жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -8°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
13 Қаңтар 2020

Облыстық балалар кітапханасында «Абай мұрасы-мәңгілік мирас» көрме - инсталляциясы ашылды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Бүгін Қарағанды облыстық Абай атындағы балалар кітапханасында Ұлы Ақынның 175 жылдығына арналған мультимедиялық көрме-инсталляция ашылды.
- Кітапхана Ұлы Абайдың есімімен аталған. Бұл атау мекемемізге 1954 жылы берілген. 60 жылдан астам уақыт бойы оған арналған кітаптарды, материалдарды, мақалаларды жинаймыз. Бұл көрмеге 130 кітап қойылды. Бұл Абайдың шығармалары, ол туралы кітаптар мен материалдар. Экспозицияға 1948 жылы шыққан М. Әуезовтың «Абай» романы, 1949 жылы шыққан А. С. Пушкин жинағы енгізілген. Сондай-ақ 1951, 1954 және 1957 жылдары қазақ және орыс тілдерінде шыққан өлеңдері мен Қара сөздері жинағы бар, - дейді кітапхана директоры Баян Уатаева.
Көрмеге ақынның француз, неміс, корей және ағылшын тілдеріне аударылған шығармалары да қойылды. Мысалы, кәріс тіліндегі кітап Абайдың 150 жылдығына орай жарық көрді. Ал кітапханаға неміс тіліндегі кітапты Алматы Гете-Институты сыйға тартты. Абай шығармалары әлемнің 60-тан астам тіліне аударылған.
Оқырмандарды қызықтыру үшін көрмені мультимедиялық етіп жасауға шешім қабылданды.
- Біз оқушылардың назарын смартфондар мен басқа гаджеттерді пайдалана отырып кітап оқуға аударғымыз келеді. Абай шығармаларына онлайн кіруге болады. Сондай-ақ, бізде оның шығармашылығына қатысты барлық материалдарды біріктіретін «Абай әлемі» порталы бар. Көрмеге «Қазақтың дәстүрлі мың әні» антологиясын ұсынамыз. Дискіде Абайдың 12 әні жиналған және кез келген келуші оларды тыңдай алады, - деді Баян Уатаева.
Сондай-ақ көрмеде 1954 жылы кітапхананың ашылуына автор Хакімжан Наурызбаев сыйға тартқан Абайдың мүсінін көруге болады. Ол сондай-ақ Алматыдағы Абай ескерткішінің авторы. Кітапханаға тағы екі мүсін, Абай ескерткіштерінің көшірмелерін біздің жерлесіміз Виктор Арент берді.
Көрменің ашылу салтанатында «сөйлейтін» қаламы бар «Абайтану әліппесі» атты кітап ұсынылды.
- Бұл бірегей кітапты өткен жылдың желтоқсан айында сатып алдық. Біздің облыста тек үшеу ғана бар. Қалғандары Бұқар жырау ауданы мен Приозерск қаласының кітапханаларында орналасқан. Бұл кешен 5-9 сынып оқушыларына арналған. Ол төрт кітаптан тұрады: «Жақсы ұстаз» - мұғалімге арналған әдістемелік құрал, «Жақсы ата-ана» - ата-аналар үшін, «Жақсы құрбы-құрдас» - Абайдың хрестоматия түріндегі шығармалары және «Жақсы бала» - Абай шығармалары мен өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар жинағы. Оны жапон технологиясы негізінде Нұр-Сұлтан қаласының Инновациялық технологиялар орталығы әзірлеген. «Сөйлейтін» қаламның көмегімен балалар кітаптың мазмұнын тыңдай алады, Абай өлеңдерін үйренеді, - дейді құжаттарды сақтау, жинақтау және өңдеу бөлімінің басшысы Орал Мусина.
Кітапхана оқырмандарына көрме өте ұнады.
- Мұнда Мен көптеген қызықты және пайдалы нәрсені білдім. Абай шығармаларының көптеген тілдерге аударылғанын білдім. Біз тіпті осы шетелдік басылымдардың бірнешеуін көре алдық. Сондай-ақ маған «сөйлейтін» қаламы бар кітап ұнады. Келесі жолы кітапханаға келгенде, оны тыңдаймын, - деп өз әсерімен «Мұрагер» БОММ 7 сынып оқушысы Айсұлу Дүйсенбаева бөлісті.
«Абай мұрасы-мәңгілік мирас» мультимедиялық көрме-инсталляциясы жыл бойы жұмыс істейді.
 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы