы басқа өңірлер үшін медициналық сақтандыруға және жалпы денсаулық сақтау саласының жағдайына дайындық тұрғысынан үлгі болып табылады, - деді Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы Ботагөз Жақсылықова.
Ол сондай-ақ, Абай, Шахтинск және Саран қалаларында мониторинг тобының қатысушылары емделушілермен әңгімелесіп, жаңа жүйе туралы оң пікірлер естігенін атап өтті. Атап айтқанда, адамдар енді сақтандыру есебінен көбірек медициналық қызметтер ала алатынына қуанышты екендерін білдіруде. Оның ішінде қымбат жоғары технологиялық тексеруден өту, оңалту емі, паллиативтік көмек алу қарастырылған.
МӘМС жүйесіндегі өзінің мәртебесі, төлем мөлшері және жарна төлеу туралы толық ақпаратты колл-орталыққа 1406 нөмірі бойынша қоңырау шалып білуге болады. Ол тәулік бойы жұмыс істейді, сұрақтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Бас бөлімінің операторлары жауап береді.
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы