жоғары
ресми ақпараттық
порталы
Қарағанды -3°C
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы cайттың ең маңызды бөлімдері
Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Жаңалықтар

Назад
Әкімнің іс сапарлары
13 Қаңтар 2020

Қарағандыда «Дана Абай, дара Абай» көрмесі ашылды

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Дана-Абай, дара-Абай» көрмесі ашылды. Ол қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған. Көрмеге мұражай қорынан 30-дан астам графикалық және көркем жұмыстар қойылды.
- Мұнда Абай портреттері мен оның шығармашылығына арналған жұмыстарды көруге болады. Көрменің басты жәдігерлері - Төлеуғали Кеңесбаев орындаған ақынның портреті, сондай-ақ Вениамин Шамшиннің «Абай сөзі» атты жұмысы, - дейді көрменің кураторы Назерке Жартын.
Мұражай жетекшісі Бибігүл Құдабаеваның айтуынша, жылдың осы көрмемен ашылуы кездейсоқ емес.
- Абайдың 175 жылдығы – осы жылғы ең маңызды мерейтойлардың бірі. Жыл бойы осы тақырыпқа арналған мұражай сабақтары өткізіледі. Балабақшалар, мектептер, колледждер мен ЖОО осы сабақтарды өткізуге өтінім бере алады. - деп атап өтті ол.
Сабақ бағдарламасын музей қызметкері Назерке Жартын әзірледі. Онда жаңа оқу технологиялары пайдаланылатын болады.
- Егер бұрын дәріс оқыған болсақ, бұл жолы оқушылар топтарға бөлініп, өздері зерттеулер жүргізетін болады. Біз сабақты екі тілде өткіземіз. Бүгін көрменің ашылуына үш мектептің: Абай қаласының №10 гимназиясының, Қарағанды қаласының №16 мектебінің және Мағжан Жұмабаев атындағы №39 лицейдің оқушылары шақырылды, - дейді Назерке Жартын.
Көрменің ашылуы шағын-концерт форматында өтті. Оқушылар Абай өлеңдерін оқып, ән айтып, ұлттық аспаптарда ойнады.
- Биылғы жылы бүкіл республика бойынша біз Ұлы ақын, композитор, философ, саясаттанушы, ойшыл, жаңа қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын тойлаймыз. Біздің мектепте көптеген іс-шаралар өткізіледі. Оған ата-аналар да белсенді қатысады. Сонымен, менің сыныбымның оқушысы Ерсін Серик анасы Әсем Шәкеновамен бірге Абай портретімен қабырға газетін салып, шығармашылық байқаудың Гран-приіне ие болды. Бүгін осы қабырға газетін біз мұражайға алып келдік, - деді Абай қаласының №10 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі аңсаған Ақжанқызы.
«Дана Абай, дара Абай» көрмесі 20 қаңтарға дейін жалғасады.

 



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2 қыркүйек 2019
Қазақстан республикасы президентінің ресми сайты
Қазақстан 2050 Мәңгілік ел
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы