жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -3°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
13 Қаңтар 2020

Қарағандыда тұрақтандыру қорынан көкөністер мен азық-түліктер төмен бағамен сатылады

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағандыда тұрақтандыру қорынан көкөністер мен азық-түлік төмен бағамен сатылмақ. Бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуін тежеуге көмектеседі.
Қазір тұрақтандыру қорында қарақұмық жармасы, күріш, май, қант және ұн секілді 768 тонна азық-түлік өнімі бар. Көкөніс-2600 тонна. Ол картоп, қызылша, сәбіз, қырыққабат және пияз.
Бұл қорлар маусымдық тапшылық кезеңінде бағаның айтарлықтай өсуіне жол бермеу үшін қажет.
- Күзде біз қарақұмық бойынша интервенция өткіздік. Оны 185 теңгеден сатқан. Сондай-ақ біз картопты 65 теңгеден жібердік. Қазір біз қырыққабат бойынша интервенция өткіземіз. Оның бағасы 83 теңге. Бұл тауарларды нарықта бәсекелестік құру және бағаның өсуіне жол бермеу үшін әлеуметтік павильондар арқылы таратамыз, - деді "Сарыарқа" ӘКК басқарма төрағасы Марғұлан Кәрібеков.
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын ұстап тұру бойынша жұмысты күшейтуді және нарықта тапшылық болмауын мұқият қадағалауды тапсырды. 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы